Өте жиі
- инфекциялар
- анемия, нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, лимфопения
- аллергия/аллергиялық реакция2
- анорексия, гипергликемия, гипокалиемия, гипернатриемия
- шеткері сенсорлы нейропатия, бас ауыру, сезімталдық бұзылулары, дисгевзия
- диспноэ, жөтел, мұрыннан қан кету
- диарея, жүрек айну, құсу, стоматит/мукозит, іштің ауыруы, іш қату
- терінің зақымдануы, алопеция
- арқаның ауыруы
- қызба3, енгізу орнындағы реакция 4, шаршау, әлсіздік, ауырсыну
- сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, билирубин мен лактатдегидрогеназа мөлшерінің жоғарылауы, бауыр ферменттерінің жоғарылауы, дене салмағының артуы (адъюванттық емде)
Жиі
- ринит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, нейтропениялық сепсис
- фебрильді нейтропения1
- дегидратация, гипокальциемия
- депрессия, ұйқысыздық
- бас айналу, қозғалыс жүйкесінің невриті, менингизм
- конъюнктивит, көру бұзылулары
- қан кету, ысынулар, терең веналар тромбозы, артериялық қысымның жоғарылауы
- ықылықтау, өкпе эмболиясы
- диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, асқазан-ішектен қан кету, ректальді қан кету
- алақан мен аяқтың терісінің қабыршақтануы (мысалы, алақан-табан синдромы), эритематозды бөртпелер, бөртпе, қатты тершеңдік, тырнақ тарапынан өзгерулер.
- сүйектердің ауыруы, артралгия
- гематурия, дизурия, несеп шығару жиілігінің бұзылуы
- креатинин деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының төмендеуі (метастаздық колоректальді обыр емінде)
- құлау
Жиі емес
- сепсис1
- метаболизмдік ацидоз
- күйгелектік
- отоуыттылық
- ішек бітелісі
- илеус
Сирек
- гемолиздік анемия, иммундық тромбоцитопения
- дизартрия, қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы (ҚАЛС немесе АҚЭС)**
- көру өткірлігінің транзиторлық төмендеуі, көру өрісінің бұзылулары, көру жүйкесінің невриті, өткінші көрмей қалу (емді тоқтатудан кейін қайтымды)
- кереңдік
- өкпенің жедел интерстициялық зақымдануы, кейде өліммен аяқталуымен, өкпелік фиброз**
- колит, Clostridium difficile диареясын қоса, панкреатит
* Толық ақпаратты төмендегі бөлімнен қараңыз
** Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары бөлімін қараңыз
1Жиі: нейтропениялық сепсис, өліммен ақталуын қоса.
2Өте жиі: Негізінен инфузия кезінде туындайтын, соның ішінде өліммен аяқталуы кезіндегі аллергия/аллергиялық реакциялар. Жиі: тері бөртпесі (атап айтқанда, есекжем), конъюнктивит, ринит сияқты аллергиялық реакциялар. Жиі: анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакциялар бронх түйілуін, ангиодистрофияны, гипотония кезінде кеуденің ауыруын және анафилаксиялық шокты қамтиды. Оксалиплатин инфузиясынан бірнеше сағат немесе тіпті күн өткен соң кешіктірілген аса жоғары сезімталдық реакциясы туралы хабарланды.
3Өте жиі: инфекциямен байланысты температураның жоғарылауы, тремор (фебрильді нейтропениямен немесе онсыз) немесе иммунологиялық механизмнен болуы мүмкін температураның оқшауланған жоғарылауы.
4Инъекция орнындағы ауырсыну, қызару, ісіну және тромбозды қамтитын реакциялар туралы хабарланды.Экстравазация ауыр болуы мүмкін инъекция орнындағы ауырсынуға және әсіресе оксалиплатинді шеткері вена арқылы енгізсе, некрозды қоса, асқынуларға әкелуі мүмкін.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Инфекциялар мен инвазиялар
Жиілігі (пациенттер саны бойынша %-бен), ауырлық дәрежесі бойынша
Оксалиплатин 85 мг/м 2 және 5-фторурацил/фолин қышқылы әр 2 апта сайын — Метастаздық обырды емдеу үшін — Адъювантты ем үшін
Барлық дәрежелер — Барлық дәрежелер
Сепсис (соның ішінде сепсис және нейтропениялық сепсис) — 1.5 — 1.7
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• Сепсистік шок, соның ішінде өліммен аяқталған.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиілігі (пациенттер саны бойынша %-бен), ауырлық дәрежесі бойынша
Оксалиплатин және 5-фторурацил/фолин қышқылы 85 мг/м 2 әр 2 апта сайын — Метастаздық обырды емдеу үшін — Адъювантты ем үшін
Барлық дәрежелер — 3 дәреже — 4 дәреже — Барлық дәрежелер — 3 дәреже — 4 дәреже
Анемия — 82.2 — 3 — < 1 — 75.6 — 0.7 — 0.1
Нейтропения — 71.4 — 28 — 14 — 78.9 — 28.8 — 12.3
Тромбоцитопения — 71.6 — 4 — < 1 — 77.4 — 1.5 — 0.2
Фебрильді нейтропения — 5.0 — 3.6 — 1.4 — 0.7 — 0.7 — 0.0
Сирек
• Диссеминацияланған тамырішілік ұю синдромы (ДТҰ синдромы), өліммен аяқталуын қоса.
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• Гемолиздік-уремиялық синдром, аутоиммундық панцитопения, панцитопения, салдарлы лейкоз.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Пациенттер саны бойынша аллергиялық реакциялардың жиілігі (%) ауырлық дәрежесі бойынша
Оксалиплатин және 5-фторурацил/фолин қышқылы 85 мг/м 2 әр 2 апта сайын — Метастаздық обырды емдеу үшін — Адъювантты ем үшін
Барлық дәрежелер — 3 дәреже — 4 дәреже — Барлық дәрежелер — 3 дәреже — 4 дәреже
Аллергиялық реакциялар / аллергия — 9.1 — 1.0 — < 1 — 10.3 — 2.3 — 0.6
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Нейроуыттылық - бұл дозаны шектейтін жағымсыз реакция. Дизестезиямен және/немесе аяқ-қол парестезиясымен сипатталатын сенсорлық нейропатияның симптомдары (құрысулармен қатар жүретін немесе құрысуларсыз) көбінесе суықтан туындайды. Бұл симптомдар емделген пациенттердің 95%-да кездеседі. Курстар арасындағы үзілістерде бәсеңдейтін бұл симптомдардың ұзақтығы оксалиплатинмен емдеу курстарының саны көбеюмен байланысты артады. Ауырсыну және/немесе функционалдық бұзылулар пайда болған кезде симптомдардың біліну ұзақтығына байланысты дозаны түзету немесе емдеуді тоқтату қажет.
Нақты қимыл-қозғалыстарды орындау қиындықтарында көрінетін функционалдық бұзылулар сенсорлық бұзылулардың ықтимал салдары болып табылады. 850 мг/м2 (10 курс) оксалиплатиннің жиынтық дозасы үшін функционалдық бұзылулардың пайда болу қаупі шамамен 10% құрайды, 1020 мг/м2 (12 курс) оксалиплатиннің жиынтық дозасы жағдайында 20% жетеді.
Көп жағдайда емді тоқтатқаннан кейін неврологиялық симптомдар азаяды немесе жоғалады. Тоқ ішек обырының адъювантты емін тоқтатқаннан кейін 6 айдан соң пациенттердің 87%-да нейроуыттылық көріністері байқалмайды немесе әлсіз көрінеді. Алайда, науқастардың 3%-да емдеу аяқталғаннан кейін 3 жылдан кейін тұрақты, орташа қарқынды оқшауланған парестезиялар (2.3%) немесе функционалдық белсенділікке әсер ететін парестезиялар (0.5%) байқалады.
Оксалиплатинмен емдеу аясында жедел нейросенсорлық көріністер байқалады, олар әдетте препаратты енгізгеннен кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады және көбінесе суықтан туындайды. Олар өтпелі парестезиямен, дизестезиямен немесе гипестезиямен, сирек (1-2%) жедел көмей-жұтқыншақ дизестезия синдромымен сипатталады, ол субъективті дисфагия және ентігу/тұншығу сезімімен көрінеді, респираторлық дистресс синдромының (цианоз немесе гипоксия) объективті белгілері жоқ, көмей түйілуі немесе бронх түйілуі (стридорсыз немесе ысқырық демсіз). Әдетте бұл симптомдар антигистаминді және бронх кеңейтетін дәрілерді енгізу арқылы да, ем жүргізбестен де тез басылады. Оксалиплатинмен емдеудің кейінгі циклдары кезінде инфузия уақытының ұлғаюы бұл синдромның жиілігін азайтуға мүмкіндік береді. Кейде шайнау бұлшықеттерінің түйілуі, бұлшықеттердің тартуы/миоклонус, қимыл үйлесімінің бұзылуы, жүрістің бұзылуы, атаксия немесе тепе-теңдіктің бұзылуы, жұтқыншақтың немесе кеуде қуысының қысылуын сезіну, жайсыздықты сезіну, ауырсыну сияқты симптомдар байқалады. Сонымен қатар, бассүйек жүйкелері дисфункциясы жоғарыда аталған асқынулармен байланысты болуы, сонымен қатар птоз, диплопия, афония/дисфония/дауыстың қарлығуы түрінде бөлек дамуы мүмкін, кейде дауыс байламдарының салдануы деп сипатталады, тілдің дизестезиясы немесе дизартрия, кейде афазия ретінде сипатталады, үш тармақты жүйке невралгиясы/бет ауыруы/көз ауруы, көру жітілігінің төмендеуі, көру өрісінің бұзылуы мүмкін.
Сонымен қатар, оксалиплатинмен емдеу кезінде дизартрия, терең сіңір рефлекстерін жоғалту және Лермитт симптомы сияқты симптомдардың дамуы туралы хабарланды. Көру жүйкесі невритінің жекелеген жағдайлары туралы хабарламалар бар.
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• Құрысулар, ми қан айналымының ишемиялық және геморрагиялық бұзылулары
Жүрек тарапынан бұзылулар
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• қарыншалық аритмияға әкелуі мүмкін QT аралығының ұзаруы, соның ішінде
«пируэт» типті қарыншалық тахикардия, олар өлімге әкелуі мүмкін.
• жедел коронарлық синдром, соның ішінде миокард инфарктісі және коронарлық атероспазмды және 5-ФУ және бевацизумабпен бірге оксалиплатинмен емделген пациенттердегі стенокардияны қоса.
Тыныс алу мүшелері, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• ларингоспазм, пневмония және бронхопневмония, өліммен аяқталған оқиғаларды қоса.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Пациенттер саны (%) бойынша, ауырлық дәрежесі бойынша жиілігі
Оксалиплатин және 5-фторурацил/фолин қышқылы 85 мг/м2 әр 2 апта сайын — Метастаздық обырды емдеу үшін — Адъювантты ем үшін
Барлық дәрежелер — 3 дәреже — 4 дәреже — Барлық грейдтер — 3 дәреже — 4 дәреже
Жүрек айнуы — 69.9 — 8 — < 1 — 73.7 — 4.8 — 0.3
Диарея — 60.8 — 9 — 2 — 56.3 — 8.3 — 2.5
Құсу — 49.0 — 6 — 1 — 47.2 — 5.3 — 0.5
Мукозит, стоматит — 39.9 — 4 — < 1 — 42.1 — 2.8 — 0.1
Асқазан-ішек жақпаушылығы дамыған кезде құсуға қарсы дәрілерді профилактикалық және емдеуге тағайындау қажет. Ауыр диарея/құсу дегидратацияның, салдануға алып келетін илеус, ішек бітелісі, гипокалиемия, метаболизмдік ацидоз және бүйрек функциясы бұзылуының дамуын, әсіресе оксалиплатинді 5-фторурацилмен бірге тағайындағанда туғызуы мүмкін.
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• ішек ишемиясы, өліммен аяқталған жағдайларды қоса.
• өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішек жолының ойық жарасы және тесілуі.
• эзофагит.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10,000):
• Бауырлық вена окклюзиялық ауру ретінде де белгілі бауырдың синусоидтық обструкция синдромы немесе бауыр пелиозын, регенерациялық түйінді гиперплазияны перисинусоидты фиброзды қоса, бауыр бұзылуының осы типімен байланысты патологиялық көріністер. Клиникалық көріністер портальді гипертензияға және/немесе трансаминазалардың артуына алып келуі мүмкін.
Белгісіз
• Ошақты түйіндік гиперплазия
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• Фокальді нодулярлық гиперплазия
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• Аллергиялық васкулит
Бұлшықет, сүйек және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
Белгісіз (тіркеуден кейінгі қолдану деректері бойынша)
• Рабдомиолиз, өліммен аяқталған жағдайды қоса.
Бүйрек және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10,000):
• Жедел өзекшелік некроз, жедел интерстициялық нефрит және бүйректің жедел жеткіліксіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.