Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Дозасы
0,05 %
Саудалық атауы
Носпрей®
Әсер етуші зат
Нафазолин
Мақсаты
Шығу тегі әр түрлі жедел ринитте
Өндіруші
ЛеКос
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - нафазолин гидрохлориді 0.5 мг немесе 1.0 мг,
қосымша заттар: бор қышқылы, бензалконий хлориді ерітіндісі 50 % (100 % затқа шаққанда), пропиленгликоль, повидон (ПВП), натрий тетрабораты рН 4.8 - 6.8 дейін, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сарғыш сұйықтық
- шығу тегі әр түрлі жедел ринитте
- ортаңғы отит – мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін азайту үшін қосымша дәрі ретінде
- гаймор қойнауларының қабынуында
- евстахеитте
Әсер ету механизмі
Нафазолин симпатикалық жүйке жүйесінің альфа-адренорецепторларына тікелей көтермелейтін әсері бар альфа2-адреномиметиктерге жатады. Мұрын ішіне енгізген кезде мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ және мұрын қуысы қосалқы қойнаулары шырышты қабықтарының тамырларына қатысты жылдам және ұзаққа созылатын вазоконстрикторлық әсер береді – ісіну мен гиперемияны азайтады, осыған орай мұрын жолдарының өткізгіштігі жақсарып, мұрынмен дем алу жақсарады.
Дозалану режимі
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға 0,05% ерітіндіні әр мұрын қуысына 1 бүркуден күніне 1-2 рет тағайындайды.
6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға 0,05% ерітіндіні әр мұрын қуысына 2 бүркуден күніне 1-2 рет тағайындайды.
15 жастан асқан балаларға және ересектерге 0,1% ерітіндіні әр мұрын қуысына 1 бүркуден күніне 3 рет тағайындайды.
Препаратты қолдану аралығы 4-6 сағаттан кем болмауы керек.
Емдеу курсы ересектерде 1 аптадан аспайды, балаларда 3 күннен аспайды.
Қайталап қолданар алдында бірнеше күнге үзіліс жасау қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
3 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдану үшін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- ауыр көз аурулары
- артериялық гипертензия
- тахикардия
- айқын атеросклероз
- тиреотоксикоз
- созылмалы ринит
- атрофиялық ринит
- қант диабеті
- моноаминоксидаза тежегіштерін немесе трициклді антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдау және оларды қабылдау аяқталған соң 14 күнге дейінгі кезең
- 3 жасқа дейінгі балалар (0,05% ерітінді үшін) және 15 жасқа дейінгі балалар (0,1% ерітінді үшін)
Носпрей® ұсынылатын дозаларын сақтағанда әдетте жақсы көтерімді. Сирек жағдайларда жағымсыз құбылыстар туындайды.
Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар: аллергиялық реакциялар, оның ішінде Квинке ісінуі.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы мен көрірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: мұрын шырышты қабығының ашуы және құрғауы. Препараттың әсері өткен соң мұрынның қатты бітелуін сезіну болуы мүмкін.
Сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін)
- тітіркену және реактивті гиперемия, мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуі
Өте сирек (< 1/10000)
- жүрек айнуы
- тахикардия
- артериялық қысымның көтерілуі
- бас ауыруы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- мұрын шырышты қабығының ісінуі (1 аптадан аса қолданғанда), атрофиялық ринит
Жүйелік жағымсыз әсерлері тек адреномиметиктерге жоғары сезімталдығы бар адамдарда ғана болуы мүмкін.
Симпатикалық жүйкелердің тітіркенуі түрткі болатын, көбіне артық дозаланудан кейін туындайтын жүйелі жағымсыз әсерлері байқалады:
• жүйке жүйесі тарапынан: ашушаңдық, бас ауыру, тремор;
• жүрек–қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, жүректің соғуы, артериялық гипертензия; тері және тері асты шелі тарапынан: қатты тершеңдік.
Ересектерге бір аптадан астам және балаларға 3 күннен аса қолдану немесе өте жиі қолдану препаратқа дағдылану туындауы мүмкін, бұл оны қолданудан кейін мұрын шырышты қабығының ісінуімен қатар жүреді.
Ұзақ қолдану цилиарлық белсенділіктің бәсеңдеуіне және мұрын шырышты қабығының қайтымсыз зақымдануына, мұрын шырышты қабығының құрғап қабынуына әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы немесе кездейсоқ жұтып қою препарат жүйелі әсерінің симптомдарымен байқалуы мүмкін, оның ішінде: артериялық қысымның артуы, тахикардия, бас ауыруы, тремор, ашушаңдық, тершеңдіктің жоғарылауы, жүрек соғуын сезіну, сананың бұзылуы. Туындауы мүмкін - цианоз, жүрек айну, жүректің тоқтап қалуы, өкпенің ісінуі, психикалық бұзылыстар, дене температурасының көтерілуі. Орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін әсері мынадай симптомдармен байқалуы мүмкін: ұйқышылдық, брадикардия, дене температурасының төмендеуі, шок жағдайы, апноэ, кома.
Кездейсоқ артық дозаланған кезде препарат қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек.
Емі: симптоматикалық.
Тіркеуден кейінгі деректер, мысалы, нафазолиннің қасақана немесе кездейсоқ артық дозалануына байланысты (абайсызда ішке қабылдауды қоса) шамадан тыс жүйелік әсер ету ауыр жүрек-қан тамырлары және/немесе цереброваскулярлық жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
Егер сізде жанама әсерлер пайда болса немесе Носпрейді артық дозалануы кездейсоқ қабылданса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Жүрек-қантамырлық және неврологиялық жағымсыз құбылыстардың (гипертензия, аритмия, жүректің соғуы, бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық) туындау мүмкіндігін ескере отырып, Носпрей® препаратының қолдануға ұсынылған дозасын жоғарылатпаған жөн.
Ұзақ қолданғанда әсері (төзімділігінің дамуы) біртіндеп төмендейді.
Препарат құрамына кіретін пропиленгликоль және повидон (ПВП) мұрынның шырышты қабығын шамадан тыс құрғаудан сақтайды.
Симпатомиметиктерге (галотан) миокард сезімталдығын жоғарылататын, әсіресе бронх демікпесі бар пациенттерде, анестетиктерді қолданып жалпы анестезия жүргізу кезінде сақ болу қажет.
Ерітіндіні ластамау үшін құты-спрейді тығыз жабылған күйде сақтаңыз және ұшын қандай да бір беткейге тигізіп алмаңыз.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
3 жасқа дейінгі балаларға дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.
Нафазолиннің плаценталық бөгет арқылы, сондай-ақ емшек сүтіне өтуі жайында деректер жоқ.
Препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша жүктілік және лактация кезеңінде анасы үшін күтілетін емдік әсері шарана немесе балаға қатысты жағымсыз әсерлердің ықтимал қатерінен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.
Қосымша заттар
Препарат құрамында бензалконий хлориді және пропиленгликоль бар, олар терінің реакциясын және терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізгенде олардың әсерін ұзартады). Трициклді антидепрессанттармен (мапротилин) және МАО тежегіштерімен (ниаламид, бефол) үйлеспейді - артериялық қысымның көтерілуі мүмкін, бұл нафазолиннің әсерінен жинақталған катехоламиндердің босап шығуына байланысты. Ішу арқылы тағайындалған гипотензивтік дәрілердіің емдік белсенділігін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.