Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный, дозированный с ментолом и эвкалиптом
Дозасы
0,1%
Саудалық атауы
Отривин
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Түрлі этиологиядағы тұмау
Өндіруші
Haleon CH SARL
Ел
Швейцария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 0,1 г ксилометазолин гидрохлориді,
қосымша заттар - натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат додекагидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, левоментол, цинеол, сорбитол, макроглицерол гидроксистеараты, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ақ түске дейінгі мөлдір немесе бұлыңғырланған ерітінді.
- түрлі этиологиядағы тұмау
- мұрынның қосалқы қойнауларының қабынуы (секреттің шығуын жеңілдету үшін)
- ортаңғы отит (мұрынжұтқыншақ шырышының ісінуін басу үшін)
- науқасты мұрын жолдарындағы диагностикалық манипуляцияларға (риноскопияға) дайындау.
Ксилометазолин адреномиметикалық әсері бар жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілер (деконгестанттар) тобына жатады, мұрын шырышты қабығының қан тамырлары тарылуын туындатады, осылайша мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын жояды. Ринитте мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.
Емдік концентрацияларында шырышты тітіркендірмейді, гиперемия туындатпайды. Әсері бірнеше минуттан кейін басталып және 10 сағат
бойына созылады. Жыпылықтағыш эпителий функциясына әсер етпейді.
Балаларда қолдану бойынша осы қосымшаның 4.2 бөлімін қараңыз.
Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: Әрбір мұрын жолына 1 бүркуден. Қажет болғанда емшараны тәулігіне 3 реттен асырмай қайталау керек. Соңғы қолдануды тура ұйықтар алдында жүргізген жөн.
Енгізу тәсілі және жолы
Мұрын ішіне.
Препаратты қолданар алдында мұрын қуысын мұқият тазалау (сіңбіру) керек. Қорғаныш қалпақшасын алып тастаңыз. Алғаш қолданар алдында препараттың біркелкі ағысы пайда болғанша дозаторды бірнеше рет басыңыз. Одан әрі, дозаланған спрей бірден қолдануға дайын. Егер қолданудағы үзілістен кейін препараттың ағысын толық көлемде беру жүзеге асырылмаса, дозаторды тағы 4 рет басу керек. Танауға бүрку үшін саңылауына енгізіңіз және құтының бүріккіш басынан күшпен бір рет басыңыз. Бүрку процесі кезінде мұрын арқылы ауамен баппен дем алу мұрынның барлық қуысына ерітіндінің оңтайлы бөлінуін қамтамасыз етеді. Қолданғаннан кейін құтыға қорғаныш қалпақшасын кигізіп қою керек.
Емдеу ұзақтығы
Отривинді 10 күннен артық пайдаланбаңыз, себебі ұзақ қолдану дәрі-дәрмектік ринит тудыруы мүмкін.
- ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- атрофиялық ринит
- құрғақ ринит
- жабық бұрышты глаукома
- транссфеноидальді гипофизэктомиядан кейінгі жағдай және ми қабығындағы басқа да хирургиялық араласулар (анамнезде)
шаралар (қажет болса)
Жиі
- бас ауыруы
- мұрынның шырышты қабығының құрғауы немесе жайсыздығы, ашытып шымылдату, дәрі-дәрмектік ринит
- жүрек айнуы
- енгізген жердің ашытып шымылдауы
Жиі емес
- мұрыннан қан кету
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, терінің
бөртуі, қышыну)
- көрудің уақытша нашарлауы
- тұрақсыз немесе жиі жүрек қағуы, гипертония, аритмия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық мен
фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ксилометазолин гидрохлоридін шамадан тыс жергілікті қолдану немесе оны кездейсоқ жұтып алу ОЖЖ бәсеңдеуі (ұйқышылдық, кома), артериялық гипер- немесе гипотензия, сондай-ақ тахикардия және брадикардия сияқты симпатолитикалық әсерлердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, жүрек айнуы және құсу сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу орын алуы мүмкін. Басқа симптомдарға тері қабаттарының бозаруы, қатты терлеу, салқындау, миоз, тыныс алудың бәсеңдеуі, атаксия және мазасыздық жатады.
Емі: белсендірілген көмірді бір рет қабылдау, бақылау, симптоматикалық ем.
Қажет болғанда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
Мына пациенттерге сақтықпен қолдану керек:
- артериялық қысымы жоғары
- жүрек-қантамыр ауруларымен
- гипертиреозбен
- қант диабетімен
- фехромоцитомасы бар
- қуық асты безінің гипертрофиясы бар
- МАО тежегіштерімен емделіп жүрген (сондай-ақ ем аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде)
- симпатомиметиктерге айқын реакциясы бар (ұйқысыздық, бас айналуы және т.б.).
12 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды.
Ксилометазолин қабылдайтын QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттер күрделі қарыншалық аритмиялардың даму қаупіне ұшырауы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Отривинді, жергілікті қолдануға арналған басқа деконгестанттар сияқты 10 күннен артық қолдануға болмайды, себебі бұл мұрын шырышының ісінуімен қатар жүретін дәрі-дәрмектік риниттің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарды емдеу кезінде препараттың ұсынылатын дозасынан аспауы керек.
Педиатрияда қолдану
Отривин спрейді 12 жасқа дейінгі балаларға қолданбаған жөн, балаларға арналған Отривин мұрынға тамызатын дәрісін (0,05 %) қолдану ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Отривин ұзақ қолданғанда немесе ұсынылған дозаларды асыра қолданғанда жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне жүйелі әсер етуі мүмкін.
Отривин тамыр тарылтатын әсерді иеленетіндіктен жүктілік кезінде қолданбаған жөн.
Ксилометазолиннің емшек сүтіне енгені туралы сенімді деректер жоқ, сондықтан емшекпен емізу кезеңінде тек дәрігердің тағайындауымен ғана
қолдану керек.
Моноаминоксидаза тежегіштері: ксилометазолин МАО тежегіштерінің әсерін күшейтуі және гипертониялық кризді индукциялауы мүмкін. Соңғы
14 күн ішінде МАО тежегіштерін қабылдайтын немесе қабылдаған пациенттерге ксилометазолинді қолдануға болмайды.
Три- және тетрациклді антидепрессанттар: три- немесе тетрациклді антидепрессанттар мен симпатомиметиктерді бір мезгілде қолданған кезде
ксилометазолиннің симпатомиметикалық әсері күшеюі мүмкін, сондықтан
мұндай дәрілерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
2,5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.