Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные, ушные, назальные
Дозасы
0,01%
Саудалық атауы
Окомистин®
Әсер етуші зат
Противомикробные препараты
Мақсаты
Офтальмология
Өндіруші
«ИНФАМЕД К»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл ерітіндінің құрамында:
белсенді зат: бензилдиметил[3-(миристоиламино)пропил]аммоний хлориді моногидраты (сусыз затқа шаққанда) – 0,01 г
қосымша заттар: натрий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз мөлдір сұйықтық
Офтальмология
Окомистин®, көзге, құлаққа, мұрынға тамызатын дәріні көздің алдыңғы бөлігінің инфекциялық үдерістерін (блефариттерді, конъюнктивиттерді, кератитті, кератоувеитті), көз жарақаттарын, көздің күйіктерін (термиялық және химиялық) кешенді емдеуде; операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңдерде көздің іріңді-қабынған зақымдануларын емдеу мен профилактикасы үшін қолдану ұсынылады.
Жаңа туған нәрестелерде офтальмияның, оның ішінде гонококктық және хламидиялық түрінің профилактикасы.
Оториноларингология
Препарат жедел синуситті/риносинуситті, созылмалы синуситтің / риносинуситтің өршуін, жедел ринитті; жедел және созылмалы сыртқы отитті, созылмалы іріңді мезотимпанитті, отомикоздарды кешенді емдеуде қолданылады.
Офтальмологиялық және отологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Микробқа қарсы препараттар.
АТХ коды: S03AA
Окомистин препаратының негізгі әсер етуші заты антисептик бензилдиметил-миристоиламин-пропиламмоний болып табылады, оның грамоң және грамтеріс, аэробты және анаэробты, антибиотиктерге көп төзімді ауруханаішілік штамдарды қоса, моноөсірінділер мен микробты ассоциациялар түріндегі бактерияларға қатысты микробқа қарсы айқын әсері бар. Препарат хламидияларға, патогендік зеңдерге, сондай-ақ герпес вирустарына, аденовирустарға әсер етеді. Препарат грамоң бактерияларға, оның ішінде: стафилококктарға, стрептококктарға қатысты тиімдірек.
Aspergillus тектес және Penicillium тектес аскомицеттерге, ашытқылық (Rhodotorula tubra, Torulopsis glabrata) және ашытқы тәрізділерге (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, T. schoenleini, T. violaceum, Epidermophyton Kaufman-Wolf, E, floccosum, Microsporum gypseum, Microsporum canis), сондай-ақ химиотерапиялық препараттарға төзімділігі бар зеңдік микрофлораны қоса, моноөсірінділер және микробтық ассоциациялар түріндегі басқа да патогендік зеңдерге (мысалы, Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur)) зеңге қарсы әсер көрсетеді.
Бензилдиметил-миристоиламино-пропиламмонийдің әсерінің негізінде олардың фрагментациясына және ыдырауына әкелетін, микроорганизмдердің жарғақшаларының липидтерімен молекулалардың тікелей гидрофобтық өзара әрекеттесуі жатыр. Бұл кезде Бензилдиметил-миристоиламино-пропиламмоний молекулаларының бір бөлігі жарғақшаның гидрофобты аймағына батып, жарғақша үстілік қабатты ыдыратады, жарғақшаны ірітеді, ірі молекулалық заттар үшін оның өткізгіштігін арттырады, микробты жасушаның энзиматикалық белсенділігін өзгертеді, ферменттік жүйелерді тежей отырып микроорганизмдердің өміршеңдігі бәсеңдеуіне және олардың цитолизіне әкеліп соқтырады. Бензилдиметил-миристоиламино-пропиламмоний микроорганизмдерге қатысты жоғары іріктемелі әсерге ие, өйткені адам жасушаларының жарғақшаларына іс жүзінде әсер етпейді, бұл соңғыларының құрылымы басқаша – липидтік радикалдардың ұзындығы едәуір ұзын болуына байланысты, ол Бензилдиметил-миристоиламино-пропиламмонийдің жасушалармен гидрофобтық өзара әрекеттесуін күрт шектейді. Препараттың әсерінен бактериялар мен зеңдердің антибиотиктерге төзімділігі азаяды. Бензилдиметил-миристоиламино-пропиламмонийдің қабынуға қарсы және иммуноадъювантты әсері бар, жергілікті қорғаныш реакцияларын, регенерациялық үдерістерді күшейтеді, жасушалық және жергілікті гуморальді иммундық жауап модуляциясының салдарынан спецификалық емес қорғаныш механизмдерін белсенділендіреді.
