Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный для детей
Дозасы
0,025%
Саудалық атауы
Оксиназин®
Әсер етуші зат
Оксиметазолин
Мақсаты
Жедел ринит, аллергиялық ринит, вазомоторлық ринит
Өндіруші
ЛеКос
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді 0.25 мг,
қосымша заттар: бор қышқылы, бензалконий хлоридінің 50 % ерітіндісі (100% затқа шаққанда), пропиленгликоль, повидон (ПВП), натрий тетрабораты рН 4,8 – 6,8 дейін, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сарғыш сұйықтық.
• жедел ринит
• аллергиялық ринит
• вазомоторлық ринит
• мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы кезінде, евстахиитте, ортаңғы отитте секреция дренажын қалпына келтіру
• диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін қайтаруда
Әсер ету механизмі
Оксиметазолин симпатомиметикалық, тамыр тарылтқыш және демек, шырышты қабыққа ісінуге қарсы әсер көрсетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Дәрілік препарат мұрын шырышты қабығының ісінуін басады және осылайша мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіреді. Мұрын маңы қуыстары мен евстахий түтігі толығымен ашық.
Оксиметазолиннің вирусқа қарсы әсері вирустар жұқтырған культивацияланған жасушаларды пайдаланумен жүргізілген зерттеулерде расталған (терапиялық тәсіл). Бұл себеп-салдарлық әсер ету механизмі суық тиюді және тұмауды туындататын вирустардың белсенділігін тежеу арқылы, түйіндақтарды азайту тестін, вирустардың қалдық инфекциялылығын анықтау (вирустарды титрлеу), сондай-ақ вирустық цитопатогенді әсерді (ЦПӘ/zpE) тежеу тестін пайдалана отырып көрсетілді.
Оксиметазолиннің қабынуға қарсы және антиоксидантты әсері бірнеше зерттеулерде көрсетілген.
Арахидон қышқылынан липидті медиаторлардың түзілуіне оксиметазолин exvivo стимуляцияланатын альвеолалық макрофагтарда елеулі әсер етеді. Атап айтқанда, 5-липоксигеназа ферментінің белсенділігінің оксиметазолин әсерінен тежелуіне байланысты қабынуға қарсы сигнал молекулаларының (LTB4) түзілуі бәсеңдейді, ол кезде қабынуға қарсы мессенджерлердің (PGE2, 15-HETE) синтезі қатар артады. Оксиметазолин сондай-ақ ұзақ культивацияланатын альвеолярлық макрофагтарда азот оксиді синтазасының индуцибельді түрін (iNOS) тежейді.
Оксиметазолин едәуір дәрежеде бастапқы альвеолярлық макрофагтарда көміртегінің ультрадисперсиялық бөлшектері туындатқан тотығу стрессін тежейді. Осындай жолмен, оксиметазолин темір / аскорбат жүйесінде микросомалардағы липидтердің асқын тотығуын тежейді (антиоксидантты әсер).
Оксиметазолиннің иммуномодуляциялаушы әсері адамның шеткері қанының мононуклеарлық жасушаларында (РВМС) көрсетілген. Мұнда оксиметазолин қабынуға қарсы цитокиндерінің (IL1β, IL6, TNFα) түзілуін айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар, оксиметазолин дендрит жасушаларының иммуностимуляциялық қасиеттерін тежейді.
Дозалау режимі
1 жастан асқан балалар мен нәрестелер:
Әр мұрын жолына 1 бүркуден күніне 2-3 рет қолданады. Оксиназин®, мұрынға арналған спрей, 0,025% препаратының бір реттік дозасын күніне 3 реттен артық қабылдауға болмайды.
Ұсынылған дозадан артық дозада қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдану үшін.
Емдеу ұзақтығы
Оксиназин® 0,025% мұрын спрейін 7 күннен артық қолдануға болмайды.
Ұсынылған дозадан артық дозада қолдануға болмайды.
Қайта қолдану бірнеше күндік үзілістен кейін ғана мүмкін болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- оксиметазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- атрофиялық ринит
- транссфеноидальді гипофизэктомия немесе қатты ми қабығына басқа хирургиялық араласулардан кейінгі жағдайлар
- 1 жасқа дейінгі балалар (0,025% ерітінді үшін)
Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар: жиі емес - жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну).
Психикалық бұзылулар: өте сирек - мазасыздық, ұйқысыздық, елестеулер (көбінесе балаларда).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар: өте сирек - ұйқышылдық, тыныштандыратын әсері, бас ауыруы, құрысулар (әсіресе балаларда).
Жүрек тарапынан бұзылыстар: сирек - жүрек қағуы, тахикардия, өте сирек – аритмия.
Қан тамырларының тарапынан бұзылыстар: сирек – гипертензия.
Тыныс алу жүйесінің, кеуде қуысының және көкірек ағзаларының тарапынан бұзылыстар: жиі - мұрын шырышты қабығының күйдіріп-ашуы және құрғауы, түшкіру; жиі емес - әсері біткеннен кейін шырышты қабық ісінуінің ұлғаюы, мұрыннан қан кету; өте сирек - нәрестелер мен жаңа туған нәрестелердегі апноэ.
Енгізу орнындағы жалпы бұзылулар және реакциялар: өте сирек – шаршау, белгісіз - тахифилаксия (ұзақ қолданған немесе артық дозаланған кезде).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану назальді немесе кездейсоқ пероральді қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін. Имидазол туындыларымен уыттанудан кейінгі клиникалық көрініс диффузиялық болуы мүмкін, өйткені гиперреактивті фазалар орталық жүйке жүйесі, жүрек-қантамыр және өкпе жүйесі функцияларының тежелу фазаларымен кезектесуі мүмкін.
Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің стимуляциясы мазасыздықпен, қозумен, елестеумен, құрысумен көрінеді. Орталық жүйке жүйесінің стимуляциялануы дене температурасының төмендеуімен, әлсіздікпен, ұйқышылдықпен және комамен көрінеді. Келесі симптомдарға миоз, мидриаз, қызба, тершеңдік, бозару, цианоз, жүрек қағуы, тахикардия, брадикардия, жүрек аритмиясы, жүрек тоқтауы, гипертония, шокты гипотензия, жүрек айнуы және құсу, тыныс алудың бәсеңдеуі және апноэ, психогендік бұзылыстар кіруі мүмкін.
Әсіресе балаларда артық дозалану құрысу және кома, брадикардия, апноэ және гипертония немесе гипотония сияқты орталық жүйке жүйесінің басым әсерлеріне жиі әкеледі.
Емдеу: қатты артық дозалануда стационарлық қарқынды ем қолданылады. Дереу белсендірілген көмір, натрий сульфатын қолдану немесе асқазанды шаю қажет, өйткені оксиметазолиннің сіңірілуі жылдам болуы мүмкін. Вазопрессорлар қарсы көрсетілген. Антидот ретінде селективті емес -блокатор пайдаланылуы мүмкін. Қажет болса - температураны түсіру, құрысуға қарсы ем және оттегімен желдету.
Жоғары көзішілік қысым, жүрек-қантамырдың ауыр аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, гипертензия), феохромоцитома, зат алмасудың бұзылуы (мысалы, гипертиреоз, қант диабеті), қуықасты безінің гиперплазиясы, порфирия, моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштерімен) және артериялық қысымды ықтимал жоғарылататын басқа да препараттармен ем алушы пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.
Оксиназин® препаратын ұзақ және жоғары дозада қолдануға болмайды, себебі бұл оның әсерінің әлсіреуіне, сондай-ақ мұрын шырышты қабығының атрофиясына, дәрілік ринитпен реактивті гиперемияға, мұрын эпителийі функциясының зақымдануына және бұзылуына әкелуі мүмкін.
Созылмалы ринитте және ұсынылғаннан жоғары дозада қолдану тек дәрігердің бақылауымен ғана мүмкін болады.
Ерітіндінің ластануын болдырмау үшін спрей-құтыны тығыз жауып сақтаңыз, ұштықтың қандай да бір беткеймен жанасуын болдырмаңыз.
Дәрілік заттың құрамындағы консервант (бензалконий хлориді), әсіресе ұзақ қолданған кезде мұрынның шырышты қабығының ісінуін тудыруы мүмкін.
Препарат құрамына кіретін пропиленгликоль тітіркендіретін әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Оксиназин® балаларға арналған мұрын спрейі, 0,025% 1 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.
Жүктілік
Жүктіліктің бірінші триместрінде оксиметазолиннің әсеріне ұшыраған жүкті әйелдердің шектеулі санынан алынған деректер жүктілікке немесе шарана/жаңа туған нәресте денсаулығына жағымсыз әсерін көрсетпейді. Бүгінгі таңда басқа тиісті эпидемиологиялық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер терапиялық дозалар ауқымынан асатын дозаларға қатысты репродуктивті уыттылықты көрсетті.
Препарат шарана немесе нәрестеге қауіп және ана үшін пайда арақатынасын мұқият бағалап алғаннан кейін ғана қолданылуы керек. Ұсынылған дозадан асырмаған жөн, өйткені артық доза шарананың қанмен қамтамасыз етілуіне әсер етуі мүмкін.
Лактация
Оксиметазолиннің емшек сүтіне өтуі белгісіз. Артық дозалану сүттің шығуын азайтуы мүмкін болғандықтан, бала емізу кезінде ұсынылған дозадан асырмаңыз.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дұрыс және ұсынылған дозада қолданған жағдайда Оксиназин® автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді, дегенмен бас айналу сияқты жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда бұл қызмет түрлерінен бас тартқан жөн.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Артериялық қысымның жоғарылау қаупіне байланысты Оксиназин® препаратын трициклді антидепрессанттармен және моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданудан аулақ болу қажет.
Қан тамырларын тарылтатын басқа препараттармен (гипертензиялық дәрілер) бірге тағайындау жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі – 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.