Алынатын қоспаның үйлесімдігі мен тұрақтылығына (әсіресе, липидтердің липидтік эмульсиясының тұрақтылығына) алдын ала қол жеткізбей контейнердің үш камерасының біріне немесе аралықтарды ашқаннан кейінгі алынған ерітінді/эмульсияға басқа дәрілік препараттарды немесе нутриенттерді қосуға болмайды.
Венаішілік парентеральді қоректендіруге арналған, әсіресе микроэлементтер және/немесе дәрумендер қосылған ерітінділерге жарықтың әсері асқын тотықтың және ыдыраудың басқа өнімдерінің түзілуін туындатады, бұл жаңа туған нәрестелерде клиникалық салдарға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Нумета G13E ерітіндісін жаңа туған нәрестелер мен 2 жасқа дейінгі балаларда қолданған кезде енгізуді аяқтағанға дейін қоршаған жарықтан қорғаған жөн.
Емдеудің бүкіл кезеңі бойы магний деңгейін, қан сарысуындағы осмолярлығын, қан сарысуындағы триглицеридтердің деңгейін, қышқыл-негізгі тепе-теңдікті, қандағы глюкоза концентрациясын, бауыр мен бүйрек функциясын қоса су-электролитті теңгерімді, тромбоциттерді және коагулограмма көрсеткіштерін қоса, қанның жалпы талдауына тұрақты мониторинг жүргізіп отыру керек.
Пациенттің тұрақсыз жағдайында (мысалы, жарақаттан кейінгі ауыр жағдайларда, декомпенсацияланған қант диабетінде, жедел фазадағы алғаш-қантамырлы шокта, жедел сатыдағы миокард инфарктісінде, ауыр метаболизмдік ацидозда, ауыр сепсисте және гиперосмолярлы комада) Нумета G13E препаратын енгізу пациенттің клиникалық қажеттіліктеріне қарай мұқият бақыланып, түзетілуі қажет.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Өкпе ісінуі немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Су теңгеріміне мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Магний деңгейін анықтауды қоса, су-электролитті теңгеріміне мұқият бақылау жасау қажет. Су-электролитті теңгерімінің айқын бұзылулары, сұйықпен маңызды жүктелуі және ауыр метаболиздік бұзылулар инфузия басталғанға дейін түзетілуі қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Холестазды қоса, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе бауыр ферменттері деңгейі артқан кезде сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын бақылап отыру қажет.
Эндокринді жүйе және зат алмасу тарапынан бұзылулар
Енгізілген нутриенттердің мөлшері пациенттердің қажеттіктеріне сәйкес болмаса немесе осы қоректендіруші заттың метаболизмдік сыйымдылығы дәл бағаланбаса метаболиздік асқынулар дамуы мүмкін. Метаболизмдік жағымсыз әсерлер нутриенттерді жеткіліксіз мөлшерде немесе шамадан тыс мөлшерде немесе қоспаның құрамы пациенттің ерекше қажеттіктеріне сәйкес келмеген жағдайда дамуы мүмкін.
Қан сарысуындағы триглицеридтердің концентрациясын және организмнің липидтерді метаболиздеу қабілетіне тексеру жүргізу керек. Егер липидтердің метаболизмі бұзылуына күмәнданса, көрсетілімдер болған жағдайда, қан сарысуындағы триглицеридтердің деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Гипергликемия дамыған жағдайда Нумета G13E препаратының инфузиясы жылдамдығын түзету және/немесе инсулин енгізу қажет.
Гематологиялық бұзылулар
Қан ұйығыштығының ауыр бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Жалпы қан талдауы мен коагулограммаға мұқият бақылау жүргізу талап етіледі.
Арнайы ескертулер
Аллергиялық реакциялардың кез келген белгілері немесе симптомдары (қызба, тершеңдік, қалтырау, бас ауыруы, терінің бөртуі, ентігу) пайда болғанда инфузияны тез арада тоқтату керек.
Нумета G13E құрамында жүгері крахмалынан алынған глюкоза бар. Жүгеріге немесе жүгеріден өндірілген өнімдерге белгіленген аллергиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Шала туылған нәрестелердің өкпесі мен бүйрегінде цефтриаксон кальций тұздары преципитаттары түзілуінің өлімге әкелетін жағдайлары сипатталған.
Шала туылған нәрестелерде цефтриаксонмен бір мезгілде енгізуге болмайды.
Парентеральді қоректендіруді қабылдайтын пациенттерде, өкпе эмболиясына және тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеп соғатын қантамырларында преципитаттар түзілуі жағдайлары сипатталған. Кейбір жағдайларда өлім жағдайлары туралы хабарланған. Кальций мен фосфаттың шамадан тыс қосылуы кальций фосфаты преципитаттарының пайда болу қаупін арттырады. Қан ағымында преципитаттар түзілуіне күдік туралы хабарланған.
Ерітіндіні преципитаттар болуына тексерумен қатар, инфузиялық жүйені және катетерді де тексеру қажет.
Тыныс алу жеткіліксіздігі симптомдары пайда болғанда инфузияны тоқтатып, медициналық тексеру жүргізу керек.
Бұл компоненттердің үйлесімділігі және препараттың тұрақтылығына әсері (атап айтқанда, липидтік эмульсия тұрақтылығы) туралы деректерсіз жекелеген камераларға және дайын эмульсияға басқа дәрілік заттарды қоспау керек. Шөгінді түзілуі немесе липидтік эмульсияның тұрақсыздығы қантамырлардың бітелуіне әкелуі мүмкін.
Парентеральді қоректендіруді қабылдайтын пациенттерде енгізу орнындағы инфекция және сепсис, олар әдетте аурудың иммунодепрессивті әсерінен немесе дәрілік заттардан болатын катетерге дұрыс күтім жасамаудан туындайды. Инфекцияларды ерте кезеңде анықтауға симптоматиканы және қызба немесе қалтырау, лейкоцитозға зертханалық зерттеулер, енгізу үшін пайдаланылатын медициналық бұйымның техникалық проблемаларды, сондай-ақ гипергликемияны мұқият бақылау көмектеседі. Парентеральді тамақтандыруды қажет ететін пациенттер қоректі заттар тапшылығынан және/немесе негізгі ауруға байланысты жағдайдың салдарынан жиі инфекциялық асқынуларға бейім болады. Сепсистік асқынулар қаупін катетерді қою кезінде, сондай-ақ парентеральді қоректендіруге арналған препаратты дайындау кезінде асептикалық ережелерді қатаң қадағалау арқылы азайтуға болады.
Парентеральді қоректендіруге арналған препараттарды тағайындау кезінде «майдың шамадан тыс жиналу синдромы» дамығаны атап айтылды. Нумета G13E препаратының құрамындағы липидтерді шығарудың төмендеген қабілеті, осы синдром дамуына әкеп соғуы мүмкін.
Қатты жүдеудің ауыр түрі бар пациенттерді қоректендіруді жаңғырту науқастарда анаболизм процестері жақсаруына байланысты жасуша ішінде калий, фосфор және магний иондарының қарқынды түсуімен сипатталатын тамақтандыруды жаңғырту синдромын туындатуы мүмкін. Тиамин тапшылығы дамуы және сұйықтың іркілуі орын алуы мүмкін.
Парентеральді қоректендіру инфузиясын су теңгеріміне, электролиттер, микроэлементтер және дәрумендер құрамына мұқият мониторинг жүргізумен біртіндеп және абайлап бастау ұсынылады.
Липидті эмульсияларды вена ішіне жылдам енгізуден кейін жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде жедел респираторлық дистресс пен метаболизмдік ацидозды қоса, күрделі жағымсыз реакциялар тіркелді.
Нумета G13E препараты, егер ол алдын ала тиісті түрде сұйылтылмаған болса, тек орталық венада кездеседі. Қосымша нутриенттерді енгізгенде, шеткері венаның қабырғаларының тітіркенуіне немесе ерітіндінің экстравазациясы жағдайында тіннің зақымдануына жол бермеу үшін инфузияны бастағанға дейін қоспаның жиынтықты осмолярлығын есептеу қажет. Нумета G13E препаратын шеткері венаға енгізу экстравазациямен қатар жүрді, нәтижесінде жұмсақ тіндердің зақымдануы және терінің некрозына әкелген.
Бірінші контейнерде қалған ауаның түсуі салдарынан ауа эмболиясы туындауына жол бермеу үшін контейнерлерді қатарынан жалғастыруға болмайды.
Липидтер, дәрумендер, қосымша электролиттер мен микроэлементтерді қажетіне қарай енгізу ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қатысты емес.