Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой
Саудалық атауы
Панкрим®
Әсер етуші зат
Мультиферменты (липаза, протеаза и т.д.)
Мақсаты
Ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігіндегі ем үшін
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 250.000 мг панкреатин белсенділігімен:
липаза ЕФ 7000 ӘБ кем емес,
протеаза ЕФ 600 ӘБ кем емес,
амилаза ЕФ 4800 ӘБ кем емес
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты
қабығының құрамы: метакрил қышқылы, тальк, титанның қостотығы (Е 171), триэтилцитрат (Е1505), понсо 4R (Е124), коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) (Е551), натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қабықпен қапталған, қызғылт түсті, сопақша пішінді, өзіне тән иісі бар, екі жақ беті дөңес таблеткалар.
• ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігіндегі ем үшін.
Панкримнің құрамында панкреатин бар. Панкреатин - бұл сүтқоректілердің, әдетте шошқаның ұйқы бездерінен жасалған ұнтақ, онда ұйқы безінен бөлінетін липазамен, альфа-амилазамен, трипсинмен және химотрипсинмен бірге басқа ферменттер де бар. Панкреатиннің құрамында ферментативтік белсенділігі жоқ басқа да қатар жүретін заттар бар.
Ас қорыту тиімділігі галендік түр сияқты ферменттердің белсенділігімен анықталады. Шешуші фактор липазаның ферментативті белсенділігі, сондай-ақ трипсиннің құрамы болып табылады, ал амилолитикалық белсенділіктің муковисцидозды емдеуде ғана маңызы бар, себебі созылмалы панкреатит кезінде де полисахаридтердің ыдырауы бұзылмайды.
Панкреатиндік липаза май қышқылдарын триацилглицерид молекуласынан 1 және 3 қалыпта ыдыратады. Түзілетін еркін май қышқылдары және 2-моноглицеридтер негізінен өт қышқылдарының қатысуымен жіңішке ішектің жоғарғы бөлігінде тез сіңеді. Жануарлардың ұйқы безінің липазасы – адам липазасы сияқты, қышқылдардың әсеріне тұрақсыз, яғни оның липолитикалық функциясы рН 4-тен төмен болғанда белсенділігі қайтымсыз жойылады. Сондықтан Панкрим ішекте еритін дәрілік түрде шығарылады.
Трипсин трипсиногеннен автокатализді немесе жіңішке ішектің энтерокиназасымен белсендіріледі және басқа протеолитикалық ферменттердің белсендірілуін тудырады. Эндопептидаза сияқты, ол лизин мен аргинин қатысатын пептид байланыстарын ыдыратады және осылайша, пептид байланыстарын ыдырату есебінен басқа ферменттермен қатар амин қышқылдары мен шағын пептидтердің протеолизін қамтамасыз етеді. Альфа-амилаза эндоамилаза сияқты құрамындағы глюкоза полисахаридтерін өте жылдам ыдыратады, сондықтан оның белсенділігі, әдетте, тіпті ұйқы безінің секреторлық белсенділігінің ауруға байланысты елеулі нашарлауы кезінде де жеткілікті.
Дозалану режимі
Дозасы ас қорыту бұзылуының дәрежесіне байланысты жекелей анықталады. Тамақтанар алдында 1-2 таблеткадан. Қажет болған жағдайда ас ішу кезінде қосымша тағы 2-4 таблеткасы қабылданады. Дене салмағының әр кг есебінен липазаның 15000–20000 ӘБ құрайтын ферменттердің тәуліктік дозасынан асырмаған жөн.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Таблеткаларды шайнамайды және сумен ішеді.
Емдеу ұзақтығы
Панкрим® препаратымен емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және емдеуші дәрігер белгілейді.
Тоқтату симптомдарының қаупі бар екенін көрсету
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданудан бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.
• шошқа панкреатиніне, шошқа ақуызына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жедел панкреатит және өршу фазасындағы созылмалы панкреатиттің жедел ұстамалары. Алайда, диетаны кеңейткендегі аурудың бәсеңдеу фазасында - егер ас қорытудың қалдық немесе сақталған бұзылыстарының белгілері болса – препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған дұрыс.
• балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер.
• тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге
Өте сирек
• жедел типті аллергиялық реакциялар
• ұйқы бездерінен алынған ұнтақты қабылдағаннан кейінгі асқазан-ішек жолы тарапынан аллергиялық реакциялар (диарея, асқазан тарапынан бұзылулар және жүрек айнуы сияқты)
• муковисцидозы бар пациенттерде ұйқы бездерінен алынған ұнтақтың жоғары дозасын тағайындағаннан кейін илеоцекальді аймақта және тоқ ішектің жоғары бөлігінде стриктуралардың түзілгені байқалды
Белгісіз
• муковисцидозы бар пациенттерде, әсіресе препараттың жоғары дозаларын қабылдағаннан кейін несеп қышқылының несеппен экскрециялануы артуы мүмкін.
Сондықтан мұндай пациенттерде несеп қышқылы тастарының түзілуіне жол бермеу үшін, несеп қышқылының несеппен шығарылуын тексеріп отыру керек
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Препараттың жағымсыз әсері күшеюі мүмкін, емдік дозасынан әлдеқайда артық дозалары гиперурикозурия мен гиперурикемияны тудыруы мүмкін.
Емі
Симптоматикалық. Препаратты тоқтату, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу, демеуші шаралар.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Ұмытылған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамаңыз.
Панкрим® препаратының құрамында белсенді ферменттер бар, олар ауыз қуысында босап шыққан кезде (мысалы, шайнаған кезде), шырышты қабықта ойық жараның түзілуі мүмкіндігімен зақымдануға алып келуі мүмкін. Сондықтан Панкрим® препаратын шайнамай, таблетканы тұтастай жұту керек.
Муковисцидоз кезінде панкреатиннің қажетті дозасынан асып кеткен жағдайда, илеоцекальді бөлікте және тоқ ішектің өрлемелі бөлігінде стриктуралар (фиброзды колонопатия) дамуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар
Панкрим® құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын бұзылулары, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар науқастар бұл препаратты қабылдамауы керек.
Панкрим® құрамындағы понсо 4R (Е124) аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.
Панкрим® препаратының жүкті әйелдерде қолданылуы жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген эксперименттерден алынған, жүктілік ағымына, эмбрионның/ұрықтың дамуына, тууға немесе туғаннан кейінгі дамуға қатысты деректер жеткіліксіз. Сондықтан адам үшін ықтимал қаупі белгісіз. Осыған байланысты жүктілік және лактация кезінде Панкрим® препаратын аса қажет болған жағдайлардан басқасында қабылдамаған дұрыс.
Панкрим® препаратын қабылдаған кезде фолий қышқылы мен темірдің сіңуі азаюы мүмкін. Панкрим® препаратымен қатарлас қабылдағанда, диабетке қарсы пероральді препараттар акарбоза мен миглитолдың әсері төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.