Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок лиофилизированный для приготовления раствора для внутривенного введения
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Пантоспей
Әсер етуші зат
Пантопразол
Мақсаты
Рефлюкс-эзофагит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
Өндіруші
ЛАБОРАТОРИОС НОРМОН, С.А.
Ел
Испания
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат- 45.10 мг натрий пантопразолы сесквигидраты 45.10
(40.0 мг пантопразолға баламалы)
қосымша заттар: динатрий эдетаты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті лиофилизацияланған біртекті кеуекті масса.
Пантоспей ересектерде мына жағдайларда қолдануға арналған:
• рефлюкс-эзофагит
• асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
• Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлер.
ATХ коды A02BC02
Әсер ету механизмі
Пантопразол париетальді жасушалардың протонды сорғысының спецификалық блокадасы арқылы асқазандағы тұз қышқылының секрециясын басатын орын басқан бензимидазол болып табылады.
Пантопразол париетальді жасушалардағы қышқылды орта жағдайында өзінің белсенді түріне айналады, онда ол H+, K+-АТФаза ферментінің белсенділігін басады, яғни асқазанда тұз қышқылының түзілуінің соңғы сатысын бөгейді. Белсенділіктің басылуы дозаға тәуелді, нәтижесінде базальді және көтермеленген қышқыл секрециясы төмендейді. Пациенттердің көпшілігінде симптомдар 2 апта ішінде жоғалады. Пантопразолмен емдеу кезінде, басқа протонды сорғы тежегіштері мен H2 -рецепторлары блокаторлары сияқты, асқазандағы қышқылдық төмендейді және осылайша гастрин деңгейі қышқылдықтың төмендеуіне пропорционалды түрде жоғарылайды. Гастрин деңгейінің жоғарылауы қайтымды. Пантопразол жасуша рецепторларының деңгейіне қатысты ферментті дистальді түрде байланыстыратындықтан, бұл қосылыс басқа заттармен (ацетилхолин, гистамин, гастрин) көтермелеуге қарамастан тұз қышқылының секрециясына әсер етуі мүмкін. Пантопразолды пероральді немесе вена ішіне қолдану әсері бірдей.
Фармакодинамикалық әсерлері
Пантопразолды қолданған кезде аш қарынға гастрин деңгейі жоғарылайды. Препаратты қысқа мерзімді қолдану кезінде гастрин деңгейі көп жағдайда қалыптың жоғарғы шегінен аспайды. Ұзақ емдеу кезінде гастрин деңгейі көп жағдайда екі есе артады. Алайда, гастрин деңгейінің шамадан тыс жоғарылауы тек бірлі-жарым жағдайларда байқалады. Осының салдарынан аздаған жағдайларда, ұзақ мерзімді емдеу кезінде асқазандағы спецификалық эндокриндік (энтерохромаффин тәрізді/ECL) жасушалар санының аз немесе орташа өсуі байқалады (аденоматоидты гиперплазия сияқты). Алайда, осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жануарларға жүргізілген эксперименттерде анықталған обыр ісіктерінің (атипті гиперплазия) немесе асқазан ісіктерінің ізашар жасушаларының түзілуі (5.3 бөлімін қараңыз) адамдарда байқалмады.
Жануарларды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, пантопразолмен ұзақ (1 жылдан астам) емдеудің қалқанша безінің эндокриндік параметрлеріне әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Антисекреторлық дәрілік препараттармен емдеу кезінде қышқыл секрециясының төмендеуіне жауап ретінде сарысудағы гастрин деңгейі жоғарылайды. Сондай-ақ асқазан қышқылының төмендеуіне байланысты CgA жоғарылайды. CgA деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік жаңа түзілімдерді зерттеуге әсер етуі мүмкін.
Қолданыстағы басылымдар протонды помпа тежегіштерімен емдеуді А хромогранинін (CgA) зерттеуге дейін 5 күн - 2 апта бұрын тоқтату керек екенін көрсетеді. Бұл протонды помпа тежегіштерімен емдеуге байланысты жалған жоғарылауы мүмкін CgA хромогранин деңгейін қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.
Бұл препаратты дәрігер тиісті медициналық бақылау кезінде тағайындауы тиіс.
Вена ішіне қабылдау препаратты таблетка түрінде ішке қабылдау мүмкін болмаған жағдайда ғана ұсынылады. 7 күн ішінде вена ішіне қолдану туралы деректер бар. Сондықтан Пантоспей препаратымен вена ішіне емдеуді пероральді қолдану мүмкін болғаннан кейін тоқтату керек, ал венаішілік дәрілік түрінің орнына 40 мг пантопразолдың пероральді дозасын тағайындау керек.
Дозалау режимі
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, рефлюкс-эзофагит
Ұсынылатын венаішілік доза күніне 1 құты Пантоспей препаратын (40 мг пантопразол) құрайды.
Золлингер-Эллисон синдромы және секрецияның жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жағдайлар
Золлингер-Эллисон синдромын және секрецияның жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жағдайларды ұзақ уақыт емдеу үшін емдеуді Пантоспей препаратының 80 мг тәуліктік дозасынан бастау керек. Содан кейін, қажет болған жағдайда, асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты дозаны арттыруға немесе азайтуға болады.
Препаратты тәуліктік дозада 80 мг жоғары қолданған жағдайда дозаны бөліп, күніне екі рет қабылдау керек. Пантоспей препаратының тәуліктік дозасын 160 мг-нан жоғары уақытша ұлғайтуға болады, бірақ қышқылдықты бақылау үшін қажет мөлшерден артық қолдануға болмайды. Егер қышқылдықты жылдам бақылау қажет болса, пациенттердің көпшілігінде бір сағат ішінде қышқылдықты нормаға дейін (<10 мЭкв/сағ) төмендету үшін 2 × 80 мг Пантоспей препаратының бастапқы дозасы жеткілікті.
Халықтың ерекше топтары
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы күніне 20 мг-нан аспауы тиіс (40 мг дозасы бар пантопразол құтысының жартысы) (4.4-бөлімді қараңыз).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету қажет емес. (5.2 бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес (5.2 бөлімін қараңыз).
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларда 40 мг дозада инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін ұнтақ түріндегі пантопразолды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Сондықтан 40 мг дозада инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі Пантоспей препаратын 18 жасқа толмаған пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Қазіргі уақытта қолда бар деректер 5.2-бөлімде сипатталған, алайда осы жас тобында дозалау бойынша ұсыныстар беру мүмкін емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Венаішілік инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін құтының құрғақ затына 9 мг/мл (0,9 %) натрий хлоридінің 10 мл физиологиялық (0,9%) ерітіндісін қосады. Ерітінді дайындау жөніндегі нұсқаулық
Инъекцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтағы бар құтыға оны еріту үшін инъекцияға арналған 10 мл 0,9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісін қосады. Сұйылтылғаннан кейін дайын ерітінді мөлдір болуы керек. Бұл ерітіндіні тікелей немесе инъекцияға арналған 100 мл 0,9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған 5% (55 мг/мл) глюкоза ерітіндісімен араластырғаннан кейін енгізуге болады. Сұйылту үшін шыны немесе пластмасса контейнерлерді пайдалану керек.
Ерігеннен немесе ерігеннен және сұйылтылғаннан кейін препараттың химиялық және физикалық тұрақтылығы 25°C температурада 12 сағат бойы сақталады.
Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, препаратты дайындағаннан кейін бірден қолдану керек.
Пантоспейді жоғарыда көрсетілмеген басқа еріткіштермен дайындауға немесе араластыруға болмайды.
Препаратты вена ішіне 2-15 минут ішінде енгізу керек.
Құтының ішіндегісі тек бір рет пайдалануға арналған. Контейнерде қалған барлық препарат немесе сыртқы түрі өзгерген препарат (мысалы, бұлыңғырлану немесе тұнба байқалса) жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялануы тиіс.
• препараттың белсенді компоненттеріне, орын басқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану
• 18 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік және лактация кезеңі
Жиі
• асқазан түбіндегі безді полиптер (қатерсіз)
• енгізу орнындағы тромбофлебит
Жиі емес
• ұйқының бұзылуы
• бас ауыруы, бас айналу
• диарея, жүрек айну/құсу, іштің кебуі және метеоризм, іш қату, ауыздың құрғауы, жайсыздық және іштің ауыруы
• бауыр ферменттері белсенділігінің артуы (трансаминазалар, гамма-глютамилтранспептидазалар (ГГПТ))
• бөртпе/экзантема/бөртпе, қышыну
• жамбас, білезік немесе омыртқаның сынуы
• астения, қажу және дімкәстік
Сирек
• агранулоцитоз
• аса жоғары сезімталдық (оның ішінде анафилаксиялық реакциялар және анафилаксиялық шок)
• гиперлипидемия және липидтер деңгейінің жоғарылауы (триглицеридтер, холестерин), дене салмағының өзгеруі
• депрессия (өршуді қоса)
• дәм сезудің бұзылуы
• көру қабілетінің бұзылуы/бұлыңғыр көру
• билирубин деңгейінің жоғарылауы
• есекжем, Квинке ісінуі, беттің, тілдің, ауыздың, еріннің, тамақтың ісінуі (ангионевроздық ісіну)
• артралгия, миалгия
• гинекомастия
• дене температурасының жоғарылауы, шеткері ісінулер
Өте сирек
• тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
• бағдардан жаңылу (өршуді қоса)
Жиілігі белгісіз
• гипонатриемия, гипомагниемия, гипокальциемия(1), гипокалиемия(1)
• елестеулер, сананың шатасуы (әсіресе осыған бейім пациенттерде, сондай-ақ ем басталғанға дейін олардың болуы кезінде симптомдардың өршуі)
• парестезия
• тұрақты сулы диареяны тудыратын жуан ішектің қабынуы (микроскопиялық колит)
• гепатоцеллюлярлық зақымданулар, сарғаю, бауыр-жасушалық жеткіліксіздік
• Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, уытты эпидермальді некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS), мультиформалы эритема, фотосезімталдық, жеделге жуық терідегі қызыл жегі
• бұлшықеттің түйілуі (2)
• тубулоинтерстициальді нефрит (ТИН) (бүйрек жеткіліксіздігіне дейін ықтималды үдей отырып)
1 гипокальциемия және / немесе гипокалиемия гипомагниемияның туындауымен байланысты болуы мүмкін
2. Электролиттік бұзылулар салдарынан бұлшықеттің түйілуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: белгісіз.
Емі: артық дозалануына күдік туған жағдайда демеуші және симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады. Препарат гемодиализ арқылы шығарылмайды.
Асқазанның қатерлі жаңа түзілімдері
Пантопразолға симптоматикалық жауап асқазанның қатерлі жаңа түзілімі симптомдарын бүркемелеуі және диагностиканы кідіртуі мүмкін.
Үрейлі симптомдар болған кезде (мысалы, әдейілеп емес елеулі салмақ жоғалту, қайталанатын құсу, дисфагия, қан аралас құсу, анемия немесе мелена) және асқазанның ойық жарасы болған немесе күдіктенген кезде қатерлі процесті жоққа шығару керек.
Симптомдар сақталса, жүргізілген емге қарамастан, қосымша тексеру жүргізу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратпен емдеу кезінде бауыр ферменттерінің деңгейін бақылау керек. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Адамның иммунитет тапшылығы (АИТВ) протеаза тежегіштерімен бірге қолдану
Пантопразолды сіңуі асқазанішілік рН-қа байланысты АИТВ протеаза тежегіштерімен, мысалы, атазанавирмен, бірге қолдану ұсынылмайды, олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуі байланысты.
Бактериялардан туындаған асқазан-ішек инфекциялары
Пантоспей препаратымен емдеу Salmonella, Campylobacter немесе C. difficile сияқты бактериялар тудыратын елеулі гастроинтестинальді инфекцияға әкелуі мүмкін.Гипомагниемия
Гипомагниемияның ауыр дәрежесі кем дегенде 3 ай бойы және көп жағдайда бір жыл бойы ПСТ қабылдаған пациенттерде сирек байқалды. Шаршау, тетания, делирий, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның күрделі көріністері байқалмай басталуы мүмкін және олар қарастырылуы мүмкін. Гипомагниемия гипокальциемияға және/немесе гипокалиемияға әкелуі мүмкін. Гипомагниемиямен (және гипомагниемиямен байланысты гипокальциемиямен және/немесе гипокалиемиямен) ауыратын пациенттердің көпшілігінде магний препараттарымен орын басу терапиясынан кейін және ПСТ тоқтатылғаннан кейін азаяды.
Ұзақ ем қабылдауы тиіс пациенттерге немесе протондық помпа тежегіштерін дигоксинмен немесе гипомагниемия туындатуы мүмкін дәрілік заттар (мысалы, диуретиктер) қабылдап жүрген пациенттерге протондық помпа тежегіштерімен емдеуді бастар алдында және мезгіл-мезгіл емдеу кезінде магний деңгейін анықтап отыру ұсынылады.
Сүйектердің сынуы
Протонды сорғы тежегіштері, әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы (>1 жыл) пайдаланған кезде негізінен егде жастағы адамдарда немесе басқа да жалпы қабылданған қауіп факторлары болған кезде ортан жілік сүйектерінің, білезік және омыртқа сүйектерінің сыну қаупін орташа жоғарылатуы мүмкін. Бақылау зерттеулерінің деректері протонды помпа тежегіштері жалпы сыну қаупін 10-40% арттыруы мүмкін екенін көрсетеді. Кейбір жағдайларда мұндай жоғарылау басқа қауіп факторларының болуына байланысты болуы мүмкін. Остеопороз даму қаупі бар пациенттер қолданыстағы клиникалық нұсқауларға сәйкес ем қабылдауы керек және D дәрумені мен кальцийдің жеткілікті мөлшері болуы керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR)
Көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермальді некролиз (TEN) және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияны қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) туралы хабарланды, бұлар жиілігі белгісіз пантопразолмен байланысты өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Тағайындау кезінде пациенттерге белгілер мен симптомдар туралы хабарлап, тері реакцияларын мұқият бақылау керек.
Егер осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, пантопразолды дереу тоқтатып, баламалы ем қарастыру керек.
Терідегі жеделге жуық қызыл жегі (ТЖЖҚЖ)
Протонды сорғы тежегіштерімен емдеу кезінде ТЖЖҚЖ дамуы өте сирек кездеседі. Зақымданулар туындаған кезде, әсіресе терінің күн сәулесінің әсеріне ұшыраған жерлерінде, сондай-ақ қатар жүретін артралгия болса, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі керек, ал медицина қызметкері Пантоспей препаратымен емдеуді тоқтату қажеттілігін бағалауы тиіс. Протонды сорғы тежегіштерімен алдыңғы емдеуден кейін ТЖЖҚЖ туындауы басқа протонды сорғы тежегіштерімен емдеген кезде ТЖЖҚЖ даму қаупін арттыруы мүмкін.
Зертханалық зерттеулермен өзара әрекеттесуі
Хромогранин А (CgA) деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік жаңа түзілімдерді зерттеуге кедергі жасауы мүмкін. Бұл кедергіні болдырмау үшін Пантоспей препаратымен емдеуді CgA зерттеуге дейін кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер CgA деңгейі және гастрин деңгейі бастапқы зерттеуден кейін қалыпқа келмесе талдауларды протондық помпа тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен соң қайталау керек.
Арнайы ескертулер
Пантоспей құрамында натрий бар
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір құтыда 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни ол іс жүзінде "натрийсіз".
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пантоспей көлік құралын басқару қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді.
Бас айналулар мен көрудің бұзылу ықтималдығына байланысты, көлік құралдары мен жоғары зейін шоғырландыруды қажет ететін басқа механизмдерді басқарудан бас тартқан дұрыс.
Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Пантоспей препаратын қолдануды жоққа шығару керек. Пантопразолдың емшек сүтіне бөлінуі туралы хабарланды. Жаңа туған нәрестелер/емшек сүтімен қоректенетін сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан бала үшін емшек сүтімен қоректенудің пайдасы мен әйел үшін Пантоспей препаратымен емдеудің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе Пантоспей препаратымен емдеуді тоқтату/тоқтата тұру туралы шешім қабылдау қажет.
Сіңірілу фармакокинетикасы рН-қа байланысты дәрілік препараттар
Асқазан сөлінің секрециясының терең және ұзақ тежелуіне байланысты пантопразол асқазанның рН-ы биожетімділіктің маңызды детерминанты болып табылатын препараттарды, мысалы, кетоконазол, итраконазол, позаконазол және эрлотиниб сияқты т.б. кейбір азолды зеңге қарсы дәрілер үшін сіңіруді қиындатуы мүмкін.
