Препаратты қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Дозалау режимі
Препарат тек қысқа мерзімді қолдануға арналған және ересектер мен салмағы кемінде 20 кг балаларда қолдануға арналған.
Ересектер және 12 жастан асқан балалар (дене салмағы ≥ 40 кг):
Бастапқы доза 1–2 капсуланы құрайды (200–400 мг ибупрофен). Қажет болған жағдайда препаратты 1–2 капсула (200–400 мг ибупрофен) дозасында қайта қабылдауы мүмкін. Дозалау аралығы симптомдардың айқын көрінуіне және ең жоғары ұсынылатын тәуліктік дозаға байланысты. Қабылдаулар арасындағы аралық 400 мг дозада 6 сағаттан кем және 200 мг дозада 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг ибупрофеннен аспауы тиіс.
Дене салмағы — Бір реттік доза капсуламен — Ең жоғарғы тәулікті доза капсулада
≥ 40 кг 12 жастан асқан балалар, ересектер және егде жастағы пациенттер — 1 немесе 2 капсула (200 немесе 400 мг ибупрофен) — 6 капсула (1200 мг ибупрофен)
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы 20 кг-ден 39 кг-ге дейін):
Нурофен® Экспресс дене салмағы кемінде 20 кг балаларға қолдануға арналған. Ибупрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасы 6–8 сағат аралығымен 3 немесе 4 рет дозаға бөлінген дене салмағына кг 20–30 мг құрайды. Дене салмағына 30 мг/кг құрайтын ибупрофеннің ең жоғары тәуліктік дозасынан асыруға болмайды. Балалардағы Нурофен® Экспресс келесі нұсқауларға сәйкес тағайындалуы керек:
Дене салмағы — Бір реттік доза капсуламен — Ең жоғарғы тәулікті доза капсулада
Дене салмағы 20 кг-ден 29 кг-ге дейінгі балалар (6-9 жас) — 1 капсула (200 мг ибупрофен) — 3 капсула (600 мг ибупрофен)
Дене салмағы 30 кг-ден 39 кг-ге дейінгі балалар (10-12 жас) — 1 капсула (200 мг ибупрофен) — 4 капсула (800 мг ибупрофен)
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда қолдану туралы қосымша ақпаратты жоғарыдағы кестелерден қараңыз.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны қандай да бір арнайы түзету қажет емес. Жағымсыз әсерлердің ықтимал дамуына байланысты егде жастағы пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды).
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны төмендету талап етілмейді (бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін препаратты қолдануға болмайды).
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін. Капсулаларды тұтастай, шайнамай қабылдау керек.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Жағымсыз реакциялардың даму қауіптерін барынша азайту мақсатында ибупрофенді ең аз тиімді дозада және клиникалық әсерге қол жеткізу үшін қажетті барынша қысқа кезең бойы қабылдаған жөн.
Асқазаны сезімтал пациенттерге тамақтану кезінде Нурофен® Экспресс препаратын қабылдау ұсынылады.
Нурофен® Экспресс қабылдаған кезде тамақ ішкеннен кейін препараттың әсері кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл жағдайда препараттың дозасын ұсынылған дозадан асырмау керек. Нурофен® Экспресс Нурофен® қабықпен қапталған таблеткаларға қарағанда шамамен екі есе тез сіңеді. Нурофен® Экспресс препаратын қабылдағаннан кейін ауыруды басу әсері 8 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Емдеу ұзақтығы
Тек қысқа мерзімді қолдануға арналған препарат.
Егер балаларда симптомдар 3 күннен артық сақталса немесе препаратты қабылдауды бастағаннан кейін 3 күннен кейін жағдайдың нашарлауы байқалса, онда дәрігермен кеңесу қажет.
Егер безгек жағдайында ересектерге осы дәрілік препаратты 3 күннен артық немесе ауруды емдеу үшін 4 күннен артық қабылдау қажет болса, сондай-ақ симптомдар асқынған кезде дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Нурофен® Экспресс препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Емдеуші дәрігерге не қабылдағаныңыз, жақында қабылдағаныңыз немесе басқа препараттарды қабылдауға кірісуіңіз мүмкін екенін айтыңыз.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жиі
- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар, мысалы, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы және ас қорыту бұзылыстары, диарея, метеоризм, іш қату, қыжыл және сирек жағдайларда анемияға әкелуі мүмкін жеңіл асқазан-ішектен қан кету
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық реакциялары1
- есекжем және қышыну
- орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар, оның ішінде бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, қозу, ашушаңдық немесе шаршау
- көру қабілетінің бұзылулары
- АІЖ ойық жарасы, қан кетумен және тесілумен әлеуетті, ойық жаралы стоматиттер, колиттің және Крон ауруының өршуі, гастриттер.
- тері бөртпесінің алуан түрлері
Сирек
- құлақтың шыңылдауы
- сирек жағдайларда бүйрек тінінің зақымдануы (бүйрек бүртіктерінің некрозы) және қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы; қандағы несеп қышқылының концентрациясының жоғарылауы
- гемоглобин деңгейінің төмендеуі
Өте сирек
- инфекциямен байланысты қабынудың өршуі (мысалы, некроздайтын фасцииттің дамуы), сирек жағдайларда ауыр тері инфекциялары және жұмсақ тіндердің асқынулары желшешек кезінде болуы мүмкін
- гемопоэз бұзылулары (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения және агранулоцитоз). Алғашқы белгілері қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының беткейлік ойық жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, қатты жүдеу, мұрыннан қан кету және теріден қан кету, қан кету және қанталау болып табылады. Мұндай жағдайларда пациент осы дәрілік препаратты қабылдауды тоқтатуға, анальгетиктермен және ыстықты түсіретін кез келген дәрімен өз бетінше емделуді тоқтатуға нұсқау алуы тиіс.
- ауыр жайылған аса жоғары сезімталдық реакциялары. Симптомдар беттің, тілдің және тамақтың ісінуін, ентігуді, тахикардия және гипотензияны (анафилаксия, ангионевроздық ісіну немесе ауыр шок) қамтуы мүмкін
- демікпенің өршуі
- психоздық реакция, депрессия
- асептикалық менингит2
- жүрек жеткіліксіздігі, жүректің жиі қағуы және ісінуі, миокард инфарктісі
- артериялық гипертензия, васкулит
- эзофагит, панкреатит және ішектің жарғақшалық құрылымының түзілуі.
- бауыр дисфункциясы, бауырдың зақымдануы, әсіресе ұзақ уақыт қабылдаған кезде, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит
- ісінулер, әсіресе артериялық гипертензиясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, нефроздық синдром, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүретін ішек нефриті
Белгісіз
- тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігі, соның ішінде демікпе, бронх түйілуі немесе ентігу
Егер сіз келесі симптомдардың бірін байқасаңыз Нурофен® Экспресс препаратын қабылдауды тоқтатыңыз және дереу дәрігерге қаралыңыз:
- денеде қызылдау біркелкі емес, нысанаға немесе дөңгелек дақтарға ұқсайтын, көбінесе ортасында күлбіреуіктермен, терінің қабыршықтануымен, ауыздың, тамақтың, мұрынның, гениталийлер мен көздің ойық жаралары. Бұл ауыр тері бөртпелерінен бұрын қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін (эксфолиативтік дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз).
- Жайылған бөртпе, дене қызуының жоғарылауы және ұлғайған лимфа түйіндері (DRESS-синдромы).
- Қызбамен бірге жүретін, тері астындағы дөңес және көпіршіктері бар қызыл, қабыршақты, кең таралған бөртпе. Симптомдар әдетте емдеудің басында пайда болады (жедел жайылған экзантематозды пустулез).
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
1Ибупрофенмен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары тіркелді. Олар (а) спецификалық емес аллергиялық реакцияларды және анафилаксиялық реакцияны, (b) тыныс алу жолдарының аса жоғары белсенділігін, соның ішінде демікпені, асқынған демікпені, бронх түйілуін, ентігу немесе (с) әртүрлі тері реакцияларын, соның ішінде бөртпелерді, қышынуды, есекжемді, пурпураны, ангионевроздық ісінуді және сирек эксфолиативті және буллезді дерматозды (соның ішінде уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы және полиморфтық эритема) қамтуы мүмкін.
2 Препаратты қабылдағаннан туындаған асептикалық менингит дамуының патогенетикалық механизмі толық зерттелмеген. Алайда, ҚҚСП қабылдау аясында асептикалық менингит жағдайлары туралы қолда бар деректер иммундық реакцияны куәландырады (препаратты қабылдау уақыты мен препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жоғалуы арасындағы байланыс байқалады). Асептикалық менингит симптомдарының (мысалы, мойын бұлшықетінің сіресуі, бас ауыруы, жүректің айнуы, құсу, қызба немесе бағдардың бұзылуы) пайда болуының жекелеген жағдайлары бұрыннан бар аутоиммундық аурулармен (мысалы, жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас ауруы) ибупрофенді қолдана отырып пациенттерді емдеу кезінде байқалғанын атап өткен жөн.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz