Дозалану режимі
Он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу
Он екі елі ішегінің белсенді ойық жарасы бар пациенттерге омепразолды 20 мг дозада тәулігіне бір рет қабылдау ұсынылады. Пациенттердің көпшілігінде ойық жара екі апта ішінде жазылып кетеді. Ойық жара екі апта ішінде толық жазылмайтын жағдайларда жазылуға препаратты кейінгі екі апта бойы қабылдағанда жетуге болады. Емдеуге сезімталдығы аз он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерге, әдетте, тәулігіне бір рет 40 мг омепразол қолданылады; ойық жара, әдетте, төрт апта ішінде жазыла бастайды.
Он екі елі ішектің ойық жарасы қайталануларының профилактикасы
Он екі елі ішектің ойық жарасы қайталануларының профилактикасында Helicobacter pylori сынамасы теріс пациенттерге немесе H.pylori эрадикациясы мүмкін болмайтын жағдайларда ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразол құрайды. Кейбір пациенттерге 10 мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Сәтсіз ем жағдайында дозаны 40 мг дейін арттыруға болады.
Асқазанның ойық жарасын емдеу
Ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 20 мг омепразол. Пациенттердің көпшілігінде жазылу 4 апта ішінде басталады. Препарат қабылдаудың алғашқы курсынан кейін толық жазылу басталмайтын жағдайларда, әдетте, жазылуға жету үшін қайталанатын 4 апталық емдеу курсы қолданылады. Емдеуге сезімталдығы аз асқазан ойық жарасы бар пациенттерге, әдетте, тәулігіне бір рет 40 мг омепразол қолданылады; жазылуға, әдетте, 8 апта ішінде жетуге болады.
Асқазанның ойық жаралы ауруы қайталануларының профилактикасы
Емдеуге сезімталдығы аз асқазан ойық жарасы бар пациенттерге қайталануларды болдырмау үшін тәулігіне бір рет 20 мг омепразол ұсынылады. Қажет болған жағдайда, дозаны тәулігіне бір рет 40 мг дейін арттыруға болады.
Ойық жара ауруы кезінде H. pylori эрадикациясы
H. pylori инфекциясын эрадикациялау үшін антибиотиктер таңдағанда препараттың жекелеген пациенттердегі жағымдылығын қарастыру керек, әрі емді ұлттық, аймақтық және жергілікті басшылық қағидаларына және бактериялық төзімділікке қатысты емдеу сызбаларына сай жүргізген жөн.
- 20 мг омепразол + 500 мг кларитромицин + 1000 мг амоксициллин, әр препарат тәулігіне екі рет бір апта бойы немесе- 20 мг омепразол + 250 мг кларитромицин (немесе 500 мг) + 400 мг метронидазол (немесе 500 мг немесе 500 мг тинидазол), әр препарат тәулігіне екі рет бір апта бойы немесе- 40 мг омепразол тәулігіне бір рет 500 мг амоксициллинмен және 400 мг метронидазолмен (немесе 500 мг немесе 500 мг тинидазол), тәулігіне үш рет бір апта бойы.
Егер емдеу курсынан өткеннен кейін Helicobacter pylori сынамасы оң күйде қалса, емдеу курсын қайталауға болады.
ҚҚСП астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларын емдеу
ҚҚСП астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары болғанда препараттың ұсынылатын дозасы - тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылу 4 апта ішінде басталады. Бастапқы ем кезеңінде жазылмаған пациенттерде, әдетте, жазылуға препаратты 4 апталық қабылдау қайталанғанда жетуге болады.
ҚҚСП қолданудан болатын асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының профилактикасы, қауіп тобындағы пациенттерде
Қауіп тобындағы пациенттерде (> 60 жас, анамнездегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, анамнездегі асқазан-ішектен қан кету) ҚҚСП астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларының профилактикасында ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг омепразол құрайды.
Рефлюкс-эзофагитті емдеу
Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 20 мг омепразол. Пациенттердің көпшілігінде жазылу төрт апта ішінде басталады. Препарат қабылдаудың алғашқы курсынан кейін толық жазылу болмайтын жағдайларда, әдетте, жазылуға жету үшін қайталанатын 4 апталық емдеу курсы қолданылады.
Рефлюкс-эзофагиттің ауыр түріне шалдыққан пациенттерге тәулігіне бір рет 40 мг омепразол ұсынылады; жазылу, әдетте, сегіз апта ішінде басталады.
Эрозиялық эзофагит қайталануларының профилактикасында ұзақ жүргізілетін демеуші ем
Эрозиялық эзофагит қайталануларының профилактикасында ұзаққа созылатын демеуші емде пациенттерге тәулігіне 10 мг омепразол ұсынылады.
Қажет болған жағдайда, дозаны тәулігіне бір рет 20-40 мг дейін арттыруға болады.
Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу
Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 20 мг омепразолды құрайды. Емдік әсеріне 10 мг күнделікті дозасында жетуге болады, сондықтан дозаны әркімге жеке таңдау жоққа шығарылмайды.
Егер 20 мг омепразолды 4 апта күн сайын қолданудан кейін симптомдар жоғалмаса, пациентті қосымша тексеруден өткізу ұсынылады.
Золлингер-Эллисон синдромын емдеу
Золлингер-Эллисон синдромы бар пациенттерге препаратты әркімге жеке дозалаумен қолданады және емдеуді клиникалық көрсетілімдер бойынша қанша қажет болса, сонша ұзақ жалғастырады. Ұсынылатын бастапқы дозасы – күнделікті 60 мг омепразолды құрайды. Аурудың ауыр түріне шалдыққан және басқа ем әдістеріне жеткілікті жауап бермеген пациенттердің бәрі тиімді бақыланады және пациенттердің 90%-дан астамы омепразолдың күн сайын 20 мг-120 мг демеуші дозасын қабылдайды. Препараттың тәуліктік дозасы 80 мг-ден асып кетсе, дозаны екі бөлікке бөліп, тәулігіне 2 рет қабылдау керек.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тәулігіне 10-20 мг омепразол қабылдау жеткілікті.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Балалар және 12 жастан асқан жасөспірімдер
H. Pylori туындаған он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу
Тиісті біріктірілген емді таңдау кезінде бактериялық төзімділікке, емдеу ұзақтығына (көбінесе 7 күн, бірақ кейде 14 күнге дейін) қатысты ресми ұлттық, аймақтық және жергілікті нұсқауды жетекшілікке алып, бактерияға қарсы тиісті дәрілерді қолдану керек.
Емдеу маманның қадағалауымен жүргізілуі тиіс.
Келесі дозалау сызбасы ұсынылады:
31-40 кг — Екі антибиотикпен біріктіру: Омепразол Крка 20 мг, амоксициллин 750 мг және кларитромицин 7.5 мг/кг дене салмағына бір апта бойы тәулігіне екі рет бірге қолданылады
> 40 кг — Екі антибиотикпен біріктіру: Омепразол Крка 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг бір апта бойы тәулігіне екі рет бірге қолданылады
Енгізу әдісі және жолы
Омепразол Крка капсулаларын таңертең, дұрысы ас ішуге дейін, бүтіндей жұтып және жарты стақан сумен ішіп қабылдау ұсынылады. Капсуланы шайнауға немесе ұсақтауға болмайды.
Жұтынуға қиналатын пациенттерге және жартылай қатты тамақты ғана іше алатын және жұта алатын балаларға капсуланы ашып, оның ішіндегісін жарты стақан сумен ішуге немесе оны әлсіз қышқылды сусынмен, мысалы, жеміс шырынымен, алма езбесімен немесе газдалмаған сумен араластыруға болады. Пациент ондай қоспаны қысқа уақыт кезеңінде (30 минут ішінде) қабылдау қажет екенін білу керек. Қолданар алдында қоспаны шайқап, жарты стақан сумен ішу қажет (сүт немесе газдалған суды пайдалануға болмайды). Бұдан бөлек, пациенттерге капсуланы соруға және пеллеттерді жарты стақан сумен ішуге болады.
Ішекте еритін қабығы бар пеллеттерді шайнауға болмайды!
Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі
Капсуланы тамақтану кезінде немесе ашқарынға қабылдауға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Егер сіз дозаны қабылдауды ұмытып кетсеңіз, оны есіңізге түскен бойда бірден қабылдаңыз. Алайда, егер келесі дозаны қабылдау уақыты келсе, жіберіп алған дозаны өткізіп жіберіңіз. Жіберіп алған препарат қабылдаудың орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.