Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
1 мг/мл
Саудалық атауы
Офтан Дексаметазон
Әсер етуші зат
Дексаметазон
Мақсаты
Офтан Дексаметазон көзге тамызатын дәрісі төмендегі кортикостероидтарға сезімтал қабақтың және бульбарлы конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы сегментінің іріңсіз…
Өндіруші
НекстФарма
Ел
Финляндия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - дексаметазон натрий фосфаты 1,32 мг (1мг дексаметазонға баламалы),
қосымша заттар: бензалконий хлориді, бор қышқылы, натрий тетрабораты, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Офтан Дексаметазон көзге тамызатын дәрісі төмендегі кортикостероидтарға сезімтал қабақтың және бульбарлы конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы сегментінің іріңсіз қабыну және аллергиялық аурулары кезінде ересектерге қолданылады
• аллергиялық конъюнктивит
• беткейлік нүктелік кератит және розацея безеуінен туындаған кератит
• ирит, циклит, иридоциклит
• кортикостероидтармен емдеу қаупі ісіну мен қабынуды айтарлықтай азайтуға қол жеткізу үшін қолайлы болған кезде химиялық заттардан, радиациядан, күйіктерден немесе бөгде заттардан туындаған мөлдір қабықтың жарақаттары мен зақымданулары
• операциядан кейінгі қабыну жағдайлары
• кератопластика кезінде трансплантаттың қабылданбай ажырауын басу үшін.
Қолдану алдында қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Дексаметазон синтетикалық, фторланған глюкокортикоид болып табылады. Оның қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизонға қарағанда 25-30 есе жоғары. Дексаметазонның қандай да бір айтарлықтай минералокортикоидтық белсенділігі жоқ. Оның мақсатты рецепторы белсендірілген лейкоциттер ядросының стероидты рецепторы болып табылады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Көзде глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммуносупрессивті және ауырсынуды басатын әсер көрсетеді. Олар лейкоциттердің көшуін, жасушалардың бөлінуін, коллаген мен ақуыз синтезін тежейді. Кортизонның көмірсулар мен липидтер алмасуына әсері препаратты көзге жергілікті қолданғанда орын алуы ықтималдығы аз.
Балалар
Офтан Дексаметазон препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ.
Дозалау режимі
Зақымдалған көздің конъюнктивалық қалтасына 1-2 тамшыдан.
Орташа қабыну кезінде препарат тәулігіне 4-6 рет қолданылады.
Айқын қабыну кезінде әр сағат сайын 1-2 тамшыдан, содан кейін қабынудың басылуына қарай және емдеу толығымен тоқтағанға дейін тәулігіне 4-6 ретке дейін жиілігін біртіндеп төмендету керек.
Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды.
Емдеу ұзақтығы зақымдану түріне және емдік жауапқа байланысты және бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін
Глаукомасы бар пациенттерде емдеу ұзақтығын 2 аптамен шектеу керек, егер ұзақ мерзімді емдеу қажет деп саналмаса ("Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары" бөлімін қараңыз).
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат офтальмологиялық қолдануға арналған.
Тамшылатқыштың ұштығы мен тамшы ерітіндісінің ластануын болдырмау үшін қабақтармен, айналасындағы аумақтармен немесе басқа беткейлермен жанасудан аулақ болу керек. Құтыны пайдаланбаған кезде оны мықтап жабық күйде ұстаңыз.
Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы арнасының окклюзиясы немесе қабақты ақырындап жабу ұсынылады. Бұл офтальмологиялық жолмен енгізілген дәрілік препараттың жүйелі сіңуін төмендетуі мүмкін және осылайша жүйелік жағымсыз реакциялар қаупін азайтады.
Бірнеше офтальмологиялық дәрілерді бір мезгілде қолданған кезде оларды тамызу арасындағы аралық кемінде 5 минутты құрауы тиіс.
Көзішілік қысымды бақылау
Емдеу кезінде көзішілік қысымды үнемі бақылау ұсынылады.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алуға жүгініңіз
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Көзге жергілікті қолданған кезде ОфтанДексаметазон жақсы жағымды және жергілікті тітіркену сирек кездеседі. Көзге тамызатын дәріні қолданғаннан кейін көзде қысқа мерзімді шаншу және жайсыздық пайда болуы мүмкін.
Жиі:
• қысқа мерзімді жайсыздық және көздің шаншуы;
Жиі емес:
• дисгевзия;
• кератит, конъюнктивит, көздің құрғауы, мөлдір қабықтың бояумен боялуы, көздің қарығуы, бұлыңғыр көру, көздің қышынуы, бөгде денені сезіну, көзден көп жас ағу, көздегі қалыптан тыс сезімдер, қабақтың жиектеріндегі қыртыстар, көздің тітіркенуі, көздің гиперемиясы;
Сирек:
• көз инфекциясы (нашарлау немесе салдарлы инфекция);
• артқы субкапсулярлық катаракта, глаукома, көру өрісінің төмендеуі;
Өте сирек:
• мөлдір қабықтың тесілуі;
Белгісіз:
• аса жоғары сезімталдық;
• Кушинг синдромы, бүйрек үсті безі функциясының тежелуі ("Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары" бөлімін қараңыз);
• бас айналу, бас ауыруы;
ойық жаралы кератит, көзішілік қысымның жоғарылауы, көру өткірлігінің төмендеуі, мөлдір қабықтың эрозиясы, птоз, көздің ауыруы, мидриаз.
• «Қосымша мәліметтер, Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап көрсетілген әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
• микобактериялық көз инфекциялары, соның ішінде көз туберкулезі;
• қарапайым герпес вирусынан туындаған жедел эпителий кератиті (дендритті кератит);
• сиыр шешегі, желшешек және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа вирустық инфекциялары (herpes zoster тудырған герпестік кератитті қоспағанда);
• көздің басқа вирустық инфекциялары;
• көздің зеңдік инфекциялары;
• қатар жүретін микробқа қарсы терапиясыз көздің іріңді инфекциялары;
• мөлдір қабықтың тесілуі.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Офтан Дексаметазон көзге тамызатын дәрісін жергілікті қолданған кезде артық дозалану ықтималдығы аз.
Арнайы ескертулер
Препаратты мөлдір қабықтан бөгде денені асқынбай алып тастағаннан кейін қолдануға болмайды.
Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары
Жүйелік және жергілікті кортикостероидтарды қолданған кезде көру қабілетінің бұзылуы туындауы мүмкін. Егер пациентте бұлыңғыр көру немесе қандай да бір басқа көру қабілетінің бұзылуы сияқты симптомдар пайда болса, пациентті жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолдану кезінде хабарланған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХР) сияқты сирек кездесетін аурулармен байланысты болуы мүмкін себептерді анықтау үшін офтальмологқа жіберу керек.
1 аптадан астам уақыт офтальмологиялық кортизонды қолдану көзішілік қысымды арттыруы және / немесе көру жүйкесінің зақымдануымен глаукоманың дамуына, көру өткірлігінің төмендеуіне және көру өрістерінің тарылуына, сондай-ақ субкапсулярлық катарактаның қалыптасуына әкелуі мүмкін. Кортикостероидты терапияны 10 күннен артық қабылдаған пациенттерде көзішілік қысымды үнемі бақылау өте маңызды.
Бұл әсіресе педиатриялық пациенттер үшін өте маңызды, өйткені стероидты-индукцияланған көзішілік гипертензия оларда ересектерге, сондай-ақ жеке немесе отбасылық глаукома анамнезі бар адамдарға қарағанда тезірек және жиі дамиды.
Кортикостероидтардан туындаған көзішілік қысымның жоғарылау және/немесе катарактаның даму қаупі бейім пациенттерде (мысалы, диабеті бар пациенттерде) жоғары.
