Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
316 мг/280 мг
Саудалық атауы
Панангин® Форте
Әсер етуші зат
Прочие минеральные вещества
Мақсаты
Емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша жүректің созылмалы ауруларында (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінен кейінгі жағдай), жүрек ырғағының бұзылуларында…
Өндіруші
Гедеон Рихтер
Ел
Венгрия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: калий аспарагинаты 316 мг (калий аспарагинаты гемигидраты түрінде 332,6 мг), магний аспарагинаты 280 мг (магний аспарагинаты тетрагидраты түрінде 350 мг);
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, повидон К-30, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы;
үлбірлі қабықтың құрамы: макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), эудрагит (E 100), тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, аздап жылтыр және тегіс емес, іс-жүзінде иіссіз дерлік, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «А83» жазуы бар таблеткалар.
- емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша жүректің созылмалы ауруларында (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісінен кейінгі жағдай), жүрек ырғағының бұзылуларында (негізінен қарыншалық аритмия) кешенді ем құрамында
- емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша жүрек гликозидтерімен емге қосымша дәрі ретінде
- магний және калийдің тұтынылуын арттыру үшін қоспа түрінде.
Магний және калий иондары маңызды жасушаішілік катиондар болып табылады және көптеген макромолекулалар мен жасушаішілік құрылымдар арасындағы байланысты қалыптастыруда, сондай-ақ бұлшықет жиырылуының молекулалық механизмінде энзимдердің жұмыс істеуінде шешуші рөл атқарады. Калий, кальций, натрий және магний иондарының жасушаішілік және одан тыс арақатынасы миокардтың жиырылуына әсер етеді. Эндогендік аспарагинат – иондардың өткізгіші ретінде әсер етеді: жасушаға ұқсастығы жоғары, оның тұздарының елеусіз диссоциациясының арқасында кешенді қосылыс түріндегі иондар жасушаның ішіне енеді. Магний аспарагинаты және калий аспарагинаты миокард метаболизмін жақсартады. Магний/калий тапшылығы артериялық гипертензияның, коронарлық артериялар атеросклерозының, аритмияның және миокардтағы метаболизмдік өзгерістердің даму қаупін арттырады.
Дозалау режимі
Ересектер
Ұсынылған тәуліктік доза: 1 таблеткадан күніне 3 рет.
Ең жоғарғы тәуліктік доза: 1 таблеткадан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін. Препаратты тамақтанудан кейін қабылдаған жөн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер сізде осы препаратты қолдану тәсіліне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- жедел немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- Аддисон ауруы
- III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада
- кардиогенді шок (артериялық қысым 90 мм с.б. кем)
- 18 жасқа дейінгі балалар.
- препараттың үлкен дозаларын қолданған кезде нәжістің жиілеуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Құрамында калий аспарагинаты және магний аспарагинаты бар препаратының, үлкен дозаларын қабылдағанның өзінде, артық дозалануы туралы ақпарат жоқ. Бүйректің калийді көп мөлшерде шығаратын қабілетін ескере отырып, препарат дозасын арттыру калий шығарылуының жедел немесе айқын бұзылулары аясында ғана гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.
Магний кең емдік «терезесімен» сипатталады, бүйрек жеткіліксіздігі болмағанда күрделі жағымсыз әсерлері өте сирек болады.
Магний қоспаларын ішке қабылдау диарея типті жеңіл жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін. Панангин Форте препаратының жоғары дозалары олардың құрамында магний болуына байланысты нәжісті жиілетуі ықтимал.
Гиперкалиемия симптомдары: жалпы әлсіздік, парестезия, брадикардия, салдану, аритмия.
Гипермагниемия симптомдары: жүрек айну, құсу, летаргиялық ұйқы, артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия, әлсіздік, гипорефлексия.
Емі: артық дозаланғанда препаратты қабылдауды тоқтату қажет; симптоматикалық ем ұсынылады (кальций хлоридін тамыр ішіне енгізу; қажет болғанда - гемодиализ).
Гиперкалиемия қатар жүретін аурулары бар пациенттер ерекше сақ болуы керек: қан сарысуындағы электролиттердің құрамын үнемі бақылау ұсынылады.
Арнайы сақтандырулар
Панангин Форте препаратын тамақтанудан кейін қабылдаған жөн, себебі асқазанның қышқыл ортасы препараттың тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Панангин Форте препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды, өйткені оны пациенттердің осы санатына қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Панангин Форте көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік немесе емшек емізу кезінде Панангин Форте препаратының теріс әсерін көрсететін деректер жоқ.
Калий жинақтаушы диуретиктермен, ангиотензинге өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен, бета-адреноблокаторлармен, циклоспоринмен, гепаринмен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бірге қолданған кезде гиперкалиемияның даму қаупі артады.
Тетрациклиндер (пероральді қолданған кезде), темір тұздары мен натрий фториді калий аспарагинаты мен магний аспарагинатының асқазан-ішек жолынан сіңірілуін төмендетеді. Жоғарыда аталған препараттармен Панангин Форте препаратын қабылдау арасында кем дегенде 3 сағат үзіліс болуы қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
• Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.