Кез келген үрейлі симптомдар (мысалы, еріктен тыс едәуір салмақ жоғалту, қайталамалы құсу, дисфагия, қан аралас құсу немесе мелена) және асқазанның ойық жарасы болғанда қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтау қажет, өйткені омепразолмен емдеу симптомдарды жеңілдетуі және диагностиканы кешіктіруі мүмкін.
Атазанавирді протонды сорғы тежегіштерімен (ПСТ) бір уақытта қабылдау ұсынылмайды. Егер атазанавирді ПСТ біріктіріп қолдану шарасыз қажеттілік болса, 100 мг ритонавирмен бірге атазанавирдің дозасы 400 мг дейін арттырылады және мұқият клиникалық бақылау (мысалы, вирустық жүктеме) ұсынылады; омепразолдың тәуліктік дозасын 20 мг асыруға болмайды.
Омепразол, асқазан сөлі тұз қышқылының секрециясын тежейтін барлық препараттар секілді, гипо- және ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Бұл организмдегі қоры аз немесе ұзаққа созылатын емнің нәтижесінде В12 дәруменінің сіңірілуін төмендететін қауіп факторлары бар пациенттерде ескерілуі қажет.
Омепразол - CYP2С19 тежегіші. Омепразолмен емдеудің басында немесе аяқталған соң оның CYP2С19 арқылы метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар екендігіне назар аудару қажет. Клопидогрел мен омепразол арасында өзара әрекеттесу байқалады. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы анықталмаған. Сақтық шарасы ретінде бір мезгілде омепразол мен клопидогрелді тағайындау ұсынылмайды.
Үш айдан аса, көптеген жағдайларда бір жыл бойы ПСТ, соның ішінде омепразолды қабылдаған пациенттерде ауыр гипомагниемия жағдайлары байқалғаны туралы хабарланды. Қажу, тетания, делирий, құрысу, бас айналуы және қарыншалық аритмия сияқты елеулі гипомагниемия симптомдары дамуы мүмкін, бірақ олардың байқаусыз басталауы және үнемі көрініс бермеуі мүмкін, бұл аталған асқынуларды уақтылы анықтауға кедергі келтіреді. Пациенттердің көпшілігінде гипомагниемия симптомдары магниймен орын басушы ем жүргізген соң және ПСТ тоқтатқаннан кейін азайды.
ПСТ ұзақ уақыт ем қабылдау немесе дигоксинмен немесе гипомагниемия дамытуы мүмкін препараттармен (мысалы, диуретиктер) бірге қолдану жоспарланған пациенттерде, медициналық қызметкерлер ПСТ емдеуді бастау алдында және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл магний деңгейін анықтап отыру мүмкіндігін қарастыруы қажет.
Омепразолмен емдеумен байланысты өте сирек және сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромын (СДС), уытты эпидермалық некролизді (ТЭН), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакцияны (DRESS-синдром) және өліммен аяқталуы өмірге қауіп төндіруі мүмкін жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) қоса, терінің күрделі жағымсыз реакциялары (SCAR) тіркелді.
ПСТ, әсіресе, олар жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы (>1 жыл) қолданылса, көбінесе егде жастағы адамдарда немесе басқа да ықпал етуші қауіп факторлары бар кезде, жамбас, білезік сүйектерінің және омыртқаның сынуының қаупін айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін. Бақылаулық зерттеулер көрсеткендей, ПСТ жалпы сынулар қаупін 10-40% арттыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл арту басқа да қауіп факторларымен байланысты болуы мүмкін. Остеопороздың даму қаупі бар пациенттер қолданыстағы клиникалық нұсқауларға сәйкес ем қабылдап, Д дәрумені мен кальцийді қажетті дозаларда қабылдауы тиіс.
Омепразол қабылдаған кезде бүйректе қабыну пайда болуы мүмкін. Белгілер мен симптомдарға несеп көлемінің немесе несептегі қан көлемінің азаюы және / немесе қызба, бөртпе және буынның сіресуі сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары кіруі мүмкін. Мұндай белгілер туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Жеделге жуық терінің қызыл жегісі (SCLE)
ПСТ қолдану өте сирек терінің жеделге жуық қызыл жегісі жағдайының дамуына ықпал етеді. Егер зақымдану ерекше күн сәулесі әсеріне ұшырайтын тері аймақтарында дамыса және зақымдану артралгиямен бірге жүрсе, пациент дереу дәрігерге қаралуы керек, ал медициналық қызметкер омепразолды қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы керек. Егер терінің жеделге жуық қызыл жегісі ПСТ қолданған соң дамыса, бұл патологияның даму қаупі басқа ПСТ қолданғанда да жоғарылайды.
Зертханалық зерттеулер деректеріне әсері
Хромогранин А (CgA) деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктерді анықтау үшін жүргізілген зерттеу нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін. Бұл әсерді болдырмау үшін омепразолмен емдеуді CgA деңгейін өлшеуге дейін кем дегенде 5 күн бұрын уақытша тоқтату қажет. Егер CgA және гастрин деңгейі бастапқы өлшемнен кейін қалпына келмесе, өлшеуді ПСТ емдеуді тоқтатқан соң 14 күннен кейін қайталау қажет.
ПСТ емдеу Salmonella немесе Campylobacter сияқты асқазан-ішек инфекцияларының қаупін арттыруы мүмкін, ал ауруханаға жатқызылған пациенттерде Clostridium difficile болуы мүмкін.
Кез-келген ұзақ емдеудегі сияқты, әсіресе емдеу мерзімі 1 жылдан асқан кезде, пациент үнемі бақылауда болуы тиіс.
Диспепсияның немесе қыжылдың ұзақ қайталанатын симптомдары бар пациенттер дәрігерге үнемі барып тұруы керек. Әсіресе, күнделікті диспепсияға немесе қыжылға қарсы қандай да бір рецептісіз дәрілер қабылдайтын 55 жастан асқан пациенттер бұл туралы фармацевтке немесе дәрігерге хабарлауы тиіс.
Пациенттерге дәрігерге қаралу керек, егер:
• Олардың анамнезінде асқазан-ішек жолында пептидтік ойық жара немесе операциялар болды.
• Олар диспепсияны немесе қыжылды 4 апта немесе одан да ұзақ уақыт симптоматикалық емдеуді қолданды.
• Оларда бауыр аурулары, оның ішінде сарғаю және бауыр жеткіліксіздігі бар.
• Олар 55 жастан асқан, жаңа немесе жақында өзгерген симптомдары бар.
Пациенттерге омепразолды профилактикалық препарат ретінде қабылдауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Асқазанның ойық жарасы болған кезде немесе қандай да бір үрей симптомдары байқалса, мысалы, арнайы диетасыз салмақтың едәуір төмендеуі, қайталанатын құсу, дисфагия, қан құсу немесе мелена, қатерлі жаңа түзілімді анықтап алу керек, өйткені омепразолмен емдеу симптомдарды жеңілдетеді және диагностиканы кешіктіреді.
Омепразол, асқазан сөлі тұз қышқылының секрециясын тежейтін барлық препараттар секілді, гипо- және ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңірілуін төмендетуі мүмкін. Бұл организмдегі қоры аз немесе ұзаққа созылатын емнің нәтижесінде В12 дәруменінің сіңірілуін төмендететін қауіп факторлары бар пациенттерде ескерілуі қажет.
Омепразолды қоса, ПСТ ұзақ қолданғанда қажу, тетания, сандырақтау, құрысу, бас айналуы және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның күрделі көріністері пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда магний препараттары тағайындалады, ПСТ уақытша тоқтатады, сондай-ақ медицина қызметкерлері ПСТ емдеуді бастамас бұрын және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл магний деңгейін өлшеу мүмкіндігін қарастыруы керек.
ПСТ, әсіресе, олар жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы (>1 жыл) қолданылса, көбінесе егде жастағы адамдарда немесе басқа да ықпал етуші қауіп факторлары бар кезде, жамбас, білезік сүйектерінің және омыртқаның сынуының қаупін айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін. Остеопороздың даму қаупі бар пациенттер қолданыстағы клиникалық нұсқауларға сәйкес ем қабылдап, Д дәрумені мен кальцийді қажетті дозаларда қабылдауы тиіс.
ПСТ қолдану өте сирек терінің жеделге жуық қызыл жегісі жағдайының дамуына ықпал етеді. Егер зақымдану ерекше күн сәулесі әсеріне ұшырайтын тері аймақтарында дамыса және зақымдану артралгиямен бірге жүрсе, пациент дереу дәрігерге қаралуы керек, ал медициналық қызметкер препарат қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы керек.
ПСТ ұзақ уақыт емдеу барысында асқазан бездері кисталары жиі тіркелді. Бұл құбылыстар асқазан сөлі секрециясының айқын тежелуінің физиологиялық салдары және олар қатерсіз, қайтымды болып табылады.
Кез келген дәрілік заттардың, соның ішінде ПСТ көмегімен асқазан сөлі секрециясын төмендету, асқазан-ішек жолдарында қалыпты жағдайда болатын бактериялар санын көбейтеді. Демек, қышқылдықты төмендететін препараттармен емдеу Salmonella және Campylobacter, ал ауруханаға жатқызылған пациенттерде, сонымен қатар Clostridium difficile сияқты бактериялармен шақырылған асқазан-ішек инфекцияларының даму қаупін аздап арттыруы мүмкін.
Антисекреторлық препараттармен емдеу кезінде асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуіне байланысты хромогранин А (CgA) деңгейі жоғарылайды. CgA деңгейінің жоғарылауы нейроэндокринді ісіктерді анықтау бойынша зерттеулерге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл әсерді болдырмау үшін омепразолмен емдеуді CgA деңгейін өлшеуге дейін кем дегенде 5 күн бұрын уақытша тоқтату қажет. Егер CgA және гастрин деңгейі бастапқы өлшемнен кейін қалпына келмесе, өлшеуді ПСТ емдеуді тоқтатқан соң 14 күннен кейін қайталау қажет.
Қосымша заттар
ОМЕПРАЗОЛдың құрамына маннитол кіреді, ол баяу іш жүргізетін әсер көрсетуі мүмкін.
Препараттың бір капсуласында 1 ммоль (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Препараттың бір капсуласында 1 ммоль (39 мг) аз калий бар, яғни іс жүзінде «құрамында калий жоқ».
ОМЕПРАЗОЛдың құрамында сахароза бар. Сирек кездесетін туа пайда болған галактоза жақпаушылығы, лактаза Лапп тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
ОМЕПРАЗОЛ құрамына қосымша заттар ретінде балаларда қолдануға тыйым салынған бояғыштар кіреді, атап айтқанда сары хинолин (Е104), сары «Күн батар түстес» (Е110), осыған байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде ОМЕПРАЗОЛды қолдануға болмайды.