Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: цитидин 5'-динатрий монофосфаты 5.00, уридин 5'- тринатрий трифосфаты, уридин 5'- динатрий дифосфаты, уридин 5'- динатрий монофосфаты (барлығы) 3.00 (уридин құрамына баламалы) (1.33);
қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий цитрат дигидраты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, маннитол;
капсуланың корпусы: темірдің қара тотығы Е172, титанның қостотығы Е171, желатин;
капсуланың қақпақшасы: индигокармин, титанның қостотығы Е171, желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Корпусы сұр түсті, қақпақшасы көк түсті, № 2 қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ, гигроскопиялы.
• ишиалгия
• радикулит
• диабеттік полинейропатия
• алкоголдік полиневрит
• белдемелі герпес
• бет жүйкесінің невропатиясы, үштармақты және қабырға аралық жүйкелер невралгиясы
• люмбаго
Әсер ету механизмі
Нуклео Ц.М.Ф. форте құрамында нуклеотидтердің бір қатары бар: ШЖЖ (шеткері жүйке жүйесі) ауруларын емдеуде кеңінен пайдаланылатын цитидин монофосфаты (ЦМФ), уридин трифосфаты (УТФ) бар.
Биохимиялық көзқарас тұрғысынан бұл екі компоненттің әсерін мынадай түрде сипаттауға болады: ЦМФ нейрональді жарғақшаны, ең бастысы миелин қабығының негізгі компоненті – сфингомиелинді түзетін липидтер кешенінің синтезіне қатысады. ЦМФ сондай-ақ нуклеин қышқылдарының (ДНҚ және РНҚ) ізашары саналады, олар өз кезегінде жасушалық метаболизмнің (мысалы, ақуыздар синтезінде) негізгі элементтері болып табылады. УТФ гликолипидтер, нейрондық құрылымдар мен миелин қабығының синтезінде, ЦМФ әсерін толықтырып, кофермент ретінде әсер етеді. Мұнымен қоса, ол бұлшықеттің жиырылуы үдерісінде қуат көзі ретінде әрекет етеді. Жалпы алғанда, ЦМФ және УТФ негізінен миелин қабығы мен басқа да жүйке құрылымдарын құрайтын фосфолипидтер мен гликолипидтер синтезіне қатысады. Бұл шеткері жүйке зақымданулары кезіндегі демиелинизацияны реттей отырып, өз кезегінде миелин қабығы регенерациясы үдерісіне ықпал ететін қарқынды метаболизмдік белсенділікке алып келеді. Осылайша, ЦМФ мен УТФ әсерлерінің бірігуі миелин қабығы регенерациясына, жүйке қозуының дұрыс жүруі мен бұлшықет трофикасының қалпына келуіне ықпалын тигізеді. Нуклео Ц.М.Ф. форте организмді жүйке қабықтарын қалыптастыру үшін моносахаридтерді кераминдермен біріктіруге қажетті фосфатты топтармен, және де миелин қабығының негізгі компоненттері – сфингомиелин мен глицерофосфолипидтер құрайтын фосфатидті қышқылдармен қамтамасыз етеді. Осылайша тұрақты трофикалық әсер, аксональді жүйке талшықтарының барынша толық жетілуі мен регенерациясы қамтамасыз етіледі. Осының нәтижесінде қабыну азайып, аксонның зақымданған бөлігінің сезімталдығы дұрысталады, бұл аксональді тасымалданудың қалпына келуіне ықпал етеді.
Дозалау режимі
Нуклео Ц.М.Ф форте ішу арқылы қабылдауға тағайындалады:
Ересектерге: 1- 2 капсуладан күніне 3 рет 1 айдан 3 айға дейін.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 3 рет
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы қажет болғанда 6 айға дейін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Сипатталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану жөнінде сұрақтар туындаса емдік дәрігерге жүгіну керек
• препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
• балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Сипатталмаған, бірақ препаратты қолдануға байланысты кез келген жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препарат уыттылығының аздығына байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.
Құрамында Индигокармин бояғыштарының болуына байланысты педиатриялық тәжірибеде қолданылмайды.
Тамақтану Нуклео Ц.М.Ф. форте әрекетіне әсер етпейді, сондықтан оны тамақ алдында, тамақ кезінде немесе кейін қабылдауға болады.
Кез келген асқазан бұзылуы кезінде Нуклео Ц.М.Ф. форте тамақ кезінде қабылдау ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Сипатталмаған.
Педиатрияда қолдану
Құрамында Индигокармин бояғыштарының болуына байланысты педиатриялық тәжірибеде қолданылмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қабылдаудың орындылығы ықтимал қауіптен қабылдаудың артықшылықтарының басымдығына байланысты белгіленеді.
Белгісіз.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.