Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для приема внутрь
Саудалық атауы
ОрвиХот
Әсер етуші зат
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Мақсаты
Ересектердегі (15 жастан бастап және одан асқан, дене салмағы 50 кг және одан жоғары) суық тию, ринит, ринофарингит және тұмау симптомдарын емдеу үшін: мұрыннан мөлдір…
Өндіруші
ТК Фарм Актобе
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір пакет (4.95 г) ішінде:
белсенді заттар: 0,5 г парацетамол, 0,2 г аскорбин қышқылы, 0,025 г фенирамин малеаты,
қосымша заттар: маннитол, сусыз лимон қышқылы, повидон, сусыз магний цитраты, аспартам (Е 951), «Лимон» хош иістендіргіші.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сары түсті түйіршіктелген ұнтақ.
Ересектердегі (15 жастан бастап және одан асқан, дене салмағы 50 кг және одан жоғары) суық тию, ринит, ринофарингит және тұмау симптомдарын емдеу үшін:
мұрыннан мөлдір бөліністердің ағуы және көзден жас ағу, түшкіру, бас ауыруы және/немесе қызба.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Кестеге сәйкес препаратты дозалау режимі:
Жасы (салмағы) — Бір реттік доза — Қабылдау арасындағы аралық — Ең жоғары тәуліктік доза
Ересектер мен 15 жастан асқан балалар (дене салмағы 50 кг-нан асатын) — 1 пакет (500 мг парацетамол, 25 мг фенирамин малеаты, 200 мг аскорбин қышқылы) — кем дегенде 4 сағат — 3 пакет (1500 мг парацетамол, 75 мг фенирамин малеаты, 600 мг аскорбин қышқылы)
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында және егер медициналық көрсетілімдер бойынша өзгеше белгіленбесе, дозаны төмендету және келесі кестеге сәйкес екі доза арасындағы аралықты ұлғайту ұсынылады:
Креатинин клиренсі — Қабылдау арасындағы ең аз аралық
≥50мл/мин — 4 сағат
10-50мл/мин — 6 сағат
<10 мл/мин — 8 сағат
Парацетамолдың жиынтық дозасы (өз құрамында парацетамол бар барлық басқа препараттарды ескере отырып) тәулігіне 3 г-нан аспауы тиіс.
Ерекше клиникалық жағдайлар
Келесі жағдайларда тәулігіне 60 мг/кг-нан (тәулігіне 3 г-нан аспайтын) аспайтын ең төменгі ықтимал тиімді тәуліктік дозаны қарастыру қажет:
• дене салмағы 50 кг-нан аз ересектер;
• жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік;
• созылмалы алкоголизм;
• созылмалы тойып тамақ ішпеу (бауыр глутатионы қорының төмен деңгейі);
• сусыздану
Ұсынылатын ең жоғары дозалар:
Ересектер мен дене салмағы 50 кг-нан асатын балалар үшін парацетамолдың жалпы дозасы (құрамында парацетамол бар барлық дәрілік заттарды ескере отырып) тәулігіне 4 граммнан аспауға тиіс.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ең жоғары ұзақтығы - 5 күнді құрайды.
Қолдану тәсілі
Ішке қабылдау. Пакеттің ішіндегісін жеткілікті мөлшердегі ыстық немесе суық суда еріту керек. Тұмауға ұқсас жағдайларда препаратты ыстық суда ерітіп, кешке қабылдаған дұрыс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болған жағдайда, кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуді ұсынамыз.
- әсер етуші заттарға немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік;
- жабық бұрышты глаукома қаупі;
- қуықасты безі функциясының бұзылуымен байланысты несептің іркілу қаупі;
- аспартамның болуына байланысты фенилкетонурия;
- 15 жасқа дейінгі балалар;
- жүктілік, лактация кезеңі.
- емдеудің басында айқын білінетін тыныштандыратын әсер немесе ұйқышылдық
- шырышты қабықтардың құрғауы, іш қату, аккомодация бұзылулары, мидриаз, жүректің қағуы, несептің іркілуі қаупі сияқты антихолинергиялық әсерлер
- ортостатикалық гипотензия
- егде жастағы адамдарда жиі кездесетін тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналу, есте сақтау қабілетінің немесе зейін қоюдың төмендеуі
- қимыл үйлесімінің бұзылуы, тремор, сананың шатасуы, елестеулер
Сирек
- эритема, қышыну, экзема, пурпура, есекжем, ісіну, сирек ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакциялар (гипотензияны қоса), анафилаксиялық шок
Өте сирек
- тромбоцитопения
- нейтропения
- лейкопения
- гемолиздік анемия
- елеулі тері реакциялары
- көбінесе қозу түрі бойынша әсерлер: қозу, күйгелектік, ұйқысыздық
Жиілігі белгісіз
- глутатион қорларының сарқылуын болжайтын факторлары бар пациенттерде пироглутаминдік ацидоз
- диарея
- іштің ауыруы
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Парацетамолдың бар болуына байланысты:
Ауыр уыттану қаупі (емдік артық дозалану немесе кездейсоқ уыттану) әсіресе егде жастағы пациенттерде, кішкентай балаларда, бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, созылмалы алкоголизм жағдайында, созылмалы тойып тамақ ішпеуден зардап шегетін пациенттерде жоғары болуы мүмкін. Бұл жағдайларда уыттану өлімге әкелуі мүмкін.
Симптомдары
Жүрек айнуы, құсу, анорексия, бозару, іш тұсының ауыруы, әдетте алғашқы 24 сағат ішінде пайда болады.
Артық дозалану бауыр цитолизін туындатады, ол гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздікпен, метаболизмдік ацидозбен және энцефалопатиямен сипатталатын, жалпы және қайтымсыз некрозға айналуы мүмкін, бұл өз кезегінде комаға және өлімге әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, бауыр трансаминазаларының, лактатдегидрогеназаның және билирубиннің жоғарылауы, сондай-ақ протромбин деңгейінің төмендеуі препаратты пероральді қабылдағаннан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін.
Бауыр зақымдануының клиникалық симптомдары әдетте 1-2 күннен кейін байқалады және 3-4 күннен кейін ең жоғары деңгейіне жетеді.
Артық дозалану жедел панкреатитке, гиперамилаземияға, жедел бүйрек жеткіліксіздігіне және панцитопенияға әкелуі мүмкін.
Шұғыл медициналық көмек көрсету рәсімі
- емдеуді тоқтату;
- пациентті дереу ауруханаға жеткізу;
- плазмадағы парацетамолдың бастапқы концентрациясын өлшеу үшін қан құятын пробирканы
алу;
- асқазанды шаю арқылы қабылданған препаратты тез жою;
- парацетамолмен артық дозалануды емдеу әдетте N-ацетилцистеин антидотын вена ішіне немесе пероральді мүмкіндігінше тезірек, дұрысы қабылдағаннан кейін оныншы сағатқа дейін енгізуді қамтиды;
- симптоматикалық емдеу;
- бауыр сынамалары емдеудің басында жүргізіліп, әр 24 сағат сайын қайталануы керек. Көп жағдайда, бауыр трансаминазалары бауыр функциясының толық қалпына келуі арқылы 1-2 апта ішінде қалыпты жағдайға оралады. Алайда, өте ауыр жағдайларда бауырды ауыстырып қондыру қажет болуы мүмкін.
Фенирамин малеатының бар болуына байланысты:
Фенирамин малеатымен артық дозалану құрысу ұстамаларына (әсіресе балаларда), естен айырылуға, комаға әкелуі мүмкін.
Аскорбин қышқылының бар болуына байланысты:
С дәруменімен артық дозалану асқазан-ішек жолының бұзылыстарына (қыжыл, диарея, іштің ауыруы) әкелуі мүмкін. С дәруменінің дозалары тәулігіне 1 г-нан көп болса, G6PD тапшылығы бар пациенттерде гемолиз қаупі болады.
Емдеуді айқын көріністелген немесе ұзаққа созылған қызба, суперинфекция белгілері пайда болған немесе 5 күн бойы симптомдардың тұрақтылығы жағдайында қайта қарастыру керек.
Психологиялық тәуелділік қаупі тек ұсынылғаннан асатын дозаларда және ұзақ мерзімді емдеу кезінде пайда болуы мүмкін. Артық дозалану қаупін болдырмау үшін басқа дәрілік препараттардың, соның ішінде тағайындаусыз қабылданатындардың құрамында парацетамолдың жоқ екеніне көз жеткізу, ұсынылатын ең жоғары дозаларды сақтау қажет.
Терінің күрделі реакцияларының өте сирек жағдайлары тіркелді. Пациентке осы тері реакцияларының ерте белгілері туралы хабарлау қажет, ал тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері басталған кезде емдеуді тоқтату қажет.
Парацетамолды мына пациенттер сақтықпен қолдану керек:
- дене салмағы 50 кг-нан аз
- әлсізден және орташаға дейін ауырлықтағы гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік
- бүйрек жеткіліксіздігі
- созылмалы алкоголизм
- созылмалы тойып тамақ ішпеу (бауыр глутатионы қорының төмен деңгейі)
- сусыздану
Егер жедел вирустық гепатит анықталса, емдеуді тоқтату керек.
Емдеу кезінде алкогольді тұтыну ұсынылмайды.
Анион аралығы жоғары метаболизмдік ацидоз қаупінің жоғарылауына байланысты парацетамолды флуклоксациллинмен бірге қолданғанда сақ болу ұсынылады, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі, сепсис, тойып тамақ ішпеген және глутатион тапшылығының басқа көздері бар пациенттерде (мысалы, созылмалы алкоголизм), сондай-ақ парацетамолдың ең жоғары тәуліктік дозаларын қабылдайтын пациенттерде. Несепте 5-оксопролин деңгейін анықтауды қоса алғанда, мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Емдеу кезінде антигистаминдік препараттардың тыныштандыратын әсерін күшейтетін алкогольдік сусындардан, натрий оксибатынан немесе тыныштандыратын дәрілерден (атап айтқанда, барбитураттардан) аулақ болу керек.
С дәрумені темір метаболизмі бұзылған пациенттерде және глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы керек.
Препарат құрамында маннитол бар. Маннитол жеңіл іш жүргізетін әсер етуі мүмкін.
Бір пакет препараттың құрамында 50 мг аспартам бар. Аспартам құрамында фенилаланин көзі бар, ол фенилкетонуриямен ауыратын адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Парацетамолды С дәруменімен және фенираминмен біріктірілімде қолдану туралы деректер жоқ.
Репродуктивті уыттылыққа қатысты жануарларға жүргізілген зерттеулер жеткіліксіз. Жүкті әйелдер туралы алынған деректер парацетамолды қолданумен байланысты мальформативті қауіпті, неонатальді уыттылықты немесе фетоуыттылықты көрсетпейді. Жатырішілік даму кезінде парацетамолдың әсеріне ұшыраған балалардың неврологиялық дамуының эпидемиологиялық зерттеулері қарама-қайшы нәтижелерді көрсетеді.
Сондықтан сақтық шарасы ретінде бұл дәрілік препарат жүкті әйелдерге ұсынылмайды.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер мен адамдардағы клиникалық деректердің жеткіліксіз болуына байланысты еметін балалар үшін қаупі белгісіз. Сондықтан, бұл дәрілік зат бала емізу кезінде қарсы көрсетілімді.
Циклооксигеназа мен простагландин синтезіне әсер ететін потенциалды механизмнің арқасында парацетамол овуляцияға әсер ету арқылы әйелдердің фертильділігін нашарлатуы мүмкін. Бұл емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды. Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге парацетамолды қолдану ұсынылмайды.
Жануарларға жүргізілген бір зерттеуде еркек фертильділігіне әсері байқалды. Бұл әсердің адамға қатыстылығы белгісіз.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Пациенттер ұйқышылдықтың туындау қаупіне байланысты жоғары зейін қоюды, жылдам психикалық және қозғалыстық реакцияны қажет ететін барлық әрекеттерден бас тартуы керек.
Парацетамолдың бар болуымен байланысты
Пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауды талап ететін біріктірілімдер
К дәруменінің антагонистері
Егер парацетамол ең жоғары дозада (тәулігіне 4 г) кем дегенде 4 күн бойы қабылданса, пероральді антикоагулянттар әсерінің жоғарылау және қан кету қаупі.
Халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) үнемі бақылап отыру керек. Парацетамолмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін антикоагулянттың дозасын түзетуге болады.
Флуклоксациллин
Парацетамол мен флуклоксациллинді бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек, бұл әсіресе қауіп факторлары бар пациенттерде, анион аралығы жоғары метаболизмдік ацидоздың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты (4.4 бөлімді қараңыз).
Парацетамолды қабылдау әдеттен тыс жоғары концентрация жағдайында оксидаза-пероксидаза әдісінің көмегімен глюкозаға қан талдау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Парацетамолды қабылдау фосфор-вольфрам қышқылы әдісін қолдана отырып, қандағы несеп қышқылын сандық анықтау кезінде қателіктер туындатуы мүмкін.
Фенирамин малеатының бар болуымен байланысты:
Жағымсыз біріктірілімдер
Алкоголь
Алкоголь H1-антигистаминнің тыныштандыратын әсерін күшейтеді. Зейін қоюдың нашарлауы көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу кезінде қауіп төндіруі мүмкін. Алкогольді сусындар мен құрамында алкоголь бар дәрілік заттарды қабылдаудан аулақ болыңыз.
Натрий оксибаты
ОЖЖ бәсеңдеуі жоғарылайды. Зейін қоюдың бұзылуы көлік құралын жүргізу мен механизмдерді басқаруды қауіпті етуі мүмкін.
Назарға алуды қажет ететін біріктірілімдер
Басқа тыныштандыратын дәрілер: морфин туындылары (анальгетиктер, жөтелге қарсы препараттар және орын басу емі), нейролептиктер, барбитураттар, бензодиазепиндер, бензодиазепиндерден өзгеше анксиолитиктер (мысалы, мепробамат), ұйықтататын дәрілер, тыныштандыратын антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, миансерин, миртазапин, тримипрамин), тыныштандыратын H1-антигистаминдік дәрілер, орталықтан әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілер, баклофен және талидомид.
ОЖЖ бәсеңдеуі жоғарылайды. Зейін қоюдың бұзылуы
көлік құралын жүргізу мен механизмдерді басқаруды қауіпті етуі мүмкін.
Басқа атропиндік дәрілік заттар: имипраминдік антидепрессанттар, атропиндік H1-антигистаминдік дәрілердің көбі, антихолинергиялық паркинсон ауруына қарсы дәрілер, атропиндік түйілуге қарсы дәрілер, дизопирамид, фенотиазиндік нейролептиктер және клозапин.
Несеп іркілісі, іш қату және ауыздың құрғауы сияқты жағымсыз әсерлердің даму қаупі артады.
Антихолинэстеразалы дәрілер
Атропиндік препараттарға байланысты ацетилхолин рецепторларының антагонизмі арқылы антихолинэстеразалы дәрілер тиімділігінің төмендеу қаупі.
Апиындар
Іштің ауыр қатуымен ішек моторикасының елеулі бұзылу қаупі.
Сақтау мерзімі
3жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.