Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Саудалық атауы
Пантодерм Плюс
Әсер етуші зат
Хлоргексидин в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Инфекция қаупі болған кезде, кез келген генездегі беткейлік жаралар: сыдырылулар, тырнап алған жерлер, кесілулер, сызаттар, күйіктер, ойық жаралар, дерматиттер
Өндіруші
Акционерное общество "Химико-фармацевтический комбинат "АКРИХИН" (АО "АКРИХИН")
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г кремнің құрамында:
белсенді заттар:
декспантенол 100 % затқа шаққанда – 5,000 г,
хлоргексидин биглюконаты, 20 % ерітінді хлоргексидин биглюконатына шаққанда – 0,776 г;
қосымша заттар: пропиленгликоль, сквалан, сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин, диметикон, цетостеарил спирті (цетил спирті - 60 %, стеарил спирті – 40 %), макрогол цетостеараты, D,L-пантолактон, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті крем.
• инфекция қаупі болған кезде, кез келген генездегі беткейлік жаралар: сыдырылулар, тырнап алған жерлер, кесілулер, сызаттар, күйіктер, ойық жаралар, дерматиттер
• созылмалы жараларды (ойылулар, аяқтың ойық жарасы және басқалар) емдеу
• тері инфекциясы кезінде, мысалы, салдарлы инфекция жұқтырған экзема, нейродерматиттер
• бала емізетін аналарда емізек сызаттарын емдеу
• кіші хирургия: аздаған ашық зақымданулар және хирургиялық жаралар кезінде жергілікті антисептикалық дәрі.
Әсер ету механизмі
Декспантенол Пантодерм Плюс препаратының белсенді компоненті болып табылады, жасушаларда пантотен қышқылына (В5 дәрумені) тез айналады. Пантотен қышқылы – коэнзим А эссенциальді компоненті. Ацетилкоэнзим А түрінде жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады және тері мен шырышты қабықтардың регенерациясын жақсартады. Декспантенол жергілікті қолданған кезде жеңіл таралады.
Хлоргексидин гидрохлориді грамоң бактерияларға, әсіресе алтын түстес стафилококктың және тері инфекцияларына қатысты микроорганизмдердің сезімтал штаммдарына қатысты бактерицидті белсенділікке ие анағұрлым белсенді және жағымдылығы жақсы жергілікті антисептиктердің бірі. Төмен дәрежеде грамтеріс патогендерге қатысты белсенді, Pseudomonas және Proteus кейбір түрлері оған төзімді, вирустарға қатысты белсенді емес.
Дозалау режимі
Кремді алдын ала тазартылған жараға немесе қабынған тері аймақтарына қажеттілігіне қарай күніне бір немесе бірнеше рет жұқа қабатпен жағады және ақырын ысқылайды. Қажет болса таңғыш пайдалануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне жүгініңіз.
• препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
• терінің ауқымды аймақтары зақымдалған кезде
• дабыл жарғағы тесілген кезде
Тізбеленген жағымсыз әсерлер өздігінен келіп түскен хабарламалар негізінде көрсетілген, олардың әрқайсысының нақты жиілігін анықтау мүмкін емес.
Иммундық жүйе тарапынан, тері және тері асты шелі аурулары:
- аллергиялық реакциялар, оның ішінде терінің аллергиялық реакциялары: жанаспалы дерматит, аллергиялық дерматит, қышыну, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі;
- теріге, тыныс алу жолдарына, асқазан-ішек жолдарына және жүрек-қантамыр жүйесіне потенциалды әсер етуі мүмкін жеңіл және орташа реакция синдромын қоса, бөртпе, есекжем, ісіну, қышыну және кардио-респираторлық дистресс симптомдарын қоса алғанда, бронх демікпесінің тиісті зертханалық және клиникалық көріністерімен бірге жүретін аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар және анафилаксиялық шок (өмірге қауіп төндіруі мүмкін).
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Мөлдір қабықтың эрозиясы, эпителий ақауы/мөлдір қабықтың зақымдануы, көрудің айтарлықтай тұрақты бұзылуы*.
*Тіркеуден кейінгі кезеңде препараттың көзге кездейсоқ түсуіне байланысты мөлдір қабықтың ауыр эрозиясы және көрудің айтарлықтай тұрақты бұзылуы жағдайлары тіркелді, нәтижесінде кейбір пациенттерге мөлдір қабықты трансплантациялау қажет болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Пантодерм Плюс тіпті үлкен дозаларда да жақсы көтерімді, әдебиетте оның уыттылығына нұсқаулар жоқ. Гипервитаминоз белгісіз. Кездейсоқ көзге түсіп кеткен кезде сумен немесе физиологиялық ерітіндімен шайғанда басылатын аздаған тітіркену болуы мүмкін.
Препаратты бір ғана зақымданған жерге жиі қайталап қолдану терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
Емі. Препаратты қолдануды тоқтатыңыз. Симптоматикалық ем.
Көзге, құлаққа және шырышты қабықтарға тигізіп алудан аулақ болу керек.
• Сондай-ақ препаратты терінің ауқымды аймақтарына қолданудан аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Цетостеарил спирті қосымша заты жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Пропиленгликоль қосымша заты терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Көзге жанасудан, құлаққа немесе шырышты қабықтарға түсуден аулақ болу керек.
Құрамында хлоргексидин бар өнімдер кездейсоқ көзге түскеннен кейін, оны трансплантациялау қажет болуы мүмкін, мөлдір қабықтың тұрақты ауыр зақымдану жағдайлары тіркелді. Бұл жағдайларда, көзді қорғау шараларына қарамастан, ерітінді хирургиялық араласымға дайындауға арналған аймақтан тыс жерге түсті. Пайдалану кезінде Пантодерм Плюстің көзге болжамды қолданылу саласынан тыс түсуіне жол бермеу үшін ерекше сақ болу керек.
Көзге әсер ету туралы дереу хабарлай алмайтын анестезияда жатқан пациенттерге ерекше сақтық таныту керек. Пантодерм Плюс көзге тиген кезде көзіңізді дереу және мұқият сумен жақсылап жуыңыз. Офтальмологпен кеңесу қажет.
Сондай-ақ препаратты терінің ауқымды аймақтарына қолданудан аулақ болу керек.
Декспантенол хлоргексидинмен (Пантодерм Плюс) бірге терінің тітіркенуін емдеу үшін қолданылмауы тиіс, олардың инфекция жұқтыру ықтималдығы өте төмен (мысалы, күнге күю). Мұндай жағдайларда декспантенол бар Пантодерм кремін қолдану ұсынылады
Егер симптомдар жақсармаса немесе нашарласа, пациенттерге дәрігерге жүгіну ұсынылады. Препаратты тағайындайтын дәрігерлер өз пациенттерін тиісті клиникалық көріністермен болатын аллергиялық реакцияның ерте және жеңіл/орташа симптомдары туралы, оның ішінде тері (мысалы, қышыну, есекжем), бет (мысалы, ангионевроздық ісіну), тыныс алу жолдары (мысалы, демікпе, сырыл немесе тыныс алудың басқа қиындықтары) асқазан-ішек жолдары мен жүрек-қантамыр жүйесі) тарапынан жеңіл немесе орташа реакциялардан хабардар етілуі және оларды бұндай жағдайда Пантодерм Плюс пайдалануды дереу тоқтату және емдеуші дәрігерге жүгіну қажеттігі туралы нұсқау беру керек, өйткені бұл өмірге қауіп төндіретін реакцияның дамуын жеңілдетуі немесе тіпті алдын алуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер көрсетпейді.
Кремді жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде пайдалануға болады (емізу алдында препаратты жуып тазалау керек).
Жүктілік кезінде және бала емізу кезінде терінің ауқымды аймақтары зақымданған кезде қолдануға болмайды.
• Хлоргексидин сабынмен және басқа аниондық қосылыстармен үйлеспейді. Ықтимал өзара әрекеттесудің сақтық шарасы (антагонизм немесе белсенділігі жойылған) ретінде Пантодерм Плюс басқа антисептиктермен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.