Кортикостероидтармен емдеу бактериялық, вирустық немесе зеңдік инфекцияны бүркемелеуі мүмкін, оның дамуы көздің қайтымсыз зақымдалуына әкелуі мүмкін. ОфтанДексаметазонды инфекция жұқтырған көзді емдеу кезінде тек антибиотикпен спецификалық емдеумен бірге қолдануға болады.
Анамнезінде көз герпесі бар пациенттерге ерекше сақтық қажет. Herpes simplex туындаған стромальды кератитті немесе увеитті емдеу кезінде кортикостероидтар тек вирусқа қарсы терапиямен бірге қолданылуы мүмкін. Саңылау шамның көмегімен үнемі бақылау қажет.
Глюкокортикоидтарды жергілікті қолдану мөлдір қабық жарақаттарының жазылуын кешіктіруі мүмкін. ҚҚСД (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер) бірге қолдану да жазылудың кешігу қаупін арттырады.
Мөлдір қабықтың немесе аққабықтың жұқаруымен байланысты жағдайларда жергілікті кортикостероидтарды қолдану осы тіндердің тесілуіне әкелуі мүмкін.
Офтальмологиялық дексаметазонның жүйелі сіңуіне байланысты Кушинг синдромы және/немесе бүйрек үсті безінің басылуы бейім пациенттерде, соның ішінде қарқынды немесе ұзақ үздіксіз емнен кейін балалар мен CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, ритонавир және кобицистат) қабылдаған пациенттерде туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді біртіндеп тоқтату керек.
Кортикостероидтар инфекцияларға төзімділікті төмендетеді және олардың белгілерін бүркемелейді. Мұндай жағдайларда міндетті түрде бактерияға қарсы ем қажет. Егер зеңдік зақымдануға күдік болса, стероидтармен емдеуді тоқтату керек.
Офтан Дексаметазон көзге тамызатын дәрісінің құрамында консервант ретінде бензалконий хлориді бар.
Офтан® Дексаметазон құрамында әр тамшыда шамамен 0,001 мг бензалконий хлориді бар, бұл 0,04 мг/мл-ге баламалы.
Жанаспалы линзаларды кию ұсынылмайды, дегенмен Офтан Дексаметазонмен емдеу кезінде жанаспалы линзаларды пайдалану қажет болса, көзге тамызатын дәріні тамызар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау керек және линзаларды қайта орнатпас бұрын кем дегенде 15 минут күту керек. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалардың түсін өзгертетіні белгілі.
Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін, көздің құрғап кету симптомдарын тудыратыны және көз жасы үлбіріне және мөлдір қабықтың беткейіне әсер ететіні туралы хабарланды. Сондықтан препаратты құрғақ көз синдромы бар пациенттерде және мөлдір қабық зақымдалуы мүмкін пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Ұзақ уақыт қолданған кезде пациенттерді мұқият бақылау керек.
Офтан Дексаметазон көзге тамызатын дәрісінің құрамында фосфаттар бар. Мөлдір қабықтың ауыр зақымдануы бар пациенттерде фосфаттар өте сирек жағдайларда мөлдір қабықтың кальцификациясы салдарынан көру қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін.
Балаларда қолдану
Бұл дәрілік препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, өйткені оның құрамында бор бар және баланың болашақ фертильділігін нашарлатуы мүмкін.
Офтан® Дексаметазон препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 18 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ.
Қант диабеті
Жүйелік кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде қант диабетінің дамуы немесе өршуі болуы мүмкін. Офтан® Дексаметазон препаратын қант диабеті бар (немесе отбасылық бейімділікпен) пациенттерде қолданған кезде сақтық қажет.
Жүйелік сіңірілуін азайту бойынша ұсыныстар
Тамызғаннан кейін жүйелік сіңірілуін азайту үшін көзді 2 минутқа ақырын жабу немесе көздің ішкі бұрышындағы көз жасы арнасын саусағыңызбен 2 минутқа басу ұсынылады. Бұл шаралар препараттың жүйелік қан ағымына түсуін азайтады және сәйкесінше жүйелік жағымсыз реакциялар қаупін азайтады.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейін -28 күн
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
2-ден 8ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны картон қорапшада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.