Дозалау режимі
Ересектер
Бір реттік дозасы 0,25–1 г (1–4) таблетканы, тәуліктік дозасы – 1,5–3 г (6–12 таблетканы) құрайды. Емдеу курсы – 1 айдан 4 айға дейін, жекелеген жағдайларда – 6 айға дейін. 3–6 айдан соң емдеу курсын қайталап жүргізуге болады.
Мидың органикалық зақымданулары кезіндегі когнитивтік бұзылуларда, соның ішінде нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдарлары, және невроздық бұзылыстар кезінде: тәулігіне 3–4 рет 0,25 г-ден (1 таблетка).
Экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерацияда, Паркинсон ауруында және т.б.): тәулігіне 0,5-тен 3 г (2–12 таблеткаға) дейінгі дозада. Емдеу курсы – 4 ай және одан да көп айға дейін.
Нейролептиктерді қабылдаудан туындаған экстрапирамидалық синдромды (гиперкинетикалық және акинетикалық) емдеу және профилактикасы кезінде, церебральді органикалық жеткіліксіздікпен жүретін шизофренияда: тәулігіне 3 рет 0,5-тен 1 г дейінгі (2–4 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 1–3 ай.
Психикалық үдерістердің баяулауымен жүретін эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен кешенді емде: тәулігіне 3 рет 0,5-тен 1 г дейінгі (2–4 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 6 айға дейін.
Психоэмоционалдық артық жүктемелер кезінде, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттіліктің төмендеуінде, зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін: тәулігіне 3 рет 0,25 г-ден (1 таблетка).
Несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстарында: тәулігіне 2–3 рет 0,5-тен 1 г дейінгі (2–4 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 1–3 ай.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат 6 жастан асқан балаларда қолданылады. Кішірек балаларға препараттың сұйық дәрілік түрін қабылдау ұсынылады.
Балалар мен ересектерде препаратты тағйындау тактикасы мен емдеу курсының ұзақтығы сәйкес келеді.
Бір реттік дозасы 0,25–0,5 г (1–2 таблетка); тәуліктік дозасы – 0,75–3 г (3–12 таблетка) құрайды.
Нейролептиктерді қабылдаудан туындаған экстрапирамидалық синдромды (гиперкинетикалық және акинетикалық) емдеу және профилактикасы кезінде, церебральді органикалық жеткіліксіздікпен жүретін шизофренияда: тәулігіне 3–4 рет 0,25-тен 0,5 г дейінгі (1–2 таблетка) дозада. Емдеу курсы – 1–3 ай.
Психикалық үдерістердің баяулауымен жүретін эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен кешенді емде: тәулігіне 3–4 рет 0,25-тен 0,5 г дейінгі (1–2
таблетка) дозада. Емдеу курсы – 6 айға дейін.
Психоэмоционалдық шамадан тыс жүктемелер, ақыл-ой мен физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі кезінде, зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін: тәулігіне 3 рет 0,25 г (1 таблетка).
Несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстарында: тәулігіне 3 рет 0,25-тен 0,5 г дейінгі (1–2 таблетка) дозада (тәуліктік дозасы 25–50 мг/кг құрайды). Емдеу курсы – 1–3 ай.
Жас шамасына байланысты жүйке жүйесінің түрлі патологиясы бар балаларға препаратты тәулігіне 3 г (12 таблетка) дейін қабылдау ұсынылады. Препаратты тағайындау тактикасы: дозасын 7–12 күн ішінде арттыру, 15–40 күн бойы ең жоғарғы дозасында қабылдау, дозасын препарат тоқтатылғанға дейін 7–8 күн ішінде біртіндеп төмендету. Курстық қабылдаулар арасындағы үзіліс 1 айдан 3 айға дейінді құрайды.
Дамудың тежелуі кезінде: тәулігіне 3–4 рет 0,5 г –ден (2 таблетка). Емдеу курсы 2–3 ай.
Гиперкинетикалық бұзылыстар кезінде (зейін тапшылығымен жүретін гиперактивтілік синдромы): тәулігіне 1–2 рет 0,25-тен 1 г дейінгі (1–4 таблетка) дозада таңертең және күндіз, алғашқы 5–7 күн ішінде дозасын титрлеумен (орташа емдік дозасы баланың кг дене салмағына тәулігіне 30 мг құрайды). Емдеу курсы – 3–4 ай.
Невроз тәрізді жай-күйлер кезінде (тартылуларда; тұтығуда, көбінесе клонустық түрінде): 0,25-тен 0,5 г (1–2 таблетка) дейінгі дозада тәулігіне 3–6 рет. Емдеу курсы – 1–4 ай.
Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер:
Егде жастағы пациенттер үшін дозалануы жөнінде белгілі бір ұсынымдар жоқ, алайда кез келген дәрілік зат үшін жағдайдағы сияқты, ең аз тиімді дозасын пайдалану ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Тек пероральді қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Пантогам таблеткаларын тамақтан кейін 15–30 минуттан соң ішке қабылдайды.
Препараттың ноотроптық әсерін ескере отырып, оны таңертеңгі және күндізгі уақыттарда (сағат 17-ге дейін) қабылдаған дұрыс.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: ұйқы бұзылулары немесе ұйқышылдық, бастың дыңылдауы.
Емі: белсендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.