Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: шырғанақ майы 0.05 г
«Қызыл май» полифитті май 0.20 г
қосымша заттар: какао майы, сары балауыз, бентонит
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызғылт-сарыдан қоңыр сары түске дейінгі, ұшы сүйір суппозиторийлер, көлденең қимасы біртектес. Тоңазытқышта сақтаған жағдайда бөлме температурасында жоғалып кететін балауыздың кристалдары пайда болуы мүмкін.
Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.
АТХ коды V03AХ
Әсер ету механизмі
Қатысты емес
Фармакодинамикалық әсерлері
Шырғанақ майы - өсімдік тектес зат. Шырғанақ майы құрамына каротиноидтар, С, Е, К, В1, В2, В3, В6, В9 дәрумендері, алма және шараптас қышқылдары, қант, иіткіш заттар, кверцетин флавоноиды, фитонцидтер, пектиндер, кумариндер кіреді. Жараны жазатын және ауыруды басатын әсері бар, қабынуға қарсы, бактерицидті қасиеттерге ие, терінің және шырышты қабықтардың репаративті үдерістерін ынталандырады, зақымданған тіндердің қалпына келуін жеделдетеді.
Белсенді зат «Қызыл май» полифитті майы – өсімдік тектес зат. «Қызыл май» полифитті майының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады. 7 дәрілік өсімдік құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың кешенінің (негізінен, сапонинді гликозидтер – глицирризин, сондай-ақ, эфир майлары, пептидтер, дәрумендер мен минералдар) қабынуға қарсы, бактерияларға қарсы, жараны жазатын, регенерациялайтын әсері бар.
Суппозиторий құрамына кіретін «Қызыл май» полифитті майы мен шырғанақ майының кешені қабынуға қарсы, регенерациялайтын, жараны жазатын әсер көрсетеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Қатысты емес
Балалар
• бөлім
Енгізу жолы және тәсілі
Шырғанақ Қызылмай® қосылған суппозиторийлері ректальді (артқы өтіс) және қынаптық (қынапқа) қолдануға арналған. Емдеу кезінде келесі маңызды шарттарды ұстану керек:
- суппозиторийлерді тікелей енгізу алдында ашып және шығару керек;
- суппозиторийлер тез енгізілуі тиіс, әйтпесе қолдың жылуы әсерінен олар ери бастайды;
- суппозиторийлерді артқы өтіске енгізер алдында нәжіс шығаруды жүзеге асыру қажет (егер науқас ішекті өздігінен босата алмаса, клизма қою керек);
- суппозиторийлерді енгізер алдында міндетті түрде қынап пен артқы өтіс аймағына гигиеналық процедуралар жүргізу керек.
• Енгізу рәсіміне кіріспес бұрын дефекацияны жүзеге асырыңыз, артқы өтіс және қынап аймағының гигиенасын жүргізіңіз және қолды мұқият жуыңыз.
• Бір суппозиторий бар пішінді ұяшықты жыртыңыз немесе кесіңіз.
• Пішінді ұяшықты ашу үшін, суппозиторийдің үшкір шеті жағынан, пішінді ұяшықтың ұшын ажыратып, (3) суретте көрсетілгендей, екі жаққа тартыңыз.
4. Суппозиторийді пішінді ұяшықтан толық босатыңыз.
5. Ректальді (артқы өтіс), сондай-ақ қынаптық (қынап) енгізу кезінде суппозиторийді (үшкір ұшымен) тереңірек енгізу қажет. Бүйірге жатып, немесе тұрып, бір аяқты орындыққа қойып және сәл отырыңқырап енгізуге болады.
Іш киімді былғап алмау үшін төсем пайдаланыңыз. Енгізгеннен кейін жату керек, суппозиторий ериді және сіңеді. Тұрғаннан кейін аққан артық майды сүрткімен немесе жылы сумен сүртіп тастаңыз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Аурудың дәрежесіне байланысты күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден тағайындайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 7-10 күн.
Тоқтату симптомдары анықталмады
Дәрілік препаратты қолдану әдісі бойынша түсінік алу үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну ұсынылады
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Өте сирек (<1/10,000)
- қышыну, ашыту, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қатысты емес
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдануы
Препараттың балаларда қолданылу тәжірибесі болмағандықтан, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге пайдалануға болады.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.