Амлодипин дигидропиридиндік топтың кальций иондары ағымының тежегіші болып табылады (баяу кальций өзекшелерінің блокаторы немесе кальций иондарының антагонисі); ол кальций иондарының кардиомиоциттерге және тамырлардың тегіс бұлшықетті жасушаларына жарғақшаішілік ағып шығуына кедергі келтіреді.
Норваск препаратының гипотензиялық әсерінің механизміне тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне тікелей босаңсытқыш әсері түрткі болады. Амлодипин соның арқасында стенокардия көріністерін жеңілдететін нақты механизм толықтай анықталған жоқ, алайда, амлодипиннің жалпы ишемиялық жүктемені келесі екі фактордың есебінен төмендететіні белгілі:
1) амлодипин шеткері артериолаларды кеңейтеді және сол арқылы, жүректің жұмысына қарсы бағытталған жалпы шеткері кедергіні (кейінгі жүктемені) азайтады. Жүректің жиырылу жиілігі тұрақты болып қалатындықтан, бұл миокардтың энергия тұтынуының және оған оттегі қажеттілігінің төмендеуіне алып келеді.
2) амлодипиннің әсер ету механизмі миокардтың қалыпты және ишемияланған аймақтарындағы негізгі коронарлық артериялар мен коронарлық артериолалардың кеңеюімен де байланысты болуы мүмкін, бұл вазоспастикалық стенокардиясы (Принцметал стенокардиясы немесе варианттық стенокардия) бар пациенттерде миокардқа оттегінің келіп түсуін арттырады.
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде препаратты тәулігіне бір рет қолдану шалқадан жатқан және тұрған қалыптағы артериялық қысымның бүкіл 24 сағаттық кезең бойына клиникалық тұрғыдан елеулі төмендеуін қамтамасыз етеді. Амлодипиннің әсерлері баяу дамитындықтан, препаратты қабылдау жедел артериялық гипотензияның туындау қаупімен астаспайды.
Стенокардиясы бар пациенттерде амлодипинді тәулігіне бір рет қолдану жалпы жүктеме уақытын, стенокардия ұстамасы басталғанға дейінгі уақытты және ST сегменті 1 мм-ге азайғанға дейінгі уақытты арттырады, сондай-ақ, стенокардия ұстамалары мен нитроглицерин таблеткаларын қабылдаудың жиілігін азайтады.
Амлодипинді қабылдау қандай-да бір жағымсыз метаболизмдік әсерлермен немесе қан плазмасының липидтік параметрлерінің өзгерістерімен қатар жүрмейді және бронх демікпесі, қант диабеті және подаграсы бар пациенттерде қолдануға болады.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар пациенттерде қолдану
Амлодипиннің жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар пациенттерде клиникалық құбылыстардың алдын алу үшін тиімділігі 1997 пациенттегі тәуелсіз көп орталықтық рандомизацияланған салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын: «Тромбоздың туындау жиілігін төмендетуде амлодипинді эналаприлмен салыстыру» (Comparison of Amlodipine vs. Enalapril to Limit Occurrences of Thrombosis — CAMELOT) зерттеуінде зерттелді. 2 жыл ішінде ол пациенттердің 663-і 5–10 мг дозадағы амлодипинді қабылдады, 673 пациент 10–20 мг дозадағы эналаприлді қабылдады, және 655 пациент статиндерді, бета-блокаторларды, диуретиктер мен аспиринді қамтитын стандартты емге қосымша плацебо қабылдады. Тиімділігінің шешуші көрсеткіштері 1 кестеде келтірілген. Нәтижелері, амлодипинмен емдеудің ЖИА бар пациенттерде стенокардияға және реваскуляризация емшараларына байланысты ауруханаға түсу жағдайлары санының аздығымен астасатынын көрсетіп отыр.
1 кесте.CAMELOT зерттуінде елеулі клиникалық нәтижелердің туындау жиілігі
Жүрек-қантамыр құбылыстарының жиілігі, саны (%) — Плацебомен салыстырғандағы амлодипин
Нәтижелері — Амлодипин — Плацебо — Эналаприл — Қауіптерінің арақатынасы(95 % СА) — p-мәні
Бастапқы ақырғы нүкте
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар — 110 (16,6) — 151 (23,1) — 136 (20,2) — 0,69 (0,54–0,88) — 0,003
Жекелеген компоненттері
Коронарлық реваскуляризация — 78 (11,8) — 103 (15,7) — 95 (14,1) — 0,73 (0,54–0,98) — 0,03
Стенокардияға байланысты ауруханаға түсу — 51 (7,7) — 84 (12,8) — 86 (12,8) — 0,58 (0,41–0,82) — 0,002
Өлімге соқтырмаған МИ — 14 (2,1) — 19 (2,9) — 11 (1,6) — 0,73 (0,37–1,46) — 0,37
Инсульт немесе ТИШ — 6 (0,9) — 12 (1,8) — 8 (1,2) — 0,50 (0,19–1,32) — 0,15
Жүрек-қантамыр ауруы түрткі болған өлім — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 5 (0,7) — 2,46 (0,48–12,7) — 0,27
ЖІЖ байланысты ауруханаға түсу — 3 (0,5) — 5 (0,8) — 4 (0,6) — 0,59 (0,14–2,47) — 0,46
Жүрек тоқтап қалғанда жүргізілген реанимация — 0 — 4 (0,6) — 1 (0,1) — НД — 0,04
Шеткері қантамырлардың алғаш анықталған ауруы — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 8 (1,2) — 2,6 (0,50–13,4) — 0,24
Қысқартылған сөздер: ЖІЖ — жүректің іркілісті жеткіліксіздігі; СА — сенімді аралық; МИ — миокард инфарктісі; ТИШ — транзиторлық ишемиялық шабуыл.
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану
NYHA жіктемесі бойынша жүректің II–IV функционалдық класты жеткіліксіздігі бар пациенттерде гемодинамикасын зерттеулер және дене жүктемесімен бақыланатын клиникалық зерттеулер, Норваск препаратының клиникалық нашарлауға алып келмейтіндігін көрсетті, ол дене жүктемесіне төзімділікті, сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясын және клиникалық симптоматикасын бағалаудың көмегімен көрсетілді.
NYHA жіктемесі бойынша жүректің III–IV функционалдық класты жеткіліксіздігі бар пациенттерде дигоксиннің, диуретиктердің және ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерінің қолданылуын бағалау мақсатында жоспарланған плацебо-бақыланатын зерттеу (PRAISE), Норваск препараты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өлім немесе біріккен өлім мен аурушаңдық қаупінің артуына алып келмейтіндігін көрсетті.
Жүректің клиникалық симптомдарсыз немесе жүректің қатарлас ишемиялық ауруын білдіретін объективті белгілерсіз III және IV класты жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша) бар, АӨФ тежегіштерінің тұрақты дозаларын, жүрек гликозидтері мен диуретиктерді қабылдаған пациенттердегі кейіннен қадағалау жүргізілетін, Норваск препаратының қолданылуы зерттелген ұзақмерзімді плацебо-бақыланатын зерттеуде (PRAISE-2) Норваск препараты жүрек-қантамыр ауруларынан болатын жалпы өлім көрсеткішіне әсер етпеген. Пациенттердң дәл осы популяциясында Норваск препаратын қолдану өкпенің ісінуі жағдайлары жиілігінің жоғарырақ болуымен қатар жүрген.
Миокард инфарктісінің профилактикасын зерттеу (ALLHAT)
Ауруға шалдығу мен өлім көрсеткіші зерттелген «Гипертензияға қарсы және гиполипидемиялық препараттардың миокард инфарктісінің профилактикасы үшін қолданылуын зерттеу» (Antihypertensive and Lipid-Lowering Treatment to Prevent Heart Attack Trial — ALLHAT) деп аталатын рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу, жеңіл немесе орташа артериялық гипертензия кезінде инновациялық препараттар — тәулігіне 2,5–10 мг дозалардағы амлодипинді (кальций өзккшелерінің блокаторы) немесе тәулігіне 10–40 дозалардағы лизиноприлді (АӨФ тежегіші) бірінші желідегі ем ретінде — тәулігіне 12,5–25 мг дозалардағы хлорталидонмен (тиазидтік диуретик) салыстыру үшін жүргізілді.
Барлығы, артериялық гипертензиясы бар, 55 жас шамасындағы және одан үлкен 33 357 пациент рандомизацияланды; пациенттер орташа алғанда 4,9 жыл қадағалауда болды. Пациенттерде: анамнездегі (зерттеуге кірістірілгенге дейін > 6 ай бұрынғы) миокард инфарктісін немесе инсультті немесе анамнезде басқа атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруларының болуын (жалпы алғанда 51,5 %), 2-нші типті қант диабетін (36,1 %), Х-ТЖЛП < 35 мг/дл деңгейін (11,6 %), электрокардиографияның немесе эхокардиографияның көмегімен диагностикаланған, сол жақ қарыншаның гипертрофиясын (20,9 %), және қазіргі кезде темекі шегуді (21,9 %) қоса, ЖИА кемінде тағы бір қосымша қауіп факторы болды.
Бастапқы ақырғы нүкте соқтыратын ЖИА немесе өлімге соқтырмаған миокард инфарктісін қамтитын біріккен ақырғы нүкте болды өлімге болды. Амлодипин негізіндегі ем мен хлорталидон негізіндегі ем жағдайында бастапқы ақырғы нүктелері арасында елеулі айырмашылық байқалмады: ҚА 0,98; 95 % СА [0,90–1,07]; p = 0,65. Екінші ақырғы нүктелері арасында туындау жиілігі жүрек (жүрек-қантамыр құбылыстарын қамтыған композиттік біріккен ақырғы нүктенің компоненті) хлорталидон тобымен салыстырғанда, амлодипин тобында статистикалық тұрғыдан едәуір жоғары болды (7,7 %-бен салыстырғанда 10,2 %, ҚА 1,38, 95 % СА [1,25–1,52]; p < 0,001). Алайда бұл ретте, хлорталидонмен салыстырғанда амлодипинмен емдеген кезде барлық себептер бойынша өлім көрсеткіштерінде статистикалық тұрғыдан елеулі айырмашылық байқалған жоқ, ҚА 0,96; 95 % СА [0,891,02]; p = 0,20.
Балаларда (6 жас шамасындағы және одан үлкен) қолданылуы
Көбінесе салдарлы артериялық гипертензиясы болған, 6 жастан 17 жасқа дейінгі 268 бала қатысқан зерттеуде, 2,5 мг және 5,0 мг дозалардағы амлодипинді плацебомен салыстыру барысында, плацебоға қарағанда екі дозасының да систолалық артериялық қысымды көбірек дәрежеде төмендететіндігі көрсетілді, және қысымды төмендетудегі бұл айырмашылық статистикалық тұрғыдан елеулі болды. Амлодипиннің бұл екі дозасы арасындағы айырмашылық статистикалық түрғыдан елеулі болмады.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуіне, жыныстық жетілуіне, және жалпы дамуына амлодипинмен емдеудің кейіннен білінетін әсерлері зерттелмеді. Балаларда амлодипинмен емдеудің ұзақмерзімді тиімділігі ересек жаста жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу мен өлім көрсеткіштерінің төмендеуі тұрғысынан да анықталмады.