• 5-фторурацилмен немесе фолин қышқылымен біріктіріп қолданғанда оксалиплатиннің ең жиі жағымсыз әсерлері асқазан-ішек реакциялары (диарея, жүрек айнуы, құсу және мукозит), гематологиялық (нейтропения, тромбоцитопения) және неврологиялық (жиынтық дозадан жедел шеткері сенсорлық нейропатия) болды. Жалпы, бұл жағымсыз реакциялар жиі кездескен және тек 5-фторурацил мен фолин қышқылымен қолданғандағыға қарағанда оксалиплатинді 5-фторурацилмен/фолин қышқылымен біріктіргенде ауыр ағымда жүрген.
Төмендегі кестеде көрсетілген жағымсыз әсерлер жиілігі мына критерийлердің көмегімен анықталды: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000), жеке хабарламаларды қоса.
Әрі қарайғы деректер төмендегі кестеде берілген:
Ағза жүйелері бойынша жіктелген жағымсыз әсерлер — Өте жиі — Жиі — Жиі емес — Сирек — Өте сирек — Белгісіз
Зертханалық көрсеткіштер — Бауыр энзимдері деңгейінің жоғарылауы Сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы Билирубин деңгейінің жоғарылауы ЛДГ деңгейінің жоғарылауы Дене салмағының артуы (адъюванттық емдеуде) — Креатинин деңгейінің жоғарылауы Дене салмағын жоғалту (метастаз кезінде)
Қан және лимфа жүйесі тарапынан* — Анемия Нейтропения Тромбоцитопения Лейкопения Лимфопения — Фебрильді нейтропения — Иммундық-аллергиялық тромбоцитопения Гемолиздік анемия*** Қанның диссеминацияланған тамырішілік ұюы, өліммен аяқталуды қоса — Гемолиздік уремиялық синдром Аутоиммунды панцитопения Панцитопения Салдарлық лейкемия
Жүйке жүйесі тарапынан* — Шеткері сенсорлық нейропатия Сенсорлық бұзылыстар Дәм сезудің бұзылуы Бас ауыруы — Бас айналу Қозғалыс жүйкесінің невриті Менингизм — Дизартрия Артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы — Құрысулар Геморрагиялық және ишемиялық типтегі цереброваскулярлық бұзылулар
Көру мүшесі тарапынан — Конъюнктивит Көру бұзылыстары — Көру жітілігінің уақытша төмендеуі Көру өрісінің бұзылыстары Көру жүйкесінің невриті Уақытша көрмей қалу емдеуді тоқтатқаннан кейін өтеді
Құлақ және вестибулярлық аппарат тарапынан — Отоуыттылық — Кереңдік
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан — Диспноэ Жөтел Мұрыннан қан кету — Ықылық ату Өкпе артериясының эмболиясы — Интерстициялық пневмония, кейде өліммен аяқталатын; өкпе фиброзы** — Ларингоспазм Пневмония және бронхопневмония, өліммен аяқталғандарды қоса
Асқорыту жүйесі тарапынан* — Жүрек айну Диарея Құсу Стоматит/мукозит Іштің ауыруы Іш қату — Диспепсия Гастроэзофагеальді рефлюкс Гастроинтестинальді қан кету Ректальді қан кету — Ішек парезі Ішек обструкциясы — Clostridium difficile туғызған диареяны қоса колит Панкреатит — Ішек ишемиясы, өліммен аяқталғандарды қоса Он екі елі ішектің ойық жарасы және оның ойық жарадан қан кету және ойық жараның тесілуі (өлімді қоса) сияқты ықтимал асқынулар Эзофагит
Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан — Гематурия Дизурия Несеп шығаруға жиі және ауырсынып бару
Тері және теріасты шелі тарапынан — Терінің зақымдалуы Алопеция — Тері эксфолиациясы (мысалы, алақан-табан синдромы) Эритема тәрізді бөртпелер Бөртпелер Гипергидроз Тырнақтың зақымдалуы — Аллергиялық васкулит
Тірек-қимыл аппараты тарапынан — Арқаның ауыруы — Артралгия Сүйектердің ауыруы — Рабдомиолиз, өліммен аяқталғандарды қоса
Метаболизм және тамақтану бұзылыстары — Анорексия Гипергликемия Гипогликемия Гипернатриемия — Дегидратация Гипокальциемия — Метаболизмдік ацидоз
Инфекциялар және инвазиялар* — Инфекциялар — Ринит Жедел респираторлық инфекциялар Нейтропениялық сепсис+ — Сепсис+
Жүрек тарапынан — «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, ауыр қарыншалық аритмиялардың дамуына әкелуі мүмкін QT аралығының ұзаруы, өліммен аяқталуы мүмкін, миокард инфарктісі мен коронароспазмды қоса, жедел коронарлық синдром және 5-ФУ және бевацизумабпен біріктірілімде оксалиплатин алған пациенттерде стенокардия
Қантамырлар тарапынан — Қан кету Гиперемия Терең веналардың тромбофлебиті Артериялық гипертензия
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі жағдай — Шаршағыштық Қызба+++ Астения Ауыру Енгізу орнындағы реакция++++
Иммундық жүйе тарапынан* — Аллергия/аллергиялық реакция++
Психикалық бұзылулар — Депрессия Ұйқысыздық — Күйгелектік
Зақымданулар, уланулар және медициналық шаралардың асқынуы — Құлау
* егжей-тегжейлі ақпаратты төменде берілген бөлімнен қараңыз.