Дозалау режимі
Офтальмология
Ересектерге емдік мақсатпен Окомистин® препаратын клиникалық сауығуға дейін конъюнктивалық қапшыққа 1-2 тамшыдан тәулігіне 4-6 рет тамызады.
Профилактикалық мақсатпен препаратты операциядан 2-3 тәулік бұрын, сондай-ақ операциядан кейін 10-15 күн бойы тәулігіне 3 рет 1-2 тамшыдан тамызады.
Көздің күйіктерін емдеген кезде, көзді көп мөлшердегі сумен шайғаннан кейін 1-2 сағат бойы жиі-жиі (әрбір 5-10 минутта) инстилляция жүргізеді. Әрі қарай емдеу үшін препаратты тәулігіне 4-6 рет 1-2 тамшыдан қолданады.
Педиатриялық тәжірибеде балалардағы бактериялық конъюнктивиттерді емдеу үшін, Окомистин® препаратын конъюнктивалық қапшыққа тәулігіне 6 рет 1 тамшыдан 7-10 күн бойы тамызады.
Жаңа туған нәрестелердегі офтальмияның профилактикасы үшін сәби дүниеге келе салысымен препаратты дереу 1 тамшыдан әрбір көзге 2 рет 2-3 минут аралықпен тамызады.
Оториноларингология
Ересектерге Окомистин® препаратын жедел синуситте/риносинуситте, созылмалы синуситтің/риносинуситтің өршуінде, жедел ринитте, мұрынның шырышты қабығының инфекциясында әрбір танауға 2-3 тамшыдан тәулігіне 4-6 рет тамызады. Емдеу курсы 14 күнге дейін.
Педиатриялық тәжірибеде 1 жастан асқан балалардағы жедел риносинуситті, созылмалы риносинуситтің емдеу үшін, Окомистин® препаратын әрбір мұрын жолына тәулігіне 4-6 рет 1-2 тамшыдан 10-14 күн бойы тамызады.
Жедел және созылмалы сыртқы отитте, отомикоздарда Окомистин® препаратын сыртқы есту жолына тәулігіне 4 рет 5 тамшыдан тамызады немесе, тамызудың орнына, препаратқа малынған дәкелі турунданы сыртқы есту жолына тәулігіне 4 рет енгізеді. Емдеу курсы 10 күнді құрайды.
Ересектерде созылмалы мезотимпаниттерде аппараттық ультрадыбыстық шаю немесе антибиотиктермен бірге дабыл қуысын енгізу көмегімен кешенді емдеуде қолданылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат офтальмологияда және оториноларингологияда жергілікті қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы зақымдану түріне және терапиялық жауапқа байланысты.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
‒ препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былай анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ <1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес).
Өте сирек:
‒ 15-20 секундтан кейін өздігінен басылатын және препаратты тоқтатуды қажет етпейтін, аздап ашыту сезімі, жайсыздық;
‒ аллергиялық реакциялар.
Кез келген жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Окомистин® кездейсоқ немесе әдейі артық дозалануы бойынша деректер жоқ.
Емі: препаратты қолдануды тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу.
Ластануды және айқаспалы инфекциялануды болдырмау үшін, бір құтыны көздің, мұрынның және/немесе құлақтың инфекциясын бір мезгілде емдеу үшін пайдаланбау керек.
Арнайы сақтандырулар
Окомистин® препаратын тікелей тамызар алдында жанаспалы линзаларды шешу және тамызып болғаннан кейін 15 минут өткен соң ғана кию керек.
Препарат ерітіндісінің ластануының алдын алу үшін пациенттерге тамызған кезде тамшылатқыштың ұшын көзге немесе теріге тигізбеу керек.
Тамшылатқыш құтыны бір адамнан басқалардың пайдалануы инфекцияның таралуына әкелуі мүмкін.
Оң динамика болмаған жағдайда (ауырлығының жоғарылауы немесе аурудың жаңа белгілері/симптомдарының пайда болуы, асқынулардың пайда болуы) Окомистин® препаратымен терапияның 3-4-ші күні дәрігермен кеңесу керек.
Егер анасы үшін болжамды пайдасы шарана және бала үшін әлеуетті қаупінен асып түссе ғана препаратты жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препаратты қолданғаннан кейін көру арқылы қабылдаудың анықтығы уақытша азаюы мүмкін және ол қалпына келгенге дейін автокөлікті басқару және жоғары зейін қою мен реакцияны қажет ететін әрекет түрлерімен шұғылдану ұсынылмайды.
Бірге қолданған кезде Окомистин® жергілікті әсер ететін антибиотиктердің тиімділігін арттырады.
Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуін зерттеулер жүргізілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Ашылғаннан кейінгі сақтау мерзімі – 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.