Арнайы сақтандырулар
Метамизолды қабылдау сирек жағдайларда анафилаксиялық шок және агранулоцитоз сияқты өмірге қауіпті жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін.
Анамнезінде анафилаксиялық және метамизолға иммунитетпен байланысты реакциялары бар пациенттерде (мысалы, агранулоцитоз, тромбоцитопения, панцитопения) басқа пиразолондарды, пиразолидиндерді немесе басқа топтар мен ҚҚСД анальгетиктерін қабылдағаннан кейін осындай асқынулардың даму қаупінің жоғарылауын ескеру керек.
Дәрілік препаратты қолданар алдында егжей-тегжейлі анамнез жинау қажет, бұл ретте анальгетиктер немесе ҚҚСД қабылдаумен байланысты қан түзу жүйесі тарапынан реакциялар мен анафилаксиялық реакциялардың туындау қаупі жоғары адамдарда дәріні пайда/қауіп арақатынасын дәл бағалау кезінде тағайындау керек.
Иммундық жүйе тарапынан реакциялар
Ауыр анафилактоидты реакциялардың пайда болу қаупі жоғары:
• анальгетиктерді қабылдаумен байланысты демікпесі бар пациенттерде немесе уртикария-ангионевроздық ісіну сияқты реакциялармен көрінетін тіркелген анальгетиктер жақпаушылығы бар пациенттерде
• бронх демікпесі бар, әсіресе риносинуситпен және мұрын полипозымен қатар жүретін пациенттер
• созылмалы уртикариямен ауыратын адамдар
• бояғыштар жақпаушылығы бар адамдар (мысалы, тартразин) және консерванттар (мысалы, бензоаттар)
• алкоголь жақпаушылығы бар адамдар (алкогольді сусындардың аз мөлшерін тұтынғанның өзінде көзден жас ағу, түшкіру мен қарқынды гиперемияның пайда болуы туралы анамнездік деректер).
Мұндай алкоголь жақпаушылығы анальгетиктермен байланысты, бұрын анықталмаған демікпе синдромының көрсеткіші болуы мүмкін.
Анафилаксиялық реакцияның пайда болу қаупі жоғары пациенттерде оларды қатаң бақылау және шұғыл көмек көрсету бойынша алдын алу шараларын қамтамасыз ету қажет.
Қан түзу жүйесі тарапынан реакциялар
Агранулоцитоздың, тромбоцитопенияның немесе панцитопенияның дамуына тән симптоматика (дене температурасының көтерілуі, қалтырау, ауыз қуысының шырышты қабығының, тамақтың, жыныс мүшелері мен анустың қабыну және ауырсынатын өзгерістері, жалпы жай-күйдің нашарлауы, ЭШЖ-нің едәуір жоғарылауы, гранулоциттер санының азаюы немесе болмауы, гематомалар, қан құйылулар, бозару) анықталған жағдайда дәрі қабылдауды дереу тоқтатып, қажетті клиникалық-зертханалық зерттеулер жүргізу және тиісті шаралар қабылдау қажет.
Антибиотиктерді қабылдаған пациенттерде агранулоцитоз және панцитопенияның клиникалық симптомдары әлсіз көрінуі мүмкін.
Пациенттер агранулоцитоз және панцитопенияның ықтимал белгілері туралы хабардар болуы керек, мұндай симптомдар пайда болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек.
Гипотония, циркуляторлық коллапс және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан басқа да бұзылулар
Метамизол дозаға байланысты болуы ықтимал гипотензиялық реакцияларды туындатуы мүмкін. Метамизолды парентеральді қолдану кезінде олардың пайда болу ықтималдығы жоғары болады.
Бұрын болған гипотония, дегидратация, гиперпирексия, тұрақсыз қан айналымы және бастапқы айналым жеткіліксіздігі (мысалы, миокард инфарктісі) жоғары зейін қоюды және жағдайды бақылауды қажет етеді, себебі метамизолды қабылдағаннан кейін гипотензияның даму қаупі жоғары болады.
Гипотензиялық реакциялардың пайда болу қаупін азайту үшін, мысалы, айналымды тұрақтандыру сияқты алдын алу шараларын қабылдау қажет.
Сондай-ақ, метамизолды қан қысымының төмендеуін үшін, мысалы, коронарлық қантамырлардың ауыр аурулары немесе ми қантамырларының стенозы айқындалған пациенттерде гемодинамикалық көрсеткіштерді бақылауда сақтықпен қолдану керек.
Терінің ауыр реакциялары
Метамизолмен емдеу кезінде Стивенс–Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді және DRESS-синдромды (дәрілік затқа бөртпемен, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен жүретін реакция) қоса алғанда, күрделі тері реакцияларының дамуы туралы хабарлар болған. Егер сіз жағымсыз реакциялар деп сипатталған күрделі тері реакцияларына байланысты қандай да бір симптомдардың пайда болғанын байқасаңыз, метамизолды қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Егер сізде қашан болсын кез келген күрделі тері реакциясы дамыған болса, Омалгинмен емдеуді қайта бастамаған жөн (Жағымсыз реакциялар сипаттамасын қараңыз).
Басқалары
Жаңа түзілімдері бар және цитостатиктермен емделіп жүрген пациенттерде дәрілік препаратты қолдану агранулоцитоз, тромбоцитопения және панцитопения дамуының алдын алуды ескере отырып, қан көрінісін тұрақты бақылаумен қатар жүруі тиіс.
Дәрілік препарат маман тарапынан бүйрек және бауыр функциясы зақымданған немесе төмендеген пациенттерде пайда/қауіп арақатынасын жан-жақты бағалаудан кейін қолданылады (егде жастағы пациенттерде организмнен метамизолдың шығарылуы баяулауы мүмкін).
Ауыруды басатын дәрілерді үнемі қабылдау бүйректің зақымдалуына әкелуі мүмкін, ал кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін (анальгетикалық нефропатия деп аталады). Бүйрек зақымдалған науқастарда препаратты ұзақ уақыт қолдану ерекше күтімді қажет етеді.
Анальгетиктерді бір күнде немесе одан да көп қабылдаған кезде анальгетиктермен ұзақ уақыт емдеуден кейін (3 айдан астам) бас ауыруы пайда болуы немесе нашарлауы мүмкін. Бұл бас ауыруы дозаны арттыру арқылы емделмеуі керек, дәрігермен кеңескеннен кейін емдеуді тоқтату қажет.
Метамизолды жоғары дозада қабылдаған кезде метаболиттің көп шығарылуына байланысты несеп қызыл түске боялуы мүмкін.
Қосымша заттар
20 тамшы ерітіндінің (1 мл) құрамында 1,5 ммоль (34,3 мг) натрий бар, мұны бақыланатын натрийді қабылдау диетасын ұстанатын пациенттерде есте ұстаған жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Метамизолды 10 жасқа дейінгі балаларда қолдану дәрігер тағайындағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Омалгинді емдік дозаларда қолдану автомобильді басқару және машиналармен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жоғары дозаларды қабылдаған кезде автомобильді басқарудан және машиналармен жұмыс істеуден немесе басқа да қауіпті әрекеттерден, әсіресе алкогольді ішкеннен кейін, аулақ болу керек.