Оланзапинді қолдану кезіндегі анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакцияларға ұйқышылдық, салмақ қосу, эозинофилия, пролактин, холестерин, глюкоза мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, глюкозурия, тәбеттің артуы, бас айналу, акатизия, паркинсонизм, лейкопения, нейтропения, дискинезия, ортостаздық гипотензия, антихолинергиялық әсерлер, бауыр аминотрансферазалары белсенділігінің өтпелі симптомсыз жоғарылауы, бөртпе, астения, температураның жоғарылауы, артралгия, сілтілік фосфатаза, гамма-глутамилтрансфераза, несеп қышқылы және креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, сондай-ақ ісіктер жатады.
Өте жиі
- салмақтың артуы1
- плазмадағы пролактин деңгейінің жоғарылауы8
- ортостатикалық гипотензия10
- ұйқышылдық
Жиі
- эозинофилия, лейкопения, нейтропения10
- холестерин2,3, глюкоза4, триглицеридтер2,5 деңгейлерінің жоғарылауы
-глюкозурия
- тәбеттің артуы, бас айналуы
- акатизия6
- паркинсонизм6
- дискинезия6
- бауыр аминотрансферазаларының (АЛТ, АСТ) транзиторлық асимптоматикалық жоғарылауы, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларында
- сілтілік фосфатаза10, креатин фосфокиназа11, гамма-глутамилтрансфераза10 және несеп қышқылы10 деңгейлерінің жоғарылауы
- іш қатуы мен ауыздың құрғауын қоса, орташа транзиторлық антихолинергиялық әсерлер
- ерлердегі эректильді дисфункция, ерлер мен әйелдерде жыныстық құмарлықтың төмендеуі
- бөртпе, ісінулер (соның ішінде, шеткері)
- астения, шаршау, артралгия, қызба10
Жиі емес
- брадикардия, QTc аралығының ұзаруы, тромбоэмболия (соның ішінде, өкпе артериясының тромбоэмболиясы және терең веналар тромбозы)
- фотосезімталдық реакциясы, алопеция
- несепті ұстай алмау, несеп шығарудың іркілуі, несеп шығаруды қиындықпен басталуы11
- аменорея, сүт бездерінің ұлғаюы, әйелдердегі галакторея, ерлердегі гинекомастия/сүт бездерінің ұлғаюы
- іштің кебуі9, амнезия9, мұрыннан қан кету9
- аса жоғары сезімталдық11
- кейде кетоацидозбен немесе комамен қатар жүретін, соның ішінде, өлімге соқтыратын диабеттің дамуы немесе өршуі
- көп жағдайларда анамнезде құрысу ұстамалары немесе құрысу дамуының қауіп факторлары болған жағдайда, құрысулар11
- дистония (көз алмасының қозғалуын қоса) 11
- дизартрия, амнезия, мазасыз аяқтар синдромы
- жалпы билирубин деңгейінің жоғарылауы
- кеш дискинезия11
Сирек
- гепатит (бауырдың гепатоцеллюлярлық, холестаздық немесе аралас зақымдануларын қоса) 11
- тоқтату синдромы7,12
- тромбоцитопения11
- дене температурасының төмендеуі12
- қатерлі нейролептикалық синдром12
- қарыншалық тахикардия/қарыншалардың фибрилляциясы, кенеттен болатын өлім11
- панкреатит11, рабдомиолиз11, приапизм12
Жиілігі белгісіз
- эозинофилиямен және жүйелі көріністермен жүретін дәрілік бөртпе (DRESS-синдром)
- жаңа туған нәрестелердегі тоқтату синдромы
• Дене салмағының клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауы дене салмағы индексінің (ДСИ) барлық санаттары бойынша байқалды. Препаратты қысқа мерзім ішінде (орташа алғанда 47 күнге жуық) қолданғаннан кейін, салмақтың базалық ДСИ-ден ≥7% артқаны (22,2%), базалық ДСИ-ден ≥15% артқаны (4,2%) және базалық ДСИ-ден ≥25% артқаны (0,8%) анықталды. Препаратты ұзақ уақыт (кемінде 48 апта) қолданғанда, пациенттерде дене салмағының базалық дене салмағынан ≥7%, ≥15% және ≥25% артқан жағдайлар сәйкесінше 64,4%, 31,7% және 12,3%-ында кеңінен таралған.
• Ашқарында өлшенген липидтер параметрлері (жалпы холестерин, тығыздығы төмен липопротеиндер холестерині және триглицеридтер) мәндерінің орташа жоғарылауы, емдеу басталғанға дейін липидтер алмасуы реттелісі бұзылысының белгілері болмаған пациенттерде айқынырақ болды.
• Емдеуді басында жалпы холестерин мөлшерінің шектік мәндерінен (ашқарында талдауға қан алғанда) (≥5,17 ммоль/л) жоғарғысына дейінгі (≥6,2 ммоль/л) өзгерістері өте жиі тіркелді.
• Зерттеудің басында ашқарында өлшенген қалыпты деңгейі (<5,56 ммоль/л) жоғарғысына дейін көтерілді (≥7 ммоль/л). Қандағы глюкоза деңгейінің зерттеудің басындағы шектік мәндерінен (≥5,56-<7 ммоль/л) жоғарғыларына (≥7 ммоль/л) дейінгі өзгерістері (ашқарында талдау жасағанда) өте жиі тіркелді.
• Зерттеудің басында ашқарында өлшенген қалыпты деңгейі (<1,69 ммоль/л) жоғарғысына дейін көтерілді (≥2,26 ммоль/л). Ашқарында өлшенген триглицеридтер концентрациясының зерттеудің басында шектік мәндерінен (≥1,69 ммоль/л- <2,26 ммоль/л) жоғарғыларына (≥2,26 ммоль/л) дейінгі өзгерістер өте жиі тіркелді.
• Клиникалық сынақтарда оланзапинді қабылдаған пациенттерде паркинсонизм мен дистонияның даму жиілігі саны жағынан жоғары болды, бірақ, статистикалық тұрғыдан плацебодан айырмашылығы болған жоқ. Оланзапинмен емделу кезіндегі паркинсонизм, акатизия және дистония, галоперидолдың титрленген дозаларымен салыстырғанда сирек байқалған. Осының алдындағы жедел және кешеуілдеген экстрапирамидалық зақымданулар жағдайлары туралы егжей-тегжейлі ақпарат жоқ болғандықтан, қазіргі кезде, оланзапиннің кеш дискинезияны және/немесе басқа кешеуілдеген экстрапирамидалық синдромдарды сирек туғызатыны туралы тұжырым жасау мүмкін емес.
• Оланзапинді қабылдауды күрт тоқтатқан жағдайда, тершеңдік, ұйқысыздық, тремор, мазасыздық, жүрек айнуы және құсу сияқты жедел симптомдардың дамығаны байқалды.
• 12 аптаға дейін созылған клиникалық сынақтарда пролактиннің бастапқыдағы деңгейі қалыпты, оланзапинді қабылдаған шамамен 30% пациентте пролактиннің қан плазмасындағы концентрациялары қалыпты ауқымының жоғарғы шегінен асып кеткен. Бұл пациенттердің көпшілігінде өзгерістер, әдетте, елеусіз болды және қалыпты ауқымының жоғарғы шегінен екі есе артуына жетпеген.
• Жағымсыз құбылыс Оланзапин бойынша интеграцияланған мәліметтер базасына енгізілген клиникалық зерттеулерден алынған көрсеткіштерді бағалау нәтижелерінің негізінде анықталды.
• Оланзапин бойынша интеграцияланған мәліметтер базасына енгізілген клиникалық зерттеулерден алынған көрсеткіштерді бағалау нәтижелерінің негізінде анықталған.
• Жағымсыз құбылыс препарат нарыққа шығарылғаннан кейін өздігінен келіп түскен мәліметтердің негізінде анықталды. Жиілігін анықтау үшін Оланзапин бойынша интеграцияланған мәліметтер базасы пайдаланылды. Жарияланған әдебиеттердегі ақпараттар, пациенттердің көпшілігі жағымсыз әсерлерден психозға қарсы препараттарды, соның ішінде оланзапинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін, сауыққан немесе қалпына келгендігін көрсетеді.
• Жағымсыз құбылыс препарат нарыққа шығарылғаннан кейін өздігінен келіп түскен әліметтердің негізінде анықталды. 95%-дық сенім аралығының жоғарғы шегі деңгейіндегі жиілігін анықтау үшін Оланзапин бойынша интеграцияланған мәліметтер базасы пайдаланылды.
ОЛФРЕКС препаратын ұзақ уақыт қолданғанда (кемінде 48 апта). Емдеудің ұзақтығына қарай, дене салмағының, глюкоза деңгейлерінің, жалпы холестерин/тығыздығы төмен липопротеиндер холестерині / тығыздығы жоғары липопротеиндер холестерині немесе триглицеридтер мөлшерінің клиникалық тұрғыдан маңызды теріс өзгерістері көрініс берген пациенттердің үлесі артып отырды. 9-12 айлық емдеу курсын аяқтаған ересек пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің орташа жоғарылау қарқындары шамамен 6 айдан соң баяулаған.
Пациенттердің ерекше топтарындағы жағымсыз әсерлері.
Деменциясы бар егде жастағы пациенттерде оланзапинмен емдеу өлім мен цереброваскулярлық жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарырақ болуымен астасуы мүмкін. Оланзапинді пациенттердің аталған тобында қолдану көп жағдайда жүріс-тұрыстың бұзылулары мен құлап қалуға соқтырып отырған. Пневмония, дене температурасының жоғарылауы, летаргия, эритема, көзге елестеулер және несепті ұстай алмау сияқты жағымсыз құбылыстар жиі байқалған.
Паркинсон ауруы кезіндегі дәрілік заттардың (дофаминдік рецепторлар агонистерінің) әсері түрткі болған психозы бар науқастарда, ОЛФРЕКС препаратын қолдану аясында паркинсонизм симптоматикасы мен елестеулер жиі нашарлауы мүмкін.
Вальпрой қышқылымен біріктіріп емдеу аясында биполярлық маниясы бар пациенттерде нейтропения (4,1%) дамуы мүмкін. Вальпроаттың қан сарысуындағы жоғары деңгейі бұған ықпал етуі ықтимал фактор болуы мүмкін. ОЛФРЕКС препаратын вальпрой қышқылымен немесе литиймен бірге қолдану тремор, ауыздың құрғауы, тәбеттің артуы мен салмақ жоғарылауы жиілігінің артуына (≥10%) ықпал етеді. Сонымен қатар, сөйлеу бұзылулары жиі тіркелген. Литиймен немесе дивалпроекспен біріктіріп емдеудің алғашқы 6 аптасында 17,4% пациентте дене салмағы бастапқысымен салыстырғанда ≥7%-ға артқан. 39,9% пациентте биполярлық бұзылыстардың қайталануларының профилактикасы мақсатында ОЛФРЕКС препаратпен ұзақ уақыт емдеу (12 айға дейін) дене салмағының бастапқысымен салыстырғанда ≥7%-ға артуымен қатар жүрген.
Балалар
ОЛФРЕКС 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды. Препараттың жасөспірімдер мен ересек пациенттердегі қауіпсіздігін салыстыру мақсатында клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда зерттеушілерде жасөспірімдер қатыстырылған мәліметтерді ересектер қатыстырылған мәліметтермен салыстыруға мүмкіндіктері болды.
Төменде ересектере қарағанда жасөспірімдік кезеңдегі (13-17 жас) пациенттерде жиі анықталған жағымсыз реакциялар, және жағымсыз реакциялар, жасөспірімдерде байқалған топтастырылған. Препаратты салыстырымды экспозициясын қамтамасыз ететін дозаларында қолданғанда, дене салмағының клиникалық маңызды жоғарылауы (≥ 7% ) ересектерге қарағанда, жасөспірімдерде жиі тіркелген. Салмақ қосу айқындығы және дене салмағының клиникалық тұрғыдан маңызды артуы анықталған жасөспірім пациенттердің үлесі, қысқа мерзімді емдеу курстарымен салыстырғанда, препаратты ұзақ уақыт (кемінде 24 апта бойы) қабылдау аясында артып отырған.
Жағымсыз реакциялары келесі градацияға сәйкес атап келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін).
Өте жиі
- салмақтың артуы13
- триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы 14
- тәбеттің артуы
- седация (соның ішінде, гиперсомния, енжарлық, ұйқышылдық)
- бауыр аминотрансферазалары АЛТ/АСТ деңгейінің жоғарылауы
- жалпы билирубин деңгейінің төмендеуі
- ГГТ деңгейінің жоғарылауы
- плазмадағы пролактин деңгейінің жоғарылауы 16
Жиі
- холестерин деңгейінің жоғарылауы15
- ауыздың құрғауы
13 Қысқа мерімді емдеуден кейін (орташа ұзақтығы 22 күн) дене салмағының бастапқысымен салыстырғанда ≥7%-ға артуы өте жиі (40,6%) білінген, сондай-ақ, дене салмағының бастапқысымен салыстырғанда ≥15%-ға (7,1 %) және ≥25 %-ға артуы (2,5 %) жиі тіркелген. Ұзақ уақыт емдеу (кемінде 24 апта) курсы кезінде 89,4% пациент бастапқы дене салмағына ≥7 %, 55,3% пациент ≥15 % және 29,1% пациент ≥25% қосқан.
14 Емдеудің басындағы ашқарында өлшенген қалыпты деңгейі (<1,016 ммоль/л) жоғарғысына дейін (≥1,467 ммоль/л) көтерілген, және ашқарында өлшенген триглицеридтер концентрациясының, емдеудің басындағы шектік мәндерінен (≥1,016 ммоль/л- <1,467 ммоль/л) жоғарғысына дейінгі (≥1,467 ммоль/л) өзгерістері тіркелген.
15 Емдеудің басындағы ашқарында өлшенген жалпы холестериннің қалыпты деңгейі (<4,39 ммоль/л) жоғарғысына дейін (≥5,17 ммоль/л) жиі көтерілген. Жалпы холестерин мөлшерінің емдеудің басында шектік мәндерінен (қанды аш қарында талдауға алған кезде) (≥4,39-<5,17 ммоль/л) жоғарғысына дейін (≥5,17 ммоль/л) өзгерістері өте жиі тіркелген
16 Қан плазмасындағы пролактин деңгейінің жоғарылауы 47,4% жасөспірімде анықталған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz