Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Инфекциялық және паразиттік аурулар: такролимуспен және басқа иммунодепрессанттармен емдеу аясында жергілікті және жайылған инфекциялық (вирустық, бактериялық, зеңдік, протозойлық) аурулардың қаупі артады. Бұрын диагноз қойылған инфекциялық аурулардың ағымы нашарлауы мүмкін. Жайылған және жергілікті инфекциялар да орын алуы мүмкін. ВК-вируспен астасқан нефропатия, сондай-ақ JC-вируспен астасқан үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМ) жағдайлары такролимус емдеуді қоса алғанда, иммуносупрессивті емдеу аясында байқалды.
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса алғанда)
Иммуносупрессивті ем алатын пациенттерде қатерлі ісіктердің туындау қаупі анағұрлым жоғары. Такролимусты қолданғанда қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдердің, оның ішінде Эпштейн-Барр вирусымен (EBV) - астасқан лимфопролиферациялық аурулардың және тері обырының пайда болуы байқалды.
Өте жиі
- гиперкалиемия, гипергликемия, қант диабеті
- ұйқысыздық
- тремор, бас ауыруы
- артериялық гипертензия
- жүрек айнуы, диарея
- бүйрек функциясының бұзылуы
- қандағы бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
Жиі
- анемия, лейкопения, тромбоцитопения, лейкоцитоз, эритроциттерді талдаудағы ауытқулар
- гипомагниемия, гипофосфатемия, гипокалиемия, гипокальциемия, гипонатриемия, гиперволемия, гиперурикемия, тәбеттің төмендеуі, анорексия, метаболизмдік ацидоз, гиперлипидемия, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, электролиттік бұзылулар
- үрейлену, сананың шатасуы және бағдардан адасу, депрессия, жабырқаулы көңіл-күй, аффективті бұзылулар, қорқынышты түстер, елестеулер, психикалық бұзылыстар
- құрысулар, сананың бұзылуы, парестезия және дизестезия, шеткері нейропатия, бас айналу, жазудың бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы
- көрудің бұлыңғырлануы, фотофобия, көз аурулары
- құлақтың шуылдауы (шыңылдауы)
- ишемиялық коронарлық бұзылулар, тахикардия
- қан кету, тромбоэмболиялық және ишемиялық асқынулар, шеткері қанайналымның бұзылуы, тамырлық гипотензия
- ентігу, өкпенің паренхиматозды бұзылыстары, плевральді жалқық, фарингит, жөтел, мұрынның бітелуі және қабыну
- асқазан-ішек жолының қабыну аурулары, асқазан-ішек ойықжаралары мен тесілулер, асқазан-ішектен қан кетулер, стоматит және ауыз қуысының шырышты қабығының ойық жаралануы, асцит, құсу, асқазан-ішек және абдоминальді ауырсыну, диспепсия, іш қату, метеоризм, іштің кебуі және іштегі жайсыздық сезімі, сұйық нәжіс, асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу симптомдары
- холестаз және сарғаю, бауыр жасушаларының зақымдануы және гепатит, холангит
- қышыну, бөртпе, алопеция, акне, гипергидроз
- артралгия, бұлшықеттің құрысуы, аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы
- бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, олигурия, өзекшелік жедел некроз, уытты нефропатия, несеп шығару синдромы, қуық пен уретра тарапынан бұзылулар
- астения, қызба жай-күйі, ісіну, ауыру және жайсыздық, дененің температуралық сезімталдығының бұзылуы
- қандағы сілтілік фосфатаза жоғарылауы, дене салмағының артуы
- трансплантаттың бастапқы дисфункциясы
Жиі емес
- коагулопатиялар, коагулограмма және қан талдауы көрсеткіштеріндегі ауытқулар, панцитопения, нейтропения, тромбоздық микроангиопатия
- сусыздану, гипопротеинемия, гиперфосфатемия, гипогликемия
- психоздық бұзылулар
- кома, орталық жүйке жүйесіндегі қан құйылу және ми қан айналымының бұзылуы, салдану және парез, энцефалопатия, сөйлеу мен артикуляцияның бұзылуы, амнезия
- катаракта
- естудің төмендеуі
- қарыншалық аритмиялар және жүректің тоқтап қалуы, жүрек жеткіліксіздігі, кардиомиопатия, қарыншалардың гипертрофиясы, суправентрикулярлық аритмиялар, жүректің қағуын сезіну
- инфаркт, аяқ-қолдың терең веналарының тромбозы, шок
- тыныс алу жеткіліксіздігі, тыныс алу жолдары тарапынан бұзылулар, демікпе
- салданған ішек бітелуі (салданған илеус), перитонит, жедел және созылмалы панкреатит, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, асқазанның эвакуаторлық функциясының бұзылуы
- дерматит, фотосенсибилизация
- буын аурулары
- анурия, гемолиздік уремиялық синдром
- дисменорея және жатырдан қан кету
- көп ағзалық жеткіліксіздік, тұмауға ұқсас жай-күйлер, қоршаған орта температурасына сезімталдығының бұзылуы, төс артындағы қысылу сезімі, үрейлену сезімі, жай-күйдің нашарлауы
- амилаза деңгейінің жоғарылауы, ЭКГ ауытқуы, жүрек жиырылуы мен тамыр соғу жиілігінің ауытқуы, дене салмағының төмендеуі, қандағы лактатдегидрогеназа белсенділігінің жоғарылауы
Сирек
- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, гипотромбинемия
- гирсутизм
- бұлшықет тонусының артуы
- соқырлық
- нейросенсорлық кереңдік
- перикардиальді жалқық
- жедел респираторлық дистресс-синдром
- субилеус, панкреатиттік жалған кисталар
- бауыр артериясының тромбозы, бауыр веналарының облитерациялайтын эндофлебиті
- уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)
- буындар қозғалысының шектелуі
- шөлдеу, естен тану, кеудедегі қысылу сезімі, ойық жара
Өте сирек
- миастения
- естудің бұзылуы
- пируэт типі бойынша аритмия
- бауыр жеткіліксіздігі, өт жолдарының стенозы
- Стивенс-Джонсон синдромы
- нефропатия, геморрагиялық цистит
- шел майы тіні массасының көбеюі
- эхокардиограмманың бұзылуы, электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы
Белгісіз
- шынайы эритроциттік аплазия, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, фебрильді нейтропения
- қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (PRES)
- көру невропатиясы
Практикада такролимус препараттарын қолдануда пациенттерді такролимустың бір дәрілік түрінен (стандартты немесе ұзартылған) екіншісіне негізсіз, абайсызда немесе бақылаусыз ауыстыруды қамтитын қателер байқалды, сондай-ақ олармен байланысты трансплантаттың қабылданбай ажырау жағдайлары тіркелді (қолда бар деректер бойынша жиілікті бағалау мүмкін емес).
Жекеленген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Аяқ-қолдың ауыруы бірқатар жарияланған клиникалық жағдайларда кальциневрин тежегіштері (CIPS) индукциялаған ауыру синдромының бөлігі ретінде сипатталған. Бұл әдетте аяқтағы екі жақты және симметриялы күшті ауырсыну түрінде білінеді және такролимустың супертерапиялық деңгейлерімен байланысты болуы мүмкін. Синдром такролимус дозасын төмендетуге әсер етуі мүмкін. Кейбір жағдайларда баламалы иммуносупрессияға ауысуға тура келді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz