Ондансетронның әдетте өзімен бір мезгілде тағайындалатын басқа препараттар метаболизмін индукциялауы немесе тежеуі туралы деректер жоқ. Ондансетрон фармакокинетикалық тұрғыда этанол, темазепам, фуросемид, алфетанил, трамадол, морфин, лидокаин, тиопентал немесе пропофолмен өзара әрекеттеспейді.
Ондансетрон бауырда Р450 цитохромы жүйесінің бірқатар изоферментерімен метаболизденеді: СYP3А4, СYP2D6 және CYP1A2. Ондансетронды метаболиздеуге қабілетті изоферменттердің алуан түрлілігіне байланысты, изоферменттер тежелісі немесе изоферменттердің біреуінің белсенділігін азайтуы (мысалы, СYP2D6 генетикалық тапшылығында), әдетте, басқа изоферменттермен компенсацияланады, соның нәтижесінде ондансетронның жалпы клиренсінде өзгеріс болмайды немесе олар болымсыз және іс жүзінде дозаны түзетуді талап етпейді.
Ондансетронды QT аралығының ұзаруына ықпал ететін және/немесе электролит теңгерімнің бұзылуын туындататын препараттармен қолданғанда сақтық шарасын қадағалау керек.
Ондансетронды QT аралығын ұзартатын препараттармен пайдалану QT аралығының қосымша ұзаруына әкелуі мүмкін. Ондансетронды кардиоуытты препараттармен [мысалы, антрациклиндермен (мысалы, доксорубицин, даунорубицин), немесе трастузумаб], антибиотиктермен (мысалы, эритромицин), зеңге қарсы дәрілермен (мысалы, кетоконазол), аритмияға қарсы дәрілермен (мысалы, амиодарон) және бета-блокаторлармен (мысалы, атенолол, тимолол) бір мезгілде қолдану аритмиялардың даму қаупін арттыруы мүмкін.
Серотонинергиялық дәрілік препараттар [мысалы, СКҚСТ (серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер) және СНКҚСТ (серотонин мен норадреналинді кері қармайтын селективті тежегіштер)].
СКҚСТ және СНКҚСТ қоса, басқа да серотонинергиялық дәрілік препараттар мен ондансетронды бірге қолданғанда серотониндік синдромның даму қаупі артатыны анықталған (психикалық статус өзгерісі, вегатативті тұрақсыздық, жүйке-бұлшықет бұзылулары)
Апоморфин
Ондансетронды апоморфин гидрохлоридімен қолдану кезінде алынған терең гипотензия және естен тану туралы деректердің негізінде ондансетронды апоморфинмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Фенитоин, карбамазепин және рифампицин
CYP3A4 қуатты индукторларын (фенитоин, карбамазепин және рифампицин) алатын пациенттерде қандағы ондансетрон концентрациясы төмен болды.
Трамадол
Ондансетрон трамадолдың ауыруды басу әсерін азайтуы мүмкін екенін көрсететін шағын зерттеулер деректері бар.
Басқа дәрілік заттармен фармацевтикалық үйлесімділік
Ондансетрон препараты 16 мкг/мл және 160 мкг/мл концентрацияда (бұл, тиісінше, 8 мг/500 мл және 8 мг/50 мл сәйкес келеді) келесі дәрілік
заттармен фармацевтикалық үйлеседі және олармен бірге Y-тәрізді инжектор арқылы вена ішіне тамшылатып енгізуге болады:
• цисплатин 0,48 мг/мл дейінгі концентрацияда (мысалы, 500 мл-дегі 240 мг) 1-8 сағат ішінде;
• 5-фторурацил 0,8 мг/мл дейінгі концентрацияда (мысалы, 3 л-дегі 2,4 г немесе 500 мл-дегі 400 мг) 20 мл/сағат жылдамдықпен – 5-фторурацилдің жоғарырақ концентрациялары ондансетронның шөгінді түзуін туындатуы мүмкін;
• карбоплатин 0,18 мг/мл дейінгі концентрацияда – 9,9 мг/мл (мысалы, 500 мл-дегі 90 мг-ден 1 л-дегі 990 мг дейін) 10-60 минут бойы;
• этопозид 0,14 мг/мл-ден 0,25 мг/мл дейінгі концентрацияда (мысалы, 500 мл-дегі 72 мг-ден 1 л-дегі 250 мг дейін) 30-60 минут ішінде;
• өндіруші нұсқауларына сәйкес инъекцияға арналған сумен сұйылтылған 0,25 г - 2 г дозадағы цефтазидим (мысалы, 250 мг цефтазидимге 2.5 мл немесе 2 г 10 мл) 5 минут бойы вена ішіне болюсті инъекция түрінде;
• циклофосфамид өндіруші нұсқауларына сәйкес инъекцияға арналған сумен сұйылтылған 0,1 г-1,0 г дозада (100 мг циклофосфамидке 5 мл), 5 минут бойы вена ішіне болюсті инъекция түрінде;
• доксорубицин өндіруші нұсқауларына сәйкес инъекцияға арналған сумен сұйылтылған 10 мг-100 мг дозада (10 мг доксорубицинге 5 мл), 5 минут бойы вена ішіне болюсті инъекция түрінде;
• дексаметазон: 20 мг дексаметазонды баяу 2-5 минутта вена ішіне енгізуге болады. Дәрілік заттарды бір тамшылатқыш арқылы енгізуге болады, бұл орайда ерітіндідегі дексаметазон натрий фосфаты концентрациялары 32 мкг-ден 2,5 мг/мл дейін, ондансетронда - 8 мкг-ден 1 мг/мл дейін құрауы мүмкін. Инъекцияға арналған ондансетронды басқа дәрілік препараттар енгізілген бір шприц немесе тамшылатқыш арқылы енгізуге болмайды.