Дозалау режимі
Нольпаза® препаратын осы нұсқаулықта (қосымша парақ) сипатталғандай немесе оны емдеуші дәрігер немесе фармацевт тағайындағандай етіп қабылдаңыз.
Нольпаза® препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.
Симптомдарды басу үшін препаратты 2-3 күн ішінде қабылдау қажет болуы мүмкін. Симптомдар толық жойылғаннан кейін емдеу тоқтатылуы тиіс. Емдеу дәрігердің кеңесінсіз 4 аптадан аспауы тиіс. Егер үздіксіз 2 апта бойы емдегенде жақсарту байқалмаса, дәрігерге қаралу керек.
Қолдану тәсілі
Ішекте еритін Нольпаза® 20 мг таблеткаларын шайнауға немесе тістеуге болмайды, оларды тұтастай жұтып, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен ішу керек. Препаратты тамақтанар алдында қабылдау қажет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер препаратты кезекті қабылдау өткізіп алынса, келесі күні әдеттегі уақытта келесі ұсынылатын дозаны қабылдаңыз. Препараттың екі есе дозасын бір күнде қабылдауға тыйым салынады.
Егер сізде осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір қосымша сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
ДЗ стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиі
• асқазан түбінің безді полиптері (қатерсіз)
Жиі емес
• ұйқының бұзылуы
• бас ауыру, бас айналу
• диарея, жүрек айну/құсу, іштің кебуі және метеоризм, іш қату, ауыз кеберсуі, іштің жайсыздануы және ауыруы
• бауыр ферменттері (трансаминазалар, гамма-глютамилтранспептидаза) белсенділігінің жоғарылауы
• бөртпе/ экзантема/бөрту, қышыну
• білезік, жамбас және омыртқа сынулары
• астения, қалжырау және дімкәстану
Сирек
• агранулоцитоз
• аса жоғары сезімталдық (оның ішінде анафилаксиялық реакциялар және анафилаксиялық шок)
• гиперлипидемия және липидтер (триглицеридтер, холестерин) деңгейлерінің жоғарылауы, дене салмағының өзгеруі
• депрессия (өршуін қоса)
- дәм сезудің бұзылуы
- көрудің бұзылуы/көрудің бұлыңғырлануы
• билирубин деңгейінің жоғарылауы, есекжем, Квинке ісінуі, бет, тіл, ауыз, ерін, тамақтың ісінуі (ангионевроздық ісіну)
• артралгия, миалгия
• гинекомастия
• дене температурасының жоғарылауы, шеткері ісіну
Өте сирек
• тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
• бағдардан жаңылу (өршуін қоса)
Жиілігі белгісіз
- гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия1, гипокалиемия1
- елестеулер, сананың шатасуы (әсіресе, осы күйге бейім пациенттерде, сондай-ақ олар емдеу басталуына дейін болған болса, осы симптомдардың өршуі)
- парестезия
- тұрақты сулы диареяны тудыратын жуан ішектегі қабыну (микроскопиялық колит)
- гепатоцеллюлярлы зақымданулар, сарғаю, бауыр-жасушалық жеткіліксіздік
- Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, уытты эпидермалық некролиз (TEN), мультиформалы эритема, фотосезімталдық, жеделге жуық терінің қызыл жегісі, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
- тубулоинтерстициальді нефрит (ТИН) (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін болжамды үдеумен)
1 Гипокальциемия және/немесе гипокалиемия гипомагниемияның туындауымен байланысты болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz