Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы кишечнорастворимые
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
Омез®
Әсер етуші зат
Омепразол
Мақсаты
Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу (қыжыл, қышқыл кекіру сияқты симптомдар)
Өндіруші
Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында:
белсенді зат - омепразол 10 мг,
қосымша заттар: маннитол/маннитол 25С, кросповидон, гипромеллоза 5 срs, полоксамер 407 (Lutrol F127), меглюмин.
PVP жабыны: повидон (PVPK-30)
Ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этилакрилат кополимері (Eudragit L 100-55)/ метакрил қышқылы және этилакрилат кополимері (Drugcoat L100-55), триэтилцитрат, магний стеараты.
Қатты желатин капсуланың құрамы: желатин, тазартылған су.
Капсула корпусы: темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171).
Капсула қақпақшасы: FD&С Сары 6 (Е110), FD&С Қызыл 40 (Е129), FD&С Көк 1 (Е133), D&C Қызыл 28, Титанның қостотығы (Е171).
Қара сия құрамы: шеллак (Е904), сусыз этанол (Е1510), изопропил спирті, бутанол, пропиленгликоль (Е1520), аммиак концентрацияланған ерітіндісі (E527), темірдің қара тотығы (Е172), калий гидроксиді (Е525) , тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Лаванда түсті мөлдір емес қақпақшасы және сары түсті мөлдір емес корпусы, қақпақшасы мен корпусында қара сиямен «OMEZ 10» жазуы бар қатты желатин капсулалар, өлшемі №3 (10 мг доза үшін).
Капсуланың ішінде – ақтан ашық-сары түске дейінгі сфералық пішіннен эллипс пішініне дейінгі пеллеттер.
Омез® ересектерде қолдануға арналған:
• симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу (қыжыл, қышқыл кекіру сияқты симптомдар)
ATX коды А02ВС01
Әсер ету механизмі
Омепразол, екі энантиомердің рацемиялық қоспасы, жоғары мамандандырылған әсер ету механизмі арқылы асқазан қышқылының секрециясын төмендетеді. Ол париетальді жасушаларда қышқылдық сорғының спецификалық тежегіші болып табылады. Ол жылдам әсер етеді және күніне бір рет қабылдағанда асқазан қышқылының секрециясын қайтымды тежеу арқылы бақылау береді.
Омепразол әлсіз сілті болып табылады және париетальді жасушалардың жасушаішілік өзекшелерінің жоғары қышқылды айналасында әсер етуші формаға концентрацияланады және ауысады, онда ол H+ K+-ATPase энзимін – қышқылдық сорғыны тежейді. Асқазан қышқылының қалыптасу үдерісінің соңғы сатысына осы әсер дозаға байланысты және тиімділігі жоғары бәсеңдеуді базалық қышқыл секрециясы ретінде де, стимулға қарамастан стимуляцияланған қышқыл секрециясы ретінде де көрсетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Барлық бақыланған фармакодинамикалық әсерлер омепразолдың қышқыл секрециясына әсерімен түсіндірілуі мүмкін.
Асқазан қышқылының секрециясына әсері
Омепразолды пероральді түрде күніне бір рет қабылдау күндіз-түні (24 сағат) асқазан қышқылы секрециясының жылдам және тиімді бәсеңдеуін береді, ең жоғарғы әсерге емдеудің 4 күнінде жетеді. Омепразолдың 20 мг дозасында он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде асқазанішілік қышқылдықтың 24 сағат ішінде кемінде 80%-ға орташа төмендеуіне жетеді, ал пентагастрин стимуляциясынан кейін қышқыл түзілуі шегінің орташа төмендеуі қабылдаудан кейін 24 сағат ішінде шамамен 70% құрайды.
20 мг омепразолды пероральді қабылдау рН ≥ 3 асқазанішілік деңгейін он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде орташа алғанда 24-сағаттық кезеңнің 17 сағатына демейді.
Қышқыл секрециясының және асқазанішілік қышқылдықтың осы төмендеуі нәтижесінде, омепразол дозаға байланысты пептидтік рефлюкс-эзофагиті бар пациенттерде қышқылдың өңешке әсерін төмендетеді/қалпына келтіреді.
Қышқыл секрециясының бәсеңдеуі көрсетілген уақыт сәтіндегі плазманың нақты концентрациясымен емес, омепразол үшін плазмаға арналған концентрация-уақыт қисық астындағы ауданмен (area under the plasma concentration-time curve, AUC) байланысты.
Тахифилаксия әсері омепразолды пайдаланғанда байқалмады.
H. рylori-ге әсері
H. pylori он екі елі ішек пен асқазан ойық жарасын қоса, асқазанның ойық жара ауруымен байланысты. H. pylori гастритті дамуында негізгі фактор болып табылады. H. pylori асқазан қышқылымен бірге асқазанның ойық жара ауруының дамуында негізгі факторлар болып табылады. H. рylori атрофиялық гастрит дамуында негізгі фактор болып табылады, ол асқазан обыры дамуының жоғары қаупімен байланысады.
H. pylori омепразолдың және микробқа қарсы препараттардың көмегімен жою сауығудың жоғары жиілігімен, асқазан ойық жарасының ремиссиясына дейін ұзақтықтың ұлғаюымен байланысты.
Қосарлы емдеу үштік емге қарағанда анағұрлым төмен тиімділігі зерттелді және көрсетілді. Дегенмен, оларды қолдану жоғары сезімталдық үштік біріктірілімді пайдалануға жол бермейтін жағдайларда қарастырылуы мүмкін.
Қышқылды тежеумен байланысты басқа әсерлер
Ұзақ мерзімді емдеу уақытында асқазан кистасының даму жиілігінің аздаған жоғарылауы байқалды. Бұл өзгерістер қышқыл секрециясының айқын бәсеңдеуінің физиологиялық салдары болды, қатерсіз болып табылады және қайтымды болуы мүмкін.
Асқазан қышқылдығын протонды сорғы тежегіштерін қоса, кез келген дәрілермен төмендету, қалыпты асқазан-ішек жолында болатын Salmonella және Campylobacter және ауруханадағы пациенттерде, Clostridium difficile сияқты асқазан бактерияларының санын ұлғайтады.
Антисекреторлық дәрілік препараттарды қолданумен емдеу уақытында сарысудағы гастрин деңгейлері қышқыл секрециясының төмендеуі нәтижесінде ұлғайған. Сондай-ақ CgA асқазан қышқылдығының себебінен ұлғаяды. CgA деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктердің зерттеулерімен өзара әрекеттесуі мүмкін. Қолжетімді жарияланған деректер протонды сорғы тежегіштерін CgA деңгейін өлшегенге дейін 5 күннен 2 аптаға дейін қабылдауды болжамдайды. Бұл PPI қабылдау себебінен жалған жоғарылауы мүмкін CgA деңейлерінің талап етілген мәндер диапазонына оралуы үшін қажет.
ECL-жасушалар санының жоғарылауы сарысудағы гастрин деңгейінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін; мұндай әсер омепразол қолданумен ұзақ мерзімді ем кезінде кейбір пациенттерде (балаларда да, ересектерде де) байқалды. Осы нәтижелердің клиникалық маңыздылығы жоқ деп есептеледі.
Дозалау режимі
Ересектер үшін.
Тамақтанудан 30 минут бұрын жеткілікті су мөлшерімен ішке қабылдау (капсуланың ішіндегісін шайнауға болмайды) керек. Егер пациент капсуланы бүтіндей жұта алмаса, оның ішіндегісін аздаған су мөлшерінде немесе жеміс шырынында ерітуге болады (газдалған сусындарда ерітуге болмайды). Препараттың алынған ерітіндісін дайындаған соң бірден қосымша ½ стақан сумен ішу керек.
Қыжыл, қышқылды кекіру сияқты гастроэзофагеальді рефлюкс симптомдары
Омез® препаратының әдеттегі дозасы тәулігіне бір рет 10 мг (1 капсула) құрайды. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг-ден аспауы тиіс. Үнемі ең аз тиімді доза пайдаланылуы тиіс. Дәрігер кеңесінсіз ең ұзақ емдеу курсы – 14 күн. 14-күндік емдеу курстары арасындағы үзіліс кемінде 4 айды құрауы тиіс.
Егер 2 апта ішінде симптомдардың жеңілдеуі байқалмаса немесе олар өршіп кетсе, емдеуші дәрігерге қаралу қажет.
Препаратты айрықша жағдайларда қолдану
Омез® препаратын айрықша жағдайларда қолдану мүмкіндігін дәрігер бағалайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Омепразол биожетімділігі мен клиренсі артады. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Егде жас
Омепразол метаболизмі жылдамдығының егде жастағы тұлғаларда төмендеуіне қарамастан, препаратты 20 мг және одан аз тәуліктік дозада қолданғанда дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Тамақтанудан 30 минут бұрын жеткілікті су мөлшерімен ішке қабылдау керек (капсуланың ішіндегісін шайнауға болмайды). Егер пациент капсуланы бүтіндей жұта алмаса, оның ішіндегісін аздаған су мөлшерінде немесе жеміс шырынында ерітуге болады (газдалған сусындарда ерітуге болмайды). Препараттың алынған ерітіндісін дайындаған соң бірден қосымша ½ стақан сумен ішу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• Омепразолды, протонды сорғының басқа тежегіштері (ПСТ) сияқты, нелфинавирмен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды
• жүктілік және бала емізу кезеңінде
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Жиі
• бас ауыруы
• құрсақ қуысының ауыруы, іш қатуы, диарея, метеоризм, жүрек айнуы/құсу, асқазан түбі бездері полиптері (қатерсіз)
Жиі емес
• ұйқысыздық
• бас айналу, парестезия, ұйқышылдық
• вестибулярлық бас айналу
• бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
• дерматит, қышыну, бөртпе, есекжем
• ортан жілік, білезік немесе омыртқаның сынуы
• жайсыздық, шеткері ісіну
Сирек
• лейкопения, тромбоцитопения
• аса жоғары сезімталдық реакциялары, мысалы, қызба, ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық реакция / анафилаксиялық шок
• гипонатриемия
• қозу, сананың шатасуы, депрессия
• дәм сезудің бұзылуы
• бұлыңғыр көру
• бронх түйілуі
• ауыздың құрғауы, стоматит, асқазан-ішек кандидозы
• гепатит сарғаюмен немесе онсыз
• алопеция, жарыққа сезімталдық, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS)
• артралгия, миалгия
• тубулоинтерстициялық нефрит (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеуі мүмкін)
• қатты терлеу
Өте сирек
• агранулоцитоз, панцитопения
• озбырлық, елестеу
• бауыр функциясының бұзылуы, бауыр ауруы бар пациенттерде энцефалопатия
• мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (TEN)
• бұлшықет әлсіздігі
• гинекомастия
Белгісіз
• гипомагнезиемия; ауыр гипомагнезиемия гипокальциемияға әкелуі мүмкін. Гипомагнезиемия гипокалиемиямен де байланысты болуы мүмкін.
• микроскопиялық колит, орташа іш жүргізетін әсері
• жеделге жуық терінің қызыл жегісі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: сананың шатасуы, ұйқышылдық, бас ауыру, көрудің бұзылуы, тахикардия, ауыздың құрғауы, жүрек айну, қатты терлеу.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.
Спецификалық ұсыныстар жоқ
Арнайы ескертулер
Ескерту симптомдары (дене салмағының өздігінен едәуір жоғалуы, қайталанатын құсу, дисфагия, қан құсу немесе қарамай тәрізді нәжіс) болғанда, сондай-ақ асқазанның ойықжара ауруына күмән болғанда немесе диагноз расталған жағдайда, қатерлілігін анықтау керек, себебі ем ауру симптомдарын жасыруы мүмкін.
