Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Саудалық атауы
Офтан® Катахром
Әсер етуші зат
Қатысты емес
Мақсаты
Катаракта
Өндіруші
AO НекстФарма
Ел
Финляндия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: С цитохромы, 0,675 мг,
аденозин, 2 мг,
никотинамид, 20 мг
қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий сукцинатының гексагидраты, сорбит, натрий дигидрофосфатының дигидраты, натрий гидрофосфатының дигидраты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызыл түсті мөлдір ерітінді
• катаракта
Әсер ету механизмі
Офтан Катахромның катарактты емдеудегі әсер ету механизмі негізінен оның белсенді ингредиенттерінің антиоксидантты және қоректік әсеріне негізделген. Офтан Катахром көздің алдыңғы бөліктерінің өзіне тән емес, инфекциялық емес қабыну жағдайларында қолайлы әсер ететіндігі көрсетілген.
С цитохромы бұл темірдің жоғары молекулалық порферлік қосылысы және гемоглобин құрылымына ұқсас құрылымы бар конъюгацияланған ақуыз.
Ол барлық аэробты организмдердің биохимиялық тотығу-тотықсыздану процестерінде маңызды рөл атқарады.
Фармакодинамикалық қасиеттері
С цитохромы Офтан Катахром көзге тамызатын дәріде тікелей мөлдір қабықта оттегі радикалдарын бейтараптандыруға және сулы ылғал мен көз қарашығы эпителийіндегі гем-пептидке ыдырауға қабілетті. Сондай-ақ, көз қарашығы эпителийіндегі цитохромоксидазаны азайта және радикалды ықпалдандырылған катарактаның алдын ала отырып, С цитохромы жанама түрде антиоксидант ретінде әрекет ете алады.
Аденозин көзге тамызатын дәріде көп әсер береді. Бұл тамырларды кеңейтеді және көздегі қанның перфузиясын арттырады. Көз қарашығы мен мөлдір қабықты қоректендіреді, сондай-ақ сулы ылғал айналымының ұлғаюы есебінен уытты катаболиттердің азаюына ықпал етеді. Аденозин конъюнктивада, мөлдір қабықта және көздің басқа да алдыңғы бөліктерінде қабынуды тежейді. Бұл аутакоид және жасушалы мембранада А2 рецепторларын ынталандыру арқылы қабынуды тежейтін эндогенді молекула. Сонымен қатар, аденозин кальцитонин генімен байланысты пептид сияқты қабыну агенттерінің шығарылуын азайтады.
Аденозин қоректік зат және ДНҚ мен энергия алмасуын қалпына келтірудің негізгі элементі болып табылады. Ол көз қарашығындағы глутатионды қалпына келтіруде жанама рөл атқарады, себебі ол глутатионредуктаза ферментінде және НАДФ-та (никотинамид-адениндинуклеотид-фосфат) құрылымдық элемент болып табылады.
Никотинамид НАД (никотинамид-адениндинуклеотид) және НАДФ (никотинамид-адениндинуклеотид-фосфат) өмірлік маңызы бар коферменттерде құрылымдық элемент болып табылады. Офтан Катахромға никотинамидті қосу ДНҚ-ны қалпына келтіру үшін метаболикалық қоректік заттарды беру және глутатион ферменттерінің деңгейін ұстап тұру арқылы егер көз қарашығының эндотелий жасушаларының регенерациялық қабілетін қалпына келтірсе, катарактаның дамуындағы прогресті болдырмауға болады деген болжамға негізделген.
Офтан Катахром катарактаның дамуын болдырмауға арналған. Уыттылығы төмен болғандықтан, оны профилактикалық тұрғыдан да қолдануға болады. Офтан Катахром терапиясы, әдетте, көз қарашығының бұлыңғырлануын басуда елеулі объективті пайдаға қол жеткізгенге дейін жалғасуы тиіс. Плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуде препарат 6-12 ай емдеуден кейін қарттық катаракта көз қарашығының бұлдырауын басты. Басқа зерттеулер және эмпирикалық клиникалық тәжірибе алайда оның тиімділігін 6 ай ішінде көрсетті.
Офтан Катахромның әсері көз қарашығымен шектелмейді, бірақ препарат сонымен қатар көздің қабатында қабынуға қарсы, антиоксидантты, бактерияға қарсы, нәрлендіретін, дезинфекциялайтын және ылғалдандыратын әсер береді. Ол көздің алдыңғы бөліктерінің өзіне тән емес, инфекциялық емес қабыну жағдайларында қолайлы әсер ететіндігі көрсетілген.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Кератокорнеальды қабынуы бар пациенттермен ашық зерттеу осы тұжырымды растайды. Герпестен кейінгі кератопатия, мөлдір қабық жарасы және дистрофия, «құрғақ көз» синдромы, созылмалы кератоконьюнктивит және созылмалы блефароконьюнктивит сияқты қабыну, зақым келтірілген және метаболикалық мөлдір қабық және конъюнктивалық аурулары бар 379 пациентте дәстүрлі стероидтардың біріктірілуімен және Офтан Катахроммен емдеу кезінде емделу уақыты едәуір қысқа болды.
Дозалау режимі
Жергілікті, күніне 3 рет зақымдалған көздің конъюнктивалық қабына 1-2 тамшыдан.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдануға арналған
Басқа көз препараттарын бір мезгілде қолданған кезде 5-15 минут күту керек және содан кейін ғана басқа дәрілік препаратты қолдануы керек.
Құтыны бірінші рет пайдаланған кезде құтының қақпағын бір мезгілде төмен басып, бұраңыз, содан кейін құтыны ашыңыз.Құтыны бірінші рет пайдаланған кезде құтының қақпағын бір мезгілде төмен басып, бұраңыз, содан кейін құтыны ашыңыз.
• Белсенді заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық.
• 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Жиі
• көздің қысқа мерзімде ауырсынуы, көздің тітіркенуі
Сирек
• аллергиялық конъюнктивит, жанаспа дерматит
Өте сирек
• қысқа мерзімді жүрек айнуы, бас айналуы, артериялық гипотония, ентігу
• қан кернеулері, ысыну сезімі, талу, самайдағы тамыр соғу сезімі
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• бензалконий хлоридімен (консервант) байланысты көздің қысқа мерзімді тітіркенуі.
Көзге тамызатын дәріде фосфат буферлік жүйесін қолдануға байланысты, мөлдір қабық елеулі зақымданған кейбір пациенттерде анда-санда мөлдір қабықтың кальцификациялану жағдайлары туралы хабарланған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
«Cантен» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Чаплин к-сі 71/66, 050019 Алматы, Қазақстан
Телефон нөмірі – 250-39-17
Электронды пошта: santen.kaz@santen.com
Oфтан® Катахром офтальмологиялық қолдану кезінде қауіпсіз. Препаратты кездейсоқ немесе әдейі ішкеннен кейін артық дозалану туралы деректер жоқ. Oфтан® Катахромның артық дозалануымен байланысты симптомдарды емдеу симптоматикалық болып табылады.
Офтан® Катахром көзге тамызатын дәрісі тек көзге жергілікті қолдануға арналған, бірақ инъекциялық немесе пероральді қолдануға арналмаған.
Бензалконий хлориді
Жұмсақ жанаспалы линзалар бензалконий хлоридін сіңіріп, жанаспалы линзалардың түсін өзгерте алады. Қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешіп алыңыз да, қайта салмас бұрын кемінде 15 минут күтіңіз.
Бензалконий хлориді, әсіресе егер сізде көздеріңіз құрғақ болса немесе мөлдір қабық бұзылса (көздің алдыңғы жағындағы мөлдір қабат) көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Егер сіз осы көзге тамызатын дәріні қолданғаннан кейін атиптік сезімін, күйдіру немесе көздің ауырсыну сезімін сезсеңіз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Арнайы сақтандырулар
Балаларда қолдану
Балаларда Офтан® Катахром көзге тамызатын дәрісі қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Өнім автокөлік жүргізу қабілетіне әсерін тигізбейді. Кез - келген көзге арналған препараттар сияқты - егер көздің өткінші бұлыңғырлануы байқалса, пациент көру қабілеті қалпына келгенше күтуі керек және содан кейін ғана көлікті басқаруы немесе механикалық жабдықты қолдануы қажет.
Офтан® Катахром көзге тамызатын дәрісінің әсері жүктілік пен бала емізу кезінде зерттелмегендіктен, жүктілік пен бала емізу кезінде препаратты қолдану ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызы бар өзара әсерлері анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін – 28 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
2-ден 8°C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.