Әсер ету механизмі
Вирусқа қарсы препарат, осельтамивир фосфат – ізашар дәрі болып табылады, оның белсенді метаболиті (осельтамивир карбоксилат, ОК) – А және В – фермент түріндегі тұмау вирустарының нейраминидазасының тиімді және селективті тежегіші, ол инфекцияланған жасушалардан жаңадан пайда болған вирустық бөлшектердің босатылу процесін, олардың инфекцияланбаған тыныс жолдары эпителийінің жасушаларына енуін және вирустың организмде одан әрі таралуын катализдейді. Тұмау вирусының in vitro өсуін тежейді және вирустың репликациясын және оның in vivo патогендігін басады, А және В тұмауы вирустарының организмнен бөлінуін азайтады. Тұмау вирусының клиникалық изоляттарын зерттеу нейраминидазаны 50% - ға (IC50) тежеуге қажетті ОК концентрациясы А тұмауы вирусы үшін 0,1-1,3 нМ және В тұмауы вирусы үшін 2,6 нМ құрайтынын көрсетті. В тұмауы вирусы үшін IC50 медиана мәні біршама жоғары және 8,5 нМ құрайды.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Осельтамивир жүргізілген зерттеулерде тұмауға қарсы антиденелердің пайда болуына, оның ішінде тұмауға қарсы белсенділігі жойылған вакцинаны енгізуге жауап ретінде антиденелерді өндіруге әсер еткен жоқ.
Клиникалық зерттеулер
Тұмау вирусынан туындаған инфекцияны емдеу
Бұл көрсетілімде Номидес препаратын қолдану А типті тұмау вирусы басым болатын тұмаудың табиғи жағдайларын клиникалық зерттеулерде зерттелді.
Осельтамивир тұмау вирусы туындаған аурулар кезінде ғана тиімді. Сондықтан статистикалық талдау деректері тұмау вирусы инфекциясын жұқтырған пациенттер үшін ғана ұсынылған. Оң және теріс нәтижелері бар пациенттерді қамтитын зерттелетін популяцияда тұмау вирусының (ITT) РНҚ-на кері транскриптаза полимеразды тізбекті реакция, бастапқы тиімділік тұмау вирусын анықтаудың теріс нәтижесі бар пациенттер санына пропорционалды түрде төмендеді. Ем қабылдайтын барлық популяцияда тұмау вирусын инфекциясын жұқтыру рекрутирленген пациенттердің 67% - ында (46% - дан 74% - ға дейін) расталған. Ересек пациенттердің ішінде тұмау вирусының болуы зертханалық түрде 64% - да расталды, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және/немесе респираторлық аурулары бар барлық пациенттердің ішінде тұмау вирусының болуы зертханалық түрде 62% - да расталды. III фазаның барлық клиникалық зерттеулеріне осы аймақтағы тұмау вирусының айналымы кезеңінде ғана пациенттер енгізілді.
18 және одан жоғары жастағы ересектер мен жасөспірімдер: зерттеулерге ең болмағанда бір респираторлық симптоммен (жөтел, назальді симптомдар, тамақ ауруы) және кем дегенде бір жүйелі симптоммен (бұлшықеттердегі ауырсыну, қалтырау/тершеңдік, дімкәстік, әлсіздік немесе бас ауруы) бірге жүретін ≥37.8 ⁰С қызбасы бар соңғы 36 сағатта аурудың белгілері туралы хабарлаған пациенттер енгізілді. 5 күн ішінде күніне екі рет 75 мг дозада осельтамивир алған тұмау вирусын (n=2413) анықтаудың оң нәтижесі бар барлық ересектер мен жасөспірімдердің біріктірілген талдауында плацебо тобымен салыстырғанда аурудың орташа ұзақтығы бір күнге 5.2 күннен (95% СА 4.9-5.5 күн) 4.2 күнге дейін (95% СА 4.0-4.4 күн; p≤0.0001) қысқаруы байқалды.
Бактерияға қарсы препараттармен (негізінен бронхит) емдеуді талап ететін төменгі тыныс алу жолдары жағынан асқынулар туындаған пациенттердің үлесі плацебо тобындағы 12.7% - дан (135/1063) 8.6% - ға дейін (116/1350) осельтамивирмен (p=0.0012) ем қабылдаған пациенттерде азайды.
Жоғары қауіпті популяцияларда тұмауды емдеу: егде жастағы субъектілерде (≥65 жас) және жүрек және/немесе тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар, 5 күн ішінде күніне екі рет 75 мг осельтамивир алған пациенттерде тұмаудың орташа ұзақтығы айтарлықтай азайған жоқ. Осельтамивирмен емдеу тобында қызба ұзақтығы бір күнге азайды. Осельтамивирдің әсерімен тұмау вирусын анықтаудың оң нәтижесі бар қарт пациенттерде осельтамивирмен (p=0.0156) ем қабылдаған пациенттерде плацебо тобындағы 19% - дан (52/268) бастап (29/250) антибиотиктермен (негізінен бронхит) емдеуді талап ететін төменгі тыныс алу жолдары жағынан асқыну жиілігі едәуір азайды.
Жүрек және/немесе тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларынан зардап шегетін тұмау вирусын анықтаудың оң нәтижесі бар пациенттерде антибиотиктермен емдеуді (негізінен бронхит) талап ететін төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларының аралас жиілігі плацебо тобында 17% (22/133) және осельтамивир алған топта – 14% (16/118) (p=0.5976) құрады.
Жүктілік кезінде тұмауды емдеу: осельтамивирді жүктілік кезеңінде қолдануға бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда, тіркеуден кейінгі тәжірибе мен сырқаттанушылықтың/өлімнің неғұрлым төмен көрсеткіштерін көрсететін ретроспективті бақылау зерттеулерінің деректеріне негізделген пациенттердің осы популяциясында дозалау режимінің артықшылықтарының дәлелі бар. Фармакокинетикалық талдау нәтижелері белсенді метаболиттің төмен экспозициясын көрсетеді, алайда жүктілік кезінде тұмауды емдеу немесе профилактика кезінде препарат дозасын түзету талап етілмейді (5.2-тармақты "Ерекше популяциялар"бөлімін қараңыз).
B тұмауы инфекциясын емдеу: жалпы алғанда, тұмау вирусына қатысты оң популяцияның 15% - ы В тұмауы вирусы инфекциясын жұқтырған; әртүрлі зерттеулердің деректері бойынша-1-ден 33% - ға дейін. В тұмауы бар пациенттерде аурудың орташа ұзақтығы әртүрлі зерттеулердегі емдеу топтары арасында айтарлықтай ерекшеленбеген. Талдау жүргізу үшін зерттеуге енгізілген В тұмауы вирусын жұқтырған барлық 504 пациенттің деректері біріктірілді. Осельтамивирді қабылдау барлық симптомдарды 0.7 күнге (95% СА 0.1-1.6 күн; плацебомен салыстырғанда қызба ұзақтығы (≥37.8 °C), жөтел және тұмау бір күнге (95% СА 0.4-1.7 күн; p<0.001).
Иммунитеті әлсіреген ересек пациенттерде тұмауды емдеу:
осельтамивирдің иммунитеті әлсіреген тұмау вирусы инфекциясы бар ересек пациенттерде тұмаудың резистентті вирусының дамуына (бастапқы талдау) әсері мен қауіпсіздігін бағалау бойынша рандомизацияланған жасырын салыстырмалы зерттеуге осельтамивирдің (екінші талдау, күшейтілмеген) тиімділігін бағалауға қолайлы пациенттер (151) қатысты. Зерттеуге ірі органдар трансплантаттары [SOT] бар пациенттер, ауыстырып отырғызылған гемопоэздік дің жасушалары [HSCT] бар пациенттер, CD4+ <500 жасуша/мм3 жасушалары саны бар АИТВ-оң пациенттер, жүйелі иммуносупрессиялық ем алатын пациенттер, сондай-ақ гемобластозалары бар пациенттер енгізілді. Пациенттер стандартты дозаны (73 пациент) немесе осельтамивирдің қос дозасын (78 пациент) 10 күн пайдалана отырып, симптомдар пайда болған сәттен бастап 96 сағат бойы емдеу үшін рандомизацияланған.
Симптомдарды жойылғанға дейінгі уақыт медианасы (TTRS) стандартты дозаны қабылдау тобында (103 сағат [90% СА 75.4-110.0]) және екі дозаны қабылдау тобында (104 сағат [90% СА 65.8-131.0]) ұқсас болды. Стандартты дозаны және қосарлы дозаны қабылдау топтарында қайталама инфекциялары бар пациенттердің саны салыстырмалы болды (5.1 % қарсы 8.2%).
Тұмау профилактикасы
Осельтамивирдің табиғи жағдайларда Тұмау профилактикасының тиімділігі отбасында қарым-қатынастан кейін және екі маусымдық алдын-алузерттеулерінде көрсетілді. Барлық зерттеулерде тиімділіктің алғашқы көрсеткіші зертханалық диагностикаланатын тұмаудың пайда болу жиілігі болды. Тұмау вирусының вируленттілігі болжанбайды және аймақ шегінде және маусымнан маусымға қарай өзгереді, сондықтан Тұмауды алдын алу үшін емдеуді қажет ететін адамдар саны да өзгереді (NNT – number needed to treat).
Қарым-қатынастан кейінгі профилактика: тұмаумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарда бір зерттеуде (12.6% тұмауға қарсы вакцинацияланды), күніне бір рет 75 мг осельтамивирді қолдануды бастады, науқаста симптомдар дамығаннан кейін екі тәулік ішінде және 7 күн емдеуді жалғастырды. Тұмау диагнозы 377-нің 163-інде расталды. Осельтамивир плацебо тобында 24/200-ден (12%) 2/205 (1%) дейінгі, осельтамивир тобында (92% кемуі [95% СА 6-16, p≤0.0001]) клиникалық анықталған тұмау жиілігін едәуір азайтты. Тұмаудың расталған инфекциясы бар науқастармен байланыста болған адамдарда емдеуді қажет ететін жағдайлар саны инфекция көзінің инфекциялық статусына қарамастан (NNT – number needed to treat) 10 (95% СА 9-12); 16 барлық зерттеу қатысушыларында (ITT) (95% СА 15-19) құрады.
Тұмау эпидемиясы кезіндегі профилактика: вакцинацияланбаған және қатарлас ауруларсыз ересектер қатысқан екі зерттеудің біріккен талдауында тұмаудың өршуі кезінде алты апта ішінде күніне бір рет 75 мг осельтамивирді қабылдау плацебо тобындағы клиникалық айқындалған тұмаудың даму жиілігін 25/519 (4.8%)-дан осельтамивир тобында (76% кему (95% СА 1.6-5.7) 6/520 (1.2%) дейін едәуір азайтты; p=(0.006). NNT бұл зерттеуде 28 (95% СА 24-50) болды.
Қарттар үйінде тұратын егде адамдар арасында жүргізілген зерттеуде қатысушылардың 80% зерттеу жүргізу кезеңінде вакцинация алған, 75 мг осельтамивирді алты апта ішінде күніне бір рет қабылдау плацебо тобындағы клиникалық айқындалған тұмаудың жиілігін 12/272-ден (4.4%) осельтамивир тобындағы 1/276-ға (0.4%) дейін (92% азайту [95% СА 1.5-6.6; p=0.0015]) едәуір азайтты. NNT бұл зерттеуде 25 (95% СА 23-62) болды.
Тұмаудың иммунитет тапшылығы бар пациенттердегі профилактикасы: тұмаудың маусымдық профилактикасын жасырын салыстырмалы плацебо бақыланатын рандомизацияланған зерттеу иммунитет тапшылығы бар 475 пациентте (паренхиматозды ағзаларды трансплантациялаған 388 пациент [195 – плацебо, 193 – осельтамивир], бағаналы жасушаларды трансплантациялаған 87 пациентте [43 – плацебо, 44 – осельтамивир], басқа иммунитет тапшылығы жағдайлары бар пациенттерде енгізілген жоқ), оның ішінде 1-12 жастағы 18 бала. Бұл зерттеуде бағалаудың негізгі критерийі өсіріндіде және/немесе серологиялық (антиденелер титрінің 4 есе ұлғаюы) расталған зертханалық және клиникалық диагностикаланған тұмаудың жиілігі болды. Зертханалық және клиникалық диагностикалық тұмаудың жиілігі плацебо тобында 2.9% (7/238) және осельтамивир тобында 2.1% (5/237) (95% СА 2.3% -4.1%; р=0.772) құрады.
Ықтимал асқынулар қаупін төмендетуге бағытталған арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Осельтамивирге резистенттілігі
Клиникалық зерттеулер: сезімталдығы төмен немесе осельтамивирге айқын төзімділігі бар тұмау вирустарының пайда болу қаупі клиникалық зерттеулер барысында зерттелді. Осельтамивираға резистенттіліктің дамуы емдеу барысында ересектерге қарағанда балаларда жиі байқалды, бұл ретте резистенттіліктің туындау жиілігі ересектерде <1% - дан және 1 жасқа дейінгі нәрестелерде 18% - ға дейін өзгерді. Осельтамивирге резистентті вирусты тасымалдаушы балалар жалпы вирусты осы препаратқа сезімтал вирусты тасымалдаушыларға қарағанда ұзақ уақыт бөлген. Алайда, емдеу барысында дамып келе жатқан осельтамивирге төзімділігі емдеу тиімділігіне әсер етпеді және тұмау симптомдарының ұзақ уақыт сақталуын тудырмады.
Жалпы, осельтамивирге резистенттіліктің дамуы стандартты дозаны немесе осельтамивирдің екі есе дозасын қабылдаған иммунитеті әлсіреген ересек пациенттерде, осельтамивирді қабылдаған ілеспе ауруларсыз ересек пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеулермен салыстырғанда, осельтамивирдің стандартты дозасын немесе екі есе дозасын алған [14.9 % (10/67) стандартты дозаны қабылдау тобында және қос дозаны қабылдау тобында 2.8% (2/71) - да жиі байқалды. Резистенттілігі дамыған пациенттердің көпшілігі трансплантаттардың реципиенттері болды (стандартты дозаны қабылдау тобында 8/10 пациент және екі дозаны қабылдау тобында 2/2 пациент). Осельтамивирге резистентті вирус бар пациенттердің көпшілігі А типті тұмау вирусын жұқтырған және ұзақ уақыт бойы вирусты бөлген.
Клиникалық зерттеулерде осельтамивирге резистенттіліктің даму жиілігі
Пациенттер популяциясы — Резистенттілікке әкелетін мутациялары бар пациенттер
Фенотиптеу* — Гендік және фенотиптеу*
Ересектер мен жасөспірімдер — 4/1245 (0,32%) — 5/1245 (0,4%)
* Толық генотиптеу бірде-бір зерттеуде жүргізілген жоқ.
Тұмау профилактикасы
Иммундық жүйенің функциясы қалыпты адамдарда жанасудан кейінгі профилактика (7 күн), отбасында байланыста болғандарды профилактика (10 күн) және маусымдық алдын-алу(42 күн) мақсатында осельтамивир қабылдаған кезде препаратқа резистенттік жағдайлары байқалған жоқ. Иммунитеті әлсіреген адамдарда маусымдық алдын-алубойынша 12 апталық зерттеулерде резистенттілік пайда болу жағдайлары байқалған жоқ.
Жекелеген клиникалық жағдайлар мен бақылау зерттеулерінің деректері
Осельтамивир алмаған пациенттерде осельтамивирге төмен сезімталдығы бар А және В тұмауы вирустарының мутациясының табиғи жағдайларда пайда болатыны анықталған. 2008 жылы H275Y ауыстыру түрі бойынша мутация, резистенттілікке әкелетін, Еуропада айналымда болған 2008 H1N1 вирусы штаммдарының 99% - дан астамында табылған. Тұмау вирусы 2009 H1N1 ("шошқа тұмауы") көбінесе осельтамивирге сезімтал болды. Осельтамивирге төзімді штамдар иммундық жүйесі функциясы қалыпты адамдарда және осельтамивир қабылдаған иммунитеті әлсіреген адамдарда табылған. Осельтамивирге сезімталдықтың төмендеу дәрежесі және осындай вирустардың кездесу жиілігі маусым мен аймаққа байланысты ерекшеленуі мүмкін. Осельтамивирге төзімділігі емдеу үшін де, профилактика үшін де препаратты қабылдаған H1N1 пандемиялық тұмауы бар пациенттерде анықталды.
Резистенттілік жиілігі неғұрлым жас пациенттерде және иммунитеті әлсіреген пациенттерде жоғары болуы мүмкін. Осельтамивирге төзімді тұмау вирустарының зертханалық штамдары мен осельтамивирмен ем қабылдаған пациенттерден тұмау вирустары N1 және N2 нейраминидазаның мутациясын алып жүреді. Төзімділікке әкелетін мутациялар жиі нейраминидазаның субтипіне тән.
Осельтамивирді қолдану туралы шешім қабылдаған кезде тұмау вирусының препаратқа маусымдық сезімталдығын ескеру керек (соңғы ақпаратты ДДҰ сайтынан табуға болады).