Дозалау режимі
Жоғарғы жақсүйектің қабынбаған тістерін жұлу үшін бір тіске 1,7 мл вестибулярлық инъекция жеткілікті. Жекелеген жағдайларда толық анестезияға жеткізу үшін қосымша 1-ден 1,7 мл-ге дейін вестибулярлық инъекция қажет болуы мүмкін.
Таңдайды кескен кездегі немесе тігіс салғандағы анестезия үшін бір инъекцияға есептегенде шамамен 0,1 мл көрсетілімді.
Іргелес тістерді біртіндеп жұлу жағдайында инъекцияны азайтуға болады. Төменгі жақсүйектің кіші азу тістерін асқындырмай жұлу кезінде бір тіске есептегенде 1,7 мл инъекция жеткілікті. Жекелеген жағдайларда толық анестезияға жеткізу үшін қосымша 1-ден 1,7 мл-ге дейін вестибулярлық инъекция қажет болуы мүмкін.
Хирургиялық араласымдарда Ораблок араласымдардың ұзақтығына және типіне байланысты әр адамға жекелей дозаланады.
Дені сау ересек адам үшін ең жоғары доза 7 мг артикаин дене салмағының кг-на құрайды.
Егде жастағы пациенттерде және созылмалы аурулары бар науқастарда дозалануы:
Егде жастағы пациенттерде және бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде плазмадағы артикаин деңгейінің жоғарылауы зат алмасу процестерінің баяулауына және таралудың аз көлемінен болуы мүмкін.
Анестезияның жеткілікті тереңдігіне жету үшін ең төменгі дозаны қолдану қажет.
Балаларда дозалануы:
Балаларда және жасөспірімдерде Ораблокты пайдаланғанда қажетті анестезияға қол жеткізу үшін керек болатын ең төмен көлемді пайдалану керек. Енгізілетін препараттың мөлшері баланың жасына және дене салмағына қарай анықталуы тиіс.
Қолданылуы:
ТЕКСТОМАТОЛОГИЯЛЫҚАНЕСТЕЗИЯДАҒАНА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН.
Кантамырішілік енгізуді болдырмау үшін кем дегенде екі проекцияда (инені 90° немесе одан да жақсы 180°айналдырумен) енуді бақылау қажет. Кездейсоққантамырішілікенгізунәтижесінденегізгіжүйелік реакцияларды көп жағдайларда келесі енгізу техникасын қолдану арқылы болдырмауға болады - аспирациялық бақылаудан кейін 0,1 - 0,2 мл баяу енгізіңіз және 20-30 секундтан кейін ерітіндінің қалған бөлігін баяу енгізіңіз.
Жұқтыру қаупіне (мысалы, гепатиттің жұғуы) жол бермеу үшін, ерітінді дайындау үшін пайдаланылатын шприц және инелер әрдайым жаңа және стерильді болуы тиіс.
Тек бір реттік пайдалануға ғана арналған! Бұрын ашылған картридждер кейінгі пациенттер үшін пайдаланылмауы тиіс. Пайдаланылмаған барлық ерітінді жойылуы тиіс. Ең жоғары доза әр кг дене салмағына шаққанда артикаинның 7 мг-нан аспауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы тиіс шаралар: Симптомдары: мазасыздық, сананың шатасуы, гиперпноэ, тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, беттің қызаруы, жүректің айнуы, құсу,тремор,фасцикуляция,басайналу,естудіңбұзылуы,сөйлеу қабілетініңжоғалуы,есіненайырылу,бұлшықеттердіңатониясы, вазомоторлы салдану (әлсіздік, бозару), ентігу, бұлшықет салдануынан өлімге ұшырау, брадикардия, аритмия, жүрекшелердіңфибрилляциясы, қан тамшылары, қысым, цианоз, жүректің тоқтап қалуы.
Емі: жағымсыз әсерлердің немесе уыттанудың, мысалы, бас айналу сияқты алғашқы белгілерінде жүріс-қозғалыс тоқтатылуы және пациент жатуы тиіс. Тыныс алу жолдарын демеу және тамырдың соғу ырғағын және қан қысымын бақылау керек. Тіпті уыттану симптомдары күрделі сияқты болмаса да, вена ішіне ықтимал шұғыл инъекция үшін вена ішіне катетер енгізу ұсынылады. Симптомдардың ауырлығына байланысты жасанды тыныс алдыру немесе, қажет болса, эндотрахеальді интубация және бақыланатын вентиляция жүргізу ұсынылады.
Бұлшықеттердің спазмы вена ішіне спазмдық дәрілерді (мысалы, суксаметоний хлоридін, диазепамды) енгізу жолымен жойылуы мүмкін. Сондай-ақ жасанды тыныс алдыру ұсынылады.
Артериялық қысымның төмендеуін, тахикардияны немесе брадикардияны пациенттің басын дененің басқа бөлігіне қарағанда шамалы төмендеу етіп жатқызу арқылы жоюға болады.
Қан айналымының ауыр бұзылуларында және шокта – себептеріне қарамай
– пациентті дереу жатқызу және тыныс алуын (мүмкін, оттегімен инсуффляция жәрдемімен) демеу керек. Вена ішіне электролиттік- теңдестірілген ерітінді енгізу керек. Вена ішіне глюкокортикоидтарды (мысалы, 250-1000 мг преднизолонды немесе оның баламасын) енгізеді. Егер қан айналу тоқтамаса және брадикардия нашарласа, вена ішіне шұғыл түрде адреналин енгізу керек.
Ауыр тахикардияны және тахиаритмияны аритмияға қарсы дәрілермен жоюға болады, бірақ, мысалы, пропранолол сияқты кардиоселективті бета- блокаторлармен емес.