** Арнайы сақтандырулар бөлімін қараңыз.
*** ***Гемолиздік уремиялық синдроммен (HUS) немесе Кумбс-оң гемолиздік анемиямен байланысты микроангиопатиялық гемолиздік анемия (4.4 бөлімін қараңыз)
+Жиі нейтропениялық сепсис, соның ішінде өліммен аяқталатын
++Өте жиі аллергиялар/аллергиялық реакциялар көбінесе инфузияны енгізгенде туындады және кейде өліммен аяқталды. Жиі кездесетін аллергиялық реакцияларға тері бөртпелері, атап айтқанда есекжем, конъюктивит және ринит жатады. Жиі кездесетін анафилаксиялық реакцияларға немесе анафилактоидты реакцияларға бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну, гипотензия, кеуденің ауыруын сезіну және анафилаксиялық шок жатады.
+++Көбінесе шығу тегі инфекциялық (фебрильді нейтропенияның пайда болуымен немесе онсыз) және шығу тегі иммунологиялық дене температурасының жоғарылауы, қалтырау (діріл) байқалады.
++++Инъекция орнының ауыруы, қызару, ісіну және тромбозды қоса, инъекция орнындағы реакциялар туралы хабарламалар бар. Транссудация жергілікті ауыруға және қабынуға әкелуі мүмкін, олардың ауырлық дәрежесі жоғары болуы мүмкін және әсіресе оксалиплатинді шеткері венаға инфузиялағанда некрозды қоса асқынуларға әкелуі мүмкін.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Ауырлық дәрежесі бойынша пациенттерде кездесу жиілігі (%)
Оксалиплатин әр 2 апта сайын 5- FU/FA 85 мг/м2 біріктірілімде — Метастазданатын обырды емдеу сызбасы — Адъюванттық емдеу сызбасы
Барлық дәрежелер — 3-дәреже — 4-дәреже — Барлық дәрежелер — 3-дәреже — 4-дәреже
Анемия — 82,2 — 3 — <1 — 75,6 — 0,7 — 0,1
Нейтропения — 71,4 — 28 — 14 — 78,9 — 28,8 — 12,3
Тромбоцитопения — 71,6 — 4 — <1 — 77,4 — 1,5 — 0,2
Фебрильді нейтропения — 5,0 — 3,6 — 1,4 — 0,7 — 0,7 — 0,0
Жиілігі белгісіз тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінен алынған реакциялар
Гемолиздік уремиялық синдром
• Инфекциялар мен инвазиялар
Оксалиплатин әр 2 апта сайын 5- FU/FA 85 мг/м2 біріктірілімде — Метастазданатын обырды емдеу сызбасы — Адъюванттық емдеу сызбасы
Барлық дәрежелер — Барлық дәрежелер
Сепсис, нейтропениялық сепсисті қоса — 1.5 — 1.7
Жиілігі белгісіз тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінен алынған реакциялар
Сепсистік шок, соның ішінде өліммен аяқталатын
• Иммундық жүйенің бұзылуы
Ауырлық дәрежесі бойынша пациенттердегі аллергиялық реакциялар жиілігі (%)
Оксалиплатин әр 2 апта сайын 5- FU/FA 85 мг/м2 біріктірілімде — Метастазданатын обырды емдеу сызбасы — Адъюванттық емдеу сызбасы
Барлық дәрежелер — 3-дәреже — 4-дәреже — Барлық дәрежелер — 3-дәреже — 4-дәреже
Аллергиялық реакциялар /аллергиялар — 9,1 — 1 — <1 — 10,3 — 2,3 — 0,6
• Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
• Оксалиплатиннің неврологиялық уыттылығы дозалау үшін шектеу болып табылады, оған жиі суықтың әсерінен туындайтын құрысулармен немесе онсыз аяқ-қолдың дизестезиясымен және/немесе парестезиясымен сипатталатын шеткері сенсорлық нейропатия кіреді. Бұл симптомдар емделуші науқастардың шамамен 95%-да кездеседі. Әдетте, емдеу курстары арасында кемитін бұл симптомдардың ұзақтығы емдеу курстарының санымен артады. Ауырудың және/немесе функциялық бұзылулардың пайда болуы дозаны түзету немесе емдеуді тоқтату үшін көрсетілім болып табылады (симптомдардың ұзақтығына байланысты).
• Нақты қимылдарды орындауға қиындық туғызатын функциялық бұзылулар сенсорлық зақымдалудың ықтимал салдары болып табылады. Шамамен 850 мг/м2 (10 курс) жинақталған доза үшін функциялық бұзылулар қаупі шамамен 10% құрайды, 1020 мг/м2 (12 курс) жинақталған доза жағдайында 20%-ға жетеді.
• Көптеген жағдайда неврологиялық шағымдар мен симптомдар емдеуді тоқтатқаннан кейін азаяды немесе толық шешіледі. Колоректальді обырды адъюванттық емдеген кезде емдеуді аяқтағаннан кейін 6 ай өткен соң науқастардың 87% -ында симптомдар болмаған немесе олардың айқындылығы әлсіз болған. 3 жылдық бақылау нәтижелері бойынша науқастардың шамамен 3%-ында қарқындылығы орташа жергілікті парестезиялар (2,3%), немесе функциялық белсенділікке әсер етуге қабілетті парестезиялар (0,5%) байқалды.
Оксалиплатинмен емдеу барысында жедел нейросенсорлық көріністер байқалды. Әдетте олар препаратты енгізгеннен кейін бірнеше сағат ішінде басталады және үнемі суықтың әсерінен болады. Олар әдетте өтпелі парестезиялар, дизестезиялар немесе гипестезиялар түрінде көрінеді. Көмей-жұтқыншақ дизестезиясының жедел синдромы науқастардың 1-2% кездеседі және дисфагияны немесе респираторлық дистрестің қандай да бір объективтік белгілерінсіз немесе ларингоспазм немесе бронх түйілуі (стридорсыз немесе ысқырықты тыныс алусыз) жоқ болғанда, ентігу/тұншығу сезімін субъективті сезінумен сипатталады (цианозсыз немесе гипоксиясыз). Мұндай жағдайларда антигистаминдік дәрілер мен бронходилататорлар қолданылғанмен, симптомдар емдемеген кезде де тез қайтқан. Кейінгі циклдерде құю емшарасын ұзарту бұл синдромның жиілігін қысқартуға көмектеседі. Сирек жағдайларда басқа симптомдар байқалған, оған жақсүйек түйілуі / бұлшықет түйілулері / бұлшықеттің еріксіз жиырылуы/ бұлшықет құрысулары / миоклонустық құрысулар / қимыл үйлесімділігінің бұзылуы / жүрістің бұзылуы / атаксия / тепе-теңдіктің бұзылуы / тамақта немесе кеуде қуысында тыныстың тарылуын сезіну / жайсыздық / ауыру кіреді. Бұдан бөлек бассүйек-ми жүйкесінің дисфункциясы байқалуы мүмкін, олар жоғарыда көрсетілген құбылыстардың салдары болуы мүмкін немесе өздігінен дамуы мүмкін, атап айтқанда қабақтың салбырауы / диплопия / афония / дисфония / кейде дыбыстық байламдардың салдануы ретінде сипатталатын қарлығу, тілдегі аномалиялық сезімдер немесе кейде афазия ретінде сипатталатын дизартрия, үш тармақты жүйкенің невралгиясы / беттің ауыруы көздің ауыруы, көру жітілігінің төмендеуі, көру өрісінің бұзылуы.
• Дизартрия, терең сіңір рефлекстерінің жоғалуы және Лермитт симптомы сияқты басқа да неврологиялық симптомдар жиі оксалиплатинмен емдеумен байланысты тіркелген. Көру жүйкесі невритінің бірнеше жекелеген жағдайлары тіркелген.
Оксалиплатинді белгісіз жиілікпен тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінен алынған реакциялар
Құрысулар
Оксалиплатинді белгісіз жиілікпен тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінен алынған реакциялар
Ларингоспазм
• Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Ауырлық дәрежесі бойынша пациенттерде кездесу жиілігі (%)
Оксалиплатин әр 2 апта сайын 5- FU/FA 85 мг/м2 біріктірілімде — Метастазданатын обырды емдеу сызбасы — Адъюванттық емдеу сызбасы
Барлық дәрежелер — 3-дәреже — 4-дәреже — Барлық дәрежелер — 3-дәреже — 4-дәреже
Жүрек айну — 69,9 — 8 — <1 — 73,7 — 4,8 — 0,3
Іш өту — 60,8 — 9 — 2 — 56,3 — 8,3 — 2,5
Құсу — 49,0 — 6 — 1 — 47,2 — 53 — 0,5
Мукозит/стоматит — 39,9 — 4 — <1 — 42,1 — 2,8 — 0,1
Профилактика және/немесе антиэметиктермен емдеу көрсетілген.
Ауыр іш өту және/немесе құсу әсіресе оксалиплатинді 5-FU біріктіргенде сусыздануға, ішектің салданып бітелуі, ішектің бітелуі, гипокалиемия, метаболизмдік ацидозға және бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін.
• Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10,000):
Бауырдың вена- окклюзиялық ауруы ретінде белгілі синусоидальді окклюзиялық бауыр синдромы немесе пелиоздық гепатитті, түйінді регенеративті гиперплазияны, перисинусоидальді фиброзды қоса, осы бауыр ауруымен байланысты патологиялық көріністер. Клиникалық көріністер портальді гипертензияны және/немесе трансаминазалар деңгейінің жоғарылауын қамтуы мүмкін.
• Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10,000):
Түтіктердің жедел некрозы, жедел интерстициялық нефрит және бүйректің жедел жеткіліксіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz