Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Норвела®
Әсер етуші зат
Прочие препараты для лечения заболеваний связанных с нарушением кислотности
Мақсаты
Жедел және созылмалы гастриттерде асқазанның шырышты қабығының зақымдануларын (эрозиялар, геморрагиялар, гиперемия, ісіну) емдеу кезінде кешенді ем құрамында
Өндіруші
Донг-А СТ Ко., Лтд.
Ел
Республика Корея
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – Арги жусаны жапырағының (Artemisiae argyi folium) 95% спиртті қою экстрактісі (құрамында 0.48-ден 1.44 мг дейін эупатилин және 0.15-тен 0.45 мг дейін джасеосидин бар),
қосымша заттар: кальций силикаты, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, полоксамер, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк, Spectrablend ақ CM-1320 (Гипромелоза, титанның қостотығы (Е 171), этилцеллюлоза, полиэтиленгликоль), Spectrablend жасыл CM-1321 (Поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы (Е 171), лецитин, FD&C сары 5 алюминий лагы (Е102), FD&C көк №1 алюминий лагы (Е133), FD&C көк №2 алюминий лагы (Е132), ксантан шайыры), Spectrablend мөлдір CM-1212 (Натрий карбоксилметилцеллюлозасы, декстрин, глюкоза, лецитин, натрий цитраты), карнауб балауызы.
Сыртқы түрінің, дәмінің, иісінің сипаты
Таблетканың бір жағында «SLT» және екінші жағында «DA» жазбасы бар, жасыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған сопақша пішінді таблеткалар.
- жедел және созылмалы гастриттерде асқазанның шырышты қабығының зақымдануларын (эрозиялар, геморрагиялар, гиперемия, ісіну) емдеу кезінде кешенді ем құрамында
- қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаудан туындаған гастропатия профилактикасында
Әсер ету механизмі
Препарат асқазан эпителийінің шырыш секрециясын стимуляциялайды, бұл орайда асқазан сөлінің базальді секрециясына және тұз қышқылының өндіріліп шығарылуына әсер етпейді. Гастрит кезінде шырышты қабықтың зақымдалған жасушаларында регенерациялық үдерістерді күшейту арқылы асқазанның шырышты қабығын емдеп жазатын әсер көрсетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Норвела гастропротективті және эрозияға қарсы әсер ететін Artemisiae Argyi folium жусанынан алынған өсімдік тектес препарат.
Препарат белсенділігі флавоноидтер жиынтығымен анықталады, олардың негізгі заты эупатилин болып табылады.
Гастрит кезінде емдік әсері асқазан эпителийінің шырышын өндіріп шығару стимуляциясы есебінен шырышты қабықты қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Препараттың қабынуға қарсы белсенділігі эупатилин есебінен іске асырылады, ол липидтердің пероксидациясының алдын ала отырып және оттегінің биореактивті түрлерінің түзілуін бөгей отырып, ашық айқындалған антиоксиданттық қасиеттер көрсетеді.
Препараттың қалпына келтіру қасиеттері ақуыз синтезін көтермелейтін және жергілікті қан айналымын жақсартатын флавоноидтармен қамтамасыз етіледі.
Норвела препаратын қолданған кезде жедел және созылмалы гастриттердің ісіну және асқазан шырышының гиперемиясы, эрозиясы, геморрагиялары түріндегі көріністері азаяды және басылады.
Норвела асқазанның шырышты қабығын алкоголь және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСП) сияқты түрлі ульцерогендердің зақымдайтын әсерлерінен қорғайды.
Асқазанның шырышын алкогольден туындаған зақымданулардан қорғау ксантиноксидаза мен оксидативті стресс белсенділігін бәсеңдету есебінен жүзеге асырылады.
ҚҚСП қолданған кезде асқазан шырышының зақымдануларының профилактикасы перитонеальді нейтрофилдерден эндогенді простагландиндердің E2 босап шығарылуының жоғарылауы және ҚҚСП қолданудан туындаған простагландин F1a өндіріп шығарудың төмендеуі есебінен қамтамасыз етіледі.
Дозалау режимі
Ересектерге емдеу және профилактика кезінде 1 таблеткадан күніне 3 рет. Ең жоғары тәуліктік доза 3 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Тағам қабылдағанға дейін 20-30 минут бұрын ішке қабылданады.
Емдеу ұзақтығы
Жедел және созылмалы гастрит кезінде орташа емдеу курсы 2 апта, гастропатия профилактикасында – 4 апта.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымтар
Сізде аталған дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да болсын сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігерге немесе фармацевте жүгініңіз.
- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- қатерлі жаңа түзілімдері немесе ауыр ағымдағы асқазан-ішек жолы аурулары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Жағымсыз әсерлер жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес белгіленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 бастап ˂ 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 бастап ˂ 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 бастап ˂ 1/1000 дейін), өте сирек (˂1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
- іштің кебуі, іштің жоғары жағындағы ауыру, қыжыл, жүрек айнуы және диарея
Жиі
- АЛТ артуы
Кейде
- тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, диспепсия, іштің ауыруы
Сирек
- іштің төменгі жағындағы ауыру, іш қатуы, диспепсия, кекіру, асқазан-ішек жолы моторикасының шамадан тыс бұзылуы, гастроэзофагеальді рефлюкс, құсу, аштықты сезіну
- билирубиннің жоғарылауы
- тәбеттің жоғарылауы
- бас ауыруы
- ұйқысыздық
- несеп шығуының бұзылуы
- назофарингит
- лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы
- жүрек қағысының жиілеуі
- бөртпе және қышыну
Өте сирек
- беттің ісінуі (препаратты қабылдау мен осы реакция аралығының себеп-салдарының байланысы анықталмаған)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозаланған жағдайлары анықталған жоқ.Артық дозаланған жағдайда – симптоматикалық ем.
Егер 2 апталық қабылдаудан кейін симптомдар жақсармаса, Норвела® препаратын қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Арнайы сақтандырулар
Норвела® препаратын мынадай аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек
- ишемиялық инсультте, миокард инфарктісінде, тромбофлебитте және т.б.
- тұтыну коагулопатиясы
- бауырдың, жүректің, бүйректің, өкпенің және қанның ауыр ауруларында
- өкпелік қан кетулерде (өкпе туберкулезі)
- дәрілік аллергия (бөртпе, қызба, қышыну және т.б) симптомдары немесе анамнезде дәрілік аллергия симптомдары
Егде жастағы пацинеттер
Егде жастағы пациенттерге препаратты қолдану жөніндегі арнайы нұсқаулар жоқ.
Қосымша заттар
Препараттың қосымша заттарының құрамында бір реттік дозада 5 мг мөлшерінде натрий бар, тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындау кезінде сақ болу керек.
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесі жоқтығына байланысты препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға мен жасөспірімдерге тағайындауға болмайды.
Бұл кезеңдерде препаратты қолдану қауіпсіздігін растайтын клиникалық деректер болмауына байланысты Норвела® препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препараттың басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.