Өте жиі (≥ 1/10)
- өліммен аяқталуға дейін апаратын инфекциялар (негізінен несеп шығару және жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары)
- миелосупрессия, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, лейкопения
- аса жоғары сезімталдықтың жеңіл реакциялары (негізінен қызару және бөртпе)
- нейроуыттылық (негізінен шеткері нейропатия)
- артериялық гипотензия, қан кету
- диарея, құсу, жүрек айнуы, шырышты қабықтың қабынуы
- алопеция
- артралгия, миалгия
Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін)
- брадикардия
- тырнақ пен терінің өтпелі және жеңіл өзгерістері
- енгізген жердегі реакциялар (жергілікті ісіну, ауыру, эритема, қатаю, экстравазация кейде целлюлитке, терінің фиброзына және некрозына әкелуі мүмкін)
- аспартатаминотрансфераза (АСТ) және сілтілік фосфатаза деңгейінің кенеттен жоғарылауы
Жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін)
- сепсистік шок
- емдеуді талап ететін аса жоғары сезімталдықтың айқын реакциялары (мысалы, артериялық гипотензия, ангионевроздық ісіну, респираторлық дистресс-синдром, жайылған есекжем, қалтырау, арқаның ауыруы, кеуденің ауыруы, тахикардия, іштің ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, тершеңдік және артериялық гипертензия)
- миокард инфарктісі, атриовентрикулярлы блокада және естен тану, кардиомиопатия, симптомсыз қарыншалық тахикардия, экстрасистолиямен тахикардия
- тромбоз, артериялық гипертензия, тромбофлебит
- қандағы билирубин деңгейінің елеулі жоғарылауы
Сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін)
- сепсис*, перитонит*, пневмония*
- фебрильді нейтропения*
- анафилаксиялық реакциялар*
- моторлы нейропатия (дистальді бұлшықеттердің аздаған атрофиясына әкелетін)*
- жүрек жеткіліксіздігі
- тыныс алу жеткіліксіздігі*, өкпе эмболиясы*, өкпе фиброзы*, интерстициялық пневмония*, ентігу*, плевральді жалқық*
- ішектің бітелуі*, ішектің тесілуі*, ишемиялық колит*, панкреатит*
- қышыну*, бөртпе*, эритема*
- температураның көтерілуі*, дегидратация*, астения*, ісіну*, дімкәстік*
- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы*
Өте сирек (< 1/10000)
- жедел миелоидты лейкоз*, миелодисплазиялық синдром*
- анафилаксиялық шок*
- анорексия
- сананың шатасуы*
- үлкен эпилепсиялық ұстамалар*, вегетативті нейропатия (бұл ішектің салданған бітелісіне және ортостаздық гипотензияға әкеледі)*, энцефалопатия*, құрысулар*, бас айналу*, атаксия*, бас ауыруы*
- көру жүйкесінің зақымдануы және/немесе көрудің бұзылуы (жыпылықтағыш скотома)*, әсіресе, ұсынылған дозадан асатын пациенттерде
- есту қабілетінің жоғалуы*, отоуыттылық*, құлақтың шуылдауы*, вертиго*
- жүрекше фибрилляциясы*, суправентрикулярлы тахикардия*
- шок*
- жөтел*
- шажырқай артериясының тромбозы*, жалған жарғақшалы колит*, нейтропениялық колит*, асцит*, эзофагит*, іш қату*
- бауыр некрозы*, бауыр энцефалопатиясы (екі жағымсыз реакция да өлім жағдайлары тіркелген)*
- Стивенс-Джонсон синдромы*, эпидермалық некролиз*, полиформалы эритема*, эксфолиативті дерматит*, есекжем*, онихолизис* (ем алатын пациенттер қолдары мен аяқтарын күн сәулесінен қорғауы керек)
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- ісіктің лизис синдромы*
- макулярлы ісіну*, фотопсия*, көз алдының шіркейленуі*, көзден қатты жас ағу*
- флебит
- склеродермия
- жүйелі қызыл жегі*
- терілік қызыл жегі *
- алақан-табан эритродизестезиясы*
- орныққан дәрілік бөртпе*
- гипергидроз
* - тіркеуден кейінгі бақылау деректері
Біріктірілген емдеу
Циклофосфамидпен және цисплатинмен салыстырғанда паклитаксел және цисплатин (аналық без обыры кезінде бірінші желідегі емі):
- нейроуыттылықтың, артралгия/миалгия мен аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиілігі мен айқындылық дәрежесі жоғары болды;
- миелосупрессия жиілігі аздау болды және айқындылығы азырақ байқалды.
Паклитаксел және доксорубицин стандартты FAC-еммен (5-фторуроцил, доксорубицин, циклофосфамид) салыстырғанда (сүт безінің метастаздық обыры кезінде бірінші желідегі емі):
- нейропатия, анемия, шеткері нейропатия, артралгия/миалгия, астения, қызба және диарея жиі байқалды және анағұрлым ауыр болды;
- жүрек қызметінің бұзылу жиілігі артты (сол қарыншаның лықсу фракциясының ≥20%-ға азаюы);
- жүрек айнуы мен құсу сирек байқалған және айқындылығы шамалы болған;
- екі емдеу режимінде де іркілістік жүрек жеткіліксіздігінің жиілігі <1% құрады.
Паклитаксел және трастузумаб паклитаксел монотерапиямен салыстырғанда (сүт безінің метастаздық обыры):
- келесі жағымсыз реакциялардың жиілігі артты: жүрек жеткіліксіздігі, инфекциялар, қалтырау, қызба, жөтел, бөртпе, артралгия, тахикардия, диарея, гипертензия, мұрыннан қан кету, акне, қарапайым герпес, кездейсоқ зақымданулар, ұйқысыздық, ринит, синусит, инъекция орнындағы реакциялар;
- ауыр жағымсыз реакциялардың жиілігі ұқсас болды.
Антрациклиндермен ем қабылдаған пациенттерге паклитаксел және трастузумаб:
- паклитаксел монотерапиясымен салыстырғанда жүрек дисфункциясының жиілігі мен ауырлығының жоғарылауы сирек жағдайда өлімге әкеп соқты.
Паклитаксел және сәулемен емдеу:
- сәулелі пневмонит.
ЖИТС-ке шалдыққан науқастардағы Капоши саркомасы
Қан (нейтропения, нейтропениялық қызба, тромбоцитопения, анемия) және бауыр тарапынан бұзылуларды (билирубин, сілтілік фосфатаза, АсАТ деңгейінің жоғарылауы) қоспағанда, Капоши саркомасы және басқа да тығыз ісіктер кезінде паклитаксел монотерапиясын қабылдаған пациенттерде жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығында айырмашылық жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат