Тархоминский фармацевтический завод "Польфа" Акционерное Общество
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір баллонның ішінде
белсенді заттар: 300 мг окситетрациклин гидрохлориді, (окситетрациклинге шаққанда), 100 мг гидрокортизон,
қосымша заттар: сорбитан триолеаты, лецитин, изопропилмиристат, пропеллент (пропан, бутан, изобутан).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, сарыдан сарғыш түске дейінгі біртекті суспензия.
Препарат келесі ауруларда терінің бактериялық инфекциядан асқынған қабыну үдерістерін жергілікті емдеу үшін қолданылады:
- импетиго
- фолликулит
- терінің аллергиялық аурулары (есекжем, экзема, қышыма)
- І дәрежедегі күйіктер және үсулер
- жәндіктер шағып алғаннан кейінгі жағдай
- тілмелік қабыну
Әсер ету механизмі
Оксикорт – құрамында әсер етуші екі зат: окситетрациклин және гидрокортизон бар біріктірілген препарат болып табылады.
Окситетрациклин – тетрациклиндер тобына жататын антибиотик. Көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты бактериостатикалық белсенділік танытады.
Гидрокортизон – кортикостероид болып табылады.Қабынуға қарсы, қышынуға қарсы әсері бар, қантамырлардың өткізгіштігін кемітеді.
Оксикорт препараты терінің қабыну ошақтарындағы тетрациклинге сезімтал бактерияларға әсер етеді, сондай-ақ жергілікті қабыну үдерістерін шектейді, эритеманы және қышынуды азайтады.
Оксикорт препаратын әрдайым дәрігердің нұсқауымен қолдану керек.
Күмәнданған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Дозалау режимі
Ересектер
Баллонды тігінен ұстап, бүркитін басын жоғары қаратып, 15 см-ден 20 см-ге дейінгі қашықтықпен терінің зақымданған жерлеріне 1-3 секунд бойы аэрозольдің ағынын бүркіп, суландырады. Әдетте тәулігіне 2-ден 4 ретке дейін, бірдей уақыт аралығымен қолданады.
Балалар
Қолдану қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ болғандықтан, балаларға қолданбау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат сыртқа (теріге) қолдануға арналған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер препарат тағайындалған уақытында қолданылмаса, ал препаратты кезекті қолдануға дейінгі уақыт әлі де жеткілікті көп болса – препаратты мүмкіндігінше тезірек қолдану қажет немесе препаратты нұсқауларға сәйкес ұдайы қолдануды жалғастыруға болады.
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселенген дозаны қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Оксикорт препаратын пайдалану алдында препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға бару ұсынылады.
- окситетрациклинге, гидрокортизонға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тері туберкулезі
- терінің ісігі, обыр алдындағы жағдай
- терінің зеңдік аурулары, терінің вирустық аурулары (герпес, желшешек)
- жүктілік және емшек емізу кезеңі
Белгісіз
- препараттың бүркілген жерінде күйдіру, қышыну, тітіркену, шамадан тыс құрғау, терінің атрофиялық өзгерулері, жанаспалы дерматит, ерін айналасындағы терінің қабынуы, терінің мацерациясы, акне тәріздес бөртпе, дермэктазиялар, тербөртпе, бөртпе, гипертрихоз, терінің депигментациясы, салдарлық тері инфекциялары және фолликулит
- препаратты ұзақ уақыт қолданғанда және (немесе) терінің ауқымды аймағына бүркігенде гидрокортизон қанға өтуі және, бүйрекүсті бездері функциясының бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтарға тән жүйелік жағымсыз симптомдарды туындатуы мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
- препаратты беттің терісіне ұзақ уақыт қолдану тері атрофиясына және қантамырлардың кеңеюіне әкелуі мүмкін
- препараттың құрамындағы окситетрациклин терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, жарыққа жоғары сезімталдық реакцияларын туындатуы және (немесе) ашытқылардың немесе бактерияларға төзімді штаммдардың көбеюіне әкелуі мүмкін.
Кейбір пациенттерде Оксикорт препаратын қолдану кезінде басқа да жағымсыз әсерлер көрініс беруі мүмкін. Жоғарыда берілген немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлердің кез келгені пайда болған жағдайда олар туралы дәрігерге мәлімдеу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметттер
Жергілікті қолданғанда артық дозалану симптомдары байқалған жоқ.
Егер препарат терінің ауқымды аймағына үлкен дозаларда, окклюзиялық таңғыш астында немесе зақымданған теріге қолданылса, онда қанға өтуі және кортикостероидтың немесе окситетрациклиннің жүйелік әсерін туындатуы мүмкін.
Препаратты ұсынылғаннан астам дозада қабылдаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтіге дереу бару қажет.
Препаратты тигізіп алмау үшін көзді қорғау керек, бүркілетін аэрозольді ішке деммен тартпау керек. Әрбір қолдану алдында баллонды бірнеше рет қарқынмен сілкілеу керек. Препаратты әр бүркіген сайын қолды сабындап, мұқият жуып-шаю қажет.
Басқа да ақпарат
Препаратты ашық отқа жақын жерде қолданбау керек.
Баллонды ашуға немесе қыздыруға болмайды.
Баллон қысыммен толтырылған.
Толық босаған баллонды тастау керек.
Препарат тез тұтанады, сондықтан баллонды оттан аулақ ұстау керек.
Арнайы сақтандырулар
Препарат тек теріге қолдануға ғана арналған.
Бүркілетін субстанцияны ішке деммен тартуға болмайды.
Көзге препаратты тигізіп алудан сақ болу керек. Көздің шырышты қабықтарына препаратты тигізіп алған жағдайда, оларды бөлме температурасындағы сумен мұқият шаю керек.
Егер препараттың бүркілген жерінде терінің тітіркенуі туындаса, дәрігерге қаралу қажет. Егер 7 күн қолданғаннан кейін жақсару басталмаса, дәрігерге қаралу қажет.
Препарат бүркілген жердегі теріні дәкемен таңбау керек және препаратты окклюзиялық таңғыш астына қолданбау керек. Окклюзиялық таңғышты қолдану препараттың тері арқылы қанға өтуін күшейтеді, соның нәтижесінде кортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсері дамуы мүмкін.
Гидрокортизон қанға тері арқылы сіңуі және иммуносупрессиялық әсерін тигізуі (организмнің төзімділігін төмендетуі) мүмкін. Сондықтан препаратты қолдану кезінде пациент вирустық инфекциялардан (желшешек, қызылша) сақтануы тиіс.
Препаратты ұзақ қолдануға немесе оны терінің ауқымды аймағына қолдануға жол бермеу керек. Мұндай жағдайларда гидрокортизон қанға сіңуі және кортикостероидтарға тән, гипоталамус – гипофиз – бүйрекүсті бездері жүйесінің бәсеңдеуін (соның ішінде Кушинг синдромының көрініс беруін, глюкозурияны, гипергликемияны) қоса, жүйелік жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін. Кортикостероидтар әсерінің жүйелік симптомдары пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Теріге препаратты ұзақ уақыт қолдану қантамырлардың кеңеюіне және терінің атрофиясына әкелуі мүмкін.
Препараттың құрамында окситетрациклин бар болғандықтан, күнге аллергия пайда болуы мүмкін екендігін ескеріп, күннің жарығына немесе жасанды УК-сәулеленуге (мысалы, солярийге) жол бермеу қажет.
Дәрілік препаратты, әсіресе ұзақ уақыт бойы, қолдану окситетрациклинге төзімді бактериялар штаммдарының немесе зеңдердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Оксикорт дәрілік препаратын қолданған кезде жаңа инфекциялардың симптомдары пайда болған жағдайда, препарат қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Егер жоғарыда берілген ескертулер бұдан бұрын байқалған жағдайларға қатысты қатысты болса да, дәрігерден кеңес алу қажет.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Соңғы кезде, тіпті рецептісіз қолданылатын, қабылданған барлық дәрілік препараттар туралы дәрігерге айту қажет.
Препаратты жергілікті қолданған кезде, препарат ұсынылған көрсетілімдер бойынша қолдану тәсілін сақтап тағайындалған жағдайда, өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Екі немесе одан көбірек препаратты бір мезгілде жергілікті қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл бүркілген жерде әсер етуші заттардың концентрациясына ықпалын тигізуі немесе терінің қызаруын туындатуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Препарат тез тұтанады, баллонды оттан қорғаңыз
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.