Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Пантокальцин®
Әсер етуші зат
Гопантен қышқылы
Мақсаты
Пантокальцин, таблеткалар, 6 жастан асқан балаларда және ересектерде кешенді ем құрамында қолдануға арналған
Өндіруші
Валента Фарм
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – гопантен қышқылы – 500 мг,
қосымша заттар: магний гидроксикарбонаты, кальций стеараты, тальк, картоп крахмалы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы бар ақ түсті таблеткалар.
Пантокальцин, таблеткалар, 6 жастан асқан балаларда және ересектерде кешенді ем құрамында қолдануға арналған
• мидың органикалық зақымданулары және невроздық бұзылыстар кезіндегі когнитивті бұзылулар
• ми қан тамырларының атеросклероздық өзгерістерден туындаған цереброваскулярлық жеткіліксіздікті кешенді емдеу құрамында; сенильді деменция (бастапқы түрі), ересек жастағы және егде жастағы адамдарда мидың резидуальді органикалық зақымданулары
• шизофрениямен ауыратын науқастардағы церебральді органикалық жеткіліксіздік (нейролептиктермен, антидепрессанттармен біріктіріп)
• жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары бар науқастарда экстрапирамидті гиперкинез (Гентингтон хореясы, гепатоцеребральді дистрофия, Паркинсон ауруы және т. б.)
• бастан өткерген нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары (кешенді ем құрамында)
• нейролептиктердің жағымсыз әсерін түзету үшін және "бүркемелеу емі" ретінде бір мезгілде профилактикалық мақсатта; экстрапирамидтік нейролептикалық синдром (гиперкинетикалық және акинетикалық)
• психикалық үдерістер баяу дамитын эпилепсия (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілімде)
• психоэмоциялдық жүктемелер, ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі; зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін
• несеп шығару бұзылыстары: энурез, күндізгі несепті ұстай алмау, поллакиурия, императивті несеп шығаруға қысылу
• ақыл-ой кемістігі бар балаларда (психикалық, сөйлеу, моторлы даму іркілісі немесе олардың біріктірілімдері), балалардың церебральді салдану; кекештену (көбіне клонус түрінде болатын); эпилепсия кезінде (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілген ем құрамында, әсіресе полиморфты ұстамалар мен шағын эпилепсиялық ұстамалар кезінде)
Әсер ету механизмі
Әсер ету спектрі құрылымда гамма-амин май қышқылының бар болуымен байланысты. Әсер ету механизмі пантокальциннің ГАМҚБ – рецептор-арналық кешенге тікелей әсер етуімен байланысты.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ол нейрометаболизмдік, нейропротекторлық және нейротрофиялық қасиеттерге ие. Мидың гипоксияға және уытты заттардың әсеріне төзімділігін арттырады, нейрондардағы анаболикалық процестерді стимуляциялайды. Құрысуға қарсы әсерге ие, бір уақытта мінез-құлықты реттеумен қатар моторлық қозғыштықты азайтады. Ақыл-ой мен дененің жұмыс қабілеттілігін арттырады. Созылмалы алкогольдік уыттану кезінде гамма-амин май қышқылының мөлшерін қалыпқа келтіруге және этанолды кейіннен жоюға ықпал етеді. Анальгетикалық әсер көрсетеді. Новокаин мен сульфаниламидтердің белсенділігін жою механизмдеріне қатысатын ацетилдену реакцияларын тежеуге қабілетті, соның арқасында соңғылардың әсерін ұзартуға қол жеткізіледі. Патологиялық тұрғыдан жоғарылаған өт қабы рефлексін және детрузор тонусын тежейді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Балалар
Балалар популяциясы үшін маңызды деректер жоқ (4.3 бөлімін қараңыз).
Дозалау режимі
Ересектер
Ересектерге арналған бір реттік доза 0,5-1 г, ересектерге арналған тәуліктік доза – 1,5-3 г.
Нейролептикалық синдром кезінде (нейролептикалық дәрілердің жағымсыз әсерлерін түзеткіш ретінде): ересектерге күніне 3 рет 0,5-1 г. Емдеу курсының ұзақтығы 1-3 ай.
Эпилепсия кезінде: 0,5-1 г күніне 3-4 рет күн сайын ұзақ уақыт бойы (6 айға дейін).
Гиперкинез (тартылулар) кезінде: күніне 1,5-3 г күн сайын 1-5 ай бойы.
Несеп шығару бұзылыстары кезінде: күніне 2-3 рет 0,5-1 г (тәуліктік доза 2-3 г). Емдеу курсының ұзақтығы 2 аптадан 3 айға дейін (бұзылыстар айқындылығына және емдік әсеріне байланысты).
Нейроинфекция және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: 0,25 г-дан күніне 3-4 рет.
Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру үшін: 0,25 г-нан күніне 3 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат 6 жастан асқан балаларда қолданылады. Анағұрлым ерте жастағы балаларға препаратты сұйық дәрілік түрінде қабылдау ұсынылады.
Бір реттік доза 0,25-0,5 г; тәуліктік доза – 0,75-3 г.
Ақыл-ой кемістігі кезінде: 0,5 г күніне 4-6 рет, 3 ай бойы; сөйлеу дамуының кешеуілдеуі кезінде 0,5 г күніне 3-4 рет 2-3 ай бойы.
Нейролептикалық синдром кезінде (нейролептикалық дәрілердің жағымсыз әсерлерін түзеткіш ретінде): күніне 3-4 рет 0,25-0,5 г. Емдеу курсының ұзақтығы 1-3 ай.
Эпилепсия кезінде: 0,25-0,5 г күніне 3-4 рет күн сайын ұзақ уақыт бойы (6 айға дейін).
Гиперкинез (тартылулар) кезінде: күніне 0,25-0,5 г 3-6 рет, 1-4 ай бойы.
Несеп шығару бұзылыстары кезінде: 0,25-0,5 г (тәуліктік доза 25-50 мг/кг). Емдеу курсының ұзақтығы 2 аптадан 3 айға дейін (бұзылыстар айқындылығына және емдік әсеріне байланысты).
Нейроинфекция және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: 0,25 г-дан күніне 3-4 рет.
Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру үшін: 0,25 г-нан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тамақтан кейін 15-30 минуттан соң.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 1 айдан 4 айға дейін, жекелеген жағдайларда – 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін емдеу курсын қайталап жүргізуге болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Жекелеген дозаларды өткізіп алғанда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.
Тоқтату симптомдарының жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланған жоқ
Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жедел ауыр аурулары
• қан көрінісіндегі айқын өзгерістер
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 6 жасқа дейінгі балалар
Сирек
• аллергиялық реакциялар: ринит, конъюнктивит, тері бөртпелері
Өте сирек
• ұйқының бұзылуы
• ұйқышылдық
• бастағы шуыл
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• жедел бауыр энцефалопатиясы (пантотен қышқылының тапшылығы салдарынан)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұзақ емдеу жағдайында басқа ноотропты және орталық жүйке жүйесін стимуляциялайтын дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Жүктілік
Пациенттердің осы санатында клиникалық қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу
Пациенттердің осы санатында клиникалық қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты препаратты бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мүмкін болатын өтпелі жағымсыз құбылыстарға (ұйқышылдық, бастағы шуыл) байланысты емнің басында автокөлікті немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Барбитураттардың әсерін ұзартады; орталық жүйке жүйесін стимуляциялайтын препараттардың, құрысуға қарсы дәрілік заттардың, жергілікті анестетиктердің (прокаин) әсерін күшейтеді. Фенобарбитал, карбамазепин, психозға қарсы дәрілердің (нейролептиктер) жағымсыз әсерлердің алдын алады.
Гопантен қышқылының әсері глицин, ксидифонмен үйлескенде күшейеді.
Жергілікті анестетиктердің (новокаин) әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.