Тендинопатия/сіңірлерді үзілуі: норфлоксацинді қоса, фторхинолондар тендинит даму қаупінің ұлғаюымен және әр түрлі жаста сіңірлердің үзілуімен байланысты. Бұл қауіп кортикостероидтар қабылдайтын 60 жастан асқан пациенттерде және ағзалары трансплантацияланған пациенттерде ұлғаяды. Сіңірлердің ауыруы, ісінуі немесе қабынуының алғашқы белгілер пайда болғанда фторхинолон қабылдауды тоқтату, дене жүктемесінен аулақ болу керек, сондай-ақ бактерияға қарсы препаратты ауыстыру үшін дереу жеке дәрігермен байланысу керек.
Құрысулар: хинолондар сондай-ақ орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) көтермелеуі мүмкін (ЦНС), бұл тремор, мазасыздық, бас айналуы, сананың шатасуы, елестеулер және құрысулардың туындауына әкелуі мүмкін. Норфлоксацин қабылдайтын пациенттерде аталған реакциялар туындаған кезде препарат қабылдау тоқтатылуы және тиісті шаралар қолданылуы тиіс. Норфлоксацинді ауыр церебральді атеросклероз, эпилепсия және құрысулардың пайда болуына бейім басқа да факторлар сияқты ОЖЖ бұзылыстары белгілі немесе соған күдігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Жоғары сезімталдық реакциялары: ауыр және кейде фатальді аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық) реакциялар тіркелген, кейбірі норфлоксацинді қоса, хинолондар қабылдайтын пациенттерде бірінші дозаны қабылдаудан кейін бірден тіркелген. Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр жеткіліксіздігімен, естен танумен, шаншумен, көмейдің немесе беттің ісінуімен, ентігумен, есекжеммен немесе қышынумен қатар жүрді. Норфлоксацинге аллергиялық реакция туындағанда препарат қабылдауды тоқтату керек. Ауыр жедел жоғары сезімталдық реакциялар шұғыл емнің дереу қолданылуын талап етеді.
Норфлоксацинді қоса хинолонмен ем алып жатқан пациенттерде аса жоғары сезімталдық салдарынан басқа да ауыр және кейде фатальді жағдайлар сирек байқалды. Бұл реакциялар әдетте көп реттік дозаны енгізгеннен кейін басталады. Клиникалық көріністерге бір немесе одан көп келесі белгілер кіруі мүмкін: қызба, бөртпе немесе ауыр дерматологиялық реакциялар (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы), васкулит, артралгия, миалгия, сарысу құю ауруы, аллергиялық пневмонит, интерстициальді нефрит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гепатит, сарғаю, жедел некроздық гепатит немесе бауыр жеткіліксіздігі, анемия, оған қоса гемолиздік және апластикалық анемия, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық пурпура, лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения және/немесе басқа да гематологиялық ауытқулар.
Клостридиум диффициле-астасқан диарея: сlostridium difficile-астасқан диарея (CDAD) норфлоксацинді қоса, бактерияға қарсы препараттардың дерлік бәрін пайдаланған кезде байқалды және ауырлық дәрежесі орташа диареядан фатальді колитке дейін қалыптасуы мүмкін. Бактерияға қарсы дәрілермен емделу тоқ ішектің қалыпты флорасының түрленуіне әкеледі және клостридиялардың қатты өсуіне әкелуі мүмкін. Ауру анамнезін мұқият жинау қажет, өйткені CDAD бактерияға қарсы препараттарды қолданғаннан кейін екі айдан астам уақыт өткенде асқынуы белгілі. Егер «жалған жарғақшалы колит» диагнозына күдік болса немесе белгіленсе норфлоксацин қолдануды тоқтату және тиісті ем бастау қажет.
Шеткері нейропатия: парестезияға, сезімталдықтың бұзылуына, оның ішінде сезімталдықтың бәсеңдеуіне және норфлоксацинді қоса, хинолондар қабылдайтын пациенттерде әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсорлық-қимылдық аксональді полинейропатия жағдайлары сирек кездесті. Пациенттерде нейропатия симптомдары, оған қоса ауыру, шымылдату сезімі, шаншуды сезіну, қол-аяқтың сіресуі және/немесе әлсіздігі пайда болғанда норфлоксацин қолдануды тоқтату керек.
Мерезді емдеу: норфлоксацин тиімділігі мерезді емдегенде дәлелденбеді. Созды емдеуге арналған қысқа уақыт мерзімі ішінде жоғарғы дозаларда қолданылған микробқа қарсы препараттар мерездің даму симптомдарын бүркемелеуі немесе жасыруы мүмкін. Создан зардап шегетін барлық пациенттер мерезге серологиялық тесттен өтулері тиіс. Норфлоксацинмен емделетін пациенттер 3 айдан соң мерезге қайтадан серологиялық тесттен өтулері тиіс.
Кристаллурия: препаратты күніне екі рет 400 мг дозада қабылдағанда кристаллурия байқалмайды. Сақтық шаралары ретінде күнделікті ұсынылатын доза арттырылмауы тиіс және пациент гидратацияның тиісті деңгейін және бөлінетін несептің дұрыс мөлшерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшердегі сұйықтық ішуі тиіс.
Фотосезімталдық/фотоуыттылық: жарықтың әсері қамтылатын аумақты (негізінен бет, декольте аумағы, білектің иілетін беткейі, қол ұшының сыртқы жағы) қоса, күн сәулесіне реакциялар (мыс. күю, эритема, күлбіреуік, күлдіреуік, ісіну) түрінде көрініс табуы мүмкін фотосезімталдық/фотоуыттылық реакциялары күннің немесе ультракүлгін сәуленің әсеріне түскеннен кейін хинолондар пайдаланумен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бұл жарық көздерінің шамадан тыс әсеріне түсірмеу керек. Фотоуыттылық пайда болғанда дәрі-дәрмекпен емделуді тоқтату қажет.
Миастения: норфлоксацинді қоса, хинолондар миастения белгілерін шиеленістіруі және тыныс алу бұлшықетінің өмірге қауіпті әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Миастениядан зардап шегетін пациенттерді емдеу үшін норфлоксацинді қоса, фторхинолондарды пайдаланғанда сақтық таныту керек.
Жүрек қызметінің бұзылуы: ЭКГ-ға QT аралығын ұлғайтуы мүмкін басқа препараттарды қабылдағандағыдай гипокалиемиядан, брадикардиядан зардап шегетін науқастарды немесе IА кластағы немесе III кластағы аритмияға қарсы препараттармен бір уақытта ем алып жатқан пациенттерді емдеу үшін норфлоксацин қабылдағанда сақтық таныту керек. Норфлоксацинді қоса, кейбір фторхинолондар цисаприд, эритромицин, нейролептиктер, үшциклдық антидепрессанттар қабылдайтын немесе жеке немесе отбасылық анамнезінде ЭКГ-ға QT аралығының ұзару жағдайлары болған пациенттерді емдеу үшін сақтықпен пайдаланылуы тиіс.
Норфлоксацинді дәлелденген бактериялық инфекция немесе профилактикалық көрсетілімдер болмаған кезде тағайындау пациентке пайда әкелмейді, бактериялардың дәрілерге төзімділігінің дамуын ұлғайтады.
Арнайы ескертулер
Фторхинолондық антибиотиктерді, әсіресе егде адамдарда, бүйрегі ауыратын пациенттерде; жүйелі кортикостероидтармен ем алатын пациенттерде; ағзалар трансплантациясы жасалған пациенттерде ерекше сақтықпен пайдалану керек. Бұл науқастарда фторхинолондық және хинолондық антибиотиктермен емдеу нәтижесінде туындауы мүмкін сіңірлердің зақымдану қаупі жоғары.
Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қолданғаннан кейін, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризма және қолқа қатпарлануының даму қаупі, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін қолқа және митралды клапанның регургитациясы туралы хабарланған. Кейде жарылуымен асқынған (оның ішінде өліммен аяқталған) аневризма мен қолқаның қатпарлану, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдау кезінде жүрек клапандарының кез келгенінің регургитация/жеткіліксіздік жағдайлары тіркелген.
Демек, фторхинолондарды пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе жүрек клапандарының туа біткен ақауына қатысты отбасылық ауыр анамнезі бар пациенттерде, анамнезінде аневризмасы және/немесе қолқаның қатпарлануы немесе жүрек клапандарының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ, аневризмада және қолқаның қатпарлануы кезінде екі жағдайда да басқа қауіп факторлары немесе осыған бейімдейтін жай-күйлері болған кезде, сондай-ақ, жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данло синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар), сондай-ақ, аневризма және қолқаның қатпарлануы кезінде (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артериит немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қан тамырлары аурулары), сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, инфекциялық эндокардит) басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана пайдалану керек. Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризма және қолқаның қатпарлану, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін.
Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы кезінде пациенттерге шұғыл көмек алу үшін дереу дәрігерге бару ұсынылады.
Пациенттерге қатты ентігу, алғаш рет кенеттен пайда болған жүректің жиі соғуы, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқ-қолдардың ісінуі дамыған кезде дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек.
Педиатрияда қолдану – қолдануға болмайды.