Әсер ету механизмі
Пазопаниб 1, 2 және 3 (VEGFR) эндотелийлік өсу факторының тамырлық рецепторларының, альфа және бета тромбоциттерінің өсу факторы рецепторының (PDGFR-α және PDGFR-β), тиісінше, 10, 30, 47, 71, 84 және 74 нмоль IC50 мәндерімен жасушалық өсу факторы рецепторының (с-KIT) пероральді қуатты көп нысаналы тирозинкиназа тежегіші түрінде болады. Клиникаға дейінгі зерттеулерде пазопаниб дозаларына қарай лигандтар тудырған жасушалардағы VEGFR-2, c-Kit және PDGFR-β рецепторларының аутофосфорлануын тежеді. In vivo пазопаниб тышқандар өкпесінде VEGF тудырған VEGFR-2 фосфорлануын, әртүрлі жануарлардағы ангиогенезді және тышқандарда адамдағы тәрізді кейбір ісік ксенотрансплантаттарының өсуін тежейді.
Фармакогеномикасы
Пазопаниб монотерапия түрінде немесе басқа препараттармен біріктірілімде қолданылған 31 клиникалық зерттеу деректеріне жасалған фармакогенетикалық мета-талдау деректері бойынша HLA-B57:01 аллель бар пациенттердің 19%-да және ондай аллель жоқ пациенттердің 10%-да ҚЖШ 5 еседен көп жоғары АЛТ (Ұлттық обырды зерттеу институтының жалпы уыттылық критерийлерінің шкаласы бойынша 3 дәрежесі) аталды. Осы деректер жинағында 133/2235 (6%) пациентте HLA-B57:01 аллель болды (4.4 бөлімін қараңыз).
Клиникалық зерттеулер
Бүйрек-жасушалық обыр (БЖО)
БЖО кезіндегі пазопаниб қауіпсіздігі мен тиімділігі рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын көп орталықтық зерттеуде бағаланды. Жергілікті таралған және/немесе метастаздық БЖО бар пациенттер (N = 435) ерікті тәртіппен күніне бір рет 800 мг пазопаниб немесе плацебо алу үшін бөлінді. Зерттеудің басты мақсаты аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілетіне (АҮжТ) қатысты екі емдеу сызбасына бағалау мен салыстыру жүргізу, ал негізгі екінші соңғы нүкте жалпы тіршілік қабілеті (ЖТ) болды. Басқа мақсаттар клиникалық жауаптың жалпы жиілігіне және емдеуге реакцияның ұзақтығына бағалау жүргізуді көздеді.
Зерттеуге барлығы 435 пациент қатысты, оның ішінде 233 пациент бұрын ешқандай емдеуден өтпеген, ал 202-сі бұрын 2 интерлейкин немесе α-интерферонға негізделген ем қабылдаған екінші желідегі пациенттер болды. Тиімділік көрсеткіші (ECOG) пазопаниб және плацебо топтарында ұқсас болды (ECOG 0: 41% қарсы 42%, ECOG 1: 59% қарсы 58%). Пациенттердің көпшілігінде MSKCC (Мемориалдық Слоан-Кеттеринг онкологиялық орталығы) / Мотцер болжамының қолайлы (39%) немесе аралықтық (54%) факторлары байқалды. Пациенттердің бәрінде таза немесе көбінесе таза жасушалық гистология болды. Барлық пациенттің жартысына жуығында ауруға 3 және одан көп ағза шалдыққан, ал көптеген пациенттерде емдеудің бастапқы сатысында өкпеде (74%) және/немесе лимфа түйіндерінде (54%) метастаздар болды.
Екі топта да бұрын ешқандай емдеуден өтпеген және осыған дейін цитокинмен емделген пациенттер ұқсас пропорцияда болды (пазопаниб тобында 53% және 47%, плацебо тобында 54% және 46%). Цитокин алған қосалқы топта пациенттердің көпшілігі (75%) интерферон негізінде ем қабылдады.
