Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
20 мг/мл
Саудалық атауы
Ношверин
Әсер етуші зат
Дротаверин
Мақсаты
Биллиарлық жол ауруларымен байланысты тегіс бұлшықет түйілулерінде: холецистолитиазда, холангиолитиазда, холециститте, перихолециститте, холангитте, папиллитте
Өндіруші
ЧАО Лекхим-Харьков
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың (2 мл) ішінде:
белсенді зат: 40,0 мг құрғақ затқа шаққанда дротаверин гидрохлориді
қосымша заттар: 96% этанол - 0,1638 мл, натрий метабисульфиті (Е 223) - 2,0 мг, инъекцияға арналған су - 2,0 мл.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жасыл-сары түсті мөлдір сұйықтық.
Биллиарлық жол ауруларымен байланысты тегіс бұлшықет түйілулерінде: холецистолитиазда, холангиолитиазда, холециститте, перихолециститте, холангитте, папиллитте.
Несеп жолының аурулары кезіндегі тегіс бұлшықет түйілулерінде: нефролитиазда, уретролитиазда, пиелитте, циститте, қуықтың тенезмінде.
Қосымша ем ретінде (егер препаратты таблетка түрінде қолдану мүмкін болмағанда):
– асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде: асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, гастритте, кардио- және/немесе пилороспазмда, энтеритте, колитте
– гинекологиялық ауруларда: дисменореяда.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Асқазан-ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Папаверин және оның туындылары. Дротаверин.
АТХ коды A03A D02.
Фармакодинамикасы
Дротаверин – фосфодиэстераза IV (ФДЭ IV) ферментінің әсер етуін бәсеңдету жолымен тегіс бұлшықетке спазмолитикалық әсерін тигізетін изохинолин туындысы, ол цАМФ концентрациясының артуына әкеледі және, миозин киназасының (MLCK) жеңіл тізбегі белсенділігінің жойылуының арқасында тегіс бұлшықеттердің босаңсуына әкеледі.
In vitro дротаверин ФДЭ IV ферментінің әсерін басады және фосфодиэстераза III (ФДЭ III) және фосфодиэстераза V (ФДЭ V) изоферменттерінің әсеріне ықпалын тигізбейді. ФДЭ ІV-тің тегіс бұлшықеттердің жиырылғыштық белсенділігін төмендету үшін үлкен функциональді маңызы бар, сондықтан осы ферменттің таңдап алынған тежегіштері аса жоғары қимыл-қозғалыспен қатар жүретін ауруларды, сондай-ақ асқазан-ішек жолының спазмдары туындайтын әртүрлі ауруларды емдеу үшін пайдалы болуы мүмкін.
Миокард пен қан тамырларының тегіс бұлшықеттерінің жасушаларында цАМФ негізінен ФДЭ III изоферментімен гидролизденеді, сондықтан дротаверин жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан елеулі жағымсыз әсерлері және осы жүйеге күшті емдік әсері жоқ тиімді спазмолитикалық дәрі болып табылады.
Дротаверин жүйке және бұлшықет тектес тегіс бұлшықеттердің түйілуі кезінде тиімді.
Дротаверин асқазан-ішектік, билиарлық, несеп-жыныстық және қантамырлық жүйелердің тегіс бұлшықеттеріне олардың автономды иннервациясы типіне тәуелсіз әсер етеді.
Ол өзінің қантамырларды кеңейту қабілетінің арқасында тіндердегі қан айналымын күшейтеді.
Дротавериннің әсері папавериннің әсерінен күштірек, едәуір жылдам және толықтай сіңеді, ол қан сарысуының ақуыздарымен аз байланысады. Дротавериннің артықшылығы папаверинге қарағанда оны парентеральді енгізуден кейін тыныс алуды ынталандыру сияқты жағымсыз әсер байқалмайды.
Дозалану режимі
Ересектер үшін бұлшықет ішіне әдеттегі орташа тәуліктік доза 40-240 мг (жеке 1-3 енгізу үшін) құрайды.
Несеп немесе өт жолдарында конкременттер бар ересек науқастардағы жедел шаншуларда – вена ішіне 40-80 мг.
Балалар. Препаратты балаларға қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне, бұлшықет ішіне.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препарат қолдану туралы Сізде кейбір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
– әсер етуші затқа (заттарға) немесе кез келген қосымша заттарға (әсіресе натрий метабисульфитіне) аса жоғары сезімталдық
– натрий дисульфитіне жоғары сезімталдық
– бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі (жүректің кіші лықсу синдромы).
Сирек
• бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық
• жүрек соғуы жиілеуі, артериялық қысымның төмендеуі
• аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе, қышыну, қызба, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, әсіресе метабисульфитке жоғары сезімталдығы бар пациенттерде)
• инъекция енгізу орнындағы реакциялар
• жүрек айнуы, іш қатуы, құсу
• инъекция енгізу орнындағы жергілікті реакциялар.
Белгісіз
• инъекция түрінде ем алған пациенттерде өліммен аяқталған және өлімге соқтырмаған анафилаксиялық шок болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: дротаверинмен артық дозалану жүрек ырғағының бұзылуымен, соның ішінде Гис бунағы аяқтарының толық блокадасымен және өліммен аяқталуы мүмкін жүректің тоқтап қалуымен астасты.
Артық дозаланғанда пациент дәрігердің мұқият қадағалауында болуы және құсу индукциясын және/немесе асқазанды шаюды қамтитын симптоматикалық ем алуы тиіс.
Препаратты вена ішіне енгізген кезде коллапстың туындау қаупіне байланысты науқас жатқызылуы тиіс!
Артериялық гипотензияда сақтықпен қолдану керек.
Препараттың құрамында метабисульфит бар, ол сезімтал пациенттерде, әсіресе анамнезінде демікпесі немесе аллергиясы бар пациенттерде анафилаксиялық шок симптомдарын және бронхтың түйілуін қоса, аллергиялық типті реакцияларды туындатуы мүмкін. Натрий метабисульфитіне сезімталдық жоғары болған жағдайда препаратты парентеральді түрде енгізуге жол бермеген жөн.
Жүкті әйелдерге препаратты парентеральді түрде енгізген кезде сақ болу керек. («Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану» бөлімін қараңыз).
Арнайы сақтандырулар
Балалар. Препаратты балаларға қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану.
Жүктілік. Ретроспективті клиникалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, препаратты пероральді қолдану тератогенділік пен эмбриоуыттылықтың бірде-бір жағдайына әкелген жоқ. Алайда препаратты әйелдерге сақтықпен тағайындау қажет. Босану кезінде дротаверинді қолданбау керек.
Емшекпен емізу. Жануарларға тиісті зерттеулер деректерінің болмауына байланысты бала емізу кезеңінде препаратты енгізу ұсынылмайды.
Фертильділік. Адам фертильділігіне әсер етуге қатысты деректер жоқ.
Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті.
Пациенттерге препаратты парентеральді, әсіресе вена ішіне енгізгеннен кейін автомобильді басқаруды және зейінді жұмылдыруды қажет ететін жұмыстар жасауды тоқтата тұру керектігін алдын ала ескерту қажет.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Фосфодиэстераза тежегіштері (дротаверин, папаверин) леводопаның паркинсонға қарсы әсерін төмендетеді. Леводопамен бір мезгілде абайлап қолданған жөн, өйткені соңғысының паркинсонға қарсы әсері төмендейді, сіресу және тремор күшейеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамаcында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.