Аналық без обырын, сүт безінің обырын, өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры немесе Капоши саркомасын емдегенде жағымсыз әсерлерінің, әдетте ауырлығы және жиілігі бойынша айырмашылығы болмайды. Жағымсыз реакциялар жасқа анық тәуелді емес.
Метастаздық ауруды емдеуде 3 сағаттық венаішілік инфузия түріндегі монотерапия кезіндегі жағымсыз реакциялар:
Инфекциялар және инвазиялар:
Өте жиі: инфекция (негізінен, несеп шығару жолдарының және жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары), өлім жағдайына әкеп соққан
Жиі емес: сепсистік шок
Сирек: сепсис*, перитонит*, пневмония*
Қан және лимфа жүйесі тарапынан:
Өте жиі: миелосупрессия, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, лейкопения, қызба, қан кету
Сирек: фебрильді нейтропения*
Өте сирек: жедел миелоидты лейкоз*, миелодисплазиялық синдром*
Иммун жүйесі тарапынан:
Өте жиі: шамалы аса жоғары сезімталдық реакциялары (негізінен қызару және бөртпе)
Жиі емес: емдеуді қажет ететін едәуір аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, гипотония, ангионевроздық ісіну, респираторлық дистресс, жайылған есекжем, қалтырау, арқаның ауыруы, кеуденің ауыруы, тахикардия, іштің ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, диафорез және гипертония)
Сирек: анафилаксиялық реакциялар*
Өте сирек: анафилаксиялық шок*
Зат алмасуының және тамақтанудың бұзылуы:
Өте сирек: анорексия
Белгісіз: ісік лизисі синдромы*
Психиатриялық бұзылулар:
Өте сирек: сананың шатасуы*
Жүйке жүйесі тарапынан:
Өте жиі: нейроуыттылық (негізінен шеткері нейропатия)
Сирек: қозғалыс нейропатиясы (аяқ-қолдың шамалы әлсіздігіне әкеледі)*
Өте сирек: қатты ауру салдарынан тырысу талмалары*, вегетативті жүйенің нейропатиясы (салданған ішек бітелуі және ортостаздық гипотензия көріністерлуі)*, энцефалопатия*, конвульсия*, бас айналуы*, бас ауыруы*, атаксия*.
Көру мүшесі тарапынан:
Өте сирек: көру жүйкесінің қайтымды зақымдануы және/немесе көру қабылетінің бұзылуы (жыпылықтағыш скотома немесе көз сақинасы)
Белгісіз: макулярлы ісіну*, фотопсия*, көз алдының бұлыңғырлануы*
Есту мүшелері тарапынан:
Өте сирек: есту қабылетін жоғалту*, отоуыттылық*, құлақтағы шуыл*, бас айналу*
Жүрек тарапынан:
Жиі: брадикардия
Жиі емес: миокард инфарктісі, АВ-блокада және талу, кардиомиопатия, симптомсыз қарыншалық тахикардия, бигеминиямен тахикардия
Сирек: жүрек жеткіліксіздігі
Өте сирек: жүрекше фибрилляциясы*, суправентрикулярлы тахикардия*
Тамырлар тарапынан:
Өте жиі: гипотония
Жиі емес: тромбоз, гипертония, тромбофлебит
Өте сирек: шок*
Белгісіз: флебит
Тыныс алу жүйесі тарапынан:
Сирек: тыныс алу жеткіліксіздігі*, өкпе эмболиясы*, өкпе фиброзы*, интерстициялық пневмония*, ентігу*, плевралық эффузия*
Өте сирек: жөтел.
Асқазан-ішек жолы тарапынан:
Өте жиі: диарея, құсу, жүрек айнуы, шырышты қабықтың қабынуы
Сирек: ішектің бітелуі*, ішектің перфорациясы*, ишемиялық колит*, панкреатит*
Өте сирек: шажырқай артерияларының тромбозы*, жалған жарғақшалы колит*, нейтропениялық колит*, асцит*, эзофагит*, іш қату*
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан:
Өте сирек: гепатонекроз* (өліммен аяқталатын), бауыр энцефалопатиясы* (өліммен аяқталатын)
Тері, тері асты тіндері тарапынан:
Өте жиі: алопеция
Жиі: тері және тырнақтардың уақытша елеусіз өзгерістері.