АИТВ протеаза тежегіштері
Пантопразолды сіңуі асқазанішілік рН-қа байланысты АИТВ протеаза тежегіштерімен, мысалы, атазанавирмен, бірге қолдану ұсынылмайды, олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуі байланысты.
Егер АИТВ протеаза тежегіштерін протонды помпа тежегіштерімен біріктіріп пайдалану әлі де қажет деп саналса, мұқият клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады (мысалы, вирустық жүктемені анықтау). Пантопразолдың дозасы күніне 20 мг аспауы тиіс. АИТВ протеаза тежегіштерінің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кумарин қатарының антикоагулянттары (фенпрокумон немесе варфарин)
Пантопразолды фенпрокумонмен немесе варфаринмен бірге қолданған кезде клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ. Дегенмен, варфаринмен немесе фенпрокумонмен протонды помпа тежегіштерін қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) және протромбин уақытының жоғарылау жағдайлары бар екенін атап өткен жөн. ХҚҚ және протромбин уақытының жоғарылауы патологиялық қан кетуге және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Пантопразол мен варфарин немесе фенпрокумон қабылдайтын пациенттер ХҚО мен протромбин уақытының ұлғаюын уақтылы анықтау мақсатында дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Метотрексат
Протонды сорғы тежегіштерімен жоғарғы дозаларда (мысалы, 300 мг) бірге қолданғанда кейбір пациенттердің қанында метотрексат деңгейінің жоғарылағаны туралы хабарламалар бар. Сондықтан метотрексаттың жоғарғы дозаларын пайдаланғанда, мысалы, қатерлі жаңа түзілімдері және псориазы бар пациенттерде пантопразолды уақытша тоқтату туралы мәселені қарастыру қажеттілігі туындауы мүмкін.
Басқа өзара әрекеттесу зерттеулері
Пантопразол P450 цитохромы ферменттік жүйесінің көмегімен бауырда белсенді түрде метаболизденеді. Метаболизмнің негізгі жолы CYP2C19 изоферментінің көмегімен деметилдену болып табылады, ал метаболизмнің басқа жолдары арасында CYP3A4 изоферментінің көмегімен тотығу байқалады. Осы изоферменттермен (карбамазепин, диазепам, глибенкламид, нифедипин және құрамында левоноргестрел мен этинилэстрадиол бар пероральді контрацептивтер) метаболизденетін басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу зерттеулерінде клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталған жоқ.
Пантопразолдың осындай ферменттік жүйенің көмегімен метаболизденетін басқа дәрілік препараттармен немесе заттармен өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.
Өзара әрекеттесудің әртүрлі зерттеулерінің нәтижелері пантопразолдың CYP1A2 (мысалы, кофеин, теофиллин), CYP2C9 (мысалы, пироксикам, диклофенак, напроксен), CYP2D6 (мысалы, метопролол), CYP2E1 (мысалы, этанол) изоферменттерінің көмегімен метаболизденетін белсенді заттардың метаболизміне әсер етпейтінін көрсетеді және
р-гликопротеинмен байланысты дигоксиннің сіңуіне кедергі жасамайды.
Бірге қабылданған антацидтермен өзара әрекеттесу байқалмады.
Сондай-ақ, пантопразолдың тиісті бірге қабылданған антибиотиктермен (кларитромицин, метронидазол, амоксициллин) өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілді. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталған жоқ.
CYP2C19 изоферментінің белсенділігін тежейтін немесе күшейтетін дәрілік препараттар: Флувоксамин сияқты CYP2C19 изоферментінің белсенділік тежегіштері пантопразолдың жүйелік экспозициясын арттыруы мүмкін. Дозаны төмендету пантопразолдың жоғарғы дозаларымен ұзақ емделіп жүрген немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге керек болуы мүмкін.
Рифампицин және шайқурай (Hypericum perforatum) сияқты CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері белсенділігінің индукторлары осы ферменттік жүйелердің көмегімен метаболизденетін ПСТ плазмадағы концентрацияны төмендетуі мүмкін.
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі және зертханалық зерттеулер
Пантопразолды қабылдайтын пациенттерде тетрагидроканнабинолға (ТГК) несептің кейбір скринингтік тесттерінің жалған оң нәтижелері туралы хабарламалар бар. Оң нәтижелерді растау үшін баламалы растау әдісін қарастыру керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Дайындалған ерітіндіні 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада 12 сағаттан асырмай сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.