Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный с ментолом и эвкалиптом
Дозасы
0,1%
Саудалық атауы
Отризол-DF®
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Мұрын бітелуін, көпжылдық және аллергиялық ринитті (пішен қызбасын қоса), синуситті симптоматикалық жеңілдету үшін
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат - ксилометазолин гидрохлориді 0,100 г
қосымша заттар: натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, левоментол, цинеол, 70 % кристалданатын сұйық сорбитол, майсана майы, гидрогенделген полиоксил (кремофор RH 40), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ментол және эвкалипт иісі бар ақ түсті бозаңданатын ерітінді.
мұрын бітелуін, көпжылдық және аллергиялық ринитті (пішен қызбасын қоса), синуситті симптоматикалық жеңілдету үшін.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Жергілікті қолданғанда мұрынның қан тамырларының тарылуын тудырады, осылайша мұрынның және жұтқыншақтың көршілес аумақтарының шырышты қабығын сұйылтады. Бұл суық тиюден азап шегіп жүрген науқастарға мұрын арқылы оңай дем алуға мүмкіндік береді.
Фармакодинамикалық әсерлері
• Отризол-DF ментол және эвкалиптпен айқын альфа-адренергиялық белсенділігі бар симпатомиметикалық құрал және мұрынға қолдануға арналған. Әсері бірнеше минут аралығында басталады және 10 сағатқа дейін созылады. Отризол-DF әдетте жақсы төзімді және кірпікшелі эпителий функциясын бұзбайды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Деректер жоқ.
Балалар
Деректер жоқ.
Дозалану режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: әр мұрын жолына 1 бүркуден күніне 3 ретке дейін қолдану. Әр мұрын жолы үшін күніне 3 қолданудан асырмаңыз.
Ұсынылған дозаны, әсіресе балалар мен қарт адамдарда асырмаған жөн.
Енгізу әдісі мен жолы
Интраназальді.
Емдеу ұзақтығы
0,1% ксилометазолин гидрохлоридін қатарынан 7 күннен артық қолдануға болмайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгінуге ұсынымдар
Препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаған кезде, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.
• ксилометазолинге немесе кез келген қосымша заттарға өте жоғары сезімталдық
• транссфеноидальді гипофизэктомия немесе ми қыртысына хирургиялық араласу болған пациенттер
• тар бұрышты глаукома
• құрғақ ринит немесе атрофиялық ринит
• 12 жасқа дейінгі балалар
• феохромоцитомасы немесе простата гипертрофиясы бар, моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАОТ) емделетін немесе соңғы екі апта ішінде қабылдаған адамдар
Жүйелік-ағзалық жіктемесі — Жағымсыз реакция — Жиілігі
Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар — Жоғары сезімталдық реакциясы (ангионевротикалық ісіну, бөртпе, қышу) — Өте сирек
Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар — Бас ауыруы — Жиі
Көру ағзалары тарапынан болатын бұзылыстар — Уақытша көру қабілетінің бұзылуы — Өте сирек
Жүрек тарапынан болатын бұзылыстар — Тұрақты емес жүрек ырғағы Жүрек қағысының жиілеуі — Өте сирек Өте сирек
Тыныс алу жүйесі, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан болатын бұзылыстар — Мұрынның құрғауы Мұрындағы жайсыздық сезімі Мұрыннан қан кету — Жиі Жиі Жиі емес
Ас қорыту жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар — Жүрек айнуы — Жиі
Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар — Күйдіру — Жиі
Басқа жағымсыз реакцияларға мыналар жатады:
- мұрын мен тамақтың күйдіру сезімі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: қатты бас айналу, тершеңдік, дене температурасының күрт төмендеуі, бас ауруы, брадикардия, гипертония, тыныс алудың бұзылуы, кома және ұстамалар. Гипертониядан кейін гипотензия болуы мүмкін. Кішкентай балалар ересектерге қарағанда уыттылыққа көбірек сезімтал.
Емі: артық дозалануына күдікті барлық адамдарға тиісті қолдау шараларын бастау керек, ал қажет болған жағдайда дәрігердің бақылауымен симптоматикалық емдеуді жедел көрсету керек. Бұған адамды бірнеше сағат бойы бақылау кіреді.
Препаратты 7 күннен артық үздіксіз режимде қолдануға болмайды. Ұзақ немесе шамадан тыс қолдану мұрынның бітелуіне және/немесе мұрын шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін.
Отризол-DF, сол белсенді заттар класына жататын басқа препараттар сияқты, пациенттерге сақтықпен қолдану керек:
• ұйқысыздық, бас айналу, тремор, жүрек аритмиясы немесе қан қысымының жоғарылауы және т.б. белгілерімен дәлелденетін симпатомиметикалық агенттерге айқын реакциясы бар
• жүрек-қан тамырлары ауруларында
• зат алмасу бұзылғанда (мысалы, гипертиреоз, қант диабеті)
• тар бұрышты глаукомада
• феохромоцитомада
• простата гипертрофиясы кезінде
• моноаминоксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштері) емделетін немесе оларды соңғы екі апта ішінде қабылдаған пациенттерге
• ксилометазолин қабылдайтын QT аралығы ұзартылған синдромы бар пациенттер күрделі қарыншалық аритмиялар дамуының жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін
Препараттың құрамында бензалконий хлориді консервантының болуына байланысты тері мен шырышты қабықтың тітіркенуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Отризол-DF көлік жүргізу және машиналарды пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе аз әсер етеді.
Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Ксилометазолинді моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен немесе үш және тетрациклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану осы заттардың жүрек - қан тамырлары әсеріне байланысты қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.