Әсер ету механизмі, фармакодинамикалық әсерлері
Дигидропиридин туындысы бола отырып, амлодипин кальций иондарының жарғақша арқылы өтуін тежейді («баяу» кальций өзекшелерінің блокаторы немесе кальций иондарының антагонисі); сондай-ақ кальций иондарының миокард пен қантамырдың тегіс бұлшықет жасушаларына жарғақша арқылы ағуын бөгейді.
Амлодипиннің гипотензиялық әсер ету механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықетіне тікелей босаңсытатын әсеріне байланысты. Амлодипиннің дәл әсер ету механизмі стенокардияда түпкілікті анықталмаған, алайда амлодипин мынадай екі жолмен ишемияны төмендетеді:
• Амлодипин шеткері артериолаларды кеңейтеді және осылайша қантамырлардың жалпы шеткері кедергісін (жүктемеден кейінгі) төмендетеді, оны жеңуге жүректің жұмысы жұмсалады. Жүректің жиырылу жиілігі өзгермейтіндіктен, жүрекке түсетін жүктемені азайту қуат тұтынуды және миокардқа оттегі қажеттілігін төмендетеді.
• Амлодипиннің әсер ету механизмі миокардтың өзгермеген де, ишемияланған аумағында да негізгі коронарлық артериялар мен коронарлық артериолалардың кеңеюін қамтуы мүмкін. Бұл дилатация коронарлық артериялардың түйілуі бар пациенттерде оттегінің миокардқа түсуін арттырады (Принцметал стенокардиясы немесе варианттық стенокардия).
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде амлодипиннің бір реттік тәуліктік дозасы жатқан қалыпта да, тұрған қалыпта да 24 сағат бойы артериялық қысымның клиникалық маңызды төмендеуін қамтамасыз етеді. Әсер етуі баяу басталуының арқасында амлодипин жедел артериялық гипотензия туғызбайды.
Стенокардиясы бар пациенттерде амлодипиннің бір реттік тәуліктік дозасы дене жүктемесін орындау уақытын арттырады, стенокардия ұстамасының және орындау барысында ST сегменті депрессиясының дамуын (1 мм-ге) кідіртеді, стенокардия ұстамаларының жиілігін және нитроглицерин таблеткаларын тұтынуды төмендетеді.
Амлодипин зат алмасуына және қан плазмасының липидтік бейініне теріс әсер көрсетпейді, сондықтан ол бронх демікпесі, қант диабеті және подаграсы бар пациенттерді емдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар пациенттерде қолдану
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар пациенттерде клиникалық жағдайлардың алдын алу мақсатында амлодипинді қолдану тиімділігі CAMELOT (Comparison of Amlodipine vs Enalapril to Limit Occurrences of Thrombosis - Амлодипин vsэналаприлді тромбоздың дамуын болдырмауға қатысты салыстыру) тәуелсіз, көпорталықты, рандомизацияланған, жасырын салыстырмалы, плацебо-бақыланатын зерттеуінде зерттелді, оған 1997 пациент кірді. Бұл зерттеуде 663 пациент 2 жыл ішінде 5-10 мг дозада амлодипин қабылдады, 673 пациент 10-20 мг дозада эналаприл қабылдады және 655 пациент статиндер, бета-блокаторлар, диуретиктер және аспиринді қамтитын стандартты еммен бірге плацебо қабылдады. Тиімділіктің негізгі нәтижелері 1-кестеде келтірілген. Зерттеу нәтижелері амлодипинмен емдеу стенокардияға байланысты ауруханаға жатқызу жиілігінің төмендеуімен және ЖИА бар пациенттерде реваскуляризация емшаралары санының төмендеуімен қатар жүргенін көрсетеді.
1-кесте. CAMELOT зерттеуіндегі маңызды клиникалық нәтижелердің жиілігі
Жүрек-қантамыр асқынулары, саны, (%) — Амлодипин vs. Плацебо
Клиникалық нәтиже — Амлодипин — Плацебо — Эналаприл — Қауіптер қатынасы (95% СА) — P мәні
Негізгі ақырғы нүкте
Жағымсыз жүрек-қантамырлық құбылыстар — 110 (16,6) — 151 (23,1) — 136 (20,2) — 0,69 (0,54-0,88) — 0,003
Жеке құрамдас бөліктер
Коронарлық артериялардың реваскуляризациясы — 78 (11,8) — 103 (15,7) — 95 (14,1) — 0,73 (0,54-0,98) — 0,03
Стенокардияға байланысты ауруханаға жатқызу — 51 (7,7) — 84 (12,8) — 86 (12,8) — 0,58 (0,41-0,82) — 0,002
Өліммен аяқталған МИ — 14 (2,1) — 19 (2,9) — 11 (1,6) — 0,73 (0,37-1,46) — 0,37
Инсульт немесе ТИШ — 6 (0,9) — 12 (1,8) — 8 (1,2) — 0,50 (0,19-1,32) — 0,15
Жүрек-қантамыр патологиясы себебінен өлу — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 5 (0,7) — 2,46 (0,48-12,7) — 0,27
ЖФСЖ байланысты ауруханаға жатқызу — 3 (0,5) — 5 (0,8) — 4 (0,6) — 0,59 (0,14-2,47) — 0,46
Жүрек тоқтағаннан кейінгі реанимация — 0 — 4 (0,6) — 1 (0,1) — NA — 0,04
Алғаш рет анықталған шеткері қан тамырлар ауруы — 5 (0,8) — 2 (0,3) — 8 (1,2) — 2,6 (0,50-13,4) — 0,24
Қысқартылған сөздер: ЖФСЖ – жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі, СА – сенімді аралық, МИ – миокард инфарктісі, ТИШ – транзиторлық ишемиялық шабуыл.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану
Гемодинамикалық зерттеулер және физикалық жүктемесі бар сынаманы пайдалана отырып бақыланатын клиникалық зерттеулер амлодипиннің жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV функциялық класс) бар пациенттердің жай-күйінің нашарлауын туғызбайтынын көрсетті, оны дене жүктемесіне төзімділік дәрежесі, солжақ қарыншаның лықсыту фракциясы және клиникалық симптоматикасы көрсетті.
Дигоксин, диуретиктер және АӨФ тежегіштерін қабылдаған NYHA бойынша III-IV функциялық класына жататын жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер қатысқан плацебо-бақыланатын зерттеуде (PRAISE) амлодипин өлім қаупінің немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігімен байланысты өліммен аяқталу мен асқынулардың жиынтық қаупінің жоғарылауын туғызбады.
АӨФ тежегіштерін, дигиталис және диуретиктерді тұрақты қабылдаған, ЖИА клиникалық немесе объективті белгілері жоқ жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III-IV функциялық класс) бар пациенттерде қосымша плацебо-бақыланатын зерттеуде (PRAISE-2) амлодипин жалпы және жүрек-қантамырлық өлім-жітімге әсер еткен жоқ. Сол пациенттерде амлодипинді қолдану өкпе ісінуі жағдайларының көбеюімен қатар жүрді.
Миокард инфарктісінің профилактикасы (ALLHAT) мақсатында емдеу
Миокард инфарктісінің профилактикасы (ALLHAT) мақсатында Гипертензияға қарсы және гиполипидемиялық емдеуді зерттеу деп аталатын аурушаңдық пен өлім-жітімді рандомизацияланған, жасырын салыстырмалы зерттеу тәулігіне 2,5-10 мг дозада амлодипин (кальций өзекшелерінің блокаторы) немесе тәулігіне 10-40 мг дозада лизиноприл сияқты жаңа препараттар (АӨФ тежегіші) бірінші желі препараттары ретінде жеңіл және орташа артериялық гипертензияны емдеу үшін тәулігіне 12,5-25 мг дозада және тиазидті диуретик, хлорталидон салыстырылды.
Барлығы 55 және одан үлкен жастағы, артериялық гипертензиясы бар 33 357 пациент рандомизацияланды, олар орта есеппен 4,9 жыл бойы зерттелді. Пациенттерде өткерген миокард инфарктісін немесе инсультті қоса алғанда, ЖИА қаупінің кемінде бір қосымша факторы болған (зерттеуге енгізілгенге дейін > 6 ай); атеросклероздық генездегі құжатпен расталған өзге де жүрек-қантамыр ауруы (барлығы 51,5% ); 2 типті қант диабеті (36,1%); Хс-ТЖЛП < 35 мг/дл (11,6%); ЭКГ немесе эхокардиография кезінде диагностикаланған солжақ қарынша гипертрофиясы (20,9%); темекі шегу (21,9%).
Негізгі ақырғы нүкте өлімге әкелмеген миокард инфарктісі немесе өлімге әкелетін жүректің ишемиялық ауруының құрамдас бөлігі болды. Амлодипин мен хлорталидон емі арасындағы негізгі ақырғы нүктенің жиілігінде айтарлықтай айырмашылық болған жоқ: RR 0,98 95% СА [0,90-1,07] р=0,65. Амлодипин қабылдаған топтағы екінші ақырғы нүктелердің ішінде жүрек функциясының жеткіліксіздігі (жүрек-қантамырлық ақырғы нүктенің құрамдас бөлігі) хлорталидон қабылдаған топқа қарағанда едәуір жоғары болды (10,2% vs. 7,7%, RR 1,38, 95% СА[1,25-1,52] p<0,001). Алайда, амлодипин мен хлорталидон емінің арасындағы барлық себептер бойынша өлім-жітім көрсеткішінде елеулі айырмашылық анықталған жоқ: RR 0,96 95% СА [0,89-1,02] р=0,20.
Педиатриялық пациенттер (6 және одан үлкен жастағы балалар мен жасөспірімдер)
Негізінен салдарлық артериялық гипертензиямен ауыратын 6 жастан 17 жасқа дейінгі 268 баланың қатысуымен жүргізілген зерттеуде 2,5 мг, 5 мг дозаларында амлодипин және плацебо салыстырылды. Зерттеу препараттың екі дозасы плацебоға қарағанда систолалық артериялық қысымды едәуір төмендететінін көрсетті. Екі дозаның айырмашылығы статистикалық тұрғыдан елеусіз болды.
Амлодипиннің бойдың өсуіне, жыныстық жетілуге және жалпы дамуға ұзақ мерзімді әсері зерттелмеген.
Балалық шақта жүрек-қантамыр ауруының төмендеуіне және ересек жаста өлім көрсеткішіне амлодипинмен емдеудің ұзақ мерзімдік әсер етуі де анықталмаған.