Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
830 мг
Саудалық атауы
Остеогенон
Әсер етуші зат
Препараты кальция
Мақсаты
Әртүрлі генездегі остеопороз, сүйектердің сынуында қалпына келу үдерісін стимуляциялау
Өндіруші
Пьер Фабр Медикамент Продакшн
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат - оссеин гидроксиапатикалық қоспасы - 830 мг
(75 мг коллагендік емес протеиндерге/пептидтерге, 216 мг коллагенді протеиндерге/пептидтерге, 178 мг кальцийге және 82 мг фосфорға сәйкес келетін),
Қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, макрогол 6000, титанның қостотығы Е171, темірдің (III) сары тотығы Е172.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, ақшыл-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар, сындыратын жерінде – ядросы ақшыл-сұр түсті.
- әртүрлі генездегі остеопороз
- сүйектердің сынуында қалпына келу үдерісін стимуляциялау
- жүктілік және бала емізу кезінде остеопенияны түзету және кальций-фосфор теңгерімін реттеу
Остеогенон құрамында сүйек матриксі мен гидроксиапатит микрокристалдарының органикалық компоненттері кешені бар, оның құрамында физиологиялық теңдестірілген пропорцияларда кальций мен фосфор болады. Оссеин құрамында коллагендік емес пептидтер, ақуыздар, коллаген, табиғаты ақуыздық емес органикалық компоненттер бар, олар сүйек тінінің қалыптасуына оң әсер етеді.
Дені сау еріктілердегі клиникалық зерттеулер Остеогенонның құрамында кальций тұздары бар дәрілермен салыстырғанда сүйектердің дамуына қажетті кальцийдің неғұрлым тиімді сіңуін қамтамасыз ететінін көрсетті.
• Остеогенонның әйелдерде перименопаузада және остеопороз клиникалық диагнозы бар немесе остеопороз дамуының қауіп факторлары бар ересектерде сүйек массасын жоғалтудың алдын алуда тиімділігін бағалайтын мета-талдаулар Остеогенон кальцийдің баламалы дозасын (700-1400 мг) күнделікті қабылдаған кезде кальций карбонатына қарағанда трабекулярлық сүйектерде және бел омыртқа бөлігінде сүйек массасын жоғалтудың алдын алуда (сүйек тінінің минералдық тығыздығын сақтау) тиімдірек екенін көрсетті.
Дозалау режимі
Остеогенон ересектерге тағайындалады.
- Остеопороз: күніне екі рет 2-ден 4 таблеткаға дейін;
- Жүктілік және бала емізу кезінде кальций-фосфор теңгерімін сақтап тұру үшін: күніне 1 немесе 2 таблетка.
- Сүйектердің сынуында қосымша ем ретінде: күніне 1 немесе 2 таблетка.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді
Таблеткаларды аздаған мөлшердегі сумен ішу арқылы жұту керек, тамақ ішу кезінде қабылдаған дұрыс.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы қойылған диагнозға байланысты және оны дәрігер анықтайды.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттер және гемодиализдегі пациенттер
- гиперкальциемия, гиперкальциурия
- кальций нефролитиазы немесе тіндер кальцификациясы
- 18 жасқа дейінгі балалар
Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл препарат жағымсыз реакциялар туғызуы мүмкін, алайда, олар бәрінде бірдей туындамайды.
Келесі жағымсыз әсерлердің жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес):
• ұзақ емдеу және/немесе препараттың жоғары дозаларын қабылдау қандағы және/немесе несептегі кальций концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін (гиперкальциемия және гиперкальциурия).
• Іштің ауыруы, іш қату, жүрек айнуы, құсу
• қышыну, бөртпе.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Остеогенонның шамадан тыс дозалары мынадай симптомдарды туғызуы мүмкін: қатты шөлдеу, несеп шығарудың күшеюі, жүрек айнуы, құсу, сусыздану, жоғары қан қысымы, қан ағымының бұзылуы, іш қату және тәбеттің жоғалуы, жүректің қалыптан тыс немесе жүйесіз соғуы, әлсіздік, бүйректе кальций деңгейінің жоғарылауы және бүйректе тас түзілуі, сүйектердің ауыруы немесе психикалық бұзылулар.
Ауыр гиперкальциемия (қандағы кальцийдің шамадан тыс концентрациясы) комаға және өлімге әкелуі мүмкін. Егер сіз артық дозалануға күдіктенсеңіз, дереу дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Бұдан өзге, қандағы кальцийдің ұзақ уақыт бойы шамадан тыс концентрациясы кальцийдің жұмсақ тіндерде (мысалы, бүйрекке) шөгуіне және қайтымсыз бүйрек жеткіліксіздігіне (бүйректің тиісті түрде жұмыс істеуге қабілетсіздігіне) әкелуі мүмкін.
Емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Егер Сіз Остеогенон қабылдауды ұмытып кетсеңіз
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамаңыз.
Егер сізде осы дәрілік затты қолдану жөнінде қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Сіздің емдеуші дәрігеріңіз қаныңыздағы және несептегі кальций мен фосфор деңгейін тұрақты бақылап отырады. Қандағы немесе несептегі кальций және фосфор деңгейі жоғарылаған жағдайда сіз бұл туралы емдеуші дәрігеріңізге хабарлауыңыз керек, ол дозаны тиісті түрде түзетуі мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Остеогенонның көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы қолжетімді деректер жоқ.
Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүкті болып қалдым деп ойласаңыз немесе бала көтеруді жоспарлап жүрсеңіз, препаратты қабылдауды бастар алдында дәрігеріңізбен және фармацевтпен кеңесіңіз.
Клиникалық қажеттілік болған жағдайда Остеогенонды жүктілік кезінде қолдану мәселесін қарастыруға болады.
Остеогенонды бала емізу кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін қолдануға болады.
• тиазидтік диуретиктер (гипертонияны емдеуге пайдаланылатын препараттар) – өйткені олар қандағы кальций мөлшерін арттыруы мүмкін.
• жүрек гликозидтері (жүрек ырғағының бұзылуларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік заттар), өйткені жағымсыз уытты әсерлері болуы мүмкін.
- кейбір антибиотиктер (тетрациклиндер), құрамында темір және мырыш, бифосфонаттар бар препараттар (сүйектердің әлсіздігін емдеуге пайдаланылатын препараттар), хинолондар мен циклиндер, глюкокортикоидтар, стронций (ауыр остеопорозды емдеуге пайдаланылатын препарат), қалқанша бездің гормондары (қалқанша бездің ауруларын емдеуге пайдаланылатын препараттар) немесе эстрамустин (обырдың кейбір түрлерін емдеуге пайдаланылатын препарат), өйткені Остеогенон олардың сіңуін төмендеуі мүмкін. Оларды енгізудің арасында 2 сағаттан кем емес аралық болуы тиіс.
• глюкокортикоидтар (аллергияға қарсы және қабынуға қарсы препараттар), өйткені олар кальцийдің сіңуін төмендетуі мүмкін.
• интеграза тежегіштері (долутегравир, биктегравир, элвитегравир, АИТВ емдеуге пайдаланылатын препараттар), өйткені Остеогенон олардың ас қорыту жолында сіңуін төмендеуі мүмкін. Кальций және интеграза тежегіштерін тамақтану кезінде қабылдайтын болса, бір мезгілде қолдануға болады. Ашқарынға қабылдаған жағдайда интеграза тежегішін кальций тұздарын қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе 6 сағат өткеннен кейін қабылдау керек.
• фторидтер (тісжегінің алдын алуға пайдаланылатын препараттар). Сақтық шарасы ретінде фторидтер мен оссеин гидроксиапатикалық қоспасын қабылдау арасында 2 сағаттан кем емес аралықты сақтау керек.
Айрықша ескертулер
Емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз, егер:
• сіз D дәруменімен қатарлас ем алып жүрсеңіз; емдеуші дәрігеріңіз қан сарысуындағы және несептегі кальций деңгейін тұрақты бақылап отырады.
• сіз ұзақ емделуден өтіп жүрсеңіз және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар болса, өйткені қандағы кальцийдің ұзақ уақыт жоғары деңгейде болуы (гиперкальциемия) кальцийдің жұмсақ тіндерге (мысалы, бүйрекке) шөгуіне және қайтымсыз бүйрек жеткіліксіздігіне (бүйректің тиісті түрде жұмыс істеуге қабілетсіздігіне) әкелуі мүмкін.
• сіз препараттарды қатарлас қабылдап жүрсеңіз/құрамында сілтілі қосылыстар бар тағам өнімдерін (мысалы, қышқылға қарсы еритін препараттар (натрий бикарбонаты сияқтылар) және кальцийдің жоғары дозалары) тұтынсаңыз, өйткені қандағы кальций мөлшерінің шамадан асып кету (гиперкальциемия) қаупі немесе сүт-сілті синдромының (яғни, қандағы кальцийдің шамадан тыс мөлшері (гиперкальциемия), қандағы рН жоғарылауы (алкалоз) және бүйрек функциясының бұзылуы (бүйрек жеткіліксіздігі)) даму қаупі бар.
• сіз 65 жастан асқан болсаңыз, және сіз тиазидтік диуретиктерді (гипертонияны емдеуге пайдаланылатын дәрілер) немесе жүрек гликозидтерін (жүрек ырғағының бұзылуларын емдеуге пайдаланылатын дәрілер) қабылдап жүрсеңіз.
Сіздің емдеуші дәрігеріңіз қаныңыздағы және несептегі кальций мен фосфор деңгейін тұрақты бақылап отырады. Қандағы немесе несептегі кальций және фосфор деңгейі жоғарылаған жағдайда сіз бұл туралы емдеуші дәрігеріңізге хабарлауыңыз керек, ол дозаны тиісті түрде түзетуі мүмкін.
Кальций
Анамнезінде кальций нефролитиазы бар пациенттерге ұсынылады:
- жалпы профилактикалық диеталық шараларды ұстану (су, тұз, жануарлардың ақуыздары),
- Остеогенонмен алынатын кальций дозасын тәулігіне 500 мг дейін шектеу,
- кальцийдің жалпы тәуліктік дозасы 1,5 г-ден аспайтын етіп кальцийді тамақпен бірге тұтынуды түзету,
- D дәруменімен бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.