Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы
Оксалиплатинді 5-фторурацилмен/фолин қышқылымен біріктіріп қолданғанда дамитын анағұрлым жиі жағымсыз реакциялар асқазан-ішек жолы тарапынан болатын реакциялар (диарея, жүрек айнуы, құсу, мукозит), гематологиялық (нейтропения, тромбоцитопения) және неврологиялық көріністер (жедел және дозаға тәуелді кумуляциялық шеткері сенсорлық нейропатия) болып табылады. Жалпы алғанда, бұл жағымсыз реакциялар 5-фторурацилмен және фолин қышқылымен ғана емдеумен салыстырғанда, 5-фторурацилмен/фолин қышқылымен біріктірілген оксалиплатинмен емдеуде анағұрлым жиі және ауыр болып табылады.
Төмендегі көрсетілген жағымсыз реакциялардың жиілігі метастаздық колоректальды обырды емдеудегі клиникалық зерттеулерден және бастапқы ісік резекциясынан кейінгі тоқ ішектің обырының адъювантты емі кезінде, сондай-ақ оксалиплатинді тіркеуден кейінгі қолдану деректерінен алынған.
Төмендегі жағымсыз реакциялар көріну жиілігіне байланысты мынадай градацияға сәйкес келтірілген: өте жиі (1/10); жиі (1/100 - <1/10); жиі емес ( 1/1000 - <1/100); сирек ( 1/10000 - </1000); өте сирек (< 1/10000), белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Өте жиі
• инфекциялар
• анемия, нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, лимфопения
• аллергия / аллергиялық реакциялар2
• анорексия, гипергликемия, гипокалиемия, гипернатриемия
• шеткері сенсорлық нейропатия, сезімталдықтың бұзылуы, дисгевзия, бас ауыру
• диспноэ, жөтел, мұрыннан қан кету
• жүрек айну, диарея, құсу, стоматит/мукозит, іш аумағының ауыруы, іш қату
• терінің зақымдануы, алопеция
• арқаның ауыруы
• шаршау, қызба3, әлсіздік, ауыру, енгізу орнындағы реакциялар4
• бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, билирубин мен лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының артуы (адъювантты ем кезінде)
Жиі
• ринит, жоғары тыныс жолдарының инфекциялары, нейтропениялық сепсис†
• фебрильді нейтропения1
• дегидратация, гипокальциемия
• депрессия, ұйқысыздық
• бас айналу, қимыл қозғалыс жүйкесінің невриті, менингизм
• конъюнктивит, көрудің бұзылуы
• қан кету, қан кернеулері, терең веналардың тромбозы, артериялық қысымның жоғарылауы
• ықылық, өкпе эмболиясы
• диспепсия, гастро-эзофагальді рефлюкс, асқазан-ішектен қан кету, ректальді қан кету
• алақан мен табан терісінің қабыршақтануы (мысалы, алақан-табан синдромы), эритематозды бөртулер, бөртпе, қатты терлеу, тырнақ тарапынан өзгерістер
• артралгия, сүйектердің ауыруы
• гематурия, дизурия, несеп шығару жиілігінің бұзылуы
• креатинин деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі (метастаздық колоректальді обыр кезіндегі ем)
• құлау
Жиі емес
• сепсис1
• метаболизмдік ацидоз
• күйгелектік
• отоуыттылық
• илеус, ішек бітелісі
Сирек
• иммундық тромбоцитопения, гемолиздік анемия***, диссеминацияланған тамырішілік ұю синдромы (ДТҰ-синдром)†**
• дизартрия, артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы (АҚЛС немесе АҚЭС**)
• көру жітілігінің транзиторлы төмендеуі, көру өрісінің жоғалуы, көру жүйкесінің невриті, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды өтпелі көрмей қалу
• кереңдік
• өкпенің жедел интерстициялық зақымдануы, кейде өліммен аяқталуы, өкпе фиброзы**
• Сlostridium difficile туындаған диареяны қоса, колит, панкреатит
Өте сирек
• бауырдың синусоидальды обструкция синдромы, сондай-ақ бауырдың веноокклюзиялық ауруы ретінде белгілі, немесе бауыр пелиозы, регенерациялық түйіндік гиперплазия, перисинусоидальды фиброзды қоса алғанда, бауырдың бұзылуының осы түрімен байланысты патологиялық көріністер
• жедел өзекшелік некроз, жедел интерстициялық нефрит және жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Белгісіз
• сепсистік шок†
• гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС), аутоиммунды панцитопения, салдарлы лейкоз
• құрысулар, ми қанайналымының ишемиялық және геморрагиялық бұзылулары
• қарыншалық аритмияға, соның ішінде «пируэт» типті қарыншалық тахикардияға әкелуі мүмкін, QT аралығының ұзаруы† **, миокард инфарктісі және коронарлық атероспазмды қоса, жедел коронарлық синдром және 5-ФУ және бевацизумабпен біріктірілімде оксалиплатин қабылдаған пациенттердегі стенокардия
• ларингоспазм, пневмония†, бронхопневмония †
• ішек ишемиясы† **, асқазан-ішек жолының ойық жарасы және тесілуі† **, эзофагит
• фокальды нодулярлық гиперплазия
• аллергиялық васкулит
• рабдомиолиз †**
† өліммен аяқталуды қоса
* Толық ақпаратты төмендегі бөлімнен қараңыз
** «Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз
*** Гемолиздік-уремиялық синдроммен (ГУС) байланысты микроангиопатиялық гемолиздік анемия немесе Кумбс реакциясы оң гемолиздік анемия, «Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз
1 Жиі: нейтропениялық сепсис, соның ішінде өліммен аяқталуы.
2 Өте жиі: аллергия/аллергиялық реакциялар, негізінен инфузия кезінде пайда болатын, соның ішінде өліммен аяқталуы. Жиі: тері бөртпесі (атап айтқанда, есекжем), конъюнктивит, ринит сияқты аллергиялық реакциялар. Жиі: анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакцияларға бронх түйілуі, ангиодистрофия, гипотония кезіндегі кеуде ауыруы және анафилаксиялық шок жатады. Оксалиплатин инфузиясынан бірнеше сағат немесе тіпті күн өткен соң кешіктірілген аса жоғары сезімталдық реакциясы туралы хабарланды.
3 Өте жиі: температураның жоғарылауы, инфекциямен байланысты тремор (қызбалық нейтропениямен немесе онсыз) немесе иммунологиялық механизмі бар температураның оқшауланған жоғарылауы.
4 инъекция орнының ауыруы, қызару, ісіну және тромбозды қамтитын инъекция орнының реакциялары туралы хабарланды. Экстравазация инъекция орнының ауыруын және қабынуды туындатады, олар ауыр сипатта болуы мүмкін және, әсіресе оксалиплатин шеткері венаға енгізілсе некроз сияқты асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін («Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Жекеленген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Нейроуыттылық дозаны шектейтін жағымсыз реакция болып табылады. Дизестезиямен және/немесе аяқ-қол парестезиясымен сипатталатын сенсорлық нейропатияның симптомдарын (құрысумен немесе құрысусыз байқалатын) көбінесе суық қоздырады. Бұл симптомдар емделген пациенттердің 95%-ында кездеседі. Курстар арасындағы үзілістерде бәсеңдейтін осы симптомдардың ұзақтығы оксалиплатинмен емдеу курстары санының көбеюімен артады. Ауыру және/немесе функциялық бұзылулар туындаған кезде симптомдардың біліну ұзақтығына байланысты дозаны түзету немесе емдеуді тоқтату талап етіледі («Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Нақты қозғалыстарды орындау қиындықтарында көрінетін функциялық бұзылулар сенсорлық бұзылулардың ықтимал салдары болып табылады. Оксалиплатиннің 850 мг/м2 (10 курс) кумуляциялық дозасы үшін функциялық бұзылулардың туындау қаупі шамамен 10%-ды құрайды, оксалиплатиннің кумуляциялық дозасы 1020 мг/м2 (12 курс) жағдайында 20%-ға жетеді.
Көптеген жағдайларда неврологиялық симптомдар емді тоқтатқаннан кейін азаяды немесе жоғалады. Тоқ ішек обырын адьювантты емдеуді тоқтатқаннан кейін 6 айдан соң пациенттердің 87%-ында нейроуыттылық көріністері байқалмайды немесе әлсіз көрінеді. Алайда, науқастардың 3%-ында емдеу аяқталғаннан кейін 3 жылдан соң қарқындылығы орташа тұрақты ошақталған парестезиялар (2.3%) немесе функциялық белсенділікке әсер ететін парестезиялар (0.5%) байқалады.
Оксалиплатинмен емдеу аясында жедел нейросенсорлық көріністер байқалады, олар әдетте препарат енгізілгеннен кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады және көбінесе оларды суық қоздырады. Олар өткінші парестезиямен, дизестезиямен немесе гипестезиямен, сирек (1 - 2%) көмей-жұтқыншақтың жедел дизестезиясы синдромымен сипатталады, ол дисфагияның және респираторлық дистресс-синдромның объективті белгілерінсіз (цианоз немесе гипоксия) ентігу/тұншығудың субъективті сезімімен, көмей түйілуімен немесе бронх түйілуімен (стридорсыз немесе ысқырықты демсіз) көрінеді. Әдетте бұл симптомдар антигистаминдік және бронх кеңейтетін дәрілерді енгізу арқылы да, ем жүргізусіз де жылдам басылады. Оксалиплатинмен емнің келесі циклдерінде инфузия уақытының артуы осы синдромның жиілігін азайтуға мүмкіндік береді ((«Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Кейде шайнау бұлшықетінің түйілуі, бұлшықет жыбырлауы/миоклонус, қимыл үйлесімінің бұзылуы, жүрістің бұзылуы, атаксия немесе тепе-теңдіктің бұзылысы, жұтқыншақ немесе кеуде қуысының қысылуын сезіну, жайсыздық сезімі, ауыру сияқты симптомдар байқалады. Одан өзге, бас сүйек жүйкелерінің дисфункциясы жоғарыда аталған асқынулармен байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ птоз, диплопия, афония/дисфония/қарлығу, кейде дауыс байламдарының салдануы, кейде афазия, үш тармақты жүйкенің невралгиясы/беттің ауыруы/көздің ауыруы, көру жітілігінің төмендеуі, көру аумағының бұзылуы ретінде сипатталатын тілдің дизестезиясы немесе дизартрия түрінде бөлек дамуы мүмкін.
Бұдан бөлек, оксалиплатинмен емдеу кезінде дизартрия, терең сіңір рефлекстерінің жойылуы және Лермитт симптомы сияқты симптомдардың дамуы туралы хабарланды. Көру жүйкесі невритінің жекелеген жағдайлары туралы хабарламалар бар.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Асқазан-ішектік жақпаушылық дамығанда құсуға қарсы дәрілерді профилактикалық және емдік тағайындау қажет. Ауыр диарея/құсу, әсіресе оксалиплатинді 5-фторурацилмен бірге тағайындағанда дегидратацияның, салданған илеустің, ішек бітелуінің, гипокалиемияның, метаболизмдік ацидоздың дамуына және бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін («Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Бауыр және өт шығару жолы тарапынан бұзылулар
Бауыр тарапынан болатын бұзылыстармен, мысалы, бауырдың синусоидальды обструкция синдромымен байланысты клиникалық көріністерге портальды гипертензия және/немесе трансаминаза деңгейінің жоғарылауы жатады.
Бауыр және өт шығару жолы тарапынан бұзылулар
Бауыр тарапынан болатын бұзылыстармен, мысалы, бауырдың синусоидальды обструкция синдромымен байланысты клиникалық көріністерге портальды гипертензия және/немесе трансаминаза деңгейінің жоғарылауы жатады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz