Ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар - тамызғаннан кейін күйдіруді немесе шымылдатуды сезіну (шамамен сегіз пациенттің біреуінде).
Тимолол малеаты препараттарын офтальмологиялық қолданғанда болатын сирек кездесетін келесі жағымсыз реакциялар төменде келтірілген.
Сирек
- бас ауыруы, астения/қажу, кеуденің ауыруы
- брадикардия, аритмия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, естен тану, жүрек өткізгіштігінің блокадасы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, ми ишемиясы, жүрек жеткіліксіздігі, стенокардияның нашарлауы, жүрек соғуының жиілеуі, жүректің тоқтауы, өкпе ісінуі, ісіну, ара-кідік ақсаңдау, Рейно феномені, қол мен аяқтың салқындауы
- жүрек айнуы, диарея, диспепсия, анорексия, ауыздың құрғауы
- жүйелі қызыл жегі
- бас айналу, ауыр миастения гравис белгілері мен симптомдарының күшеюі, парестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық, түнгі қорқыныш, мінез-құлықтың өзгеруі және психикалық бұзылулар, соның ішінде депрессия, сананың шатасуы, елестеулер, мазасыздық, бағдарсыздық, күйгелектік және есте сақтау қабілетінің жоғалуы
- алопеция және псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі
- анафилаксия, ангионевроздық ісіну, есекжем, оқшауланған және жайылған бөртпе сияқты жүйелік аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары
- бронх түйілуі (негізінен бронх түйілуі ауруы бар пациенттерде), тыныс алу жеткіліксіздігі, ентігу, мұрынның бітелуі, жөтел, тыныс жолдары жоғарғы бөлімдерінің инфекциясы
- қант диабетімен ауыратын пациенттерде гипогликемияның бүркемеленген симптомдары
- көз тітіркенуінің белгілері мен симптомдары, соның ішінде конъюнктивит, блефарит, кератит, көздің ауыруы, көздегі бөлінулер (мысалы, қабықтың пайда болуы), бөгде денені сезіну, қышыну, көзден жас ағуы, көздің құрғауы; птоз; мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі; кистдозды макулярлы ісіну; рефракциялық өзгерістер мен диплопияны қоса, көру қабілетінің бұзылуы және диплопия; псевдопемфигоид; хирургиялық офтальмологиялық емдеуден кейін торлы қабықтың ажырауы
- құлақтың шуылдауы;
- ретроперитонеальді фиброз, либидоның төмендеуі, импотенция, Пейрони аурулары.
Тимолол малеатын және басқа бета-адреноблокаторларды пероральді қабылдау кезінде келесі жағымсыз реакциялар байқалды және тимолол малеаты препараттарын офтальмологиялық қолдану кезінде тіркелуі мүмкін ықтимал жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.
Өте сирек
- мөлдір қабық айтарлықтай зақымданған кейбір пациенттерде құрамында фосфат бар көзге тамызатын дәрілерді қолданғанда мөлдір қабық кальцификациясының жағдайлары хабарланған
Жиілігі белгісіз
- эритематозды бөртпе, бұлшықет пен сүйекті ауыртатын дене температурасының жоғарылауы, тамақтың ауыруы, тыныс алу бәсеңдейтін ларингоспазм
- аяқ-қолдың ауыруы, дене жүктемесіне төзімділіктің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі
- артериялық жеткіліксіздіктің нашарлауы, тамырлардың кеңеюі
- іштің ауыруы, гепатомегалия, құсу, мезентериялық артериялар тромбозы, ишемиялық колит
- тромбоцитопениялық емес пурпура, тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз
- гипергликемия, гипогликемия
- қышыну, терінің тітіркенуі, гиперпигментация, қатты терлеу
- артралгия
- вертиго, әлсіздік, концентрацияның төмендеуі, кататонияға ауысатын сананың қайтымды тежелуі, уақыт пен кеңістіктегі бағдарсыздықпен сипатталатын жедел қайтымды синдром, эмоционалдық тұрақсыздық, концентрацияның шамалы бұзылуы, нейропсихометриялық көрсеткіштердің төмендеуі
- сырыл, бронх обструкциясы
- несеп шығарудың қиындауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz