Әсер ету механизмі
Омепразол, екі энантиомердің рацемиялық қоспасы, асқазан сөлінің секрециясын жоғары мақсатты әсер ету механизмі арқылы төмендетеді. Бұл париетальді жасушалардағы протон сорғысының тежегіші. Ол жылдам әрекет етеді және препаратты күніне бір рет тиісті дозада қабылдаған кезде асқазанда тұз қышқылы секрециясының қайтымды тежелу есебінен бақылауды қамтамасыз етеді.
Омепразол әлсіз негіз болып табылады және Н+К+-АТФаза ферменті – протонды сорғыны тежейтін париетальді жасушалардың жасушаішілік өзекшелерінің жоғары қышқыл ортасында белсенді түрге айналады. Қышқыл түзілу процесінің соңғы сатысына әсер ету дозаға тәуелді және қоздырғыштың табиғатына қарамастан базальді және қоздырылған қышқыл секрециясының жоғары тиімді тежелуін қамтамасыз етеді. Фармакодинамикалық әсерлері
Барлық белгіленген фармакодинамикалық әсерлер омепразолдың қышқыл секрециясы әсеріне негізделген.
Асқазан сөлінің секрециясына әсері
Омепразолды күнделікті пероральді қабылдау кезінде күндізгі және түнгі уақытта қышқыл секрециясының жылдам және тиімді тежелуі қамтамасыз етіледі. Ең жоғары әсерге емдеудің 4 күні ішінде қол жеткізіледі. Он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттердің омепразолды 20 мг дозада қолдануы 24 сағат ішінде асқазан қышқылдығының кемінде 80% - ға тұрақты төмендеуін тудырады. Бұл ретте пентагастринмен стимуляциядан кейін қышқылдың орташа ең жоғары концентрациясының 24 сағат ішінде 70%-ға төмендеуіне қол жеткізіледі.
Он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде 20 мг дозадағы омепразолды пероральді қабылдау тәулігіне 17 сағат бойы орта есеппен РН≥3 деңгейінде асқазанішілік ортадағы қышқылдық мәнін сақтауға мүмкіндік береді.
Асқазан ішілік ортада қышқыл секрециясы мен қышқылдықтың төмендеуіне байланысты омепразол гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы бар пациенттерде өңештегі қышқылдың әсерін дозаға тәуелді түрде төмендетеді/қалыпқа келтіреді. Қышқыл секрециясын тежеу қазіргі уақытта дәрілік препараттың плазмадағы нақты концентрациясымен емес, омепразолдың фармакокинетикалық қисық асты ауданымен (AUC) байланысты.
Омепразолмен емдеу кезінде тахифилаксия жағдайлары байқалған жоқ.
Helicobacter pylori-ге әсер ету
H. pylori асқазан ойық жарасына, соның ішінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасына байланысты. H. pylori гастриттің, оның ішінде асқазан қатерлі ісігі даму қаупінің жоғарылауымен байланысты атрофиялық гастриттің негізгі факторы болып табылады. Омепразолды бактерияға қарсы препараттармен бірге қолданғанда H. pylori эрадикациясы асқазан-ішек жолын шырышты қабығының жоғары дәрежеде жазылумен және ойық жара ауруының ұзақ ремиссиясымен қатар жүреді.
Қосарланған емнің әртүрлі сызбалары талданды және үштік еммен салыстырғанда олардың тиімділігі аз болды. Алайда, оларды қолдану мүмкіндігі пациенттің жоғары сезімталдығы үш есе біріктірілімді қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайларда қарастырылуы мүмкін.
Қышқыл секрециясын тежеуге байланысты басқа әсерлер
Ұзақ мерзімді асқазан емі кезінде асқазанда безді кисталардың пайда болу жиілігі жоғары болды. Мұндай өзгерістер қышқыл секрециясын тежеудің физиологиялық салдары болып табылады, олар қатерсіз және қайтымды.
Протонды сорғы тежегіштерінің немесе қандай да бір басқа препараттардың әсерінен өз кезегінде Salmonella және Campylobacter сияқты бактериялар туындатқан ішек инфекциялары даму қаупінің шамалы ұлғаюына әкелуі ықтимал, ал емге жатқызылған пациенттерде Clostridium difficile әкелуі мүмкін асқазан қышқылдығының төмендеуі ішектің қалыпты микрофлорасының өсуіне әкеледі.
Тұз қышқылының секрециясын басатын дәрілік препараттары қолдану сарысулық гастрин деңгейінің жоғарылауымен байланысты.
Асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген кезде нейроэндокринді ісіктерді анықтау мақсатында диагностикалық тексеру жүргізу кезінде зерттеу нәтижелерін бұрмалауы мүмкін А (CgA) хромогранин деңгейі жоғарылайды. Қолда бар жарияланған деректер протонды сорғы тежегіштерін қабылдауды жоспарланған CgA деңгейін өлшеуге дейін 5-тен 14 күнге дейінгі аралықта тоқтату керек екенін көрсетеді. Бұл протон сорғысының тежегіштерін қабылдағаннан кейін жалған-оң болуы мүмкін хромогранин А деңгейін қалыпты мәндерге дейін қалпына түсіруге мүмкіндік береді.
Омепразолмен ұзақ емдеу кезінде кейбір пациенттерде (балаларда да, ересектерде де) қан сарысуындағы гастрин деңгейінің жоғарылауымен байланысты ECL жасушаларының (энтерохромаффин тәрізді жасушалар) көбеюі байқалды. Алынған деректердің клиникалық маңызы жоқ деп саналады.
Балалар
Ауыр рефлюкс-эзофагиті бар (1 жастан 16 жасқа дейін) балалардың қатысуымен бақыланбайтын зерттеуде 0,7-ден 1,4 мг / кг дейінгі дозадағы омепразол 90% жағдайда эзофагитпен ауыратын пациенттердің жай-күйін жақсартты және рефлюкс симптомдарын едәуір азайтты. Қарапайым жасырын зерттеуде клиникалық диагноз қойылған гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы бар 0-24 айлық балалар омепразолды 0,5, 1,0 немесе 1,5 мг / кг дозада қабылдады. Құсу / лоқсу эпизодтарының жиілігі 8 апта емдеуден кейін дозасына қарамастан 50%-ға төмендеді.
Балалардағы H. pylori эрадикациясы
Héliot зерттеуінің нәтижесінде (рандомизацияланған салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеу) омепразолдың бактерияға қарсы екі препаратпен (амоксициллин және кларитромицин) бірге 4 жастан асқан гастритіке шалдыққан балаларда H. pylori инфекциясын емдеуде қауіпсіз және тиімді екендігі анықталды. H. рylori эрадикация деңгейі амоксициллин + кларитромицин тобындағы 9,4%-бен (32 пациенттің 3-і) салыстырғанда омепразол + амоксициллин + кларитромицин тобында 74,2%-ды (31 пациенттің 23-і) құрады. Алайда, диспепсия симптомдарына қатысты клиникалық нәтижелер жоқ. Бұл зерттеу 4 жасқа дейінгі балалар туралы тиісті ақпаратты растамайды.
• Фармакокинетикалық қасиеттері
Сіңірілуі
Омепразол және омепразолдың магний тұзы қышқылға төзімді, сондықтан ішекте еритін жабыны бар түйіршіктер түрінде капсулаларда немесе таблеткаларда қолданылады. Омепразолдың сіңірілуі жылдам, дәрілік препаратты қабылдағаннан кейін шамамен 1-2 сағаттан соң плазмадағы ең жоғары деңгейге жетеді. Сіңу жіңішке ішекте жүреді және әдетте 3-6 сағаттан кейін аяқталады. Бір мезгілде тамақтану биожетімділікке әсер етпейді. Омепразолды бір рет қабылдағаннан кейін жүйелік қолжетімділік (биожетімділігі) шамамен 40%-ды құрайды. Бір реттік дозаны қайта қабылдағаннан кейін биожетімділігі шамамен 60%- ға дейін артады.
Таралуы
Дені сау пациенттерде болжамды таралу көлемі дене салмағының шамамен 0,3 л/кг құрайды. Омепразол 97%-ға плазма ақуыздарымен байланысады.
Биотрансформациясы
Омепразол Р450 (CYP) цитохромы жүйесімен толығымен метаболизденеді. Оның метаболизмінің негізгі бөлігі қан плазмасындағы негізгі метаболит гидроксиомепразолдың түзілуіне жауап беретін CYP2C19 арнайы изоформасына байланысты. Қалған бөлігі омепразолсульфонның түзілуіне жауап беретін басқа ерекше изоформаға, CYP3A4-ке байланысты. Омепразолдың СУР2С19-ға жоғары аффинділігіне байланысты СУР2С19 үшін субстрат болып табылатын дәрілік
препараттар арасында бәсекелес тежеу және метаболизмдік өзара әрекеттесу үшін әлеует бар. СУР3А4 төмен аффинділігіне байланысты омепразол басқа СУР3А4 субстраттарының метаболизмін тежей алмайды. Сонымен қатар, омепразол CYP негізгі ферменттеріне тежейтін әсер етпейді.
Еуропеодтық нәсіл өкілдерінің шамамен 3%-ында және азиялық нәсіл өкілдерінің 15- 20%-ында СУР2С19 функционалды ферментінің жетіспеушілігі бар, сондықтан оларды "баяу метаболизаторлар" деп атайды. Пациенттердің бұл санатында омепразол метаболизмі негізінен СУР3А4 катализденуі мүмкін. 20 мг омепразолды қайта бір рет қабылдағаннан кейін "баяу метаболизаторлардағы" AUC көрсеткіші СУР2А19 ("жылдам метаболизаторлар") функционалдық ферменті бар субъектілерге қарағанда 5- 10 есе жоғары болды. Плазмадағы орташа ең жоғары концентрация да 3-5 есе жоғары болды. Алынған деректер омепразолды дозалауға ешқандай әсер етпейді.
Элиминациясы
Омепразолдың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі әдетте бір рет қабылдағаннан кейін де, бір рет дозаны қайта қолданғаннан кейін де 1 сағаттан аз уақытты құрайды. Омепразол тәулігіне бір рет қабылдаған жағдайда жинақталу үрдісінсіз екі дозаны қабылдау арасындағы аралықта плазмадан толық шығарылады. Омепразолдың пероральді дозасының 80%-ға жуығы несеппен метаболиттер түрінде, қалғаны - билиарлы секреция жолымен нәжіспен шығарылады.
Дозаға тәуелділігі / дозаға тәуелсіздігі
Омепразолдың AUC қайта қолданған кезде жоғарылайды. Мұндай жоғарылау дозаға тәуелді және қайта қолданғаннан кейін дәрілік препарат дозасы мен AUC дозаға тәуелді болмайтын тәуелділігіне әкеледі. Уақыт пен дозаға мұндай тәуелділік CYP2А19 ферментінің омепразолмен және/немесе оның метаболиттерімен (мысалы, сульфонмен) тежелуінен туындауы мүмкін бірінші өту метаболизмінің және жүйелі клиренсінің азаюына негізделген.
Асқазанда қышқыл секрециясына омепразол метаболитінің әсері анықталған жоқ.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде омепразол AUС жоғарылауына әкеліп, метаболизмді бұзған. Омепразол тәулігіне бір рет қолданғанда жинақталу үрдісін көрсеткен жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Омепразолдың фармакокинетикасы, оның ішінде жүйелік биожетімділігі және шығару жылдамдығы бүйрек функциялары бұзылған пациенттерде өзгермейді.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы (75-79 жас) пациенттерде омепразолдың метаболизм жылдамдығы біршама төмендеді.
Балалар
1 жастан асқан балаларды омепразолмен емдеу кезінде ұсынылған дозаларды қолдана отырып, ересек пациенттердегідей қан плазмасындағы концентрациялар сақталды. 6 айға дейінгі балаларда омепразол метаболизміне қабілеттіктің төмен болуы салдарынан омепразол клиренсі азайған.
• Клиникаға дейінгі қауіпсіздік деректері
Ұзақ мерзімді зерттеулерде омепразол қабылдаған егеуқұйрықтарда асқазанның ECL жасушаларының гиперплазиясы және карциноидты ісіктер байқалды. Бұл өзгерістер қышқылдың тежелуіне қатысты тұрақты гипергастринемияның нәтижесі болып табылады. Ұқсас құбылыстар H2 рецепторларының антагонистерімен, протон сорғысының тежегіштерімен емдеуден кейін және асқазанның кардиальді бөлігін ішінара резекциялаудан кейін анықталды. Осылайша, бұл өзгерістер кез келген жеке белсенді заттың тікелей әсерінің нәтижесі болмайды.
• ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
• Қосымша заттардың тізбесі Пеллет қосымша заттары: Маннит
Сахароза
Динатрий гидрофосфаты Натрий лаурилсульфаты Лактоза моногидраты (7.99 мг) Кальций карбонаты
Гидроксипропилметилцеллюлоза
Метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1:1)
Пропиленгликоль Диэтилфталат Цетил спирті Натрий гидроксиді Полисорбат 80
Поливинилпирролидон Титанның қостотығы (Е 171) Тальк
Капсула қабығының құрамы: Титанның қостотығы (Е 171) Желатин
• Үйлесімсіздігі.
Қатысты емес.
• Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
• Сақтаған кездегі айрықша сақтандыру шаралары
Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
• Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Үш пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады
• Пайдаланылған дәрілік препаратты немесе дәрілік препаратты қолданғаннан кейін немесе онымен жұмыс істеген соң алынған қалдықтарды жойған кездегі айрықша сақтық шаралары.
Барлық пайдаланылмаған дәрілік препарат пен қалдықтарды жергілікті ережелерге сәйкес жою керек.
• Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
• ТІРКЕУ КУӘЛІГІНІҢ ҰСТАУШЫСЫ
«Лекфарм» ЖШБҚ,
Беларусь Республикасы, 223141, Логойск қ., Минск к-сі., 2а үй, 301 к. Тел./факс: (01774) -53801, www.lekpharm.by
• ТІРКЕУ КУӘЛІГІ ҰСТАУШЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Тұтынушылардың шағымдары мына мекенжайға жолданады:
«Лекфарм» ЖШБҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,
050000, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 7,
"Нұрлы Тау" БО, 4а корпус, 55 кеңсе,
тел. 8 (727)-3110454, факс 8(727) -3110455,
электронды пошта: amangul-62@mail.ru
• ТІРКЕУ КУӘЛІГІНІҢ НӨМІРІ
ҚР-ДЗ-5№021199
• БАСТАПҚЫ ТІРКЕЛГЕН (ТІРКЕУ, ҚАЙТА ТІРКЕУ РАСТАЛҒАН) КҮНІ
Бірінші тіркелген күні: 19 ақпан 2015
Тіркелгенін (қайта тіркелгенін) соңғы растау күні: 01 мамыр 2020
• МӘТІН ҚАЙТА ҚАРАЛҒАН КҮН
Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасын http://www.ndda.kz ресми сайтынан көруге болады