Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі
Төмендегі өзара әрекеттесулер жалпы β-блокаторларға қатысты.
Небивололмен бірге қолдану ұсынылмайтын дәрілік заттар
Аритмияға қарсы I класты дәрілер (хинидин, гидрохинидин, цибензолин, флекаинид, дизопирамид, лидокаин, мексилетин, пропафенон) Атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері артуы және теріс инотропты әсері күшеюі мүмкін.
Кальций антагонистері (мысалы, верапамил, дилтиазем)
Жиырылу мен атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері теріс. Верапамилді вена ішіне енгізген кезде β-блокаторлар қабылдайтын пациенттерде айқын артериялық гипотензия және атриовентрикулярлық блокада дамуы мүмкін.
Орталықәсерететінгипотензивтідәрілер(клонидин,гуанфацин, моксонидин, метилдопа, рилменидин)
Орталық әсер ететін гипотензивті дәрілермен бірге қолдану симпатикалық жүйке жүйесінің орталық бөлімі тонусының төмендеуі салдарынан жүрек жеткіліксіздігінің өршуіне әкелуі мүмкін (жүрек соғу жиілігінің және жүректің лықсыту көлемінің төмендеуі, вазодилатация). Кенеттен тоқтату кезінде,атапайтқандаβ-блокаторменемдеуаяқталғанғадейін "рикошеттік" артериялық гипертензияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Небивололмен бірге қолдану айрықша сақтықты талап ететін дәрілік заттар
Аритмияға қарсы III класты дәрілер (амиодарон)
Атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері артуы мүмкін.
Құрамында галоген бар газ тәрізді жалпы анестетиктер
β-блокаторларды және жалпы анестетиктерді бір мезгілде қолданғанда рефлекторлық тахикардия нивелирленуі және артериялық гипотензияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін. β-блокаторлармен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды. Егер пациент небивололмен ем қабылдаса, бұл туралы анестезиологқа хабарлау керек.
Инсулин мен диабетке қарсы пероральді дәрілер
Небиволол қандағы глюкоза деңгейіне әсер етпегенмен, гипогликемияның кейбір белгілерін (жүрек соғысы, тахикардия) бүркемелеуі мүмкін. Сульфонилмочевина туындыларымен бета-блокаторларды бір мезгілде қолдану ауыр гипогликемия қаупін арттыруы мүмкін.
Баклофен (түйілуге қарсы дәрі), амифостин (адъювантты химиотерапия ретінде пайдаланылатын дәрілік зат)
Гипотензивті дәрілермен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның айқын төмендеуімен қатар жүруі мүмкін, сондықтан гипотензивті дәрілердің дозаларын тиісті түрде түзету қажет.
Небивололмен бірге қолданылуы мұқият қарауды талап ететін дәрілік заттар
Жүрек гликозидтері
Бірге қолданған кезде атриовентрикулярлық өткізгіштік баяулауы мүмкін. Алайда клиникалық зерттеулерде небивололдың осындай өзара әрекеттесуін растайтын деректер табылған жоқ. Небиволол дигоксин фармакокинетикасына әсер етпейді.
Дигидропиридиндер тобының кальций антагонистері (амлодипин, фелодипин, лацидипин, нифедипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин сияқты)
Бір мезгілде қолданған кезде артериялық гипотензияның даму қаупі артуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарыншалардың сорғы функциясының одан әрі төмендеу қаупінің жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды.
Психозғақарсыдәрілер,антидепрессанттар(трициклді антидепрессанттар, барбитураттар және фенотиазин туындылары) Бірге қолданған кезде β-блокаторлардың гипотензивті әсерінің күшеюі байқалуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) Небивололдың гипотензиялық әсеріне ықпалының болмауы. Симпатомиметиктер
Біргеқолданғанкездесимпатомиметиктерβ-блокаторлардыңәсерінің орнын толтыра алады. β-блокаторлармен бір мезгілде қолданған кезде α - жәнеβ-адренорецепторларарқылыбайланыстыболғанкедергісіз симпатомиметиктердіңәсері(артериялықгипертензияның,айқын брадикардияның және жүрек блокадасының даму қаупі) байқалуы мүмкін. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер
Небиволол метаболизмі процесіне CYP2D6 изоферменті қатысатындықтан, осы изоферментті тежейтін препараттармен, атап айтқанда, пароксетин, флуоксетин, тиоридазин және хинидинмен бірге қолдану қан плазмасындағы небиволол концентрациясының жоғарылауымен және, осылайша, айқын брадикардияның және басқа да жағымсыз реакциялардың даму қаупінің артуымен қатар жүруі мүмкін.
Циметидинмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы небивололдың концентрациясы жоғарылады, алайда клиникалық тиімділігі өзгермеді. Ранитидинмен бірге қолданғанда небивололдың фармакокинетикасы өзгерген жоқ.
Егер небиволол тамақтану кезінде қабылданса, ал антацидті дәріні тамақтану арасында қабылдаса, небиволол мен антацидтерді бірге қолдануға болады.
Небивололды никардипинмен біріктіріп қолданған кезде олардың клиникалық тиімділігі өзгерместен, қан плазмасындағы екі дәрілік зат деңгейінің шамалы жоғарылауы байқалады.
Фуросемидпен немесе гидрохлоротиазидпен бірге пайдаланған кезде, сондай-ақ алкогольді бір мезгілде қабылдаған кезде небивололдың фармакокинетикасы өзгермейді.
Небиволол варфариннің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер етпейді.
Басқа дәрілік заттар және ОД-Неб
ОД-Небпен, инсулин немесе пероральді диабетке қарсы препараттар сияқты қант диабетіне қарсы препараттардың кез келгенін қабылдап жатсаңыз немесе жақында қабылдаған болсаңыз, дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Басқалар
Анамнезінде псориазбен ауыратын пациенттерде β-блокаторларды пайда/қауіп арақатынасын мұқият қарастырғаннан кейін ғана қолданған жөн.
β-адренорецепторлар блокаторлары аллергендерге сезімталдықты арттыруы мүмкін, бұл ретте анафилаксиялық реакциялардың ауырлығы артуы мүмкін.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін небивололмен емдеудің басында пациентті тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажет. Препаратты дозалау, қолдану тәсілі және емдеу ұзақтығы туралы ұсынымдарды «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімде қараңыз. Аса қажеттіліксіз препаратпен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды.
Препаратты қолданған кезде допинг-тест нәтижелері оң болуы мүмкін. Препаратты допинг ретінде қолданған кезде денсаулыққа тигізетін әсерін болжау мүмкін емес, денсаулыққа төнетін қауіптің жоғарылығын жоққа шығаруға болмайды.
Қосымша заттар
ОД-Неб препаратының құрамында лактоза бар, сондықтан галактозаны көтере алмаушылықпен, лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза- галактоза мальабсорбциясымен сипатталатын сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.
ОД-Неб препаратының құрамында бір таблеткада 1 ммоль-ден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде "құрамында натрий жоқ".