Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Нормовен
Әсер етуші зат
Диосмин, комбинации
Мақсаты
Вена-лимфалық жеткіліксіздікті (аяқтағы ауырлық, ауыруы, ісінуі және құрысулар) симптоматикалық емдеуде
Өндіруші
АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 500 мг флавоноид фракциясы бар, ол мыналардан тұрады: 100 % затқа шаққанда 450 мг диосмин, 50 мг гесперидин,
қосымша заттар:
ядро - натрий крахмал гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилметилцеллюлоза, циклодекстрин, магний стеараты,
қабығы - үлбірмен қаптауға арналған Opadry II Yellow (33G32563) қоспасы (гидроксипропилметилцеллюлоза, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль, триацетин, хинолинді сары (Е104), титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е132), күн батар түстес сары FCF (Е110)).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сарыдан қоңырлау-сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
• вена-лимфалық жеткіліксіздікті (аяқтағы ауырлық, ауыруы, ісінуі және құрысулар) симптоматикалық емдеуде
• геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдарда.
Нормовен венатонустық және ангиопротекторлық әсер береді, венаның тонусын жоғарылатады, веналардың созылғыштығы мен веностазды азайтады, микроциркуляцияны жақсартады, капиллярлардың өткізгіштігін азайтады және олардың резистенттілігін арттырады, лимфаның ағып шығуын арттыра отырып, лимфалық дренажды жақсартады.
«Ишемия/реперфузия» моделін қолдана отырып, жануарларға жүргізілген эксперименттік зерттеулер микрондалған тазартылған флавоноидты фракцияларды қолдану тамырлы қабырға өткізгіштігін төмендету және қан плазмасын бөлу қарапайым диосминмен салыстырғанда тиімдірек екенін көрсетті. Бұл нәтиже флавоноидтарда фракцияның құрамына кіретін және гесперидин түрінде көрсетілетін гесперидин, диосметин, линарин және изороифолин сияқты микроциркуляцияға қорғаныс әсерінің болуымен байланысты. Микронизацияланған тазартылған флавоноидты фракцияны қолдану кезінде байқалған тамырлы қабырға өткізгіштігінің және қан плазмасының төмендеуі қарапайым диосминді және флавоноидтық фракцияның әр компонентін бөлек қолданған кезде байқалады.
Жоғарыда көрсетілген фармакологиялық қасиеттер препараттың веноздық гемодинамикаға әсерін анықтауға болатын әдістерді қолдана отырып, қос соқыр, плацебо бақыланатын зерттеулерде расталды.
«Доза – әсер» қатынасы. Препараттың дозаға тәуелді статистикалық маңызды әсері келесі веноздық плетизмографиялық параметрлерге сәйкес анықталды: веноздық көлем, веноздық созылғыштық және веноздық ағып кету уақыты. Оңтайлы дозаға жауап беру коэффициентіне 2 таблеткадан қол жеткізілді.
Венотоникалық белсенділік. Препарат веноздық тонусты жоғарылатады: веноздық окклюзиялық плетизмографияның көмегімен венадан шығу уақытының төмендеуі байқалды.
Микроциркуляторлық белсенділік. Зерттеулер препарат пен плацебо қолдану арасындағы статистикалық маңызды айырмашылықты көрсетті. Капиллярлық сынғыштық белгілері бар науқастарда емдеу ангиостереометриямен анықталған капиллярлық төзімділікті жоғарылатады.
Сонымен қатар, дәрілік зат лейкоциттер мен эндотелийдің өзара әрекеттесуін, посткапиллярлық венулалардағы лейкоциттердің адгезиясын азайтады. Бұл қабыну медиаторларының веналар қабырғалары мен веналар клапандарының жармаларына зақымдағыш әсерін төмендетеді.
Клиникалық тәжірибеде. Зерттеулер флебологиядағы төменгі аяғындағы функционалды және органикалық созылмалы веноздық жеткіліксіздікті емдеудегі, сондай-ақ геморройды емдеудегі проктологиядағы препараттың терапиялық белсенділігін көрсетті.
Дозалану режимі
Ішу арқылы қолдануға арналған. Ересектерге тағайындалады.
Венозды-лимфалық жеткіліксіздік кезінде ұсынылатын дозасы – тәулігіне 2 таблетканы құрайды: 1 таблетка – күндіз және 1 таблетка – кешке, тамақтану кезінде. Бір апта қолданғаннан кейін тәулігіне бір рет 2 таблеткадан ішуге болады, тамақтану кезінде.
Жедел геморрой кезінде ұсынылатын дозасы: 4 күн бойы тәулігіне 6 таблеткадан, артынан келесі 3 күн бойы тәулігіне 4 таблеткадан. Ас ішу кезінде қолдану керек. Таблеткалардың тәуліктік мөлшерін 2-3 қабылдауға бөледі. Демеуші ем - тәулігіне 2 таблетка.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- препарат құрамына кіретін белсенді компоненттер немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері жәнежағымсыз реакциялардың жүйе-ағза жіктемесі ментуындау жиіліктеріне сәйкес жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтаукелесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 -< 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 -< 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 -< 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000),белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
сирек – бас айналу, бас ауыру, дімкәстану
Асқазан-ішек жүйесі тарапынан бұзылулар
жиі – диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу
сирек – колит
белгісіз – іштің ауыруы
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар
сирек – бөртпе, қышыну, есекжем
белгісіз – беттің, еріннің, қабақтың оқшау ісінуі. Бірен-саран жағдайларда Квинке ісінуі.
Жағымсыз реакциялар туралы хабарлама
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Бұл дәрілік затты жедел геморой кезінде қолдану спецификалық емді алмастыра алмайды және басқа проктологиялық ауруларды емдеуге кедергі келтірмейді. Препаратты қысқа курспен тағайындайды. Егер, қысқа емдеу курсы ішінде симптомдары жылдам басылмаған жағдайда, проктологиялық тексеру жүргізу және емді қайта қарастыру керек.
Вена қан айналымының бұзылулары кезінде тиімдірек емдеу, емді өмір сүру салтына қатысты мынадай ұсынымдарды сақтаумен біріктіру арқылы қамтамасыз етіледі:
• күн көзінде ұзақ уақыт болмау, ұзақ уақыт бойы жүрмеу, артық дене салмағын қоспау керек;
• жаяу жүру және кей жағдайларда қанайналымды жақсартуға арналған арнайы шұлықтарды кию керек.
Арнайы сақтандырулар
Дәрілік зат құрамында лактоза бар, сондықтан оны сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза төзімсіздік формалары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастарға қолдануға болмайды.
Егер сізде бұрыннан бірнеше қантқа төзбеушілік болса, осы дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Препарат құрамына күн батар түстес сары FCF кіруіне байланысты аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Педиатрияда қолдануы
Нормовен дәрілік затын балаларға қолданылуына қатысты деректер жоқ.
Жүктілік. Жүкті әйелдерде тазартылған микрондалған флавоноидты фракцияны қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ.
Сақтық шаралары мақсатында жүктілік кезінде Нормовен қабылдамаған жөн.
Емшек емізу. Белсенді зат немесе оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Бала емізуді тоқтату немесе Нормовен емді тоқтату/бастамау туралы шешімді, бала үшін емізудің пайдасы мен әйел үшін емдеудің пайдасын негізге ала отырып қабылдаған жөн.
Фертильділік. Жануарлардағы репродуктивті уыттылықтың зерттеулері Фертильділікке әсер етпеді.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Флавоноидтық фракцияның көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне зерттеулер жүргізілмеген. Алайда, флавоноид фракциясының жалпы қауіпсіздігін ескере отырып, бұл қабілетке айтарлықтай әсер ету күтілмейді. Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерінің белгілері пайда болған жағдайда, сақтық таныту керек («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Өзара әрекеттесулеріне қатысты зерттеулер жүргізілмеген. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы әлі күнге дейін хабарланбаған (дәрілік затты тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінің мол екенін ескерсек).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.