Құрамында хинолон бар немесе құрамында фторхинолон бар препараттарды қолдану кезінде анамнезінде күрделі жағымсыз реакциялардың даму жағдайлары бар пациенттерде норфлоксацин қолданылмау керек. Осы пациенттерді норфлоксацинмен емдеу баламалы емдеу нұсқалары болмағанда және осы емдеудің пайда/қаупіне мұқият бағалау жүргізуден кейін ғана жүргізілу керек.
Фторхинолонды антибиотиктерді, әсіресе, егде жастағы пациенттерде, бүйрек аурулары бар пациенттерде, жүйелі кортикостероидтармен ем алып жүрген пациенттерде, ағзалар трансплантациясынан кейінгі пациенттерде айрықша сақтықпен қолдану керек. Аталған пациенттерде фторхинолон және хинолон антибиотиктерімен емдеу нәтижесінде туындауы мүмкін сіңірдің зақымдану қаупі жоғары.
Нолицин® орталық жүйке жүйесінің бұзылулары бар пациенттерде (әсіресе, эпилепсия және құрысулармен қатар жүретін басқа жағдайларда) сақтықпен қолдануға ұсынылады.
Тендинит және/немесе сіңірдің үзілуі: тендинит және сіңірдің (жиі, бірақ ахилл сіңірімен шектелмей) кейде екі жақты үзілуі хинолондармен және фторхинолондармен ем басталуынан кейін 48 сағат ішінде-ақ туындауы мүмкін, әрі хабарланғандай, емдеуді тоқтатудан кейін бірнеше ай өткен соң пайда болады. Тендинит және сіңірдің үзілу қаупі бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерде, паренхиматозды ағзалар трансплантациясынан кейінгі пациенттерде, сондай-ақ бір мезгілде кортикостероидтар қабылдап жүрген пациенттерде артады. Осыған байланысты, кортикостероидтар бір мезгілде қолданылмау керек.
Тендиниттің алғашқы белгілерінде (мысалы, ауырсынулы ісіну, қабыну) норфлоксацин қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Аяқ-қол (аяқ-қолдар) зақымдануында тиісті шаралар (мысалы, иммобилизация) қабылдануы тиіс. Тендинопатия белгілері пайда болғанда кортикостероидтарды қолдануға болмайды.
Айқындылығы орташадан ауыр дәрежеге дейінгі фотосенсибилизация реакциясының дамуы туралы хабарланды, олардың соңғылары хинолонды антибиотиктерді қолданумен байланысты болуы мүмкін және күннің немесе ультракүлгін әсеріне ұшыраған бөліктерді (әдетте, бет, декольте аумағы, білектердің жазылатын беткейлері, білезіктің сырт жағы) қамтитын ұлғайып кеткен күн сәулесіне шалдығу реакциялары (мысалы, ашыту, эритема, экссудация, везикулалар, күлбіреуіктер, ісінулер) түрінде көрініс беруі мүмкін. Емдеу кезінде пациенттерге тіке түсетін күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі. Фотосенсибилизация реакциялары пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.
Пациенттің тиімді гидратациясын сақтау керек. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны тиісінше азайтуға кеңес беріледі.
Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе, егде жастағы пациенттерде аневризманың және қолқа қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдаудан кейін қолқа және митральді клапан регургитациясының жоғары қаупі хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде жарылумен (оның ішінде, өліммен аяқталумен) асқынған аневризманың және қолқа қатпарлануының, сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясы/жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелді.
Демек, аневризмаға немесе жүрек клапандарының туа біткен ақауына қатысты ауырлап кеткен отбасылық анамнезі бар пациенттерде, аневризмасы және/немесе қолқа қатпарлануы немесе анамнезінде жүрек клапандарының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ басқа қауіп факторлары немесе алдын ала бейімдейтін жай-күйлер болғанда фторхинолондарды пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін және басқа да емдік мүмкіндіктерді қарастырудан кейін ғана қолдану керек.
• екі жағдайда да аневризмада және қолқаның қатпарлануында, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос тамырлық синдромы, Тернер синдромы, Такаясу артерииті, алып жасушалық артериит, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит, белгілі атеросклероз сияқты дәнекер тін тарапынан бұзылулар), сонымен қатар
• аневризма және қолқаның қатпарлануында (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты тамыр аурулары), сондай-ақ
• жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігінде (мысалы, инфекциялық эндокардит).
Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде емделіп жүрген пациенттерде аневризма және қолқаның қатпарлану, сондай-ақ жарылу қаупі жоғары болуы мүмкін. Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы пайда болған жағдайда пациенттер шұғыл көмек бөлімінің дәрігеріне дереу қаралу керек.
Пациенттерге жедел ентігу, алғаш туындаған жүректің жиі соғуы, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқтың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық жәрдемге жүгінуге кеңес беріледі.
Шеткері нейропатия: норфлоксацинді қоса, фторхинолондар шеткері нейропатияның жоғары даму қаупімен астасқан. Норфлоксацинді қоса, фторхинолон алған пациенттерде парестезиялар, гипоэстезиялар, дизестезиялар мен әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлық полиневропатияның даму жағдайлары хабарланды. Симптомдар норфлоксацин қабылдау басталған соң тез арада туындауы мүмкін және жекелеген пациенттерде қайтымсыз болуы мүмкін. Пациентте ауыру, ашыту, шаншу, ұйып қалу және/немесе әлсіреуді қоса, шеткері нейропатия симптомдары немесе сәл жанасу, ауыру, температура көтерілуін және т.б. қоса, түйсіктердегі басқа өзгерістер пайда болған жағдайда норфлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек. Қайтымсыз жай-күйдің даму қаупін азайта түсу үшін анамнезінде шеткері нейропатия бар пациенттерде, норфлоксацинді қоса, фторхинолондар қолданылмау керек.
Орталық жүйке жүйесіне әсері: норфлоксацинді қоса, фторхинолондармен ем құрысулар, бассүйекішілік қысым көтерілуін (жалған туморозды қоса) және уытты психоздарды қоса, орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) жоғары әсер ету қаупімен байланысты. Фторхинолондар да ОЖЖ көтермеленуін туындатуы мүмкін, бұл тремор, мазасыздық, қозу, сананың шатасуы мен елестеулерге әкелуі мүмкін. Норфлоксацин алатын пациенттерде осы реакциялар пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату және тиісті шаралар қабылдау керек.
Ұзаққа созылатын, мүгедектікке ұшырататын және ықтималды қайтымсыз күрделі жағымсыз дәрілік реакциялар: жасына және бұрын болған қауіп факторларына қарамастан, хинолон және фторхинолон қатарындағы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде организмнің әртүрлі, кейде көптеген жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика және сезім ағзалары) әсер ететін ұзаққа созылатын (айлар немесе жылдар бойы жалғасатын), мүгедектікке ұшырататын және ықтималды қайтымсыз күрделі жағымсыз дәрілік реакциялардың өте сирек жағдайлары тіркелген. Кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдарында норфлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек, ал пациенттер емдеуші дәрігер кеңесіне жүгінгені жөн.
Миастения гравис өршуі: норфлоксацинді қоса, фторхинолон препараттары жүйке-бұлшықеттік бөгеу белсенділігін иеленеді және миастения гравис бар пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Тіркеуден кейінгі қадағалау кезеңінде миастения бар пациенттерде фторхинолондармен емге байланысты болған өліммен аяқталуды және өкпені жасанды желдету қажеттілігін қоса, ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы хабарланды. Анамнезінде миастения бар пациенттерде норфлоксацин қолданылмау керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары: норфлоксацинді қоса, фторхинолондармен ем кезінде пациенттерде кейде бірінші дозадан кейін байқалған ауыр және кейде өліммен аяқталған реакциялардың (анафилаксиялық) дамуы хабарланды. Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр коллапсы, естен тану, шаншумен, жұтқыншақ немесе бет ісінуімен, ентігу, есекжем және қышынумен қатар жүреді. Тек бірнеше пациенттің анамнезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары болды. Норфлоксацинді қолдану кезінде аллергиялық реакция туындаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары адреналинді шұғыл қолдануды талап етеді.
QT аралығын ұзартатын белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде, норфлоксацинді қоса, фторхинолондарды қолдану кезінде сақ болу керек, мысалы:
- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы
- белгілі болғандай, QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклды антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
- бақыланбайтын электролит теңгерімсіздігі (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- егде жастағы пациенттер
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығын ұзартатын препараттарға өте сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан, тұрғылықты халықтың осы топтарында, норфлоксацинді қоса, фторхинолондарды пайдалану кезінде сақ болу керек.
Дисгликемия: Хинолон қатарының барлық препараттарын қолдану кезіндегі сияқты, гипогликемияны да, гипергликемияны да қоса, қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруі туралы, әдетте, пероральді гипогликемиялық препараттармен (мысалы, глибенкламидпен) немесе инсулинмен қатарлас емделіп жүрген қант диабеті бар пациенттерде хабарланды. Гипогликемиялық кома туындаған жағдайлар хабарланды. Қант диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Көрудің бұзылулары: көрудің нашарлауы немесе көз үшін қандай да бір зардаптар пайда болғанда, дереу окулистке қаралу керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы: Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жасырын немесе нақты жеткіліксіздігі бар пациенттерде норфлоксацинді қолдану кезінде гемолиздік реакциялар болуы мүмкін.
Жалған жарғақшалы колит: Ем кезінде немесе одан кейін ауыр және орныққан диареяның пайда болуы антибиотиктер қабылдаумен байланысты өте сирек байқалатын жалған жарғақшалы колитті айғақтай алады. Осындай жағдайларда емді дереу тоқтату және қолайлы емді (мысалы, ванкомицин 4 х 250 мг пероральді) бастау керек. Перистальтиканы бәсеңдететін препараттар қарсы көрсетілімді.
Холестаздық гепатит: анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну немесе іштің ауырсынуы сияқты бауыр ауруының белгілері мен симптомдары пайда болғанда пациенттерге емдеуді тоқтатуға және дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.
Арнайы сақтандырулар
Нолицин® сүтпен немесе йогуртпен бірге қабылданбайды, өйткені сұйық сүт өнімдері қанға түсетін норфлоксацин мөлшерін төмендетеді. Нолицин® сүт өнімдерін тұтынудан бір сағат бұрын немесе одан кейін екі сағаттан соң қабылдану керек. Емделу кезінде алкоголь тұтынуға кеңес берілмейді.
Қосымша заттар туралы арнаулы ақпарат
Препарат құрамында аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін 12000 FDC сары №6 (Е110) азобояғышы бар.
Аталған препарат құрамында бір дозаға 1 ммоль мөлшерінен аз (23 мг) натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Педиатрияда қолдану
Балаларда және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Нолицин® қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нолицин® көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне мардымсыз ықпал етеді. Нолицин® зейінділікті төмендетуі мүмкін, сондықтан сіздің организміңіз препаратқа қалай реакция беретінін айқындағанша көлік құралын жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақтық шарасын қадағалау керек. Алкогольмен бірге тұтынғанда жағымсыз құбылыстар күшеюі мүмкін.