Атазанавирді протонды сорғы тежегіштерімен қатар қабылдау ұсынылмайды. Егер атазанавир мен протонды сорғы тежегіштерін біріктіруден басқа амал болмайтыны анықталса, атазанавирдің 400 мг дейінгі дозасының 100 мг ритонавирмен біріктілімімен, мұқият клиникалық мониторинг (мысалы, вирустық жүктеме) ұсынылады; омепразол дозасы 20 мг аспауы тиіс.
Омепразол, барлық қышқыл бөгейтін препараттар сияқты, гипо- немесе ахлоридия себебінен B12 (цианобаламин) дәруменінің сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Мұны организмде қорлары төмен немесе ұзақ емдегенде B12 дәруменінің сіңірілуі төмендеуі бойынша қауіп факторлары бар пациенттерді емдегенде ескеру керек.
Омепразол CYP2C19 тежегіші болып табылады. Омепразол қолданумен емнің басында немесе аяқталғанда, CYP2C19 арқылы метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттесу потенциалы бар. Өзара әрекеттесу клопидрогел мен омепразол арасында байқалды. Сақтық шарасы ретінде омепразол мен клопидрогелді қатар пайдалану ұсынылмайды.
Магний жеткіліксіздігінің жедел жағдайлары кемінде үш ай бойы, негізінен бір жыл бойы, омепразол сияқты протонды сорғы тежегіштерін (proton pump inhibitors, PPIs) пайдалану арқылы ем алған пациенттерде байқалды. Магний жеткіліксіздігінің күрделі көріністері қажу, тетания,
сандырақтау жағдайлары, конвульсия, бас айналуы және вентрикулярлық аритмия болып табылады, олар кенеттен басталуы мүмкін және оларды көруге болады. Мұндай пациенттердің көбінде магний жеткіліксіздігінің жағдайы магний-орын басушы емнен кейін және PPI пайдалануды тоқтатқанда жақсарды.
Ұзақ емдеу болжанатын немесе дигоксинмен немесе магний жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін препараттармен (мысалы, диуретиктер) РРІ қабылдайтын пациенттерде денсаулық сақтау саласындағы мамандар РРІ қолдануды бастар алдында және мезгіл-мезгіл емдеу кезінде магний деңгейін өлшеп тұрулары тиіс.
Протонды сорғы тежегіштері, әсіресе үлкен дозаларда және үлкен ұзақтықпен (бір жылдан астам) пайдаланғанда, әсіресе егде жастағы пациенттерде немесе басқа да идентификацияланған қауіп факторлары болғанда жамбастың, білектің немесе омыртқаның сыну қаупі аздап ұлғаюы мүмкін. Протонды сорғы тежегіштерін жалпы сыну қаупін 10-40%-ға жоғарылатуы мүмкін. Осы жоғарылаудың белгілі бір бөлігі басқа қауіп факторларымен байланысты болуы мүмкін. Остеопороз қаупінің аймағындағы пациенттер тиісті ем алулары тиіс ағымдағы клиниклық нұсқаулықтарға сәйкес, сондай-ақ D дәрумені мен кальцийдің жеткілікті мөлшерін қабылдаулары тиіс.
Жеделге жуық терінің қызыл жегісі (Subacute cutaneous lupus erythematosus, SCLE). Протонды сорғы тежегіштері өте сирек SCLE оқиғаларымен байланысты. Егер, әсіресе күн сәулесінің әсеріне ұшыраған тері аумақтарында зақымданулар орын алса, және/немесе егер олар артралгиямен қатар жүрсе, пациентке дереу медициналық көмекке жүгінулері керек, ал емдеуші дәрігерлер омепразол қабылдауды тоқтатуды қарастырулары тиіс. SCLE протонды сорғы тежегіштерін қолданумен ем алғаннан кейін басқа протонды сорғы тежегіштерін қолданған соң SCLE қаупін арттыруы мүмкін.
Зертханалық сынақтармен өзара әрекеттесу
A (CgA) хромограниннің жоғары деңгейі нейроэндокриндік ісіктердің зерттеулерімен өзара әрекеттесуі мүмкін. Осы өзара әрекеттесуге жол бермеу үшін омепразол қолданылатын емді CgA деңгейлерін өлшеуді бастар алдында кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер CgA және гастрин деңгейлері алғашқы өлшеуден кейін аталған диапазонға оралмаса, оларды протонды сорғы тежегіштерін қабылдау аяқталғаннан кейін 14 күннен соң қайталау керек.
Созылмалы аурулары бар кейбір балаларда ұсынылмайтынына қарамастан, ұзақ мерзімді ем қажет болуы мүмкін.
Протонды сорғы тежегіштерін қолданумен емдеу Salmonella және Campylobacter сияқты асқазан-ішек инфекциялары қаупінің аздап жоғарылауына және ауруханадағы пациенттерде, Clostridium difficile әкелуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді емдеудің барлық жағдайларындағыдай, әсіресе емдеу кезеңі 1 жылдан асып кетсе, пациенттер тұрақты қадағалауда болулары тиіс.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Жедел тубулоинтерстициялық нефрит (TIN) омепразол қабылдаған пациенттерде байқалды және омепразолмен емдеу кезінде кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.
Жедел тубулоинтерстициялық нефрит бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеуі мүмкін.
Егер жедел тубулоинтерстициялық нефритке күдік болса, омепразолды қабылдауды тоқтатып, дереу тиісті емдеуді бастау керек.
Жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Омепразол фертильділіктің немесе ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуына әкелген жоқ.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлікті басқарғанда немесе психомоторлық реакциялардың жоғары шапшаңдығын және зейін қоюды талап ететін басқа да қызмет түрлерімен айналысқанда сақтық шарасын қадағалау керек.
Омепразолдың басқа да дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі шектеулі. Омепразол P450 цитохромы жүйесі арқылы бауырда метаболизденеді, сондықтан бауырда, сондай-ақ осы жүйенің қатысуымен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолданған кезде омепразол олардың шығарылуын төмендетуі мүмкін. Омепразол диазепам, фенитоин және антикоагулянттардың (варфарин) экскрециясын баяулатады. Антикоагулянттармен қатар қолданған кезде қанның талдауына, протромбиндік уақытты бақылау, омепразолдың дозасын түзету қажет.
Нелфинавир, атазанавир
Нелфинавир мен атазанавирдің плазмадағы деңгейлері оларды омепразолмен бірге қолданған жағдайда азаяды.
Омепразолды нелфинавирмен бірге тағайындауға болмайды. Омепразолды бір мезгілде қолдану (тәулігіне бір рет 40 мг) нелфинавирдің орташа экспозициясын 40%-ға төмендетеді, және фармакологиялық белсенді метаболиті М8 орташа экспозициясы 75-90%-ға төмендеген. Өзара әрекеттесуіне CYP2C19 тежеуін де кірістіруге болады.
Омепразолды атазанавирмен бірге тағайындау ұсынылмайды.
Омепразол (тәулігіне бір рет 40 мг) мен 300 мг атазанавирді / 100 мг ритонавирді бірге қолдану атазанавир экспозициясының 75% төмендеуіне алып келді. Атазанавирдің дозасын 400 мг дейін арттыру омепразолдың атазанавир экспозициясына әсерінің орнын толтырған жоқ. Омепразолды (тәулігіне бір рет 20 мг) 400 мг атазанавирмен / 100 мг ритонавирмен бірге қабылдау тәулігіне бір реттік 300 мг атазанавирмен / 100 мг ритонавирмен салыстырғанда, атазанавир экспозициясының шамамен 30%-ға төмендеуіне алып келді.
Дигоксин
Омепразолмен (тәулігіне 20 мг) және дигоксинмен бірге емдеу дигоксиннің биожетімділігін 10%-ға арттырды. Дигоксиннің уыттылығы туралы сирек хабарланады. Алайда егде жастағы пациенттерде омепразолдың жоғары дозаларын тағайындаған кезде сақтық таныту керек.
Клопидогрел
Омепразолды (тәулігіне 80 мг) және клопидогрельді бірге қосып емдегенде (тәулігіне 300 мг дейін, артынша тәулігіне 75 мг) клопидогрельдің биожетімділігін 46 % дейін төмендеді. Біріктіріп емдегенде пациенттер емдік дозаны реттеулері тиіс.
Обсервациялық және клиникалық зерттеулерде омепразолдың елеулі жүрек-қантамыр асқынулары саласындағы фармакодинамикалық және фармакокинетикалық әсерінің клиникалық көріністеріне қатысты біртекті емес деректер ұсынылған. Сақтық шарасы ретінде омепразол мен клопидогрелді бірге қолдану ұсынылмайды.
Басқа белсенді заттар
Позаконазолдың, эрлотинибтің, кетоконазол мен итраконазолдың сіңірілуі айтарлықтай азаяды және сол арқылы, клиникалық тиімділігі бұзылуы мүмкін. Позаконазол мен эрлотиниб үшін бір мезгілде қолданылуын болдырмау керек.
CYP2C19 метаболизденетін белсенді заттар
Омепразол, омепразолды метаболиздейтін негізгі энзим CYP2C19 орташа тежегіші болып табылады. Осылайша, қатарлас белсенді заттардың, сондай-ақ CYP2C19 арқылы метаболизденетін заттардың метаболизмі төмендеуі мүмкін және ол заттардың жүйелі экспозициясы артуы мүмкін. Мұндай препараттарға R-варфарин және К дәруменінің басқа антагонистері, цилостазол, диазепам және фенитоин мысал бола алады.
Цилостазол
40 мг дозаларда қабылданған омепразол, цилостазол үшін Cmax пен AUC сәйкесінше 18% және 26%-ға, ал оның белсенді метаболиттерінің бірі үшін сәйкесінше 29% және 69%-ға арттырды.
Фенитоин
Омепразолмен емдеуді бастағаннан кейінгі алғашқы екі апта ішінде плазмадағы фенитоин концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады, егер фенитоиннің дозасына түзету жүргізілсе, омепразолмен емдеу аяқталғаннан кейін мониторинг және ары қарай дозасын түзету жүргізілуі тиіс.
Саквинавир
Омепразол мен саквинавирді/ритонавирді бірге қолдану АИТВ-инфекциясы бар пациенттердің жақсы көтерімділігіне байланысты, саквинавир үшін плазмадағы деңгейінің шамамен 70%-ға дейін артуына алып келді.
Метотрексат
Протонды сорғының тежегіштерімен бірге қолданғанда, кейбір пациенттерде метотрексат деңгейінің жоғарылауы байқалды. Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерде омепразолды қабылдауды уақытша тоқтатуды қарау талап етілуі мүмкін.
Такролимус
Омепразолды бірге қолданған кезде такролимустың сарысудағы деңгейлерінің артқаны байқалды. Такролимус концентрацияларына, сондай-ақ бүйрек функциясына (креатинин клиренсі) күшейтілген мониторинг жүргізілуі тиіс, қажет болса такролимустың дозасы түзетіледі.
Басқа белсенді заттардың омепразол фармакокинетикасына әсері
CYP2C19 және/немесе СУР3А4 тежегіштері
Омепразол CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетіндіктен, CYP2C19 немесе СУР3А4 тежегіштері (кларитромицин және вориконазол сияқты) ретінде белгілі белсенді заттар, оның метаболизмінің жылдамдығын азайтудың есебінен омепразолдың сарысудағы деңгейлерінің артуына алып келуі мүмкін. Вориконазолды бірге қолдану омепразол экспозициясының екі еселенуіне алып келді. Егер омепразолдың жоғары дозалары жақсы көтерімді болған жағдайда, омепразолдың дозасын түзету әдетте қажет емес. Алайда дозасын түзетуді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және ұзақ уақыт емдегенде қарастыру керек.
CYP2C19 және/немесе СУР3А4 изоферменттерінің индукторлары
CYP2C19 немесе CYP3A4 немесе екеуінің де индукторлары ретінде белгілі белсенді заттар (рифампицин және шайқурай сияқты), метаболизмінің жылдамдығын арттырудың есебінен, омепразолдың қан сарысудағы деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.