Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Дозасы
0,05%
Саудалық атауы
Отризол-DF®
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Дәрілік препарат суық тиюмен, аллергиялық ринитпен (пішен қызбасын қоса) байланысты мұрын бітелуін жеңілдету үшін, синуситте қолданылады
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - ксилометазолин гидрохлориді 0,5 мг немесе 1 мг,
қосымша заттар: динатрий гидрофосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфаты дигидраты, натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық
• дәрілік препарат суық тиюмен, аллергиялық ринитпен (пішен қызбасын қоса) байланысты мұрын бітелуін жеңілдету үшін, синуситте қолданылады.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Имидазолин туындысы тобының альфа-адреномиметигі. Төмен концентрацияларда α2-адренорецепторларға әсер етеді, жоғары концентрацияда α1-адренорецепторларға әсер етеді. Жергілікті қолданған кезде мұрынның шырышы қабығы қан тамырларының тарылуын туғызады, веналық синустарда қан ағысты азайтады, осылайша мұрынның шырышты қабығының ісінуін және гиперемиясын баса отырып, сөл бөлу мөлшерін азайтады, мұрын жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіреді, мұрынның тыныс алуын жеңілдетеді.
Емдік концентрацияда шырышты тітіркендірмейді, гиперемияны туғызбайды. Әсер етуі 5 - 10 минуттан соң байқалады, және 6-8 сағат бойы сақталады, қантамырлардың түйілуі 8-12 сағатқа дейін сақталады.
Дозалану режимі
Қорғаныш қалпақшасын алып, ерітінді бүріккішке түсіп және шашырауы үшін бүріккіш-қақпағын абайлап 1 – 2 рет басу керек. Содан кейін құты қондырғысын мұрын жолына салып, бүріккішті бірден басып, бүрку керек, бүріккішті басқан қалпынан босатпастан қондырғыны шығару керек.
0,05% спрейді ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: әр мұрын жолына 2 бүркуден күніне 1-2 рет.
0,1% спрейді ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: әр мұрын жолына 1 бүркуден күніне 1-2 рет.
Күніне 3 реттен арттық қолдануға болмайды.
Емдеу курсы 5 – 7 күннен көп емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Мұрын ішіне.
• препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
• қан қысымының жоғарылауы, жүрек-қантамыр аурулары. Ксилометазолинмен емделген кезде QT ұзартылған аралық синдромы бар пациенттерде күрделі қарыншалық аритмия дамуының жоғары қаупі болады
• симпатомиметиктермен трициклді немесе тетрациклді антидепрессанттарды бір мезгілде қабылдау ксилометазолиннің симпатомиметикалық әсерін күшейтуі мүмкін, сондықтан ұсынылмайды
• атрофиялық ринит
• жабық бұрышты глаукома
• ми қыртыстарына хирургиялық араласулар (анамнезінде)
• гипертиреоз
• қант диабеті
• айқын атеросклероз
• артериялық гипертензия
• тахикардия
• көздің ауыр аурулары
• феохромацитома
• порфирия
• қуық асты безі гиперплазиясы
• моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
• транссфеноидальді гипофизэктомиямен немесе хирургиялық араласу болған пациенттер
• 12 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік және лактация кезеңі
Барлық дәрілік препараттарға ұқсас препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында пайда болмайды.
Жиі
жиі немесе ұзақ қолданған кезде мұрын шырышты қабығының тітіркенуі немесе құрғауы, мұрын шырышының артрофиясы, шымылдап ашыту, түшкіру, тәуелділік, гиперсекреция, созылмалы ринит, бас ауыруы болуы мүмкін.
Жиі емес
жүрек қағуы, жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, аллергиялық реакция (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну), депрессия (жоғары дозада ұзақ уақыт қолданғанда), көрудің бұзылуы, мұрыннан қан кету.
Өте сирек
қозу, бас ауыруы, шаршағыштық, ұйқышылдық, мәңгіру, ұйқысыздық, елестеулер және құрысулар (әсіресе балаларда), бронх түйілуі және терінің тітіркенуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Симптомдары: үрейлену сезімі, қозу, елестеулер және құрысулар; гипотермия, летаргия, ұйқышылдық, кома; миоз, мидриаз, қатты тершеңдік, қызба, тері жабындысының бозаруы, цианоз, жүрек айнуы және құсу, тахикардия, брадикардия, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы, пальпитация, гипертензия, шокқа ұқсас гипотония, өкпенің ісінуі, тыныстың тарылуы және апноэ, психикалық бұзылулар. Балаларда артық дозаланудан кейін негізінен ОЖЖ тарапынан, құрысуды қоса, кома, брадикардия, апноэ және гипертензия симптомдары дамиды, ол гипотонияға ауысуы мүмкін.
Уыттанудың клиникалық көрінісі жасырын болуы мүмкін, өйткені ОЖЖ стимуляциялану фазасы ОЖЖ бәсеңдету фазасымен кезектесіп ауысады.
Емі: күттірместен белсенділендірілген көмір (абсорбент), натрий сульфаты (іш жүргізетін дәрі) немесе асқазанды шаю тағайындалады. Артериялық қысым төмендеген кезде селективті емес альфа-блокаторлар тағайындалады. Вазопрессорлар қолдануға болмайды. Қажет болғанда ыстық түсіретін, құрысуға қарсы ем және өкпені жасанды желдету жүргізіледі.
• жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде абайлап қолдану керек
• жоғары көзішілік қысым кезінде, атап айтқанда, жабық бұрышты глаукома кезінде
• қан айналымының бұзылуымен байланысты ауыр жүрек ауруларында (мысалы, жүректің коронарлық ауруы, гипертония)
• феохромоцитома кезінде
• зат алмасуы бұзылғанда (мысалы, гипертиреоз, қант диабеті)
• порфирия кезінде,
• простата гиперплазиясы кезінде
• ксилометазолинмен емделген кезде QT ұзартылған аралық синдромы бар пациенттерде күрделі қарыншалық аритмия дамуының жоғары қаупі болады
Арнайы сақтандырулар
Ісінуге қарсы ринологиялық препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда және артық дозаланғанда олардың әсері әлсіреуі мүмкін. Ринологиялық препараттардың мұрын шырышты қабығына шамадан тыс әсер ету салдарынан мыналар пайда болуы мүмкін:
• мұрынның шырышты қабығының реактивті гиперемиясы (дәрі-дәрмектік ринит)
• шырышты қабықтың атрофиясы
Дәрілік заттың құрамында бензалконий хлориді консервантының болуына байланысты тері жабындарының және шырышты қабықтарының тітіркенуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Балаларға тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Фертильділік, жүктілік және лактация
Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты ұсынылмайды. Жүктілік және лактация кезеңінде препарат, анасы үшін болжанатын пайда бала мен шарана үшін зор қауіптен артқан жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат ұсынылған дозада көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы, сондай-ақ трициклды антидепрессанттармен бірге қолданғанда артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.