Әр топта ұқсас пропорцияда бұрын нефрэктомия жасалған (пазопаниб және плацебо топтарында, тиісінше, 89% және 88%) және/немесе радиоемнен өткен (пазопаниб және плацебо топтарында, тиісінше, 22% және 15%) пациенттер болды.
АҮжТ алғашқы соңғы нүктесін бастапқы талдау зерттеудің барлық қатысушысын (бұрын ешқандай емдеуден өтпеген және цитокинмен емделген) тәуелсіз радиологиялық тексеруден өткізу арқылы ауруды бағалауға негізделген.
4 кесте Тәуелсіз бағалауға сай БЖО кезіндегі тиімділігінің жалпы нәтижелері (VEG105192)
Соңғы нүктелер/зерттелетін қауым — Пазопаниб — Плацебо — ҚҚ (95% СА) — Р-мәні (бір жақты)
АҮжТ Жалпы* ITT Медиана (айлар)
N = 290 9,2 — N = 145 4,2 — 0,46 (0,34, 0,62) — < 0,0000001
Жауап жиілігі % (95% СА) — N = 290 30 (25,1,35,6) — N = 145 3 (0,5, 6,4) — — — < 0,001
ҚҚ = қауіптер қатынасы; ITT = «тағайындалған емдеуге байланысты»; АҮжТ = аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілеті. * — бұрын емдеуден өтпеген және бұрын цитокиндермен емделген пациенттер қауымдары.
1 сурет Жалпы қауым үшін тәуелсіз бағалауға сай аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілетіне тән Каплан-Майер қисығы (бұрын емдеуден өтпеген және бұрын цитокиндермен емделген пациенттер қауымдары) (VEG105192)
ось x; айлар, ось y; аурудың үдеуі жоқ бөлігі,Пазопаниб ——— (N = 290) Медиана 9,2 ай;Плацебо -------- (N = 145) Медиана 4,2 ай;қауіптер қатынасы = 0,46, 95% СА (0,34, 0,62), P < 0,0000001
2 сурет Бұрын емдеуден өтпеген пациенттер қауымы үшін аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілетіне тән Каплан-Майер қисығы (VEG105192)
ось x; айлар, ось y; аурудың үдеуі жоқ бөлігі,Пазопаниб ——— (N = 155) Медиана 11,1 ай;Плацебо -------- (N = 78) Медиана 2,8 ай;қауіптер қатынасы = 0,40, 95% СА (0,27, 0,60), P < 0,0000001
3 сурет Бұрын цитокиндермен емделген пациенттер қауымы үшін аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілетіне тән Каплан-Майер қисығы (VEG105192)
ось x; айлар, ось y; аурудың үдеуі жоқ бөлігі,Пазопаниб ——— (N = 135) Медиана 7,4 ай;Плацебо -------- (N = 67) Медиана 4,2 ай;қауіптер қатынасы = 0,54, 95% СА (0,35, 0,84), P < 0,001
Ем дарыған пациенттер үшін, тәуелсіз шолу бойынша, реакцияға дейінгі орташа уақыт 11,9 аптаға, ал орташа ұзақтығы 58,7 аптаға созылды (VEG105192).
Орташа жалпы тіршілік қабілеті (ЖТ), тіршілік қабілетін түпкілікті талдау хаттамасының деректері бойынша, пазопаниб және плацебо топтарына ерікті түрде іріктелген пациенттер үшін, тиісінше, 22,9 айға және 20,5 айға созылды [ҚҚ = 0,91 (95% СА: 0,71, 1,16; р = 0,224)]. ЖТ нәтижелерінің араласып кетуі ықтималды, өйткені плацебо тобындағы пациенттердің 54%-ы аурудың үдеуінен кейін зерттеудің қосымша бөлігінде пазопанибті де қабылдады. Плацебо тобындағы пациенттердің алпыс алты пайызы, пазопаниб тобындағы 30%-мен салыстырғанда, емдеуді зерттеу аяқталған соң қабылдады.
EORTC QLQ-C30 және EuroQoL EQ-5D сауалнамалары қолданылған жаһандық өмір сапасы көрсеткішіне қатысты зерттелетін топтар арасында статистикалық айырмашылық байқалмады.
Жергілікті қайталамалы немесе метастаздық ашық реңді-жасушалы бүйрек-жасушалық обыры бар 225 пациенттің қатысуымен 2 фазадағы зерттеуде, тәуелсіз шолу бойынша, объективті оң клиникалық жауап пайызы 35%, ал орташа реакция ұзақтығы 68 апта болды. Орташа АҮжТ 11,9 айға созылды.
Пазопанибпен емдеу кезіндегі қауіпсіздігі, тиімділігі және өмір сүру сапасы, сунитинибпен салыстырғанда, III фазаның қатарлас топтарымен тиімділігі аз болмайтын рандомизацияланған ашық зерттеуде (VEG108844) бағаланды.
VEG108844 зерттеуінде бұрын жүйелі ем қабылдамаған жергілікті таралған және/немесе метастаздық БЖО бар пациенттер (N = 1110) ерікті түрде ұзақ уақыт тәулігіне бір рет 800 мг пазопаниб немесе 6 апталық циклдармен (4 апта емделу, одан кейін 2 апта үзіліспен) тәулігіне бір рет 50 мг сунитиниб қабылдау үшін бөлінді.
Аталған зерттеудің негізгі мақсаты пазопанибпен ем қабылдаған пациенттерді сунитиниб алғандармен АүжТ тұрғысынан салыстыру және бағалау жүргізу болды. Демографиялық сипаттамалар екі топта да бірдей болды. Ауру сипаттамалары бастапқы диагностикалау және скринингтеу кезінде емдеу сызбалары арасында біркелкі бөлінді, пациенттердің көпшілігінде ашық реңді жасушалық гистология және IV сатыдағы ауру болды.
VEG108844 зерттеуі АҮжТ алғашқы соңғы нүктесіне жетті және пазопаниб тиімділігінің сунитинибтен кем түспейтіні дәледенді, өйткені қауіп қатынасы ретіндегі 95% СА жоғарғы шегі хаттамада көрсетілген 1,25 аз тиімділігінің болмау шегінен азырақ болды. Жалпы тиімділігінің нәтижелері 5 кестеде берілген.
5 кесте Тиімділігі бойынша жалпы нәтижелер (VEG108844)
Соңғы нүкте — Пазопаниб N = 557 — Сунитиниб N = 553 — ҚҚ (95% СА)
АҮжТ Жалпы Медиана (айлар) (95% СА) — 8,4(8,3, 10,9) — 9,5(8,3, 11,0) — 1,047(0,898, 1,220)
Жалпы тіршілік қабілеті Медиана (айлар) (95% СА) — 28,3(26,0, 35,5) — 29,1(25,4, 33,1) — 0,915a(0,786, 1,065)
ҚҚ = қауіптер қатынасы; ҮТҚ = үдеусіз тіршілік қабілеті; a P-мәні = 0,245 (2 жақты)
4 кесте Жалпы қауым үшін, тәуелсіз бағалауға сай, аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілетіне тән Каплан-Майер қисығы (VEG108844)
Время с момента рандомизации (месяцы) - Рандомизация сәтінен бастап уақыт (айлар)
АҮжТ бойынша қосалқы топтарды талдау 20 демографиялық және болжамдық факторға сәйкес жасалды. Барлық қосалқы топтар үшін 95% сенім аралықтары 1 мәніне тең қауіп қатынасын қамтыды. Көрсетілген 20 қосалқы топтың ең аз үшеуінде қауіп қатынасын нүктелі бағалау 1,25 мәнінен асып кетті; яғни, бұрын нефрэктомия жасалмаған пациенттерде (n = 186, ҚҚ = 1,403, 95% СА (0,955, 2,061)), базалық ЛДГ көрсеткіші ҚЖШ 1,5 есе көп жоғары (n = 68, ҚҚ = 1,72, 95% СА (0,943, 3,139)), және MSKCC: жоғары қауіп (n = 119, ҚҚ = 1,472, 95% СА (0,937, 2,313)).
Жұмсақ тіндер саркомасы (ЖТС)
ЖТС кезіндегі пазопаниб тиімділігі мен қауіпсіздігі III фазадағы негізгі рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын көп орталықтық зерттеуде (VEG110727) бағаланды. Таралып кеткен ЖТС бар барлығы 369 пациент күніне бір рет 800 мг пазопаниб немесе плацебо алу үшін бөлінді. Тек белгілі бір ЖТС гистологиялық қосалқы типтері бар пациенттердің ғана зерттеуге жіберілуі маңызды, сондықтан пазопаниб тиімділігі және қауіпсіздігін тек белгілі бір ЖТС қосалқы топтарында ғана қарастыруға болады, ал пазопанибпен емдеу тек ЖТС қосалқы типтерімен шектелуі тиіс.
Зерттеуге ісіктердің келесі түрлері жіберілді:
Фибробластты (ересектердегі фибросаркома, миксофибросаркома, эпителиоидты жасушалардан склероздаушы фибросаркома, қатерлі солитарлы фиброздық ісіктер), фиброзды гистиоцитарлы деп аталатын ісіктер (плеоморфты қатерлі фиброзды гистиоцитоксантома [ҚФГ], алып жасушалы ҚФГ, қабынулы ҚФГ), лейомиосаркома, гломустың, қаңқа бұлшықеттерінің (плеоморфты және альвеолярлы рабдомиосаркома), тамырлық (эпителиоидты жасушалардан гемангиоэндотелиома, ангиосаркома), дифференциялануы белгісіз қатерлі ісігі (жұмсақ тіндердің синовиальді, эпителоидты, альвеолярлы, ашық реңді-жасушалы, десмоплазиялық ұсақ дөңгелек жасушалы, бүйректен тыс таяқша тәрізді, қатерлі мезенхимома, эпителиоидты жасушалардан тамыр маңындағы, интимальді саркома), шеткері жүйке қабығының қатерлі ісіктері, басқаша көрсетілімі жоқ (БКЖ) жұмсақ тіндердің дифференцияланбаған саркомасы және саркомалардың басқа түрлері (зерттеуге қосылғандар болып көрсетілмеген).
Зерттеуге ісіктердің келесі түрлері жіберілмеді:
Адипоцитті саркома (барлық қосалқы түрлері), альвеолярлы немесе плеоморфты емес барлық рабдомиосаркомалар, хондросаркома, остеогенді саркома, Юинг ісігі /тұрпайы нейроэктодермалық ісік (ТНЭІ), АІСІ, дермофиброматозды дөңбек саркомалар, қабындыратын миофибробласты саркомалар, қатерлі мезотелиома және жатырдың аралас мезодермалық ісіктері.
Адипоцитті саркома бар пациенттердің III фазадағы негізгі зерттеуге қатысудан шеттелгенін атап өту керек, өйткені II фазаның (VEG20002) алдын ала зерттеуінде пазопанибті адипоцитті ісікті емдеуге қолдану кезінде байқалған әсері (12 аптадағы АҮжТ) әріқарай клиникалық сынақтар өткізуге мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген нормаға сәйкес келмеді.
VEG110727 зерттеуіне қосылудың басқа шешуші критерийлері: жоғары немесе орташа дәрежедегі қатерлі ЖТС гистологиялық расталуы және метастаздық аурудан 6 ай емделу кезіндегі аурудың үдеуі немесе (нео)-/адъювантты емнің 12 айы ішінде аурудың қайталануы.
Қатысушылардың тоқсан сегіз пайызы (98%) осыған дейін доксорубицин, 70%-ы ифосфамид алды, ал қатысушылардың 65%-ы зерттеуге қатысуға тіркелуге дейін, кем дегенде, үш немесе одан көп химиялық ем препараттарын қабылдады.
Пациенттер бастапқы сатыдағы ДДҰ жалпы жағдай көрсеткіштері (ДДҰ ЖЖК) бойынша (0 немесе 1) және үдемелі аурудан бұрын жүйелі емдеу желілерінің санына қарай (2+ қарсы 0 немесе 1) бөлінді. Әр емдеу тобында, бұрынғы жүйелі емнің 0 немесе 1 желілерімен салыстырғанда (плацебо және пазопанибпен емдеу сызбасы үшін, тиісінше, 42% және 45%), үдемелі аурудан бұрынғы жүйелі емдеудің 2+ желісіне қатысушылардың сәл көбірек үлесі (плацебо және пазопанибпен емдеу сызбасы үшін, тиісінше, 58% және 55%) қатысты. Қатысушыларды одан әрі қадағалаудың орташа ұзақтығы (ерікті түрде бөлінген күннен бастап соңғы байланыс немесе өлім болған күнге дейінгі кезең болып айқындалған) екі емдеу сызбасында ұқсас болды (плацебо үшін 9,36 ай [0,69-ден 23,0 дейінгі шекте] және пазопаниб үшін 10,04 ай [0,2-ден 24,3 дейінгі шекте].
Зерттеудің бастапқы мақсаты аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілеті болды (тәуелсіз радиологиялық тексеруге сай бағаланатын АҮжТ); екінші соңғы нүктелері жалпы тіршілік қабілетін (ЖТ), емдеуге реакцияның жалпы жиілігін және реакция ұзақтығын қамтыды.
6 кесте. Тәуелсіз бағалауға сай, ЖТС кезіндегі тиімділігінің жалпы нәтижелері (VEG110727)
Соңғы нүктелер/зерттелетін қауым — Пазопаниб — Плацебо — ҚҚ (95% СА) — Р-мәні(екі жақты)
АҮжТ
Жалпы ITT Медиана (апталар) — N =24620,0 — N =1237,0 — 0,35 (0,26, 0,48) — < 0,001
Лейомиосаркома Медиана (апталар) — N =10920,1 — N = 498,1 — 0,37 (0,23, 0,60) — < 0,001
Синовиальді саркома қосалқы топтары Медиана (апталар) — N = 2517,9 — N = 134,1 — 0,43 (0,19, 0,98) — 0,005
«Басқа ЖТС» қосалқы топтары Медиана (апталар) — N = 11220,1 — N = 614,3 — 0,39 (0,25, 0,60) — < 0,001
ЖТ
Жалпы ITT Медиана (айлар) — N = 24612,6 — N = 12310,7 — 0,87 (0,67, 1,12) — 0,256
Лейомиосаркома Медиана (айлар) — N = 10916,7 — N = 4914,1 — 0,84 (0,56, 1,26) — 0,363
Синовиальді саркома қосалқы топтары * Медиана (айлар) — N = 258,7 — N = 1321,6 — 1,62 (0,79, 3,33) — 0,115
«Басқа ЖТС» қосалқы топтары Медиана (айлар) — N = 11210,3 — N = 619,5 — 0,84 (0,59, 1,21) — 0,325
Жауап жиілігі (ТЖ + ЖЖ) % (95% СА) Жауап ұзақтығы Медиана (апталар) (95% СА) — 4 (2,3, 7,9) 38,9 (16,7, 40,0) — 0 (0,0, 3,0)
ҚҚ = қауіптер қатынасы; ITT = «тағайындалған емдеуге қарай»; АҮжТ = аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілеті; ТЖ = толық жауап; ЖЖ = жартылай жауап. ЖТ = жалпы тіршілік қабілеті. * Тиісті гистологиялық қосалқы топтар үшін жалпы тіршілік қабілетінің нәтижелері (лейомиосаркома, синовиальді саркома және «Басқа» ЖТС) пациенттер санының шағын, ал сенім аралықтарының ауқымды болуы себепті абайлап түсіндірілу керек.
Пазопаниб тобында, зерттеушінің бағалауына сай, плацебо тобымен салыстырғанда, АҮжТ тарапынан ұқсас жақсаруы байқалды (ITT жалпы қауымы үшін ҚҚ: 0,39; 95% СА, 0,30-0,52, p < 0,001).
5 кесте Жалпы қауым үшін, тәуелсіз бағалауға сай, аурудың үдеуі жоқ тіршілік қабілетіне тән Каплан-Майер қисығы (VEG110727)
Расчетная функция выживаемости – Тіршілік қабілетінің есептік функциясы
Время с момента рандомизации (месяцы) – Рандомизация сәтінен бастап уақыт (айлар)
Пациенты в группе риска – Қауіп тобындағы пациенттер
Примечание: Диапазоны 95% доверительного интервала показаны для каждого препарата –
Ескертпе: Әр препарат үшін 95% сенім аралығының диапазондары көрсетілген.
Оқиғалардың 76%-нан (280/369) кейін жасалған ЖТ қорытынды талдауында екі емдеу сызбасының арасында ЖТ елеулі айырмасы байқалмады (ҚҚ 0,87, 95% СА 0,67; 1,12 р = 0,256).
Балалар
Пазопаниб I фазасының (ADVL0815) зерттеуі әртүрлі қайталамалы немесе рефрактерлі ауқымды ісіктері бар балалар жасындағы 44 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Негізгі мақсаты балалардағы пазопанибтің ең жоғары жағымды дозасын (ЕЖД), қауіпсіздік бейінін және фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу болды. Осы зерттеудегі әсер ету ұзақтығының медианасы 3 айға (1-23 ай) созылды.
Пазопаниб II фазасының (PZP034X2203) зерттеуі рабдомиосаркома (N = 12), жұмсақ тіндердің рабдомио емес саркомасын (N = 11), Юинг саркомасын/pPNET (N = 10), остеосаркома (N = 10), нейробластома (N = 8) және гепатобластоманы (N = 6) қоса, рефрактерлі ауқымды ісіктері бар балалар жасындағы 57 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Емдеу 1-ден < 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу кезіндегі оның емдік белсенділігін анықтау үшін пазопанибпен монотерапияның бақыланбайтын ашық зерттеуі түрінде болды. Пазопаниб күнделікті 450 мг/м2/доза таблеткалар түріндегі дозада немесе 225 мг/м2/доза ішуге арналған суспензия түріндегі дозада қабылданды. Ең жоғары рұқсатты тәуліктік дозасы таблеткалар үшін 800 мг және ішуге арналған суспензия үшін 400 мг құрайды. Орташа әсер ету ұзақтығы 1,8 айға созылды (1 күн - 29 ай).
Осы зерттеу нәтижелері балалар жасындағы пациенттерде препараттың ісікке қарсы ешқандай елеулі белсенділігін көрсетпеді. Сондықтан пазопаниб балалар жасындағы пациенттерде ісіктерді емдеуге ұсынылмайды (препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану туралы ақпарат алу үшін 4.2 бөлімін қараңыз).
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік балалар жасындағы қосалқы қауымдардың бәрінде өкпе обырын және бүйрек тостағаншасын емдеу кезіндегі (нефробластоманы, нефробластомогенез, ашық реңді-жасушалық обыр, бүйрек аденосаркомасын, бүйректің медуллярлы обырын және бүйректің рабдоидті обырын қоспағанда) пазопаниб зерттеуінің нәтижелерін беру міндеттемесінен бас тартты (балалар жасындағы пациенттерді емдеу үшін қолдану туралы ақпарат 4.2 бөлімінде берілген).