Сирек: қышыну*, бөртпе*, эритема*
Өте сирек: Стивенс-Джонсон синдромы*, эпидермалық некролиз*, мультиформалы эритема*, эксфолиативті дерматит*, есекжем*, онихолизис (терапиядағы пациенттер қол мен аяқтарын күннен қорғауы тиіс)*
Белгісіз: склеродермия
Қаңқа-бұлшықет жүйесі тарапынан:
Өте жиі: артралгия, миалгия
Жиілігі белгісіз: жүйелі қызыл жегі*
Жергілікті реакциялар:
Жиі: инъекция орнындағы реакциялар (оқшау ісіну, ауырсыну, эритема, тығыздану, кейде дәрі-дәрмектің тамырдан ағып шығуы целлюлитке, фиброзға және тері некрозына әкелуі мүмкін)
Сирек: гипертермия*, сусыздану*, астения*, ісіну*, әлсіздік *
Зертханалық көрсеткіштер тарапынан:
Жиі: аспартатаминтрансфераза (АСТ) белсенділігінің едәуір жоғарылауы, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы
Жиі емес: билирубин концентрациясының едәуір жоғарылауы
Сирек: сарысулық креатинин концентрациясының жоғарылауы*
* - жанама әсерлер туралы постмаркетингтік деректер.
Біріктірілген ем кезіндегі жағымсыз реакциялар
Бірінші желідегі аналық бездің обырын емдеу үшін үш сағаттық инфузиялық схемада қолданылатын паклитакселді содан кейін цисплатинді қабылдаған пациенттерде, циклофосфамидті содан кейін цисплатинді қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, нейроуыттылық, артралгия/миалгия және жоғары сезімталдық жиірек және елеулірек сипаттармен байқалған. Паклитакселді үш сағат енгізгеннен кейін цисплатинді енгізу, циклофосфамидті содан кейін цисплатинді енгізумен салыстырғанда миелосуппрессияның жиілігі мен маңыздылығы аз байқалған.
Бірінші желідегі сүт безінің метастаздық обырының химиотерапиясы кезінде (50 мг/м2) доксорубицин препаратын енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң 220 мг/м2 паклитаксел препаратын 3 сағаттық инфузия түрінде енгізгенде нейтропения, анемия, шеткері нейропатия, артралгия/миалгия, астения, қызба және диарея сияқты ауыр реакциялар ФДЦ (5-ФУ 500 мг/м2, доксорубицин 50 мг/м2, циклофосфамид 500 мг/м2) стандартты терапиясымен салыстырғанда жиі хабарланды. Паклитакселмен (220 мг/м2) / доксорубицинмен (50 мг/м2) емдеу кезінде жүрек айнуы және құсу ФДЦ стандартты терапиясымен салыстырғанда төмен жиілікте және ауырлықта тіркелді. Кортикостероидтарды қолдану паклитаксел / доксорубицинмен емдеуде жүрек айнуы мен құсудың жиілігі мен ауырлығының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
Бірінші желідегі сүт безінің метастаздық обырының химиотерапиясы кезінде паклитакселдің монотерапиясымен салыстырғанда, паклитакселді трастузумабпен бірге 3 сағаттық инфузиясы түрінде енгізгенде келесі реакциялар (паклитакселдің трастузумабпен қатынасына қарамастан) жиі тіркелген: жүрек жеткіліксіздігі (1% қарсы 8%), инфекциялар (27% қарсы 46%), қалтырау (4% қарсы 42%), қызба (23% қарсы 47%), жөтел (22% қарсы 42%), бөртпе (18% қарсы 39%), артралгия (21% қарсы 37%), тахикардия (4% қарсы 12%), диарея (30% қарсы 45%), гипертония (3% қарсы 11%), мұрыннан қан кету (4% қарсы 18%), акне (3% қарсы 11%), қарапайым герпес (3% қарсы 12%), кездейсоқ жарақаттар (3% қарсы 13%), ұйқысыздық (13% қарсы 25%), ринит (5% қарсы 22%), синусит (7% қарсы 21%) және инъекция орнындағы реакция (1% қарсы 7%). Кейбір жағдайларда жиіліктің айырмашылықтары паклитаксел монотерапиясымен салыстырғанда паклитаксел/трастузумаб біріктіріп емдеудің саны мен ұзақтығының жоғарылауына байланысты болуы мүмкін. Күрделі жағымсыз реакциялар паклитаксел/трастузумаб және паклитаксел монотерапиясын алған пациенттерде ұқсас пайызбен тіркелді.
Сүт безінің метастаздық обырында, жүрек жиырылуының бұзылуы (сол жақ қарыншасының лықсу фракциясының≥ 20% қысқаруы) ФДЦ стандартты емдеудегі пациенттердің 10% салыстырғанда доксорубицинді паклитакселмен біріктіріп енгізгенде пациенттердің 15% байқалды. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі паклитаксел/доксорубицин және ФДЦ стандартты терапиясын алған екі топтағы пациенттердің 1% азында байқалды. Бұрын антрациклин алған пациенттерге трастузумабты паклитакселмен біріктіріп енгізу, паклитаксел монотерапиясын алған пациенттермен салыстырғанда жүрек қызметінің бұзылу жиілігі мен ауырлығының артуына алып келді (NYHA I/II класы 0% - ға қарсы 10%; NYHA III/IV класы 1% - ға қарсы 2%) және өліммен сирек байланысты болды.
Осы сирек жағдайлардан басқа барлық жағдайларда, пациенттер тиісті ем алды.
Сәулелік пневмония заманауи сәулелік терапиядан өтетін пациенттерде хабарланған.
ЖИТС-пен шартталған Капоши саркомасы
Гематологиялық және бауырдың жанама әсерлерін қоспағанда, жанама әсерлердің жиілігі мен ауырлығы Капоши саркомасы бар пациенттер үшін және паклитаксел монотерапиясын алған басқа да ауқымды ісіктері бар пациенттер үшін тең.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан: миелосупрессия дозаға тәуелді ең маңызды уыттылық болып табылады.
Нейтропения ең маңызды гематологиялық уыттылық болып табылады. Бірінші емдеу курсы кезінде ауыр нейтропения (<500 жасуша/мм3) пациенттердің 20% пайда болды.
Емдеудің барлық кезеңінде ауыр нейтропения пациенттердің 39% байқалды. Нейтропенияның ұзақтығы 41% - дан астам пациенттерде 7 күн көп болды және 8% пациенттерде 30-35 күнге созылды. Барлық пациенттерде 35 күн ішінде шешім байқалды. 7 және одан да көп күнге созылған 4 дәрежедегі нейтропения жиілігі 22% - ды құрады.
Паклитакселмен байланысты нейтропениялық қызба пациенттердің 14% және емдеу циклдерінің 1,3% байқалды. Паклитакселді қабылдау кезінде өлімге әкелген 3 сепсистік эпизод (2,8%) болды.
Тромбоцитопения пациенттердің 50% байқалды және 9% ауыр болды (<50000 жасуша/мм3).
Тек 14% жағдайда ғана емдеу кезінде кемінде бір рет тромбоциттер санының <75 000 жасуша/мм3 төмендеуі байқалды. Паклитакселмен байланысты қан кету эпизодтары пациенттердің 3% азында байқалды, бұл ретте қан кету жағдайлары жергілікті сипатта болды.
Анемия (Hb <11 г/дл) пациенттердің 61% байқалды және 10% ауыр болды (Hb <8 г/дл).
Эритроциттерді құю пациенттердің 21% қажет болды.
Бауыр-өттік бұзылулар: бауырдың қызметі қалыпты пациенттер арасында (протеаза тежегіштерін алған > 50%) бастапқы деңгейде билирубин, сілтілі фосфатаза және АСТ (тиісінше 28%, 43% және 44%) ұлғаюы байқалды. Осы параметрлердің әрқайсысы үшін артуы 1% жағдайда күрделі болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz