Спиронолактон
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: дімкәстану.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: диарея және ауырсынатын түйілулер, асқазаннан қан кету, гастрит, жүрек айнуы, ойық жаралардың түзілуі, құсу.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: лейкопения (гранулоцитозды қоса), тромбоцитопения, анемия.
Иммундық жүйе тарапынан: дене температурасының жоғарылауы (дәрілік қызба), есекжем, макулопапулезді немесе эритематозды тері бөртпелері, анафилаксиялық реакциялар, васкулит, қышыну, бөртпе.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан: аралас холестаздық/ гепатоцеллюлярлық уыттылық (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған).
Зат алмасу және тамақтану тарапынан: электролиттік теңгерімнің бұзылуы (гипохлоремиялық алкалоз, гипонатриемия, гипокалиемия, гиперкалиемия).
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан: бұлшықеттің түйілуі, рабдомиолиз, миалгия, әлсіздік.
Психика бұзылулары: сананың шатасуы, либидо бұзылыстары.
Жүйке жүйесі тарапынан: атаксия, бас ауыруы, ұйқышылдық, бас айналу, әлсіздік.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: бүйрек функциясының бұзылуы (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса).
Жыныс мүшелері мен сүт безі тарапынан: гинекомастия, эректильді дисфункция (эрекцияға жете алмау немесе ұстап қалу қабілетсіздігі), шәуһеттің сапалық және сандық құрамының өзгеруі (сперматозоидтар санының төмендеуі және олардың қозғалғыштығы), етеккір оралымының бұзылулары және аменорея, менопаузадан кейінгі қан кетулер, сүт безінің қатерсіз жаңа түзілімдері, сүт бездерінің ауырсынуы, сүт безінің обыры (ерлердегі жағдайларды қоса).
Тері және теріасты тіндері тарапынан: Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS), алопеция, гипертрихоз.
Гидрохлоротиазид
Қантамырлар тарапынан: ортостатикалық гипотензия (алкоголь, барбитураттар мен есірткі заттарын қабылдау аясында күшеюі мүмкін).
Жүйке жүйесі тарапынан: бас айналу, вертиго, парестезия, бас ауыруы, ксантопсия.
Көру мүшесі тарапынан: жедел миопия және жедел жабық бұрышты глаукома.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: анорексия, асқазанның тітіркенуі, жүрек айнуы, құсу, ауырсынатын түйілулер, диарея, іш қату, сарғаю (бауырішілік холестаздық), жедел панкреатит, сиалоаденит.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: лейкопения, тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз, аплазиялық анемия, гемолиздік анемия.
Иммундық жүйе тарапынан: пурпура (тромбоцитопенияны қоса), фотосезімталдық, бөртпе, есекжем, некроздалған васкулит, қышыну және мультиформды эритема, респираторлық дистресс-синдром, соның ішінде пневмонит және өкпенің ісінуі, қызба, анафилаксиялық реакциялар.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан: өте сирек - жедел респираторлық дистресс-синдром (ЖРДС).
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер: меланомалы емес тері обыры (базальді-жасушалы карцинома және жалпақ жасушалы обыр) (жиілігі белгісіз).
Басқа бұзылулар: бұлшықеттің түйілуі, әлсіздік, мазасыздық, азотемия, гипокалиемия, гипергликемия, глюкозурия, гипомагниемия, гипонатриемия, гиперурикемия, көру жітілігінің өтпелі бұзылуы, алопеция.
Маркетингтен кейінгі жағымсыз реакциялар
Меланомалы емес тері обыры: бірнеше зерттеулерде гидрохлоротиазидті ұзақ уақыт бойы қолданған кезде БЖК және ЖЖО даму қаупі едәуір артатыны анықталды.
Көру мүшесінің тарапынан бұзылулар: хориоидальді жалқық, жедел миопия, жедел жабық бұрышты глаукома (жиілігі белгісіз).
Маркетингтен кейінгі жағымсыз реакциялар туралы барлық хабарламалар өте сирек параметрімен сипатталады.
Спиронолактон мен гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдану мен төменде көрсетілген жағымсыз реакциялардың пайда болуы арасында нақты себеп-салдарлық байланыс орнатылмаған. Жұлдызшамен белгіленген жағымсыз реакциялар (*) спиронолактон мен гидрохлоротиазидтің біріктіріліміне жатпайды, олар спиронолактонның басқа тиазидті диуретиктермен (спиронолактон/бутизид және спиронолактон/гидрофлуметиозид) біріктірілімдерін пайдаланған кезде орын алды.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: тромбоцитопения, агранулоцитоз, анемия, лейкопения.
Жүрек тарапынан: брадикардия, миокард инфарктісі*, тахикардия, аритмия*, атриовентрикулярлық блокада*, жүрекшелер фибрилляциясы*, Гис шоғыры тармағының блокадасы, Гис шоғырының оң тармағының блокадасы*, жүрек жеткіліксіздігі (+/- іркілісті ), сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі *, «пируэт» типті тахикардия *.
Есту мүшесі тарапынан және лабиринттік бұзылулар: вертиго.
Эндокриндік жүйе тарапынан: антидиурездік гормонның (АДГ) гиперсекреция синдромы, қан плазмасындағы АДГ концентрациясының қалыпты мәндерден ауытқуы*, гипертиреоз*.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: құсу, жүрек айнуы, диарея, жедел панкреатит (некрозданған, қайталанатын), іштің ауыруы, асқазан-ішектен қан кету (тік ішектен қан кету), іш қату, мелена.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: дімкәстану, астения, пирексия, кеуде қуысының ауыруы, ісіну (шеткері + өзге), кенеттен болған өлім*.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан: сарғаю, холестаз, гепатит*, гепатомегалия*, бауыр стеатозы/некроз/жеткіліксіздік (реакциялардың әрқайсысы туралы бір-бірден хабарланған).
Инфекциялық және паразиттік аурулар: пневмония*, ортаңғы отит.
Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне әсері: дене салмағының төмендеуі*, қан плазмасындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы*, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы*, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы*, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы*, трансаминаза деңгейінің жоғарылауы*, шеткері ісінудің ұлғаюына байланысты дене салмағының жоғарылауы * (генерикалық препаратпен емдеуге ауысқаннан кейін).
Иммундық жүйе тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Зат алмасу және тамақтану тарапынан: гипонатриемия, гипомагниемия, гиперкалиемия, гипохлоремия, гиперкальциемия, сусыздану, тәбеттің төмендеуі, метаболизмдік ацидоз, іш тұсындағы май тіні көлемінің ұлғаюы* (1 жыл емдеуден кейін), гипогликемия*.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан: рабдомиолиз*, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, жүйелі қызыл жегі.
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса): сүт безінің обыры (әйелдер мен ерлерде), қатерлі жаңа түзілім: жатырдың лейомиомасы*, ұйқы безі аденокарциномасы, бауырдағы метастаздық обыр, өкпедегі қатерлі жаңа түзілім*, лимфома.
Жүйке жүйесі тарапынан: ұйқышылдық, бас айналу/тепе-теңдіктің бұзылуы, кома (бауыр тарапынан қоса алғанда), естен айырылу /сананың бұзылуы*/сананың тежелуі*, естен тану*, құрысулар, ми қанайналымының бұзылуы/оның ішінде жедел*, мидың ісінуі* , парестезия.
Психиканың бұзылуы: сананың шатасуы, бағдардан адасу, депрессия, озбырлық*, ажитация*, аномальді мінез-құлық*, суицид әрекеті*.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: бүйрек жеткіліксіздігі (жедел, созылмалы), бүйрек функциясының бұзылуы, тубулоинтерстициальді нефрит*, олигурия, анурия*.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан: ентігу, өкпе фиброзы, тыныс алу жеткіліксіздігі*, өкпе эмболиясы, өкпе ісінуі*, өкпенің интерстициальді ауруы*, жөтел*.
Тері мен теріасты тіндері тарапынан: пурпура, қышыну, макулопапулезді және эритематозды бөртпе, фотосезімталдық, буллезді дерматит*, экзема*, уытты эпидермалық некролиз / бөртпе*, пемфигоид*.
Қантамырлар тарапынан: ортостатикалық гипотензия, артериялық гипотензия, тамырлық коллапс*, артериосклероз, геморрагиялық шок*, қан кету.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz