Бауыр жеткіліксіздігі: бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде, емдеу кезеңінде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы мүмкін, әсіресе пантопразолды ұзақ уақыт қолданғанда.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жаңа түзілімдері: егер Сізде кез-келген үрейлі симптомдар пайда болса (мысалы, әдейілеп емес айқын салмақ жоғалту, қайталанатын құсу, жұтынудың бұзылуы (дисфагия), қан аралас құсу, қан аздық (анемия) немесе нәжістегі қан (мелена), сондай-ақ асқазан ойық жарасына күдік болса немесе бұрыннан ойық жарасы болса, қатерлі ісіктің дамуын жоққа шығару үшін шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек, өйткені пантопразолмен емдеу симптоматиканы тегістеп, дұрыс диагноздың кеш қойылуына әкелуі мүмкін. Егер тиісті емге қарамастан симптомдар сақталса, әрі қарай тексеру жүргізу қажет.
Басқа препараттармен бір мезгілде қолдану: Пантоспей препаратын басқа препараттармен біріктіріп қолданғанда, осы препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығында бар нұсқауларды ұстану қажет.
АИТВ протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану: Пантоспей препаратын сіңуі асқазанішілік рН деңгейіне байланысты болатын АИТВ протеаза тежегіштерімен (атазанавир) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені АИТВ-ға қарсы препараттардың (атазанавирдің) тиімділігі төмендеуі мүмкін.
В12 дәруменінің сіңуіне әсері:
Золлингер-Эллисон синдромы бар пациенттерде және тұз қышқылының жоғары өндірілуімен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлерді ұзақ уақыт емдегенде, пантопразол, асқазан секрециясын басатын басқа препараттар (антисекреторлық препараттар) сияқты, гипохлоргидрияға (асқазан қышқылының төмендеуі) немесе ахлоргидрияға (асқазан қуысында бос тұз қышқылының болмауы) байланысты В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңуін төмендетуі мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді емдеу кезінде немесе В 12 дәруменінің сіңуін төмендету бойынша қоры аз немесе қауіп факторлары бар пациенттерде тиісті клиникалық симптомдар болған кезде ескерілуі керек.
Ұзақ емдеу: ұзақ емдеу кезінде (әсіресе 1 жылдан астам) дәрігердің тұрақты бақылауы қажет.
Бактериялардан туындаған асқазан-ішек инфекциясы: Пантоспей препаратымен емдеген кезде, Salmonella және Campylobacter немесе Clostridium difficile сияқты бактериялар тудыратын асқазан-ішек жолдарының инфекциялық аурулары дамуы мүмкін.
Магний деңгейінің төмендеуі (гипомагниемия): пантопразол тобының препараттарын кем дегенде 3 ай, көбінесе бір жыл бойы қабылдаған пациенттерде қажу, тетания (минералды заттардың тапшылығынан туындаған және аяқ-қол, дыбыс байламдарының бұлшықеттерінің, беттің шайнау және мимикалық бұлшықеттерінің ауырсынуымен көрініс беретін жағдай) сияқты күрделі көріністермен қандағы магний деңгейінің айқын төмендеуі, құрысулар, сананың бұлыңғырлануымен, зейін қоюдың, қабылдаудың, ойлаудың, эмоциялардың (делирий) бұзылуымен психикалық бұзылыстар, бас айналу және жүрек ырғағының бұзылуы (қарыншалық аритмия) байқалды, олар білінбей пайда болуы мүмкін және уақтылы танылмауы мүмкін. Гипомагниемия гипокальциемияға (қандағы кальций мөлшерінің төмендеуі) және/немесе гипокалиемияға (қандағы калий деңгейінің төмендеуі) әкелуі мүмкін. Магнийдің орын басу емінен немесе протонды помпа тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін пациенттердің көпшілігінде жағдайлары жақсарды.
Ұзақ мерзімді емдеу жоспарланған пациенттерде немесе протонды помпа тежегіштерін дигоксинмен немесе гипомагниемияны тудыруы мүмкін басқа препараттармен (мысалы, несеп айдайтын) қабылдайтын пациенттерде Пантоспей препаратымен емдеуді бастамас бұрын және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл қандағы магний деңгейін анықтау қажет.
Жамбас, білезік және омыртқа сынықтарының даму қаупі: пантопразолмен ұзақ уақыт емдегенде (1 жылдан астам) пациенттерде жамбас, білезік және омыртқа сыну жағдайлары аздап жиілеуі мүмкін, әдетте егде жастағы адамдарда, өйткені олардың сүйектерінде кальций мөлшерінің азаюы (остеопороз) жиі кездеседі. Алайда, бұл жағдайлардың жиілеуі басқа қауіп факторларына байланысты болуы мүмкін. Пантоспей препаратын ұзақ уақыт қолданған кезде остеопороздың даму қаупі бар пациенттер (сүйек тіні тығыздығының төмендеуімен және оның құрылымының бұзылуымен сипатталатын қаңқа ауруы) клиникалық ұсыныстарға сәйкес медициналық көмек алып, D дәрумені мен кальцийді жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.
Терідегі жеделге жуық қызыл жегі (ТЖЖҚЖ): пантопразолмен препараттар қабылдаған пациенттерде жүйелі қызыл жегі (ТЖЖҚЖ) даму жағдайлары сирек байқалды. Зақымданулар туындаған кезде, әсіресе терінің күн сәулесі түсетін жерлерінде және егер олар артралгиямен қатар жүрсе (қабыну процестерінсіз буындардағы ауырсыну және/немесе қозғалғыштығының өзгеруі), пациент Пантоспей препаратын қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралуы керек. Протонды помпа тежегіштерімен алдыңғы емдеуден кейін ТЖЖҚЖ басқа протонды помпа тежегіштерімен ТЖЖҚЖ қаупін арттыруы мүмкін.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері: тез ұлғайып келе жатқан (нейроэндокриндік) ісіктерге тексеру жүргізген кезде Пантоспей препаратымен емдеуді тексеру жүргізілгенге дейін кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек және кейде Пантоспей препаратының тексеру көрсеткіштеріне әсеріне байланысты оларды пантопразолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен кейін қайталауға тура келеді.
Қосымша заттар
Препараттағы натрийдің жалпы мөлшері
Пантоспей препаратының құрамында сусыз натрий карбонаты, натрий кармеллозасы және натрий крахмалының гликоляты А типі бар, бұл бір таблеткаға 1 ммоль-ден аз натрийді (23 мг) құрайды, яғни іс жүзінде натрий жоқ. Бұл ақпаратты натрийді қабылдау шектелген диетадағы пациенттер ескеруі қажет.
Маннитол
Пантоспей препаратының құрамында бір таблеткаға маннитол (141,0 мг) бар, ол осы қосымша заттың рұқсат етілген шегінен (10 г) аспайды.
Пропиленгликоль
Пантоспей препаратының құрамында бір таблеткаға пропиленгликоль (2,2 мг) бар. Пантоспей препаратын қолданған кезде абай болу керек, өйткені пропиленгликоль алкогольдің әсеріне ұқсас әсер тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану: қауіпсіздік пен тиімділік туралы мәліметтер жеткіліксіз болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Пантоспей препаратын қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік: жүктілік кезінде пантопразолды қолдану туралы талапқа сай деректер жоқ. Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Пантоспей препаратын қолданудан аулақ болған жөн.
Лактация: жануарларға жүргізілген зерттеулер пантопразолдың емшек сүтіне енетінін көрсетті. Пантопразолдың емшек сүтімен бөлінуі туралы мәліметтер жоқ, алайда адамның емшек сүтіне енуі туралы хабарланған. Жаңа туған нәрестелер/емшек сүтімен қоректенетін сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайтындықтан, емшек сүтімен емізуді тоқтату немесе Пантоспей препаратымен емдеуді жалғастыру / тоқтату туралы шешім бала үшін емшек сүтімен емізудің пайдасын және әйелдерде Пантоспей препаратын қолданумен емнің пайдасын ескере отырып қабылдануы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пантоспей автокөлікті, көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Бас айналу және көру қабілетінің бұзылуы сияқты жағымсыз реакциялар орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда көлік құралын басқарудан және механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керек.