Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Лиофилизат для приготовления раствора для инъекций
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
ПАНТИН
Әсер етуші зат
Пантопразол
Мақсаты
Рефлюкс-эзофагитте, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында
Өндіруші
АСПИРО ФАРМА ЛИМИТЕД
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 45,16 мг пантопразол натрий сесквидраты
42,3 мг натрий пантопразолына баламалы (40 мг пантопразолға баламалы)
қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейін лиофилизацияланған сығымдалған масса немесе ұнтақ.
Қалпына келтірілген ерітінді - мөлдір, түссізден сәл сарғыштау түске дейінгі ерітінді.
- рефлюкс-эзофагитте
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында
-Золлингер-Эллисон синдромында және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайларда
Әсер ету механизмі
Пантопразол асқазанда тұз қышқылының секрециясын париетальді жасушалардың протонды помпаға спецификалық әсер ету жолымен баяулататын алмастырылған бензимидазол болып табылады.
Париетальді жасушалардың қышқыл ортасында пантопразол өзінің белсенді түріне – циклдік сульфенамидке айналады, онда H+, K+-АТФаза ферментін басады.
Тежеу процесі дозаға байланысты және қышқылдың базальді және стимуляцияланған секрециясына әсер етеді. Пациенттердің көпшілігінде симптоматиканың басылуына 2 апта ішінде қол жеткізіледі. Протонды помпаның басқа тежегіштері мен H2 рецепторлары сияқты, пантопразолмен емдеу асқазан қышқылдығының төмендеуіне әкеледі, бұл пропорционалды түрде гастрин секрециясының жоғарылауына әкеп соғады. Гастрин деңгейінің жоғарылауы қайтымды.
Пантопразол ферментті жасушалық рецепторға қатысты шеткері деңгейде байланыстыратындықтан, бұл қосылыс басқа заттардың (ацетилхолин, гистамин, гастрин) стимуляциясына қарамастан, тұз қышқылының секрециясына әсер етуі мүмкін. Пантопразол гастрин деңгейін тез арттырады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Қысқа мерзімді емдеу кезінде көп жағдайда гастрин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен аспайды. Ұзақ мерзімді емдеу кезінде көп жағдайда гастриннің деңгейі екі есе артады. Алайда, оның айтарлықтай өсуі тек бірлі-жарым жағдайларда байқалды. Ұзақ емдеу кезінде гастрин деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде оқшауланған жағдайларда асқазанда белгілі бір эндокриндік жасушалар санының шамалы немесе орташа өсуі байқалды (аденоматоидты гиперплазия). Алайда, жақында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қатерлі жаңа түзілімдердің (атипиялық гиперплазия) немесе асқазанның қатерлі ауруларының ізашарларының пайда болуы көрсетілгендей, байқалмады.
Секрецияға қарсы дәрілік препараттармен емдеу кезінде қышқыл секрециясының төмендеуіне жауап ретінде сарысудағы гастрин деңгейі жоғарылайды. Сондай-ақ асқазан қышқылдығының төмендеуіне байланысты хромогранин А (CgA) жоғарылайды. Хромогранин А (CgA) деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктерді зерттеуге әсер етуі мүмкін.
Бар жарияланымдар протонды помпа тежегіштерімен емдеуді хромогранин А (CgA)зерттелгенге дейін 5 күннен 2 аптаға дейін тоқтату керек екенін көрсетеді. Бұл АCgA хромогранинінің деңгейін қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді, әйтпесе протонды помпа тежегіштерімен емделуге байланысты жалған болуы мүмкін.
Дозалау режимі
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА)
Ұсынылатын доза тәулігіне 40 мг вена ішіне енгізу арқылы (тәулігіне 1 құты 1 рет).
Золлингер-Эллисон синдромы және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайлар
Золингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайларды ұзақ емдегенде емдеудің басында ұсынылған тәуліктік доза вена ішіне 80 мг пантопразолды құрайды. Осыдан кейін дозаны асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты арттыруға немесе азайтуға болады.
Препаратты 80 мг-ден жоғары тәуліктік дозада қолданған жағдайда доза бөлінуі және күніне екі рет енгізілуі мүмкін. Тәуліктік дозаны 160 мг пантопразолға дейін уақытша арттыруға болады, бірақ қышқылдықты талапқа сай бақылау үшін талап етілгеннен артық ұсынылған мерзімнен артық қолданбаған жөн.
Егер қышқылдықты жылдам бақылау қажет болған жағдайда, пантопразолдың 80 мг-нан күніне 2 рет ұсынылатын бастапқы дозасы пациенттердің көпшілігінде бір сағат ішінде қышқылдықты қалыпқа дейін (<10 мгЭкв/сағ) төмендету үшін жеткілікті.
Енгізу әдісі мен жолы
Қолдануға дайын ерітінді құрамында ұнтақ бар құтыға инъекцияға арналған 10 мл натрий хлориді 9 мг/мл (0,9%) ерітіндісін құю арқылы дайындалады. Қалпына келтірілгеннен кейін препарат түссіз немесе сарғыш мөлдір сұйықтық болып табылады. Бұл ерітіндіні тікелей (вена ішіне ағынмен) немесе инъекцияға арналған 100 мл 9 мг/мл (0,9%) натрий хлориді ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған 55 мг/мл (5%) глюкоза ерітіндісімен (вена ішіне тамшылатып) араластырғаннан кейін енгізуге болады. Сұйылту үшін шыны немесе пластик контейнерлерді пайдалану керек.
Қалпына келтірілгеннен немесе қалпына келтірілгеннен және сұйылтылғаннан кейін химиялық және физикалық тұрақтылық 25°C температурада 12 сағат ішінде көріністелді.
Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, препарат дайындалғаннан кейін бірден пайдалану керек.
ПАНТИН препаратын жоғарыда айтылғандардан басқа еріткіштермен араластыруға болмайды.
Препаратты вена ішіне 2-15 минут ішінде енгізу керек.
Құтының ішіндегісі тек бір рет пайдалануға арналған. Контейнерде қалған немесе сыртқы түрі өзгерген кез келген препарат (мысалы, бұлыңғырланған немесе тұнба түзілгені байқалса) жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- препараттың белсенді затына, орын басқан бензимидазолдарға және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
Төменде олардың кездесу жиілігімен байқалған жағымсыз реакциялар келтірілген: өте жиі (1/10); жиі (1/100-ден 1/10-ға дейін); жиі емес (1/1000-нан 1/100-ге дейін); сирек (1/10000-нан 1/1000-ға дейін); өте сирек ( 1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі
- фундальді без полиптері (қатерсіз)
- инъекция орнындағы тромбофлебит
Жиі емес
- ұйқының бұзылуы
- бас ауыруы, бас айналу
- диарея, жүрек айну, құсу, іштің кебуі және метеоризм, іш қату, ауыздың құрғауы, жайсыздық және іштің ауыруы
- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (трансаминазалар, ГГТП)
- бөртпе, экзантема, дерматит, қышыну
- білезіктің, ұршықбуынның және омыртқаның сынуы
- астения, қажу және дімкәстану
Сирек
- агранулоцитоз
- аса жоғары сезімталдық (оның ішінде анафилаксиялық реакциялар және анафилаксиялық шок)
- гиперлипидемия және липидтердің жоғары концентрациясы (триглицеридтер, холестерин), дене салмағының өзгеруі
- депрессия (өршуін қоса)
- дәм сезудің бұзылуы
- көрудің бұзылуы / көрудің бұлыңғырлануы
- билирубин деңгейінің жоғарылауы
- есекжем, Квинке ісінуі
- артралгия, миалгия
- гинекомастия
- дене температурасының жоғарылауы, шеткері ісінулер
Өте сирек
- тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
- бағдардан адасу (өршуді қоса алғанда)
Белгісіз
- гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия1, гипокалиемия
- елестеулер, сананың шатасуы (әсіресе осыған бейім пациенттерде, сондай-ақ ем басталғанға дейін олардың болуы кезінде симптомдардың ықтимал өршуі)
- микроскопиялық колит
- гепатоцеллюлярлық зақымданулар, сарғаю, бауыр-жасушалық жеткіліксіздік
- Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, мультиформалы эритема, фотосезімталдық, жеделге жуық терінің қызыл жегісі, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдромы)
- бұлшықеттің түйілуі 2
- тубулоинтерстициальді нефрит (TIN) (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін ықтимал үдеумен)
1 - гипомагнемияға байланысты гипокальциемия
2 - электролит теңгерімінің бұзылу салдары ретінде
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: белгісіз
Емі: уыттанудың клиникалық белгілері көріністелген артық дозалануға күдік туындағанда демеуші және симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. Препарат пантопразолдың ақуыздармен айтарлықтай байланысуына қатысты гемодиализ арқылы шығарылмайды.
Бұл препарат дәрігердің тиісті тексеруінен өткеннен кейін және медициналық бақылауды жүзеге асырып, тағайындалуы керек.
Препаратты ішке таблетка түрінде қабылдау мүмкін болмаған немесе пероральді енгізу тәсілі кезінде тиімділігі жеткіліксіз болған кезде ғана вена ішіне қолданады. Симптомдарды толығымен жою үшін препаратты 7 күн ішінде қабылдау қажет болуы мүмкін.
Сондықтан препаратпен вена ішіне емдеуді пероральді қолдану мүмкін болған сәтте тоқтату қажет және оның орнына 40 мг пантопразолды пероральді түрде тағайындау керек.
Арнайы ескертулер
Асқазанның қатерлі жаңа түзілімдері
Пантопразол асқазанның қатерлі жаңа түзілімдер симптомдарын бүркемелеуі және диагностиканы кешіктіруі мүмкін.
Пациенттер дене салмағының елеулі түрде өздігінен төмендеуі, анемия, асқазан-ішектен қан кету, дисфагия, тұрақты құсу немесе қан аралас құсу секілді кез келген үрейлі симптомдар бар болғанда және қатерлі үдерісті жоққа шығару үшін асқазанның ойық жарасына күдіктенгенде немесе ойық жарасы бар болғанда дәрігермен кеңесуі керек.
Егер тиісті емге қарамастан жоғарыда көрсетілген симптомдар сақталса, онда әрі қарай тексеру туралы мәселені қарастыру керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Пантопразолды қабылдау кезінде бауырдың ауыр жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттерде, әсіресе ұзақ уақыт бойы бауыр ферменттерінің деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
АИТВ протеаза тежегіштерімен бірге қолдану
Биожетімділігінің төмендеуіне байланысты сіңуі асқазанішілік қышқыл рН-ортаға (атазанавир сияқты) тәуелді болатын АИТВ протеаза тежегіштерімен пантопразолды қолдану ұсынылмайды.
Бактериялар туындатқан асқазан-ішек жолының инфекциясы
Пантопразол барлық протонды помпа тежегіштері сияқты асқазан-ішек жолында, мысалы, Salmonella, Campylobacter немесе C.difficile сияқты асқазан бактерияларының елеусіз көбеюіне әкелуі мүмкін.
Гипомагнемия
Үш айдан бір жылға дейінгі кезеңде протонды помпа тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ауыр гипомагниемияның дамуы туралы хабарланды.
Шаршау, тетания, сандырақтау, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның елеулі көріністері кенеттен немесе байқалмай көрінуі мүмкін. Гипомагниемия гипокальциемияға және/немесе гипокалиемияға әкелуі мүмкін. Гипомагнемиясы бар пациенттердің көпшілігінде магниймен орын басу емін тағайындағаннан және протонды помпа тежегіштерін тоқтатқаннан кейін жағдай жақсарды.
Ұзақ ем қолдануы тиіс пациенттерде немесе дигоксинмен немесе гипомагнемияны туындатуы мүмкін дәрілік заттармен (мысалы, диуретиктер) бірге протонды помпа тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде магний деңгейін протонды помпа тежегіштерімен емдеуді бастар алдында және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл анықтау ұсынылады.
Сүйек сынуы
Протонды помпа тежегіштерін, әсіресе үлкен дозаларда және ұзақ уақыт қолданғанда (>1 жыл), көбінесе егде жастағы адамдарда немесе басқа қауіп факторлары болған кезде жамбас, білек және омыртқа сынуының пайда болу қаупін біршама арттыруы мүмкін. Протонды помпа тежегіштері сынудың жалпы қаупін 10-40% арттыруы мүмкін деп болжайды. Бұл өсу басқа қауіп факторларына да байланысты болуы мүмкін. Остеопороздың дамуына бейім пациенттер қолданыстағы клиникалық ұсынымдарға сәйкес ем алып, D дәрумені мен кальцийдің жеткілікті мөлшерін алуы керек.
Жеделге жуық жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ)
Протонды помпа тежегіштері өте сирек жағдайларда жеделге жуық жүйелі қызыл жегімен (ЖҚЖ) байланысты. Пациент егер зақымданулар пайда болса, әсіресе терінің күн сәулесінен қорғалмаған жерлерінде және егер олар артралгиямен қатар болған жағдайда медициналық көмекке дереу жүгінуі керек. Протонды помпа тежегіштерімен алдыңғы емдеуден кейін жеделге жуық ЖҚЖ басқа протонды помпа тежегіштерімен жеделге жуық ЖҚЖ қаупін арттыруы мүмкін.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Хромогранин А (CgA) деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктерді тексеруге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл кедергіні болдырмау үшін пантопразолмен емдеуді хромогранин А (CgA) зерттеуіне дейін кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер бастапқы зерттеуден кейін хромогранин А (CgA) деңгейі және гастрин деңгейі қалпына келмесе, талдауды протонды помпа тежегішімен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күн өткен соң қайталау керек.
Біріктірілген ем
Біріктірілген ем жағдайында тиісті дәрілік заттардың жалпы сипаттамаларын сақтау керек.
В 12 дәруменінің сіңуіне әсері
Золлингер-Эллисон синдромы және ұзақ емдеуді талап ететін басқа да патологиялық гиперсекреторлық жай-күйлері бар пациенттерде пантопразол барлық антисекреторлық дәрілер сияқты гипо- немесе ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаломин) сіңуін төмендетуі мүмкін. Мұны осы дәруменнің қоры төмендеген пациенттерде немесе ұзақ ем кезінде немесе тиісті клиникалық симптомдар болған кезде оның сіңуін төмендету үшін қауіп факторлары болған кезде ескерген жөн.
Натрий
Құтының ішіндегі дәрілік препараттың құрамында <1 ммоль натрий (23 мг) бар, яғни «іс жүзінде құрамында натрий жоқ».
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пантопразол көлік құралын басқару қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді.
Бас айналу және көру қабілетінің бұзылуына байланысты көбірек назар аударуды қажет ететін көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқарудан аулақ болу керек.
Препарат жүктілік кезінде және лактация кезінде қарсы көрсетілімді.
рН-тәуелді абсорбциялық фармакокинетикасы бар дәрілік заттар
Сіңірілуі рН-тәуелді болып табылатын препараттармен, мысалы, кетоконазол, итраконазол, позаконазол, эрлотинибпен, оның ішінде осы препараттардың сіңірілуінің өзгеруіне байланысты емдеу курсына дейін аз уақыт бұрын тағайындалған препараттармен бір мезгілде қабылдауға назар аудару керек.
АИТВ протеаза тежегіштері
Пантопразолды олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты сіңірілуі рН-тәуелді болып табылатын (мысалы, атаназавир) АИТВ протеаза тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды.
Егер АИТВ протеаза тежегіштерін және протонды помпа тежегіштерін бірге қолдану қажет болса, мұқият клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады (мысалы, вирустық жүктемені анықтау). Мұндай жағдайларда пантопразолдың дозасы күніне 20 мг аспауы тиіс. Сондай-ақ, АИТВ протеаза тежегішінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кумаринді антикоагулянттар (варфарин немесе фенпрокумон)
Пантопразолды фенпрокумонмен немесе варфаринмен бірге қолданғанда клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталған жоқ. Алайда, варфарин немесе фенпрокумон қосылған протонды помпаның тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ХҚҚ және протромбиндік уақыттың арту жағдайлары белгілі екенін атап өткен жөн. ХҚҚ мен протромбиндік уақыттың ұлғаюы өмірге қауіпті патологиялық қан кетулерге әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, мұндай пациенттер ХҚҚ және протромбиндік уақыттың ұлғаюын уақтылы анықтау мақсатында дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Метотрексат
Кейбір пациенттерде оны жоғары дозаларда (мысалы, 300 мг) протонды помпа тежегіштерімен бірге қолданған кезде қандағы метотрексат деңгейінің жоғарылауы туралы хабарламалар бар. Сондықтан метотрексаттың жоғары дозаларын пайдаланған кезде, мысалы, қатерлі жаңа түзілімдері бар немесе псориазға шалдыққан пациенттерде пантопразолды уақытша тоқтату қажеттілігі туындауы мүмкін.
Дәрілік өзара әрекеттесудің басқа зерттеулері
Пантопразол P450 цитохромының ферменттік жүйесінің көмегімен бауырда белсенді метаболизденеді. Метаболизмнің негізгі жолы CYP2C19 изоферментімен деметилдену болып табылады, ал метаболизмнің басқа жолдарының арасында CYP3A4 изоферментімен тотығу байқалады.
Құрамында левоноргестрел және этинилэстрадиол бар пантопразолдың кофеин, карбамазепин, диазепам, этанол, диклофенак, глибенкламид, напроксен, метопролол, нифедипин, фенитоин, пироксикам, теофиллин, оральді контрацептивтермен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуін анықтаған жоқ.
Пантопразолдың басқа дәрілік препараттармен немесе сол ферменттік жүйенің көмегімен метаболизденетін заттармен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.
Өзара әрекеттесудің әртүрлі зерттеулерінің нәтижелері пантопразолдың CYP1A2 (мысалы, кофеин, теофиллин), CYP2C9 (мысалы, пироксикам, диклофенак, напроксен), CYP2D6 (мысалы, метопролол), CYP2E1 (мысалы, этанол) изоферменттерінің көмегімен метаболизденетін белсенді заттардың метаболизміне әсер етпейтінін көрсетеді. Пантопразол дигоксиннің гликопротеинге тәуелді сіңірілуін бұзбайды.
Антацидтермен бірге қолданған кезде өзара әрекеттесу анықталған жоқ.
Кларитромицин, амоксициллин, метронидазол сияқты антибиотиктермен бір мезгілде қабылдаған кезде өзара әрекеттесу анықталған жоқ.
CYP2C19 тежейтін немесе индукциялайтын препараттар
Флувоксамин сияқты CYP2C19 изоферменті белсенділігінің тежегіштері пантопразолдың жүйелік әсерін арттыруы мүмкін. Пантопразолдың дозасын төмендету пантопразолдың жоғары дозаларымен ұзақ ем алатын пациенттерге немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қажет болуы мүмкін.
Рифампицин және шайқурай (Hypericum perforatum) сияқты CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері белсенділігінің индукторлары осы ферменттік жүйелер арқылы метаболизденетін плазмадағы ПСТ концентрациясын төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қалпына келтірілген ерітінді – 250С-ден аспайтын температурада 24 сағат.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.